- •1 Өсімдік шаруашылығы өнімдерін сақтау кезіндегі зиянкестермен күресудің профилактикалық & жойу шараларының жүйесі.
- •2 Бидай аурулары. Бидайды аурулар кешенінен қорғау шаралары.
- •3 Өсімдік қорғауда пайдалы бунақденелілерді қолданудың қағидалары.
- •1Қамба зиянкестерінің түр құрамы & ол-ң қамбаға ену жолдары.
- •2 Арпа аурулары. Арпаны аурулар кешендерінен қорғау шаралары.
- •3.Зиянды бунақденелілерге қарсы қолданылатын бактериялық препараттар.
- •1 Рапс дақылының зиянкестері & олармен күресу шараларының кешені.
- •Рапс гүлжемірі – Meligethes aeneus f.(Coleoptera отр. Nitidulidae – жылтырақтар тұқ.).
- •2 Жүзім аурулары. Жүзімді аурулар кешенінен қорғау шаралары.
- •1. Бүлдірген зиянкестері & олармен күресу шараларының кешені.
- •2 Қара бидай аурулары. Қара бидайды аурулардан қорғау шаралары.
- •Бидайдың қатты немесе сасық қаракүйесі
- •Таңқурай зиянкестері & олармен күресу шараларының кешені.
- •2 Тары аурулары. Тарыны аурулардан қорғау шаралары.
- •3.Вирусты препараттар, ол-ң сипаттамасы & қолдану ерекшеліктері.
- •1 Қарақат, тұшала зиянкестері & олармен күресу шараларының кешені.
- •2 Қарақұмық аурулары. Қарақұмықты аурулардан қорғау шаралары
- •Система защитных мероприятий против болезней гречихи.
- •Көкөніс дақылдарына зиян келтіретін нематодтар мен кенелер. Олармен күресу шаралары.
- •1 Алхоры зиянкестері & олармен күресу шараларының кешені.
- •2 Жүгері аурулары. Жүгеріні аурулардан қорғау шаралары.
- •№ 9 Емтихан билеті
- •1 Алманың зиянкестері & олармен күресу шараларының кешені.
- •2 Күріш аурулары Күрішті аурулардан қорғау шаралары.
- •Күріштің пирикуляриозы
- •1 Бақша дақылдарының зиянкестері & олармен күресу шараларының кешені.
- •3 Трихограмма мысалында энтомофагтарды жаппай көбейту әдістері.
- •1 Жабық грунттағы көкөніс дақылдарының зиянкестері & олармен күресу шараларының кешені.
- •2.Ас бұршақ аурулары. Ас бұршақ ауруларына қарсы жүйелі қорғау шаралары.
- •2 Қызылша аурулары. Қызылшаны аурулардан жүйелі қорғау шаралары.
- •3 Ішкі карантин.
- •3 Қр аумағында шектеулі таралған карантиндік зиянкестер.
- •2 Мақта аурулары. Мақтаны аурулардан жүйелі қорғау шаралары.
- •Карантинге жатқызылған өнімді, жүктер мен көлік құралдарын тексеру
- •1 Қызылша зиянкестері & олармен күресу шараларының кешені.
- •2.Рапс аурулары. Рапсты аурулардан қорғау шаралары.
- •3. Қр аумағында шектеулі таралған карантиндік арамшөптер.
- •1.Күнбағыс зиянкестері & олармен күресу шараларының кешені.
- •Күресу шаралары:
- •Таңқурай аурулары. Аурулардан жүйелі қорғау шаралары.
- •1 Жүзімнің зиянкестері & олармен күресу шараларының кешені.
- •Күресу шаралары
- •2. Күнбағыс аурулары. Күнбағысты аурулардан қорғау шаралары.
- •№19 Емтихан билеті
- •1 Көпжылдық бұршақ тұқымдас шөптердің зиянкестері & олармен күресу шараларының кешені.
- •2Картоп аурулары. Вегетация кезінде & сақтау мерзімінде картопты аурулардан қорғау шаралары.
- •3. Қамбалар мен көкөніс қамбаларында зиян келтіретін кеміргіштер. Олармен күресу шаралары.
- •Қамба мен қоражайларда тіршілік ететін кеміргіштермен күресу шаралары
- •№20 Емтихан билеті
- •1 Дәндібұршақ дақылдарының зиянкестері & олармен күресу шараларының кешені.
- •2 Қырыққабат аурулары. Қырыққабатты аурулардан қорғау шаралары.
- •3 Өсімдік иммунитетінің санаттары.
- •№21 Емтихан билеті
- •№22 Емтихан билеті
- •2 Алма мен алмұрт аурулары. Алма мен алмұртты аурулардан қорғау шаралары.
- •2 Сүйекті жеміс дақылдарының аурулары. Аурулардан жүйелі қорғау шаралары.
- •№24 Емтихан билеті
- •2.Бақша дақылдарының аурулары. Бақша дақылдарын аурулардан жүйелі қорғау шаралары.
- •Қара мойнаққа шалдыққан түйнектің өзегі шіриді. Түйнектің шіруі столонға бекіген жерінен басталады.
- •2 Тұшала аурулары. Аурулардан жүйелі қорғау шаралары.
- •№26 Емтихан билеті
- •Дәннің кәдімгі көбелегі – Обыкновенная зерновая совка
- •№27 Емтихан билеті
- •2.Қияр аурулары. Ашық & жабық жайлардағы қиярды аурулардан жүйелі қорғау шаралары.
- •№28 Емтихан билеті
- •1 Жүгері зиянкестері & олармен күресу шараларының кешені.
- •2 Сәбіз аурулары. Вегетация кезінде & сақтау мерзіміңде сәбізді аурулардан жүйелі қорғау шаралары.
- •№29 Емтихан билеті
- •№30 Емтихан билеті
- •2.Қызанақ аурулары. Ашық & жабық жайлардағы қызанақты аурулардан жүйелі қорғау шаралары.
- •Топырақ арқылы инфекциялау
3 Өсімдік иммунитетінің санаттары.
Табиғи иммунитетті өсімдік әрқашанда белгілі бір аурудың немесе паразитке қарсы тұра алатын қасиеті болады.
Табиғи иммунитет туа біте п.б. & 2 бөлінеді: пассивті & активті.
Пассивті иммунитет – өсімдікке патогеннің енуіне кедергі келтіре алады. ол-ң ұлпада дамуына жол бермейді.
Активті иммунитет – патогеннің өсімдікке енуіне белсенді түрде қарсылық көрсетеді. Сыртқы факторлардың әсерінен өсімдіктің иммунитетінің көтерілуін – жасанды иммунитет д.а.
Өсімдіктің төзімділігін арттыратын факторларды – индукторлар д.а. өсімдіктің төзімдлігін әртүрлі факторлармен көтеруге болады. Мысалы, микро-, био- тыңайтұыштарды себу, себу мерзімін & дәнді салу тереңдігін өзгерту.
Пассивті иммунитет факторлары
Төзімділік механизмдері немесе факторларын 2 топқа бөледі:
Зақымдалғанға дейінгі факторлар
Зақымдалғаннан кейінгі факторлар
1-ші фактор зақымдалғаннан тәуелсіз. 2-ші фактор қоздырғыштармен зақымдалады.
№21 Емтихан билеті
1 Өс-рді зиянкестерден қорғау әдістері. Ауыл шаруашылығы дақылдарының зиянкестерімен күресу шаралары агротехникалық, биологиялық, химиялық, механикалық, физикалық & өс-р карантині деп аталатын тәсілдер арқылы жүзеге асырылады. Агротехникалық тәсіл. Күресудің агротехникалық тәсілі өс-р мен зиянкестердің & сыртқы ортаның арасындағы өзара қарым-қатынастарға негізделген. Агротехникалық шаралардың әсерінен зиянкес организмдердің өсіп-өніп, дамуы үшін қолайсыз жағдайлар, ал зақымданатын өс-р мен пайдалы организмдер үшін қолайлы жағдай туады. Селекцияның көмегімен ө-ң зақымдануға төзімді немесе зақымданбайтын сорттары шығарылады. Сөйтіп, агротехникалық тәсіл көпшілік жағдайда сақтық (профилактикалық) шара болып саналады. Бірақ кейде ол зиянкестерге тікелей әсер етіп, ол-ң қырылуына әкеліп соқтырады. Өсімдік қорғау тұрғысынан қарағанда агротехникалық шаралар ішінде өте маңызды роль атқаратындарға ауыспалы егіс, топырақты өңдеу жүйесі, тыңайтқыштарды қолдану, арам шөптермен күресу, егінді егу мен өнімді жинаудың тәсілі мен мерзімі жатады.Биологиялық күрес тәсілі. Зиянкестермен күресуде қолданылатын тірі организмдерге ол-ң табиғи жаулары, яғни насекомдар мен кенелердің, нематодтар мен қарапайым жәндіктердің жыртқыш паразиттік тіршілік ететін түрлері, сүт қоректілер мен құстардың жыртқыш, түрлері & ауру тудыратын бактериялар, вирустар, саңырауқұлақтар жатады. Ал тірі организмдердің тіршілік өнімдерінен қолданылатындар: жыныс аттрактанттары немесе жыныс феромондары, & гормондар & ол-ң синтетикалық аналогтары Зиянкестердің табиғи жауларын биологиялық күресте пайдаланудың мынадай жолдары бар: интродукция & акклиматизация, ареал ішінде тарату, маусымды колонизациялау, & жергілікті энтомофагтарды қорғау & оларды пайдалану.
Химиялық тәсіл. Қазіргі кезде ауыл шаруашылығы дақылдарын зиянкестерден қорғау шараларының кешенінде басты орында химиялық тәсіл алады. Оны қолдануда әр түрлі химиялық заттар – пестицидтер пайдаланылады. Химиялық тәсілдің тиімділігі өте жоғары & ауыл шаруашылығы дақылдарының барлығында дерлік оларды зақымдайтын зиянкестердің көпшілігіне қарсы қолдануға болады. & бұл тәсіл өте жоғары өнімді келеді. Себебі оны жүзеге асыру үшін әр түрлі машиналар мен механизмдер кешені (бүріккіштер, тозаңдатқыштар, аэрозоль генераторлары, тұқым дәрілегіштер тағы басқалары) пайдаланылады. Көпшілік жағдайда егінді пестицидтермен баптау үшін авиацияны қолданады. Күрестің химиялық тәсілінің ең бір артықшылығы - өте көбейіп кеткен зиянкестерді құрту қажеттігі туған жағдайда оны жылдам & тиімді түрде ұйымдастыруға болады. Механикалық тәсіл. Күрестің механикалық тәсілі көп еңбек сіңіруді қажет етеді. Сондықтан қазіргі уақытта оны өсімдік шаруашылығының қарқынды салаларында, мысалы, жеміс шаруашылығында немесе күрес тәсілінің басқа түрлерін пайдалануға болмайтын жағдайда қолданады. Механикалық тәсілді пайдаланудың мына төмендегідей жолдары бар. Дақылды зиянкестен қорғау үшін әртекті механикалық бөгеттер жасалады. Мысалы, кейбір шаруашылықтар қант қызылшасын бізтұмсықтардың зақымдауынан қорғау үшін егістіктің шет-шетін арнаулы ор қазушы соқамен зиянкестердің жолын бөгейтін ор қазады. Орға түскен бізтұмсықтарды инсектицидтермен құртады Долана & шалқан көбелектерімен күресу үшін ағаштың бұтақтарындағы жұлдызқұрттар қыстап шығатын өрмек ұяларды жинап алып құртады. Алма жемірімен күресуде ұстағыш белбеулер жиі қолданылады. Оларды көбінесе кеңірдектенген қалың қағаздан, кенептен, жөкеден жасап, алма ағашының діңін айналдыра орап қояды. Алма жемірінің жұлдызқұрттары қуыршаққа айналу үшін өрмелеп келіп белбеудің қатпарларына енеді. Ұстағыш белбеулерді жүйелі түрде қарап, жиналған жұлдызқұрттарды құртып тұрады. Мұндай белбеулерді контактылы инсектицидтердің біреуімен бүркіп баптауға болады. Ал, оларды қарап тексерудің қажеті жоқ, себебі белбеуге енген жұлдызқұрттар удың әсерінен өліп қалады.. Физикалық тәсіл негізінен ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімдерін & олардан жасалған азық түрлерін зиянкестерден қорғау үшін қолданылады. Мысалы, бұршақтың дәнінде қыстап шығатын дәнек қоңызын құрту үшін қоймадағы бұршақ тұқымын 10-110С-қа дейін салқындатады. Сонда бұршақ қоңызы 6 тәуліктен кейін, ал үрмебұршақ қоңызы 10 0С шамасында 12 сағаттан кейін өледі. Кейбір жағдайларда зиянкестермен зақымданған дәнді дезинфекциялау үшін оны электр тогының жоғарғы жиілігімен немесе басқа тәсілмен қыздырады. Өсімдік карантині. Өсімдік карантині еліміздің өсімдік байлығын аса қауіпті карантин зиянкестері мен ауру қоздырғыштардың & арам шөптердің басқа мемлекеттерден біздің елге әкеліуінен & еніп кетуінен қорғауға, ал карантин объектілері еніп кеткен жағдайда ол-ң ошақтарын кеңейтпеуге & жоюға бағытталған мемлекеттік шаралар жүйесін алдын ала қарастырады
2. Бүлдірген аурулары. Аурулардан жүйелі қорғау шаралары. Бүлдіргеннің сұр шірігі. А.қ – Botrytis cinerea Pers. саңырауқұлағы (Deuteromycetes класы, Hyphomycetales қатары). Ауру шанақтарды, жапырақтарды, гүлдерді, жемістерді залалдайды. Оларда алғашқыда қоңыр түсті, жайылма дақтар п.б. Кейін олар өсе келе тұтасып кетеді де, сұр түсті өңезбен қапталады. Зақымданған жемістерде қоңырқай түсті дақтар п.б, өсе келе оны орап алады. Бұл әлі піспеген жемістердің өлуіне әкеп соқтырады. Шіріген жемістерде сұр түсті, мамық сияқты өңез түзіледі. Ауруға шамадан тыс суару мен ө-ң жиі отырғызылуы себеп болады. Аурудың қоздырғыштары желмен, жауынмен & суару кезінде тарайды. Топырақта, өсімдік қалдықтарында қарамықтар түрінде қыстайды.
Күресу шаралары: агротехникалық тәсілдерді дұрыс пайдаланып ө-ң ауруға төзімділігін арттыру; өсімдік қалдықтары мен ауру өс-рді жою; бүлдіргенді жақсы желдетілетін, күнгей, құнарлы жерлерге орналастыру; «Тізім...» бойынша фунгицидтерді қолдану керек.
Бүлдірген жапырақтарының ақ дағы. Ауруды Ramularia tulasnei Sacc. (Deuteromycetes класы, Hyphomycetales қатары) тудырады.
Жапырақтарда дөңгелек қызғылт-қоңыр түсті дақтар п.б, кейін олар ағарады. Ескі жапырақтарда көбінесе дақтардың ортасы түсіп қалады. Қатты зақымданғанда жапырақтар қурап қалады. Жаздың бірінші жартысында ауру қатты дамитындықтан жеміс өнімі біршама азаяды, ал ауру кеш басталса – зияны онша көп емес. Бүлдірген жиі отырғызылса & ауа райы ылғалды болса аурудан қатты зиян шегеді. Қоздырғыштың қарамықтары өсімдік қалдықтарында қыстайды. Көктемде қарамықтардан конидийлік споратүзгіштер дамиды. Бұл аурудың алғашқы таралу жолы болып табылады.
Күресу шаралары: өсімдік қалдықтарын жою, ө-ң тығыздық мөлшерін сақтау, сау көшеттерді пайдалану, жүйелі қоректендіру, «Тізім...» бойынша фунгицидтерді қолдану қажет.
Бүлдірген жапырақтарының қоңыр дағы. А.қ – Marssonina potentillae Magn. саңырауқұлағы (Deuteromycetes класы, Melanconiales қатары). Ауру жаздың екінші жартысында байқалады. Жапырақтарда торларымен шектелген, дөңгелек пішінді, қара-қоңыр түсті, жайылған дақтар п.б. Дақтардың үстінде саңырауқұлақтың конидийлік споратүзгіштері түріндегі кішкене жастықшалар түзіледі. Ауру желмен, жауынмен & жәндіктер арқылы тарайды. Саңырауқұлақ, конидилік споратүзгіш бүлдіргеннің өліп қалған немесе жасыл жапырақтарында қыстайды.
3 Пестицидтерді қолданудың санитарлық-гигиеналық негіздері. Пестицидтерді қолдану регламенті деген ол-ң препараттық куйіндегі белсенді затының концетрациясын,жұмсалу мөлшерін,бүрку санын,өосалқы заттардың қолданылуын, керекті мөлшерін анықтайтын өңделетін ауданын бүрку & өнім жинауға дейінгі аралық мерзімдерін айтады.халық денсаулығын қорғау & пестицидтердің табиғатта айналымын болдырмау үшін оның топырақта,ауада,судағы мөлшері шекті рұқсат етілген концентрациямен белгіленген. Ал тамақ өнімденіндегі қалдығын ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бекітеді.Пестицидтердің жоғарғы шектік мөлшері адамның 1 кг тамақ рационындағы қауіпсіздігі мг мөлшерінде белгіленеді. Пестицидтермен жұмыс істегенде міндетті түрде респиратор & адам терісін қорғайтын киім кию керек.жұмыс біткеннен кейн ағзадан токсиндерді шығаратын сүт, балық, Е витаминіне бай тағамдарды қабылдаған жөн.
.
