- •1 Өсімдік шаруашылығы өнімдерін сақтау кезіндегі зиянкестермен күресудің профилактикалық & жойу шараларының жүйесі.
- •2 Бидай аурулары. Бидайды аурулар кешенінен қорғау шаралары.
- •3 Өсімдік қорғауда пайдалы бунақденелілерді қолданудың қағидалары.
- •1Қамба зиянкестерінің түр құрамы & ол-ң қамбаға ену жолдары.
- •2 Арпа аурулары. Арпаны аурулар кешендерінен қорғау шаралары.
- •3.Зиянды бунақденелілерге қарсы қолданылатын бактериялық препараттар.
- •1 Рапс дақылының зиянкестері & олармен күресу шараларының кешені.
- •Рапс гүлжемірі – Meligethes aeneus f.(Coleoptera отр. Nitidulidae – жылтырақтар тұқ.).
- •2 Жүзім аурулары. Жүзімді аурулар кешенінен қорғау шаралары.
- •1. Бүлдірген зиянкестері & олармен күресу шараларының кешені.
- •2 Қара бидай аурулары. Қара бидайды аурулардан қорғау шаралары.
- •Бидайдың қатты немесе сасық қаракүйесі
- •Таңқурай зиянкестері & олармен күресу шараларының кешені.
- •2 Тары аурулары. Тарыны аурулардан қорғау шаралары.
- •3.Вирусты препараттар, ол-ң сипаттамасы & қолдану ерекшеліктері.
- •1 Қарақат, тұшала зиянкестері & олармен күресу шараларының кешені.
- •2 Қарақұмық аурулары. Қарақұмықты аурулардан қорғау шаралары
- •Система защитных мероприятий против болезней гречихи.
- •Көкөніс дақылдарына зиян келтіретін нематодтар мен кенелер. Олармен күресу шаралары.
- •1 Алхоры зиянкестері & олармен күресу шараларының кешені.
- •2 Жүгері аурулары. Жүгеріні аурулардан қорғау шаралары.
- •№ 9 Емтихан билеті
- •1 Алманың зиянкестері & олармен күресу шараларының кешені.
- •2 Күріш аурулары Күрішті аурулардан қорғау шаралары.
- •Күріштің пирикуляриозы
- •1 Бақша дақылдарының зиянкестері & олармен күресу шараларының кешені.
- •3 Трихограмма мысалында энтомофагтарды жаппай көбейту әдістері.
- •1 Жабық грунттағы көкөніс дақылдарының зиянкестері & олармен күресу шараларының кешені.
- •2.Ас бұршақ аурулары. Ас бұршақ ауруларына қарсы жүйелі қорғау шаралары.
- •2 Қызылша аурулары. Қызылшаны аурулардан жүйелі қорғау шаралары.
- •3 Ішкі карантин.
- •3 Қр аумағында шектеулі таралған карантиндік зиянкестер.
- •2 Мақта аурулары. Мақтаны аурулардан жүйелі қорғау шаралары.
- •Карантинге жатқызылған өнімді, жүктер мен көлік құралдарын тексеру
- •1 Қызылша зиянкестері & олармен күресу шараларының кешені.
- •2.Рапс аурулары. Рапсты аурулардан қорғау шаралары.
- •3. Қр аумағында шектеулі таралған карантиндік арамшөптер.
- •1.Күнбағыс зиянкестері & олармен күресу шараларының кешені.
- •Күресу шаралары:
- •Таңқурай аурулары. Аурулардан жүйелі қорғау шаралары.
- •1 Жүзімнің зиянкестері & олармен күресу шараларының кешені.
- •Күресу шаралары
- •2. Күнбағыс аурулары. Күнбағысты аурулардан қорғау шаралары.
- •№19 Емтихан билеті
- •1 Көпжылдық бұршақ тұқымдас шөптердің зиянкестері & олармен күресу шараларының кешені.
- •2Картоп аурулары. Вегетация кезінде & сақтау мерзімінде картопты аурулардан қорғау шаралары.
- •3. Қамбалар мен көкөніс қамбаларында зиян келтіретін кеміргіштер. Олармен күресу шаралары.
- •Қамба мен қоражайларда тіршілік ететін кеміргіштермен күресу шаралары
- •№20 Емтихан билеті
- •1 Дәндібұршақ дақылдарының зиянкестері & олармен күресу шараларының кешені.
- •2 Қырыққабат аурулары. Қырыққабатты аурулардан қорғау шаралары.
- •3 Өсімдік иммунитетінің санаттары.
- •№21 Емтихан билеті
- •№22 Емтихан билеті
- •2 Алма мен алмұрт аурулары. Алма мен алмұртты аурулардан қорғау шаралары.
- •2 Сүйекті жеміс дақылдарының аурулары. Аурулардан жүйелі қорғау шаралары.
- •№24 Емтихан билеті
- •2.Бақша дақылдарының аурулары. Бақша дақылдарын аурулардан жүйелі қорғау шаралары.
- •Қара мойнаққа шалдыққан түйнектің өзегі шіриді. Түйнектің шіруі столонға бекіген жерінен басталады.
- •2 Тұшала аурулары. Аурулардан жүйелі қорғау шаралары.
- •№26 Емтихан билеті
- •Дәннің кәдімгі көбелегі – Обыкновенная зерновая совка
- •№27 Емтихан билеті
- •2.Қияр аурулары. Ашық & жабық жайлардағы қиярды аурулардан жүйелі қорғау шаралары.
- •№28 Емтихан билеті
- •1 Жүгері зиянкестері & олармен күресу шараларының кешені.
- •2 Сәбіз аурулары. Вегетация кезінде & сақтау мерзіміңде сәбізді аурулардан жүйелі қорғау шаралары.
- •№29 Емтихан билеті
- •№30 Емтихан билеті
- •2.Қызанақ аурулары. Ашық & жабық жайлардағы қызанақты аурулардан жүйелі қорғау шаралары.
- •Топырақ арқылы инфекциялау
№26 Емтихан билеті
1 Бидайдың зиянкестері & олармен күресу шараларының кешені. Қазақстанда дәнді дақылдарға зиянкестердің көптеген түрі зиян келтіреді, ол-ң қатарында көпқоректілер (шегірткелер, шекшектер, қара шегірткелер, шыртылдақ қоңыздар, қара денелі қоңыздар, күздік түнгі көбелектер, кеміргіштер), & олармен қатар тек қана астықты дақылдарды зақымдайтын өзіне тән арнайы зиянкестері (астықтың түн көбелектері, зиянды бақашық қандалалары, астық қоңыздары, астық сүлікшелері, бидай трипсі, астық барылдауық қоңыздары, астықтың жолақты бүргесі, астық биті, гессендік & швед шыбындары, астықтың сабақ егеуіші, астықтың сабақ бүргесі) бар. Жәндіктер асықты дақылдарды еккен кезден бастап өнімді жинағанға дейін зиян келтіреді.
Дәннің сұр көбелегі – Серая зерновая совка (Apamea anceps Schiff.)Зиянкес кең таралған & республиканың солтүстігінде масақты дәнді дақылдардың қауіпті зиянкесі болып табылады. Жұлдызқұрттары негізінен бидайдың, күздік қара бидайдың, арпаның, жүгерінің дәндерін зақымдайды. Өнімнің потенциалды шығыны 2-5 ц/га жетеді. Көбелектерінің қанаттарының жайылғандағы орташа өлшемі – 35-40 мм. Денесінің ұзындығы 15-18 мм. Алдыңғы қанаттары бұлыңғыр-сұр-қоңыр түсті болып келеді. Артқы қанаттары ашық-сұр & сұр шет жақтары қарайған, мұртшалары жіп тәріздес. Аналықтарының жұмыртқа салған орны хитинді екі жақты, денесінің аяқ жағында қысқаш тәрізді, түсі қызыл-қоңыр болып келеді. Өсімталдығы 100-200-ден 600-800 жұмыртқаға дейінгі аралықта болады. Дәннің сұр көбелегі барлық жерде бір ұрпақ беріп дамиды. Көбіне ең соңғы (VIII) жастағы жұлдызқұрттары топырақта жиналмаған сабан, жүйек астында қыстайды. Көктемде біршама уақыт қоректенгеннен кейін 4-5 см топырақ астында қуыршақтанады. Көбелектерінің ұшуы маусым айының ортасынан тамыз айының басына дейін жалғасады. Тауарлық құны бар күздік бидай егітіктерінде химиялық өңдеу жұмыстарын жүргізу үшін ЭЗШ – салқын ауа райында 100 масаққа 15 жұлдызқұрт, қалыпты ауа райында 20-дан жоғары & құрғақ ауа райы жағдайында 30-дан жоғарыны құрайды.
Дәннің кәдімгі көбелегі – Обыкновенная зерновая совка
(Apamea sordens Hfn.)Дәннің сұр көбелегіне қарағанда кем таралады. Дәннің кәдімгі көбелегінің барлық даму стадиясының сырт келбеті дәннің сұр көбелегіне ұқсайды. Ерекше белгілері келесідей: дәннің кәдімгі көбелегінің алдыңғы қанатының негізінде қара ұзынша сызықша болады. Дәннің сұр көбелегі жұлдызқұрттарының табанында жалған аяқтарында 13-24 ілгіштері, қара-қоңыр қалқаншаларда қылшықтары болса, ал дәннің кәдімгі көбелегі жұлдызқұрттарында жалған аяқтарында 11 ілгіштер болады, ал білінер-білінбес тегіс қалқаншаларда қылшықтары орналасқан.
Дәннің кәдімгі көбелегі гигрофильді & дәннің сұр көбелегіне қарағанда жылы сүйгіштігі төмен. Ол-ң саны дала зонасынан орманды даласына қарай ұлғаяды, ал дәннің сұр көбелегіның санының өсуі кері бағытта болады. Дәннің сұр көбелегіне циклдік жаппай көбеюі қасиеті жоғары. Екі түрдің де өмір сүру қабілеті ұқсас.Дәннің кәдімгі көбелегі жұмыртқасын масақтың сыртқы бөлігіне салады, ол құрғақ ауа райы жағдайында ол-ң өміршеңдігін төмендетеді. Бидай, қара бидай, арпа, жүгері дақылдарын зақымдайды
Астық қоңыздары: кресті - Anisoplia agricola Poda., кузька - A. Austriaca Hbst., красун - A. Segetum Zoubkovi Kryn. (Scarabaeidea - тақтамұрттылар тұқымдасы, Coleoptera - қоңыздар отряды) Кузька қоңызының қанаттары қызыл-күңгірт, кеудеге қарай төрт бұрышты дақ болады. Дене ұзындығы 12-15 мм. Кресті қоңызда ашық сары, жирен, крест немесе якорь тәріздес суреттері бар. Дене ұзындығы 11-13 мм. Красун қоңыздың үстіңгі қанаттары қоңыр сары түсті, бүйір жақтарында қылшықтар орналасады. Дене ұзындығы 11-13 мм. Барлық қоңыздардың дернәсілдері С тәрізді, қалың етті, үш жұп аяқтары бар, ұзындығы 35 мм Кузька мен кресті қоңыздар 2 жылда 1 ұрпақ беріп дамиды. Дернәсілдердің даму ұзақтығы 22 ай. Красун қоңызының дернәсілдері 10 айда дамиды. Дернәсілдер даму барысында 3 жастық кезеңнен өтеді, олар топырақта қыстайды. Жаздың басында топырақта 8-12 см тереңдікте қуыршаққа айналады. Қоңыздар 50 шамасындай жұмыртқаларын бірнеше рет салады. Қоңыздар алғашқы уақытта күздік бидайды, кейін жаздық астықтарды, жатаған бидайықты зақымдайды. Олар бидайдың, арпаның, қара бидайдың жұмсақ, өнбеген дәндерімен қоректенеді. Масаққа көтерілгенде қоңыздар артқы аяқтарымен қатты дәнді ұшырып түсіреді.
Күресу шаралары: Астық дақылдарды қайта-қайта өндіруден ол-ң саны қөбейеді. Бидайдан кейін отамалы дақылдарды орналастыру керек. Отамалы дақылдардың қатар аралықтарын өңдеу, тыңайтқыш енгізу, үстемелеп қоректендіру дернәсілдердің санын азайтады. Ерте сыдыра жырту кеш сыдыра жыртуға қарағанда тиімдірек (себебі дернәсілдер топырақтың төменгі қабатына көшіп үлгермейді). Тексеру нәтижесінде гүлдену-дән қалыптасу кезеңінің басында 1 шаршы метрде қоңыздар саны 3 данадан астам болса, егістіктерді инсектицидпен өңдеу керек («Тізім...» бойынша).
Астықтың жолақ бүргесі – Phуllotreta vittula Redt. (Coleoptera – қатты қанаттылар отряды, Chrysomelidae – жапырақ жемірлері тұқымдасы).
Ұсақ қоңыздар, дене ұзындығы 2мм-дей, қара түсті, үстіңгі қанаттарында сары созылмалы жолақтар бар, артқы аяғы секіргіш. Дәрнәсілдері ақшыл-сұр, кеуде & анальдық қақпандары ақ, ұзындығы 4-5мм.
Ересек бүргелер жердің үстіңгі бетіндегі топырақ астында ағаш шоқтарында, межелерде, сайларда қыстайды. Топырақ жылысымен күздік дақылдар & жабайы астық тұқымдастарымен қоректенеді. Жаздық бидайдың, арпаның, күздік қара бидайдың өскіндері шыға бастағаннан бастап, егістік жерлерге жаппай тарайды. Әсіресе мамыр айының І-ІІ онкүндігінде астық дақылдарының өскіндерінде қыстап шыққан қоңыздар көп болады.
Қоңыздар жапырақ паренхимасын кеміріп қоректенеді, осының нәтижесінде ол жапырақ кеуіп қалады. Зақымдар үшінші жапырақ пайда болғанға дейін өте қауіпті. Құрғақ ыстық ауа райы жағдайында зиянкестік күшейеді. Жапырақ беті 25-30%-тен артық зақымданса, өнім шығыны елеулі болады.
Жылына 1 ұрпақ беріп дамиды. Солтүстік Қазақстан жағдайында жаппай жұмыртқа салу маусымның басында басталады. Жұмыртқаларын топырақтың үстіңгі қабатына салады. 2 жетіден кейін дернәсілдер пайда бола бастайды, олар топырақ арасындағы астық тұқымдастардың тамырларымен қоректенеді, бірақ айтарлықтай зақым келтірмейді. Топырақ астында қуыршақтанады. Жаңа ұрпақ қоңыздары маусымда п.б.
Күресу шаралары. Себу уақытын қолайлы мерзімде өткізудің маңызы зор. Құрғақ ыстық ауа райы жағдайында мамыр айының І-ІІ онкүндігінде шыққан өскіндер үшін (үшінші жапыраққа дейін) қоңыздар өте қауіпті. Ө-дегі қоңыздар санын 8-16 үлгілерде (әр үлгі 0,25м2) есептеп, жапырақ бетінің зақымдануын анықтайды немесе энтомологиялық аулағышпен 10 жерде 10 рет сермеп қағып жүргізеді. Астықтың жолақ бүргесінің тығыздығы 300-400 қоңыз/м2 асса немесе жапырақ зақымдануы 25% көп болса, өскіндерге нақты айқын қауіп туады. Инсектицидтерді «Тізім...» тәртібі бойынша қолданады.
Сүлікше қоңыздар – қызылкеуделі – Oulema melanopus L., көк - Lema lichensis Voet. (Coleoptera – қатты қанаттылар отряды, Chrуsomelidae – жапырақ жемірлері тұқымдасы). Біріншісі – түсі жасылдау көк қоңыз, алдыңғы арқасы мен аяқтары сарғылт-қызыл, жоғарғы қанаттарында параллелді орналасқан нүктелер болады. Дене ұзындығы – 4 - 4,8 мм. Екіншісі – алдыңғы арқасы кеуденің басқа бөліктерінен айырмашылығы жоқ, дене ұзындығы – 3-4мм. Дәрнәсілдің құрсақ жақ бөлігі көтеріңкі, қара қоңыр шырышпен қапталған, үш жұп кеуде аяқтары бар. Дәрнәсілдің дене ұзындығы 5мм-ге дейін болады.
Жылына бір ұрпақ береді. Қоңыздар топырақта немесе өсімдік қалдықтарында қыстайды. Өсіп-өну & көбею үшін көктемгі-жазғы мерзімдегі ылғалды & жылы ауа райы өте қолайлы. Аналықтары жұмыртқаларын жапыраққа 3-7 данадан тізбектеп салады, барлығы 200 жұмыртқа. Дәрнәсілдер 12-14 күннен кейін п.б. Олар 3 жастық кезеңнен өтіп дамиды. Қуыршақтану топырақтың жоғарғы қабатында өтеді. Дәрнәсілдер сұлыға, арпаға, қатты бидайға едәуір зиян келтіреді. Жапырақ жұмсағымен қоректенеді, жапырақ талшықтары мен эпидермиске көп тимейді. Қоңыздар жапырақтарды саңылау & ұзынша келген ақ жолақтар жасап зақымдайды. Зақымданған жапырақтар сарғайып қалады, ассимиляция барысы төмендейді.
Күресу шаралары. Сүлікше қоңыздарды & ол-ң дернәсілдерін 8-16 үлгілерде (әр үлгі 0,25м2) өс-рді қарап есептейді. Жаздық астық дақылдарының түптену кезеңінде 10-15 қоңыз/м2, күздік дақылдарында 40-50 қоңыз/м2, түптену кезеңінде 1 сабақта 0,5-1 дәрнәсіл табылса, химиялық күрес жұмыстарын жүргізу керек. Инсектицидтермен бүрку «Тізім...» регламенты бойынша жүргізілуге тиіс (Қосымшаны қараңыз).
Астықтың барылдақ қоңызы – Zabrus tenebrioides Goere. (Coleoptera – қатты қанаттылар отряды, Carabidae – барылдақ қоңыздар тұқымдасы). Ересек қоңыздар шымқай қара түсті, үстіңгі қанаттарында нүктелі терең әжімдер болады, дене ұзындығы 14-16мм. Дәрнәсілдердің дене ұзындығы 28мм - ге жетеді, бас бөлімі & көкірек бунақтары қара-қоңыр немесе қара түсті, кеуде түсі ақшыл, ақ сары немесе сұрша-жасыл болуы мүмкін.
Дәрнәсілдер топырақта қыстайды. Қуыршақтану топырақтың үстіңгі қабатында өтеді. Ересек қоңыздар күздік бидайдың дән толысу кезеңінде п.б. Ыстық & құрғақ ауа райы әсерінен қоңыздардың өсіп-өнуінде бір айға жуық созылатын үзіліс туады. Тамыз айында қоңыздар жұмыртқаларын топыраққа топтап 10-15 данадан салады, барлығы 100 жұмыртқа. Жаңадан шыққан дәрнәсілдер суық күзге дейін қоректенеді.
Қоңыздар мен дәрнәсілдер зиянкесті, бірақ негізінен дәрнәсілдер қатты зиян келтіреді, өскіндер мен жас өс-рді құртып тастайды. Түнде қоректенеді. Ересек қоңыздар дәнді, масақ қабыршақтарын жеп қояды. Дәрнәсілдер өскіннің жапырағын жеп, оларды топырақтың жоғарғы қабатына тасиды. Зақымданған жапырақтар түте-түтесі шығып, түйір-түйір шайнап тастаған талшыққа ұқсайды. Дәрнәсілдердің зақымдануынан егіннің көгі сиреп қалады. Барылдақ қоңыз астық дақылдарының көптеген түрлерімен қоректенеді, әсіресе күздік бидайды көбірек зақымдайды. Жылына бір ұрпақ береді.
Күресу шаралары. Барылдақ қоңыздың өсіп-өніп көбеюіне бидайды жыл сайын бір жерге өсіре беру қолайлы жағдай туғызады. Алғы дақыл есебінде жақсылары – ол сүрі жер, отамалы дақылдар. Өнімді мезгілінде ысырап істемей жинап алудың үлкен маңызы бар. Дәрнәсілдерді 8-16 топырақ үлгілерінде (әр үлгі 0,25м2) 15см тереңдікке дейін қарап есептейді. Күздік бидай танабында 1-5 дәрнәсіл/м2 табылса, инсектицидтер қолдану керек.
Зиянды бақашық қандаласы – Вредная черепашка (Eurygaster integriceps Put.). Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай облысының батыс бөлігінде, Оңтүстік, Шығыс Қазақстан облыстарының таулы аймақтарындағы астық дақылдарын егетін аудандарда таралып зиян келтіреді. Қыстап шыққан қандалалардың қоректенуі өнім беретін бидай сабақтарын бірлі-жарымды зақымдайды & қуратады, & ақ масақтыққа әкеліп соғады. Балаңқұрттарының & жас қандалалардың зақымдауынан тұқымдық материалдың өну энергиясы & өнімділігі төмендейді. Бидай клейковинасының сапасы & наубайханалық сапасы төмендейді Бақашық қандаланың денесі тасбақаның қабыршағы сияқты, тығыз хитинмен қапталған. Дене ұзындығы 10-13 мм, түсі - ақшыл күңгірт қоңырға дейін, дернәсілдері ересек қандалаларға ұқсас. Жылына бір ұрпақ береді. Ересек қандала тоғай алқаптарының, орманның жапырақ төсемінің астында қыстайды. Тәуліктік ауаның орташа температурасы 12° жеткенде қандалалар жаппай егістіктерге ұша бастайды. Жұмыртқасын астықтың, арамшөптердің & аңыз сабағының жапырақтарына салады. Олар жұмыртқаларын топтап салады & бір топта 14 жұмыртқа болады. Жалпы аналық қандала 200 жұмыртқаға дейін салады. Дернәсілдердің жұмыртқадан шығуы астық дақылдарының түптену кезеңіне келеді. Дернәсілдерде бес жастық кезең болады. Олар астық тұқымдас ө-де дамиды. Ересек қандалалар дәннің балауыздана - пісу кезеңінде п.б. Бидайға, қара бидайға, кейде арпаға зиян келтіреді. Қыстаудан шыққан уақытынан бастап қыстауға кеткенше дейін, олар ө-ге дернәсіл & ересек кезеңінде зиян келтіреді.
Егер астық дақылдарының бастапқы кезеңдерінде сабақ зақымданатын болса, ортаңғы жапырақтың солуына, ал масақтану кезеңінде - масақтың ағаруына & ұрықсыздыққа әкеледі. Бақашықтың дернәсілдері & ересектері дәнді шаншып алып, сілекейін енгізіп, ұлпа ішіндегісін өзіне қоректік сіңімділікке айналдырады. Дәннің үстінде ой & әжімдер п.б, тескен жерлерде қара дақтар көрінеді. Балауыздана пісу кезеңіндегі залалдар дәннің технологиялық & тұқымдық сапасын кемітеді.
Күресу шаралары. Өнімді дер кезінде қысқа мерзімде жинау. Астықтардың егістіктерде көп тұрып қалуы & ұзақ мерзімде дестелерде жатуы бақашықтардың көп қорек алуын қамтамасыз етеді, қыстауға жақсы жағдай жасайды. Ерте сыдыра жыртқанда, ауыр тырмалармен топырақты өңдегенде зиянкестердің көбі өледі. Бақашықтың саны егістіктерде үлгі алаңдарында (әр үлгі 0,25м2 алаңнан) есептеледі. Ө-ң бастапқы кезеңдерінде м2 1-2 қыстап шыққан ересек қандала, гүлдену кезеңінен бастап балауыздана пісу кезеңіне дейін 5 дернәсіл & келесі даму сатыда 2 дернәсіл немесе ересек қандала болса, құрту шараларды қолдану керек. «Тізім...» регламенті бойынша күту мерзіміне сай инсектицидтермен бүркиді.
Астық цикадалары: алты нүктелі - Macrosteles laevis Rib. & жолақты - Psammotettix striatus L. (Cycadellidae - тұқымдасы, Auchenorrhyncha - цикадалы отряд тармағы, Homoptera - тең қанаттылар отряды).
Денелері - ұзындығы 3-5мм, артқы аяқтары секіргіш. Алты нүктелі цикада - ашық сары түсті, басында 6 күңгірт нүкте болады. Жолақтың басы сүйірленген, қанаттарында мәрмәрлі сурет бар. Дернәсілдері ересектерге ұқсайды. Жылда 2-3 генерация беріп дамиды. Жұмыртқа кезеңінде аңыздарда, шөптерде, астық тұкымдас жабайы ө-де қыстайды. Жұмыртқасын жапырақтың тканьдеріне салады, өсімталдығы 50-200 жұмыртқа. Дернәсіл 5 жастық кезеңен өтеді. Цикадалар жасырынды өмір сүреді. Олар құрғақшылық жылдары көбірек көбейеді. Селдір, күнмен жақсы жылынатын алаңдарды керек етеді. Дернәсілдері & ересектері бидайды, арпаны, сұлыны, тарыны, жүгеріні залалдайды. Қоректену жерінде ақ дақтар п.б, жапырақ пен сабақтары мәрмәрлі түске боялып, өсімдік солады. Қатты зақымдалған кезде өсімдік қурайды.
Күресу шаралары. Топырақты сыдыра жырту & өсімдік қалдықтарын жою. Бір жылдық астық тұқымдастарды көп жылдық шөптерден, күздік дақылдардан оқшаулау. Тексеруді энтомологиялық аулағыштың көмегімен жүргізеді, егістікте 10 жерден 10 рет сермеп қағады. Инсектицидтер «Тізім...» бойынша пайдаланылады.
Бидай трипсі - Haplothrips tritici Kurd. (Phloethripidae - тұқымдасы, Tubulifera - түтікше құйрықтылар отряд тармағы, Thysanoptera - шашақ канаттылар отряды).Ересек трипстердің денесі күңгірт қоңыр қара, ұзындығы 1,5-2 мм, түссіз шашақты қанаттары бар. Дернәсілдері ашық қызыл, ұзындығы 2 мм-ге дейін. Жылда 1 ұрпақ беріп дамиды. Дернәсілдері топырақтың үстіңгі қабатында, аңыздарда қыстайды. Ересек трипстер мамыр - маусымда ұшып шығады. Жаздық бидайдың түтіктену кезеңің аяғында - масақтану кезеңінің басында ол-ң саны әдәуір көбейеді. Аналықтары жұмыртқаларын бір-бірлеп немесе топтап 3-5 данадан масақшалардың қабыршақтарына & масақ өзегіне салады. Жалпы аналықтары 20-25 жұмыртқа салады. 6-8 күннен кейін дернәсілдер п.б. Трипстердің көбеюіне жылы құрғақ ауа райы қолайлы болады. Дәннің ылғалдылығы 40% - дан аз болса, трипстер қоректенуін тоқтатып, қыстайтын жерлеріне кетеді. Трипс күздік & жаздық бидайларды, қара бидайды зақымдайды. Ересектері & дернәсілдері зиян келтіреді. Ересек трипсілер сабақта, масақшаларының қабыршақтарында & жапырақтың қынабында шырынын сорып қоректенеді. Масақшалары өсуін тоқтатады. Дернәсілдері дәнмен қоректенеді. Ол-ң әсерінен дән деформацияланады, солып салмағы азаяды, тұқымдық сапасы төмендейді.
Күресу шаралары. Топырақты сыдыра жырту; ауыспалы егісті қолдану; сүрі жер, бұршақ, жүгеріден кейін жаздық бидайды өндіру. Жүйелі әсерлі инсектицидтерді ө-ң түтіктену кезеңінің аяғында-масақтану кезеңінің басында қолданғанда, трипсілерге қарсы ең жоғары нәтиже көрсетеді. Осы кезде жұмыртқа салатын аналықтар құрып, дернәсілдердің саны да аз болады. Әдетте инсектицидтерді қолдану басқа да зиянкестермен күресу кезеңдерімен бірдей болады (бітелер, бақашықтардың дернәсілдері, дән сұр көбелегінің жұлдызқұрттары & т.б.). Трипстерді тексергенде егістіктен 10 масақтан 10 үлгі алынады. Есептеу үшін масақшалардың қабыршақтарын ашады. Егер түтіктену мен масақтану кезеңінің басында егінде 8-10 трипстер бір сабақта, не болмаса 30 трипстер аулағыштың 10 қаққанында & бір масақта (дән толысу - сүттену пісу кезеңінде) дернәсілдердің саны 40-50 данадан асса, инсектицидтер қолданылады.
Бидайдың гүлді кенесі - Steneotarsonemus panschini. ( Arachnida - өрмекші тәріздес класы, Acaryformes - отряды, Tarsonemidae - тұқымдасы). Пішіні микроскопиялық, дене ұзындығы 0,15- 0,2 мм. Түсі сулы-ақ немесе мөлдір - сары. Дернәсілдері ересектеріне ұқсас. Кененің аналықтары топырақта қыстайды.
Тіршілік кезеңінде 5 ұрпақ беріп дамиды. Колония түзейді. Ө-де егін көгінен бастап бидайдың пісу кезеңіне дейін болады. Дернәсілдері мен ересектері қатты бидайды, жатаған бидайықты зақымдайды. Масақтану кезеңіне дейін сабақтан шырын сорып алады. Масақтанудан кейін кене гүлдің барлық мүшелерін зақымдайды, олар формасын бұзып, ұрықсызданады. Алақат дәнділік пайда болдырады. Залалданған масақтардың сыртқы түрінің сау масақтардан айырмашылығы жоқ, бірақ масақтардың ішіндегісі үңгіп, қоспаға айналады.
Күресу шаралары. Зиянкестердің санына қарамастан қатты бидайды тек қана сүрі жерден кейін отырғызу керек. Көбеюіне & зияндылығына алғы астық дақылдары жағдай туғызады. Жүйелі түрде арамшөптермен күресу керек. Ө-ң төзімділігін арттыру үшін дақылдар өсіруде барлық технологиялық шараларды жоғары деңгейде жүргізу керек.
Астық егеушілер: кәдімгі - Cephus pygmaeus L. & қара - Trachelus tabidus Ғ. (Cephidae - сабақ егеушілер тұқымдасы, Hymenoptera - отряды). Екі түрдің биологиясы ұқсас. Ересек егеушінің ұзындығы 8-10 см. Денесі жылтыр-қара, цилиндр тәріздес. Кәдімгі егушінің құрсағында көлденеңнен сары жолақтар, ал қара егеушінің құрсағының бүйір жағынан ұзынша орналасқан жирен - сары жолақтар болады. Дернәсіл С- тәріздес, аяқсыз, ұзындығы 12-14мм. Кәдімгіге қарағанда, қара егеушілердің ұшуы 14-20 күнге кеш басталады. Жылда зиянкестің 1 ұрпағы дамиды. Жартылай мөлдірлі коконда сабақтың астыңғы бөлігінің ішінде қыстайды. Көктемде сол жерде қуыршақтанады.Ересек бунақденелілердің ұшуы бидайдың, арпаның сабақтану & күздік бидайдың масақтану бастаған кезеңінде байқалады. Аналықтары жұмыртқасалғыш қынабы көмегімен сабақтың буынаралығына жұмыртқаларын бір-бірлеп салады. Дернәсіл сабақ ішінде қоректеніп, буындарын кеміріп, төмен қарай ақырындап жылжиды. Сабақтың төменгі жағында дән балауызданған кезінде сақиналы тілімдер жасайды. Зақымданған сабақтар сынып, жатып қалады. Зақымдану ө-ң ортаңғы жапырақтың солуына, ақмасақтануға әкеп соқтырады. Дернәсіл бидайды, арпаны, қара бидайды, көбінесе күздік дақылдарды зақымдайды. Күресу шаралары. Егеушілерге қарсы терең сыдыра жырту, өсімдік қалдықтарын жою тиімді. Толық пісу кезеңінде өнімді екі бөлектеп жинайды. Сабақтарды төменірек шабу, ауыспалы егісті қолдану керек. Қолайлы алға дақылдарға бұршақ тұқымдас дақылдар, жүгері жатады. Инсектицидтерді егеушілердің имаго саны 100 рет аулағышты каққанда 40-50 дана болғанда қолдану керек.
2 Қарақат аурулары. Аурулардан жүйелі қорғау шаралары. Америкалық ақ ұнтақ. Ауруды Sphaeroteca mors-uvae Berk. et Curt. (Ascomycetes класы, Erysiphales қатары) тудырады. Қарлыған мен қарақатты залалдайды.
Ауру өсімдіктің барлық мүшелерін: жапырақтарын, өркендерін, жемістерін, түйіндерін зақымдайды. Саңырауқұлақ өсімдіктің зақымданған мүшелерінде қыстайды. Көктемде гүлдегеннен кейін зақымданған мүшелерде, кейін қарайып кететін ақшыл-сұр түсті өңез п.б. Залалданған өркендер өсуді тоқтатып қыста өліп қалады, жапырақтар қурайды. Ауру жемістер өспейді, қышқылданады, езіледі & шашылады.
Күресу шаралары: төзімді сорттарды өсіру, өс-рді сирек отырғызу, ерте көктемде немесе күзде зақымданған өркендерді кесіп алып жою, топырақты қопсыту, ауру жапырақтар мен жемістерді жою, өсіп даму кезеңінде «Тізім...» бойынша рұқсат етілген фунгицидтермен бүркеді.
Антракноз. А.қ – Gloeosporium ribis Mont. et Desm, (Deuteromycetes класы, Melanconiales қатары) саңырауқұлағы. Қарлыған мен қарақатты залалдайды.
Жапырақтарда біртіндеп ұлғаятын кішкене қоңыр дақтар п.б. Залалданған жапырақтардың шеттері жоғары қарай қайрылады да, мезгілінен бұрын түсіп қалады. Саңырауқұлақ түсіп қалған жапырақтар мен өркендерде қыстайды. Көктемгі көбею бірінші жапырақтар пайда болғанда басталады, жазда саңырауқұлақ конидийлермен тарайды. Ауру ылғалды ауа-райында & жиі суарылғанда қатты дамиды.
Күресу шаралары: өс-рді сирек отырғызу, күзде немесе көктемде барлық түскен жапырақтарды жою, «Тізім...» бойынша фунгицидтерді қолдану керек.
Бағаналы тат. Қоздырғышы – Puccinia ribesii-carisis Kleb, (Basidiamycetes класы, Uredinales қатары). Ауру қарлыған мен қарақатты залалдайды. Залалданған жапырақтарда сары дақтар, ал астыңғы бетінде ашық-қызғылт түсті күлдіреуіктер п.б. Ауру жапырақтардың түсі қоңырланып, мезгілінен бұрын түсе бастайды. Аурудың қоздырғыштары залалданған ө-де сақталады. Аурудың қатты дамуына жылы, әрі ылғалды ауа-райы қолайлы.
Күресу шаралары: түскен жапырақтарды жою, арамшөптермен күресу, топырақты өңдеу, мөлшермен суару, «Тізім...» бойынша фунгицидтерді қолдану керек.
3 Өс-рді кеміргіштзиянкестерден қорғаудың заманауи құралдары (родентицидтер). Родентицидтерге антикоагулянттар( варфарин), алкалоидтар (стрихнинсульфаты), фторкосылысты косылыстар (фторацетат), тиомочевина туындыларына(нафтилтиомочевина), таллий қосылыстары
