Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
100 экзамен.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
457 Кб
Скачать
☆

1.Күнбағыс зиянкестері & олармен күресу шараларының кешені.

Топырақтағы тұқым & күнбағыстың өскіні сымқұрттың ,қара қоңыздың ,шалғын көбелектің зақымдауынан көп зиян шегеді.Тіршілік кезеңінде итальяндық прус ,кеміргіш түн көбелектері,қандалалар , бітелер & басқа да түрлер зиян келтіреді.Арнайы зиянкестердің ішінде күнбағыс қан көбелегі & күнбағыс мұртты қоңызы қауіпті болып есептелінеді.

Күнбағыс қан көбелегі- Homoeosoma nebulella Hb (Lepidoptera отряды Pyralidae тұқымдасы) Күнбағысты ,мақсарыны ,ақкекірені зақымдайды.Көбелек қанатының құлашы 20-27 мм .Алдыңға қанаты жіңішке ,сұр орта жерінде төрт қара дағы бар.Артқы қанаты ақшыл түсті & алдыңғы қанатқа қарағанда жалпақ ,қара қоңыр талшықтары & шашақтары бар.

Бес жастағы құрттар өрмекші пілләнің ішінде топырақтың беткі қабатында немесе өсімдік қалдықтарының асттында қыстайды.Мамыр айының аяғында құрттар қуыршақтанады.Көбелектердің ұшуы маусым айының басында байқалады.Аналықтары жұмыртқаларын күрделігүлділер тұқымдасының гүл тозаңдығына салады.Жаңа туылған құрттар гүлдің генеративті бөлігімен қоректенеді.Олар қоректенуін аяқтағаннан кейін жерге түсіп,топырақта қуыршақтанады.Көбелектің екінші ұрпағы күнбағыстың тілшелі & түтікті гүлдеріне салады.Барлығы шамамен -250 .Бірінші & екінші жастағы құрттар гүлдің әр түрлі бөліктерімен ,ал үшінші жастан бастап құрттар тұқымның ішіне еніп қоректенеді.Зақымданған күнбағыстың гүл шоғыры дернәсілдердің қалдықтарымен залалданады.

Күнбағыс мұртты қоңызы –Agapanthia dahlia Richt (Coleoptera отряды Cerambycidae тұқымдасы ) Күрделі гүлділер тұқымдасына жататын өс-рді ,& күнбағысты & мақсарыны зақымдайды.

Қара жылтыраған денесінің ұзындығы 5-20 мм. Денесі қалың түктермен қапталған ,қанатының үстіңгі жағынан түктері сары немесе сұр түсті .Мұрттары денесінен ұзын болып келген .Дернәсілі ақшыл сары түсті ,басы қоңыр түсті .Мұрттары денесінен ұзын болып келген.Дернәсілі ақшыл сары түсті ,ұзындығы 22-25 мм.

Есейген дернәсілдері әдеттегідей сабақтың жер асты бөлігінде қыстайды.Мамыр айының басында дернәсілдері қуыршақтанады да мамыр айының аяғында немесе маусым айының басында қоңыздар шыға бастайды.Қоңыздар күрделі гүлділер тұқымдасына жататын ө-ң сабағын & жапырағын зақымдайды.Аналықтары жұмыртқаларын күнбағыстың ,ошағанның ,қалуеннің ,түйе жапырақтың ,мақсарының сабақтарының ішіне бір бірден салады.Жұмыртқаларының түсі сүттей ақ,цилиндр пішіндес .Аналық қоңыздардың өсімталдығы шамамен 40-50 жұмыртқа .Дернәсілдері сабақтың ішінде тамырға қарай бағыт алып қоректенеді.Зиянкес тұқымның ядросындағы май мөлшерінің төмендеуіне & сабақтың сынуына алып келуі мүмкін.Жылына бір ұрпақ беріп дамиды.

Күресу шаралары:

Ауыспалы егістіктен орын алу күнбағыс үшін маңызды.Көп жылдық шөптерден кейін немесе қайталап орналастырса ,топырақта мекендейтін зиянкестердің өсуіне & егіннің сиреуіне әкеліп соқтырады.Күнбағыстың сауытты сорттарын егу, өйткені қабығының ішінде қорғаныш қабаты болғандықтан ,күнбағыс қан көбелегінің құрттары оны кеміре алмайды.Сымқұрттар мен жалған сымқұрттарды тереңдігі 25-30 см ,көлемі 0,25 м 2 8-16 жерден топырақты қазу арқылы байқау жүргізіп ,есепке алады.ЭЗШ саны -5-10 дернәсіл /м 2 .Көктемгі жазғы мезгілде ауа райының жылы & ылғалды мезгілінде шалғынды көбелек өте қауіпті.(ЭЗШ саны 5-10 дернәсіл/м2) Құрттарды шахматтық тәртіп бойынша 10 жерден 10 өсімдіктен алып есеп жүргізеді.Егісті « ..Тізім..» регламенті бойынша инсектицидтермен өңдейді.Күнбағыс мұртты қоңызына қарсы күнбағыс сабағын төмен кесінді жасап жинау қажет.Егіс алқабындағы өсімдік қалдықтарын құрту & оларды өсімдік сабағынан қоңыздар ұшқанға дейін пайдалану керек.Терең сүдігер & қатар аралық өңдеу зиянкестер санының азаюына көмектеседі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]