Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
100 экзамен.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
457 Кб
Скачать
☆

3 Ішкі карантин.

Қазақстан Республикасының үкіметімен бекітілген ішкі карантин тізімі тіркелген.Оларды анықтаудың да маңызы зор.Ондай нысан табылған жағдайда мемлекет есебінен қаражат бөлініп,қатаң бақылауға ілінеді.Ол-ң ішінде өсімдікте зиянкестері-6,өсімдік аурулары-1,арамшөптер-5,өзге тектес түрлер-4.Өсімдік зиянкестері:1.Grapholitha molesta (Busck)–Восточная плодожорка-Шығыстың шығыс жемірі 2.Quadraspidiotus perniciosus(comst)–Калифорнийская щитовка-Калифорниялық қалқаншалы сымыр 3.Pseudococcus comstocki Kuw–Червец Комстока –комсток сымыры4.Hyphantria cunea Drury–Американская белая бабочка-Американдық ақ көбелек5.Lymantria dispar L.(Asian race) – Непарный шелкопряд-Жібек жалқы көбелегі6.Myiopardalis pardalina – Дынная муха-Қауын шыбыны 2.Өсімдік аурулары:картоптың алтын түсті нематодасы 3.Арамшөптер:1-Ambrosia artemisiifolia(l.) – Амброзия полыннолистная-Жусан жапырақты ойраншөп 2-Ambrosia psilostachya(D.S)–Амброзия многолетняя–Көп жылдық ойраншөп 3-Acroptilon repens(D.C)–Горчак ползучий(розовый)-укекіре 4-Solanum rostratum Dun–Паслен колючий(клювовидный)-Тікенекті алқа(мүкжидек тәріздес)5-Cuscuta sp.sp–Повилики-Арамсояулар

№ 14

1 Қырыққабат зиянкестері & олармен күресу шараларының кешені.

1 Қырыққабаттың ақ көбелегі - Pieris brassicae L. (Lepidoptera отряды, Pieridae тұқымдасы). Қырыққабатты, шомырды, шалғамды, тарнаны, рапс пен басқа крестгүлді дақылдарды зақымдайды. Көбелегі қанатын жайғанда 50-60 мм дейін жетеді, қанаттары ақ, алдыңғы қанаттарында жоғарғы бұрыштары қара, артқы қанаттарында – ішкі жақтарын бойлай қара жұғындылар бар. Еркек жәндікке қарағанда ұрғашысында алдыңғы қанаттарының үстіңгі бетінде екі дөңгелек дақтар болады. Ересек жұлдызқұрттың ұзындығы 40-45 мм жетеді, құрттың үсті сұрғылт-жасыл, асты сары, қылшықтармен, түкпен қапталған; денесінің үстінде көлденең қатарларға топтасқан қара дақтар мен нүктелерден тұратын сурет бар; екі жағы мен артында үш көлденең сары жолақтар өтеді.Қырыққабаттың ақ көбелегі қуыршақ сатысында талдарда, шарбақтарда, құрылыс қабырғаларында немесе арамшөптерде қыстайды. Ол субстратқа жібек белдікшесімен бекітіледі. Сәуірдің аяғында – мамырдың басында көбелектердің ұшуы байқалады. Ұрғашылары лимон-сары түсті бөтелке тәрізді жұмыртқаларын қырыққабат жапырақтарының төменгі жағына 15-200 данадан салады. 8-12 күннен соң жұлдызқұрттар п.б. Кіші жастағы жұлдызқұрттар жапырақтардың жоғарғы қабығына тиіспей, төменгі жұмсағын жейді, ересек жастағы жұлдызқұрттар жапырақтарды жуан тарамыстарын ғана қалдырып тегіс жеп қояды. Құрттар 15-30 күн бойы қоректеніп, одан кейін қуыршақтанады. Қолайлы жағдайларда 10-20 күннен кейін жаңа ұрпақ көбелектері п.б. Жаз бойы қырыққабат ақ көбелегінің 2-4 ұрпағы дамиды.Күресу шаралары. Арамшөптермен күрес жүргізу қажет, кішігірім учаскелерде жұлдызқұрттарды қолмен жинау керек. Жұмыртқа салу кезінде үш рет трихограммалар жібереді (1 га жерге 45 мың дарақтан). Жапырақ дегелек кезеңінде әрқайсысы 5 өсімдік құрайтын 20 сынама тексеріледі. 5% астам ө-де жұмыртқа табылған жағдайда немесе қауданның түйнектелуі кезеңінде кем дегенде 5-10% егіс танабында 1 өсімдікке шаққанда 5-10 жұлдызқұрттан келсе, не болмаса жапырақ үсті 25% зақымданғанда инсектицидтерді қолдану қажеттілігі туындайды. Қырыққабат ақ көбелегінің әрбір ұрпағының кіші жастағы жұлдызқұрттарына қарсы инсектицидтермен өңдеуді ЭЗШ саны асқанда «Тізім...» регламенті бойынша жүргізеді.

Қырыққабат қоңыр көбелегі – Barathra brassicae L. (Lepidoptera отряды, Noctuidae тұқымдасы). Жұлдызқұрттар көп қоректі, олар қызылшаны, асбұршақты, салатты, пиязды, темекіні зақымдай алады, бірақ көбінесе қырыққабатты артық көреді.Көбелек қанатын жайғанда 40-50 мм, көбелектің алдыңғы қанаттары қара-қоңыр, ішкі жағына қарай екі толқынды көлденең жолақтары бар; қанатының ортасында екі қара жиектелген дақтар орын алған, ол-ң сыртқы жағындағысы ақшыл бүршік тәрізді, ал ішкісі – қара дөңгеленген болып келеді. Ересек жұлдызқұрттың ұзындығы 35-45 мм, екі жағында сұрғылт-жасыл, сарғыш-қоңыр, кейде қара түсті жуан кіршең-сары жолақтары & арқасында үш ақшыл көлденең жолақтары болады.Қуыршақ топырақта 5-10 см тереңдікте қыстайды. Көбелектердің ұшып шығуы сәуір-мамыр айларынан бастап тамыздың соңына дейін байқалады; көбелектер ымырт түскенде, әсіресе кешкі 10-нан түнгі 12-ге дейінгі кезеңде белсенді түрде ұшады. Ұрғашылары жапырақтың төменгі жағына бір ұяда 10-40 данаға дейін сұр жартылай шар тәрізді жұмыртқа салады. Құрттар 5-12 күннен кейін п.б. Жұлдызқұрттар бастапқыда бірге өмір сүріп, үшінші жастан бастап жапырақтың астыңғы жағындағы жұмсақпен қоректенеді, олар өсімдікке өрмелеп шығып, жапырақтарға қисық формадағы тесіктер жасайды. Ересек жұлдызқұрттар қырыққабат қауданында өз нәжістерін қалдыратын терең жолдар тесіп шығады. Жұлдызқұрттар 25-50 күнде дамиды да, топыраққа еніп, сонда қуыршақтанады. Қуыршақтану кезеңі 12-30 күнге созылады & шілденің аяғында – тамыздың басында екінші ұрпақ көбелектерін кездестіруге болады. 1-2 ұрпақ дамиды.Күресу шаралары. Қыстап жатқан қуыршақтарды жою үшін терең сүдігер жырту қажет. ЭЗШ саны 1-3 жұлдызқұрт/өсімдікте 5% егіс танабында табылса немесе 5-8 жұлдызқұрт/м2. Мөлшерден көп болған жағдайда зиянкеске қарсы жою шаралары қажет. Өңдеуді «Тізімге...» сәйкес препараттармен жүзеге асырады.

Қырыққабат күйесі - Plutella maculipennis Curt. (Lepidoptera отряды, Plutellidae тұқымдасы). Жұлдызқұрттар крестгүлді дақылдарды: қауданды & гүлді қырыққабатты, мал азықтық шалқанды, шомырды, рапсты, қышаны зақымдайды.Көбелек қанатын жайғанда 14-17 мм жетеді. Алдыңғы кіші сұрғылт-қоңыр немесе қара-қоңыр қанаттарының ішкі жағында ақ толқынды жолағы бар; артқы қанаттары сұр ұзын шашақты. Ересек жұлдызқұрттар жасыл түсті, ұзындығы 9-12 мм, ол-ң денесі аяқ жағына қарай кішірейіп келген & сирек ұзынша қылшықтар басқан.Жәндік қуыршақ кезінде ақ ұзынша жұмсақ пілләда түрлі арамшөптер мен өсімдік қалдықтарында қыстайды. Көбелектер сәуірдің аяғында – мамырдың басында ұшып шығады. Көбелектер сопақша ақшыл-сары жұмыртқаларын жапырақтың төменгі бетіндегі тарамыстарды бойлай бір-бірден немесе 4 данадан салады. 3-7 күннен кейін жұлдызқұрттар п.б, олар әуелі жапырақ жұмсағымен қоректенеді, 2-3 күннен кейін жапырақ бетіне шығып, «кішкене терезе» қылып жеп қояды. Ересек жұлдызқұрттар жапырақтарда тесіктер жасайды. Қатты зақымданған ө-де қаудандар дамымай қалады. Жұлдызқұрттар 12-15 күнде дамып, қуыршақтанады. 1-2 аптадан соң жаңа ұрпақ көбелектері ұшып шығады. Жаз бойы қаракүйе үштен сегіз ұрпаққа дейін бере алады.Күресу шаралары. Қыстау сатысын жою үшін топырақты күзде терең қопсыту. Арамшөптермен күресу, шірне беретін өс-н көкөніс дақылдарын жақын отырғызу. Жапырақ дегелек немесе қауданның түйінделуі кезінде әрқайсысы 5 өсімдік құрайтын 20 сынама тексеріледі & кем дегенде 10% егіс танабында әр өсімдікте 2-5 жұлдызқұрт табылса «Тізімге...» сәйкес инсектицидтермен бүрку жүргізеді.

Көктемгі қырыққабат шыбыны - Delia brassicae Bouche. (Diptera отряды, Athomyiidae – гүлшілер тұқымдасы). Қырыққабат, тарна, шомыр, шалғам мен басқа екпелер мен тұқымдықтарды зақымдайды. Көктемгі қырыққабат шыбынының ұзындығы 6-6,5 мм. Денесі сұр түсті, арқасында үш жіңішке жолағы бар, құрсағының жоғарғы жағында қара жолақ өтеді. Қанаттары түссіз, қара тарамысты. Құрты ақ түсті, ұзындығы 6-8 мм. Артқы жағында 14 төмпешіктері бар, ол-ң төменгі төртеуі өте ірі & барлық денесінде екі-екіден орналасқан.Қуыршақ кезінде топырақта 10-20 см тереңдікте жалған пілләларда қыстайды. Шыбындардың ұшып шығуы қайың мен беде қышаның гүлдеу кезеңімен сәйкес келеді & бұл сәуір айында болатын құбылыс. 7-10 күннен кейін ұрғашылары ақ ұзынша жұмыртқаларын топыраққа, әсіресе топырақ пен өсімдік сабағының арасындағы тесікке, кейде топырақ бетіне, сирек жағдайда крестгүлді дақылдардың төменгі жапырақтарының ішіне салады. Жұмыртқадан шыққан құрттар көшеттердің тамырларын, сабақтарының негізі мен тамыржемістерін жеп қояды, бұдан кейін бұралаң жолдар жасайды. Құрттар 20-30 күн қоректенеді, бұдан кейін қуыршақтанады да, 15-20 күннен соң жаңа ұрпақтың ересек шыбындары п.б. Құрттар шырышты бактериозға ұшырайды, осының салдарынан кейде қырыққабат тұқымдықтары түгелдей жерге түсіп қалады. Қырыққабат шыбынының крестгүлді дақылдарда қоректенуі нәтижесінде өсімдіктің өсуі баяулайды, жапырақтары солып, көкшіл-қызғылт түске боялады, қатты зақымданған өс-р өліп қалады. Екінші ұрпақ шыбынының ұшып шығуын мамырдың үшінші онкүндігінде – маусымның басында байқауға болады. Екінші ұрпақ құрттары шілде мен тамыз айларында зиян келтіреді, одан кейін топырақта қуыршақтанып, сонда қыстап шығады. 2-3 ұрпақ береді.Күресу шаралары. Қырыққабат шыбынының жұмыртқаларын жою үшін жерді өсімдіктің тамыр мойнынан 15 см алысырақ қазып тастайды да, оның орнына қатар аралықтарындағы жаңа топырақтан салады. Түптеу қосымша тамырлардың пайда болуына & өсімдіктің төзімділігінің артуына негіз болады. Төзімді & сау көшеттерді отырғызу. Қырыққабат пен басқа айқышгүлді дақылдарды жинап алғаннан кейін учаскеден қабықшаларды алып тастау & топырақты қайта қазу. Көшеттерді отырғызып болған соң 4-5 күні сабақтың тамырлы бөлігі мен өсімдік айналасындағы топырақты тексереді. 10% өсімдікте 1 өсімдікке шаққанда 5-10 жұмыртқа немесе 5-6 құрт табылса, «Тізімге...» сәйкес препараттарды іріктеп алып, зиянкестерге қарсы химиялық өңдеу жүргізеді.

Жазғы қырыққабат шыбыны - Delia floralis Fall. (Diptera отряды, Athomyiidae – гүлшілер тұқымдасы). Қырыққабатты, шалғамды, шомырды, тарнаны, мал азықтық шалқанды, ақжелкекті зақымдайды.Жазғы қырыққабат шыбынының ұзындығы 7-8 мм. Денесі сарғыш-сұр. Қанаттары қоңыр немесе сарғыш, сары тарамыстары бар. Құрттары ақ, аяқсыз, ұзындығы 7-9 мм. Соңғы анальдық буынтығында бір-бірінен тең қашықтықта орналасқан алты төмпешіктер байқалады.Қуыршақтар топырақта жалған пілләларда қыстайды. Шыбындардың ұшып шығуы ерте пісетін қырыққабатты жинаудың бастапқы кезімен (маусымның аяғы) сәйкес келеді. Ұрғашысы ұшып шыққаннан кейін бірнеше күннен соң тамыр мойнына, сабақтың төменгі бөлігіне, өсімдіктің айналасындағы топыраққа ұсақ ақ жұмыртқалар салады. Ұрықтық даму 5-14 күнге созылады. Жұмыртқадан шыққан құрттар топыраққа еніп, өсімдіктің жер асты бөлігіне тесіп кіреді де, сонда өздеріне жолдар жасап алады. Құрттар 24-32 күн ішінде дамып шығып, топырақта 10-30 см тереңдікте қуыршақтанады. Жазғы қырыққабат шыбыны жылына бір ұрпақ беріп дамиды.Күресу шаралары. Көктемгі қырыққабат шыбынына қарсы күресу шараларымен бірдей.

Қырыққабат бітесі – Brevicoryne brassicae L. (Homoptera отряды, Aphididae тұқымдасы). Қырыққабат бітесі қырыққабатты, тарнаны, рапс пен басқа да айқышгүлді өс-рді зақымдайды. Сұрғылт-ақ балауызды өңезбен қапталған жәндіктің ұзындығы 1,5-2,0 мм құрайды. Жәндіктер колониялармен өмір сүреді. Жұмыртқалар өсімдік қалдықтарында (мысалы, қабықшада) немесе айқышгүлді арамшөптерде қыстайды. Көктемде 10-12°С температурада жұмыртқалардан құрттар шығады, олар 4 жастан өтіп, ұрықтанбай-ақ 40 дерңәсіл дейін туа алатын қанатсыз негіз салушы ұрғашыға айналады. Жаздың ортасында, қанатты негіз салушы ұрғашылар пайда болғанда, бит азық-түліктік айқышгүлді дақылдарға ауысады. Қырыққабат жапырақтарының зақымданған жерлері ауырып, қауашақтанады. Өс-рді биттер шамадан тыс басып кеткенде, нашар қаудан түзіледі немесе ол мүлдем қалыптаспай қояды. Тұқымдықтардағы зақымданған жапырақтар ширатылып, кеуіп, түсіп қалады, түйіндер дамымай қалады. &, біте өзінің кілегей нәжістерімен қаудандардың бетін ластайды. Бір жыл ішінде біте 15 ұрпаққа дейін береді (бір ұрпақ жағдайға байл 4-12 күнде дамиды). 3 немесе 4 ұрпақта басқа айқышгүлді ө-ге ұшып кететін қанатты негіз салушы ұрғашылар п.б. Осы жерде олар бірнеше ұрпақ беріп, едәуір жиынтық-колониялар құрады. Қыркүйек айында жынысты ұрғашылар п.б. Олардан еркек жәндікке айналып, ұрықтанған ұрғашы жәндіктерге айналатын дернәсілдер туады. Ұрықтанған ұрғашы жәндік арамшөптерге, қабықшаларға & қырыққабаттың ширатылмай қалған жапырақтарына бар болғаны 2 немесе 4 жұмыртқа салады.Күресу шаралары. Айқышгүлді арамшөптерді, қабықшалар мен басқа жинаудан қалған қалдықтарды жою. Топырақты терең сүдігер өңдеу. Энтомофагтарды тарту үшін крестгүлді дақылдардың тұқымдықтарының айналасына шатыр тәрізді дақылдарды (сәбіз, аскөк & т.б.) отырғызу қажет. Егістерді тексеруді қаудандар түйінделе бастаған кезеңде, әрқайсысы 5 өсімдік құрайтын 20 сынама қарастырып, жүргізеді. Экономикалық зияндылық шегі - 5-10% өсімдікте уақ биттер колониясы табылуы. Бітеге қарсы екпелер мен егістерді өңдеуді зиянкестер саны ЭЗШ жоғары болғанда «Тізімге...» сәйкес жүргізеді.

2 Жоңышқа аурулары. Жоңышқа ауруларына қарсы жүйелі қорғау шаралары.

2 Жоңышқаның солуы (вилт). А.қ – Соrinebacterium insidiosum Jens. бактериясы. Қоздырғыштың дамуына су тамшысы мен 12-18°С температура қолайлы жағдай туғызады. Бактериялар иасекомдар, топырақ өндеуде қолданылатын кұрал-саймандар, сабақ кесінділері, төменгі температураның әсерінен болған жарықтар арқылы өсімдікке енеді. Бұл ауру беде мен түйежоңышқада да кездеседі.Өсімдіктің сабақ түтіктері & тамыр жүйесі залалданады. Ауруға шалдыққан жоңышқаның өсуі саябырлап, түбінен көптеген сабақтар дамып "мыстан сыпырғышы" тәрізденеді. Кеселденген өсімдік ақшыл-жасыл, сары түсті, ыссы ауа райында оның жапырақтары қоңырланады. Әр шабыннан кейін өсімдік нашар дамып, соңыра қурайды.Залалданған өсімдік сабағы мен негізгі тамырдыңкөлденеңкесіндісінде қабық астында алғаш сарғыш сақина немесе жартылай сақина тәрізді, кейін қоңырланатынтүтіктербайкалады.Тамырқабығын аршығанда орталық сүректің сыртқы бөлігі сары немесе ашық-қоңыртүсті,алсауө-деолақнемесесәлсарғышболады.Бактерия шөп шапқыш машина, насекомдар, кеміргіштер арқылы таралып, колайсыз жағдайдың әсерінен нашар дамыған өс-рді залалдайды. Ауру қоры – залалданған өсімдік қалдықтары.

Мозаика, А.қ – Alfalfa mosaic virus. Бұл аурумен мәдени өс-н қатар арамшөптер де залалданады. Вирус бітелер арқылы таралады. Түрлі өс-р (ақ түйежоңышка, далалық шырмауық, жабайы беде) ауру қоры болуы мүмкін.Өсімдіктің жапырақтарында әртүрлі (ашық-жасыл, сары) мозаикалар түзіліп, жапырақтар деформацияланады.

Арамсояу. Көктемде жылы жаңбырдан кейін арамсояу тұқымынан негізі жуан, ақшыл өскін пайда болып, топырақка енеді де дамуының алғашқы кезінде одан ылғал мен қоректік затгар алады. Жіңішке қызғылт немесе сарғыш реңді ақ өскін жоғары қарай ұшымен бұралып өседі. Егер бүл өскін өзіне қолайлы өсімдік сабағын немесе жапырағын таба алмаса, онда курап жойылады, ал өсімдікке жанасса, онда оны шырмап жоғары қарай өсе бастайды.Арамсояу өсімдік сабағына өскіндерін (гаустория) енгізіп, онымен тығыз іргелесіп, қатты дамып, жаңа өс-рді залалдайды. Паразит сабағының жеке бөлігі басқа өсімдікке тіркеліп, дамуын жалғастырады.Жаздың ортасында арамсояу гүлдейді де екі-үш аптадан соң тұқымдары жетіліп, топыраққа түсіп, өсімдік тұқымдарының арасында немесе малдың ас қорытуынан (ішектен) өтіп те тіршілігін сақтайды. Арамсояу тұқымының өну қабілеті көп жылдар бойы жойылмайды. Гүлді паразиттің тұқымы мәдени ө-ң тұқымдарымен, сумен таралады.

Жоңышқаның қоңыр дағы. Қоздырғышы - Pseudopeziza medicagines (Ascomycetes класы, Helotiales қатары) саңырауқұлағы. Жапырақтарда, сабақтарда, бұршақтарда әр түрлі, кішігірім, қоңыр-сары дақтар п.б. Күзге қарай зақымданған мүшелерінде апотецийлер п.б. Олар жоңышқа мен өсімдік қалдықтарында қыстап шығады. Көктемде апотецийлерден бөлініп шығатын аскоспоралар жоңышқаны зақымдайды. Ауру тұқым мен шөптің өнімділігін төмендетеді.

Жоңышқа таты. Қоздырғышы - Uromyces striatus Schroter. (Basidiomycetes класы, Uredinales ќатары) саңырауқұлағы.Жазда жоңышқа жапырақтары мен сабақтарында ашық-қоңыр урединийлер п.б. Күзде зақымданған жерлерде қара сұр түсті телиоспоралар түзіледі. Зақымданған жапырақтардың қурап, түсіп қалуынан шөптің сапасы төмендейді. Саңырауқұлақтың эцидиалды & спермогониалды сатылары сүттігенде дамиды. Аралық иесінде мицелияларда да қыстай алады. Қоздырғыштың телиоспоралары қыстайды, сонымен бірге сүттігеннің тамырында саңырауқұлақ мицелиилері де қыстап шыға алады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]