- •1 Өсімдік шаруашылығы өнімдерін сақтау кезіндегі зиянкестермен күресудің профилактикалық & жойу шараларының жүйесі.
- •2 Бидай аурулары. Бидайды аурулар кешенінен қорғау шаралары.
- •3 Өсімдік қорғауда пайдалы бунақденелілерді қолданудың қағидалары.
- •1Қамба зиянкестерінің түр құрамы & ол-ң қамбаға ену жолдары.
- •2 Арпа аурулары. Арпаны аурулар кешендерінен қорғау шаралары.
- •3.Зиянды бунақденелілерге қарсы қолданылатын бактериялық препараттар.
- •1 Рапс дақылының зиянкестері & олармен күресу шараларының кешені.
- •Рапс гүлжемірі – Meligethes aeneus f.(Coleoptera отр. Nitidulidae – жылтырақтар тұқ.).
- •2 Жүзім аурулары. Жүзімді аурулар кешенінен қорғау шаралары.
- •1. Бүлдірген зиянкестері & олармен күресу шараларының кешені.
- •2 Қара бидай аурулары. Қара бидайды аурулардан қорғау шаралары.
- •Бидайдың қатты немесе сасық қаракүйесі
- •Таңқурай зиянкестері & олармен күресу шараларының кешені.
- •2 Тары аурулары. Тарыны аурулардан қорғау шаралары.
- •3.Вирусты препараттар, ол-ң сипаттамасы & қолдану ерекшеліктері.
- •1 Қарақат, тұшала зиянкестері & олармен күресу шараларының кешені.
- •2 Қарақұмық аурулары. Қарақұмықты аурулардан қорғау шаралары
- •Система защитных мероприятий против болезней гречихи.
- •Көкөніс дақылдарына зиян келтіретін нематодтар мен кенелер. Олармен күресу шаралары.
- •1 Алхоры зиянкестері & олармен күресу шараларының кешені.
- •2 Жүгері аурулары. Жүгеріні аурулардан қорғау шаралары.
- •№ 9 Емтихан билеті
- •1 Алманың зиянкестері & олармен күресу шараларының кешені.
- •2 Күріш аурулары Күрішті аурулардан қорғау шаралары.
- •Күріштің пирикуляриозы
- •1 Бақша дақылдарының зиянкестері & олармен күресу шараларының кешені.
- •3 Трихограмма мысалында энтомофагтарды жаппай көбейту әдістері.
- •1 Жабық грунттағы көкөніс дақылдарының зиянкестері & олармен күресу шараларының кешені.
- •2.Ас бұршақ аурулары. Ас бұршақ ауруларына қарсы жүйелі қорғау шаралары.
- •2 Қызылша аурулары. Қызылшаны аурулардан жүйелі қорғау шаралары.
- •3 Ішкі карантин.
- •3 Қр аумағында шектеулі таралған карантиндік зиянкестер.
- •2 Мақта аурулары. Мақтаны аурулардан жүйелі қорғау шаралары.
- •Карантинге жатқызылған өнімді, жүктер мен көлік құралдарын тексеру
- •1 Қызылша зиянкестері & олармен күресу шараларының кешені.
- •2.Рапс аурулары. Рапсты аурулардан қорғау шаралары.
- •3. Қр аумағында шектеулі таралған карантиндік арамшөптер.
- •1.Күнбағыс зиянкестері & олармен күресу шараларының кешені.
- •Күресу шаралары:
- •Таңқурай аурулары. Аурулардан жүйелі қорғау шаралары.
- •1 Жүзімнің зиянкестері & олармен күресу шараларының кешені.
- •Күресу шаралары
- •2. Күнбағыс аурулары. Күнбағысты аурулардан қорғау шаралары.
- •№19 Емтихан билеті
- •1 Көпжылдық бұршақ тұқымдас шөптердің зиянкестері & олармен күресу шараларының кешені.
- •2Картоп аурулары. Вегетация кезінде & сақтау мерзімінде картопты аурулардан қорғау шаралары.
- •3. Қамбалар мен көкөніс қамбаларында зиян келтіретін кеміргіштер. Олармен күресу шаралары.
- •Қамба мен қоражайларда тіршілік ететін кеміргіштермен күресу шаралары
- •№20 Емтихан билеті
- •1 Дәндібұршақ дақылдарының зиянкестері & олармен күресу шараларының кешені.
- •2 Қырыққабат аурулары. Қырыққабатты аурулардан қорғау шаралары.
- •3 Өсімдік иммунитетінің санаттары.
- •№21 Емтихан билеті
- •№22 Емтихан билеті
- •2 Алма мен алмұрт аурулары. Алма мен алмұртты аурулардан қорғау шаралары.
- •2 Сүйекті жеміс дақылдарының аурулары. Аурулардан жүйелі қорғау шаралары.
- •№24 Емтихан билеті
- •2.Бақша дақылдарының аурулары. Бақша дақылдарын аурулардан жүйелі қорғау шаралары.
- •Қара мойнаққа шалдыққан түйнектің өзегі шіриді. Түйнектің шіруі столонға бекіген жерінен басталады.
- •2 Тұшала аурулары. Аурулардан жүйелі қорғау шаралары.
- •№26 Емтихан билеті
- •Дәннің кәдімгі көбелегі – Обыкновенная зерновая совка
- •№27 Емтихан билеті
- •2.Қияр аурулары. Ашық & жабық жайлардағы қиярды аурулардан жүйелі қорғау шаралары.
- •№28 Емтихан билеті
- •1 Жүгері зиянкестері & олармен күресу шараларының кешені.
- •2 Сәбіз аурулары. Вегетация кезінде & сақтау мерзіміңде сәбізді аурулардан жүйелі қорғау шаралары.
- •№29 Емтихан билеті
- •№30 Емтихан билеті
- •2.Қызанақ аурулары. Ашық & жабық жайлардағы қызанақты аурулардан жүйелі қорғау шаралары.
- •Топырақ арқылы инфекциялау
№19 Емтихан билеті
1 Көпжылдық бұршақ тұқымдас шөптердің зиянкестері & олармен күресу шараларының кешені.
Жоңышқа жапырағының бізтұмсығы немесе фитономус – Phytonomus variabilis (Curculionidae – бізтұмсықтар тұқымдасы, Coleoptera – қоңыздар отряды.) Дене тұрқы 4,5-5,5 мм дейін жетеді. Мұртшасы буын-буынға бөлінген, денесінің түсі сұр қоңыр болып келген. Қоңыздардың алдыңғы арқасында 3 ақшыл ұзына бойлы жолақтар орналасқан. Дернәсілдерінің денесінің ұзындығы 10 мм шамасындай, түсі жасыл, басы – қара, арқасында ақшыл жолағы бар. Қоңыздар өсімдік қалдықтарының астында & топырақтың беткі қабатында қыстайды. Олар жоңышқаның жапырағымен қоректенеді, сабағын кеміріп шұқырайтып тастайды. Жұмыртқаларын жоңышқа сабағының жоғарғы бөлігіне салады.
Қоңыздардың жаңа ұрпағы температура жоғарылаған кезде жаздық үзіліске кетеді. Жылына 1 ұрпақ береді. Негізінен дернәсілдер көп зиян келтіреді. Гүлдердің, & жапырақтардың бүршігін кеміреді, өсімдіктің жоғарғы бөлігінің солуын тудырады & өсу нүктесіне зиян тигізеді. Есейген жастағы дернәсілдер сабақпен, жапырақпен, гүлмен, гүлдің түйнегімен қоректенеді.
Күресу шаралары. Фитономустардың санын азайту үшін ерте көктемде егістікті бірнеше із салып, тырмалау жұмыстарын жүргізу керек. Жоңышқаны ауыспалы егіске пайдаланған кезде көпжылдық дақылдарға шек қою керек. Көпжылдық егістен жоңышқаның тұқымдық учаскілері кем дегенде 500 м алыс болу керек. Жоңышқаның тұқымы мен шөбін кезектестіріп пайдалану қажет. Энтомологиялық аулағышпен 10 сермеу жасағанда жоңышқаның көктеу кезеңінде – 3-8 қоңыз, сабақтану мен шанақтану кезеңінде – 10 дернәсіл түссе, онда инсектицидпен өңдейді. ДЕЦИС, 2,5% к.э. (дельтаметрин, 25 г/л) Байер КропСайенс П-2 12.2013 г.; ДУРСБАН, к.э. (хлорпирифос, 480 г/л) Дау АгроСаенсес, США П-1 12.2022 г.; ШЕРПА, 25% к.э (циперметрин, 250 г/л) Байер КропСайенс АГ П-1 12.2022 г.
Жоңышқа қандаласы – Adelphocoris lineolatus (Hemiptera – жартылай қатты қанаттылар немесе қандалалар отряды, Miridae – мирида тұқымдасы). Қандала денесінің ұзындығы 7-9 мм, ал түсы сары-жасыл, алдыңғы арқасында 2 нүкте орналасқан, қанаттың үстінде қоңырлау қара дағы бар. Жұмыртқалары көпжылдық бұршақ дақылдарының сабақтарында қыстайды. 1 жылда 2-4 ұрпақ беріп дамиды. Жоңышқа қандаласының дернәсілі мен ересек жәндігі жоңышқаны, эспарцетті, түйежоңышқаны, бұршақты & т.б. дақылдарды зақымдайды. Сабақтың жоғарғы бөлігіне, генеративтік мүшелеріне & жапырақтың шырынын сорып, өсімдікке көп зиянын тигізеді. Өсімдік мүшесінде өсудің нашарлауы, гүлдің & гүлшанақтың түсу құбылыстары байқалады.
Күресу шаралары. Көпжылдық бұршақ дақылдарын жинау кезінде кесіндіні төмен 5 см дейінгі биіктікте шауып алып, егістен қандала жұмыртқасын сабақпен бірге шеттету керек. Егер 1м2 5-15 қандала есептелсе немесе аулағышпен 10 сермеу жасаған кезде 10-нан артық қандала түссе, онда егістікті инсектицидпен өңдеу жұмыстарын жасайды. БИТОКСИБАЦИЛЛИН, сух.п., (титр не менее 45 млрд. жизнеспособных спор/г, биологическая активность 1500 ЕА/г, содержание экзотоксина 0, 6-0, 8% (спорово-кристаллический комплекс и син-экзотоксин Вacillus thurinqiensis, var. тhurinqiensis)
ТОО Биокорм, Казахстан П-4 12.2022 г.
ДАНАДИМ ЭКСПЕРТ, к.э. (диметоат, 400 г/л) Кеминова А/С, Дания П-1 12.2015 г.
Беде бізтұмсығы: сабақты Apion seniculus, жасылдау A.virens (Curculionidae – бізтұмсықтар тұқымдасы, Coleoptera – қоңыздар отряды). Сабақты қоңыздар жасылдау, аяқтары қара болып келеді. Сабақты бізтұмсықтың дене тұрқы 2-3,5 мм. Қоңыздардың денесі сұр тікенектермен жабылған. Қоңыздар қыстайды. Көктем кезінде олар беде жапырағын шұқырайтып кеміреді. Жұмыртқаларын бір-бірден өсімдік сабағының арнайы кемірілген тереңіне орналастырады. Дернәсілдер сабақтың ішіне бойлай жүретін жол жасайды. Қуыршақтану сол жерде өтеді. Қоңыздардың жаңа ұрпағы кішкене саңылау кеміріп, сыртқа шығады.
Күресу шаралары. Жемшөп бедесін шанақтану алғашқы гүлдеу кезеңінде шапса, оны жинау & шөпті тез кептірген кезде жұмыртқалар мен жас дернәсілдері өліп қалады. Тұқымдыққа беденің екінші шабылғаншөбін қалдырған дұрыс. Егісті жаппай өскен & шанақтану кезеңінде инсектицидпен өңдеуге болады. ДЕЦИС, 2,5% к.э. (дельтаметрин, 25 г/л) Байер КропСайенс П-2 12.2013 г.
Сары тихиус тұқым жемірі – Tichius flavus (Curcilionidae - бізтұмсықтар тұқымдасы, Coleoptera – қоңыздар отряды). Қоңыздар ақшыл-сары немесе қызғылт-сары, денесінің ұзындығы 2-2,8 мм. Дернәсілі иілген ақ, басы сары, денесінің ұзындығы 2,5-4 мм. Қоңыздар жоңышқа алқабының топырағының беткі қабатында қыстайды. Жұмыртқаларын тесік жасап, жемісбұршақтың ішіне салады. Қуыршақтану топырақта өтеді. Қоңыздың жаңа ұрпағы сол жерде қыстауға қалады. Жылына 1 ұрпақ береді. Неігізгі қауіпті қоңыздар мен дернәсілдер тигізеді. Қоңыздар өсімдік жапырағының төменгі жағынан жағалай паренхимасын кеміріп, зиян келтіреді. Кейінгілері генеративтік мүшелерді – гүлді & гүл шанаұты зақымдайды. Дернәсілдері жоңышқаның бұршағында дамып, тұқымды құртады.
Күресу шаралары. Тұқымдықты сақтау үшін оны көп жыл өсірілген жоңышқадан кеңістікті оқшалау керек. Егер 1м2 5-8 & одан да көп қоңыз есептелсе, онда жоңышқа егісіне сабақтану мен шанақтану кезеңінде инсектицид қолдануға болады.
Жоңышқа жуанаяқтысы – (Bruchopagus roddi. (Hymenoptera – жарғақ қанаттылар отряды, Eurotomidae – жуанаяқтылар тұқымдасы). Кішкене мөлшерлі бунақденелілер, ересектің дене ұзындығы – 2,1 мм, дернәсілдерінікі – 1,5-2 мм. Үлкен дараларына қара түс сипатталған, кеуденің үстіңгі бөлігі дөңестеу, құрсағы сабақ тәрізді, мұртшалары мен аяқтары сары-қоңыр болып келген. Дернәсілі ақ, иілген. Дернәсілдері қоймадағы немесе егін жинау кезінде шашылған тұқымдардың ішінде қыстайды. Қуыршақтану осы жерде өтеді. Имаго тұқым қабығының саңылауы арқылы ұшады. Потенциалыд көп циклді түр. Жұмыртқаны тұқымның ішіне салады. Дернәсілдер тұқымның ішіндегісін жеп зиян келтіреді.
Күресу шаралары. Зиянкестің санын азайту үшін егінді дер кезінде шығынға ұшыратпай жинап алу керек. Тұқым қалдықтарын астық тазалау машиналарынан кейінгі міндетті түрде жойып жіберу қажет. жоңышқа егістігіне көктемде & күзде тырмалау жұмыстарын жүргізіп отыру қажет. егер шанақтану кезеңінде аулағышпен 10 сермеу жасағанда, ересектердің саны 10-20 дана болса, онда егістікті инссектицидпен өңдейді.
