Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
100 экзамен.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
457 Кб
Скачать
☆

2. Күнбағыс аурулары. Күнбағысты аурулардан қорғау шаралары.

Жалған ақ ұнтақ-республиканың күнбағыс егілетін барлық аудандарында кезесетін ауру.Кеселдің алғашқы белгісі өсімдіктің екінші қос немесе кейінгі жапырақтары шыққанда біліне бастайды.Дамуына байл ауру бес түрге бөлінеді:

Бірінші түрі – өсімдіктің біреуі күрт саябырлап, сабаққтары жіңішкеріп ,биіктігі 15-30 см болып ,тамыр жүйесі нашар дамып майда хлорозды жапырақтар орта (негізгі) жүйкесі бойымен ширатылады.Жапырақтың астыңғы жағында ақшыл,кейін сұрланатын өңез п.б.Ауру шалдыққан өс-р гүлдемей қурайды.

Екінші түрі – өсімдіктің өсуі саябырлап ,сабағының биіктігі сабағының биіктігі 50-100 см болып,жуандап,буынаралығы нашар дамиды.Ауру өсімдіктің тұқымдары майда ,әлжуаз болады.Жапырақтары қыртыстанып үстіңгі бетінде бұрышты дақтар ,ал астында ақ өңез түзіледі.

Үшінші түрі – жақсы өсіп дамыған өсімдікте білінеді.Жапырақтың үстіңгі бетінде ірі бұрышты ,майлы ,ақшыл жасыл ақтар түзіліп ,ал астыңғы жағында өңез пайдаа болады.

Төртінші түрі – ауру белгісі сырттай байқалмады . Қоздырғыш өсімдіктің жер асты бөлігін залалдап ,жер бетіндегі бөліктеріне таралмауы да мүмкін.Егер жіпшумақ сабақтың төменгі жер үсті бөлігіне (25-30см ) енсе ,онда сабақ ашық – жасыл ,ал өзегінің сыртына қарай орналасқан клеткалары ашық – қоңыр түсті болады.

Бесінші түрі – өсуі тежелген ,бірақ себеті дамыған ө-де кездеседі.Саңырауқұлақ себетке еніп,тұқым ұрығын залалдап дән қабығы бос қалады.Кеселдің бірінші,екінші түрлерінің белгілері өскін кезінде алғаш залалданған ө-де білініп,жіпшумақтары диффузды таралады.Үшінші,бесінші түрлері өсімдік қайта залданғанда білініп ,жіпшумақ жергілікті болады,ал төртінші түрі тұқым инфекциясы мен өсімдік егістікте қайта залалдануында дамиды.Кеселдің жоғарыда аталған түрлері өсімдік сортына ерекшелігіне & ауруға төзімділігіне байл болады.

А.қ – Plasmopara helianthi Nov.саңыруқұлағы.Тарамдалған жуан жіпшумақ клетка аралығымен таралып,гаусториялар ақылы қоректенеді.Устьицадан тармақталған зооспорангий тасушылар шығып ол-ң ұшында көлемі 17-40 мкм 15-22 мкм пішіні жұмыртқа тәрізді зооспорангийлер түзіледі.Зооспорангийлер бір екі сағат ішінде өнеді,бірақ 2 С төмен 26 С жоғары температурада олар тіршілік қабілетін жояды.Аурудың дамуына су тамшысы & 15-18 С температура қолайлы жағдай туғызады.

Тамыр ,жапырақ ,сабақ ұлпаларында вегетация кезінде ооспорилар түзіледі.Ол-ң пішіні шар тәрізді ,қалың тығыз ,түсі сарғыш қабығы болады.Ооспоралар өсімдік қалдықтарында ,топырақта жеті жылға дейін сақталады.Саңырауқұлақ тұқымға еніп жіпше түрінде де сақталады.

Ауру аса зиянды .Залалданған ө-ден су қарқынды буланып,көмірсудың алмасуы бұзылы ,егістік сиреп ,тұқым өнімі(5-6 ц ) кемиді.

Ақ шірікКүнбағыс егілетін аудандарда жиі кездеседі.Ауруға жас & ересек өс-р шалдығады.Жас ө-ң тұқым жарнағында , жапырақ & сабақ негізінде мол, түсі ақ киізді өңез түзеді.Сабақтың жоғарғы бөлігі иіліп , жапырақтары болады.Тамырлары жұмсарып,суланады.Сабақтың залалданған бөлігі жұмсарып ,түсі қоңырланып ,ыдырап,сынап ,өсімдік түгел қурайды.Өңез бетінде & сабақ ішінде пішіні мен көлемі әртүрлі,түсі күңгірт немесе қара,тығыз склероцийлар түзіледі.Ауру өсімдікте себет түзілмейді.Құрғақ ауа райында сабқтағы өңез жойылып ,оның орнында ақшыл центрлі дақ қалады.

Ақ шірік ауруы күнбағыстың себетін залалдайды.Себетінің астыңғы жағында ақшыл-қоңыр дақтар пайда болып, ұлпасы ылғалданып оңай тесіледі.Дақтар тез ұлғайып , ол-ң үстінде & себет бетінде ақ түсті киізді өңез түзіліп ,ол тұқымға да енеді.Тұқымдардың ішінде & аралықтарында кейін тұтасқан , торлы дара склероцийлар түзіледі.

А.қ – Sclerotinia sclerotiorum dBy .саңырауқұлағы.Бұл саңырауқұлақ әртүрлі тұқымдастағы өс-рді-темекі,жүгері,қылыша,сәбіз & т.б залалдайды.

Саңырауқұлақ склероций түрінде қыстайды.Көктемде қысқы суықта тоңазыған склероцийдан табақша тәрізді ,ұзын сабақты склетоцийлер өнеді.Оның ішкі жағында қалың қабықты қалта мен қалтаспоралар орналасады.Бір склероцийдан көлеміне байл бірнеше жеміс денелер түзіледі.Аскоспоралар өсімдік бетіне түсіп , жіпшеге өнеді де,өсімдікке енеді.Инубациялық кезең 7-9 күн.

Сұр шірікКүнбағыстың пісіп жетілу кезеңінде жаңбыр жиі жауатын аудандарда-Шығыс Қазақстанда кездеседі.

Сұр шірік күнбағысты вегетация бойы залалдайды.Жас ө-ң жапырағы мен сабақ негізі ауруға шалдығады.Залалданған бөліктер кейін қоңырланып, сұр өңезбен жабылып, оның үстіне қара склероцийлар түзіледі де, өсімдік қурайды.

Өсіп-өнген ө-ң сабақ негізінде сызықшалар пайда болып,ұлпалары қоңырланып,кейін сұр өңезді қоңыр дақтар түзіледі.Жоғарғы жапырақтары солып,төменгілері қурайды.Сабақтың залалданған ұлпалары ыдырап ,сынады.Залалданған бөліктерде домалақ ,сәл басылған склероцийлар түзіледі.

Сұр шіріктің себеттегі белгісі оның астыңғы бетінде майлы дақ түрінде көрінеді.Гүл тұғырының ұлпасы жұмсарып ,себет бетінде мол,сулы өңез п.б да 7-10 күннен кейін себет шіриді.Тұқым бетінде & оның ішінде склероцийлар түзіледі.

А.қ – Botrytis cinerea Fr саңырауқұлағы.Қоздырғыш 200-ге жуық өсімдік түрлерін залалдайды.Оның жіпшумағы залалданған мүшелерге еніп ,бетінде мол өңез түзіліп , көптеген конидиялы спора тасушылар п.б.Жіпшелері күңгірт сұр түсті ,конидия тасушылары тік , қабығы қалың ,төменгі бөлігі қоңырлау,жоғарылаған сайын түссізденеді,бұтақталған ,соңғы бұтағы майда,тісті ,ол-ң бетінде конидиялар топтанып орналасады.Конидиялары бір клеткалы , жұмыртқа немесе элипс тәрізді ,түсі сәл боялған ,көлемі 9-15 x 6-10 мкм.

ТатКесел Республиканың барлық аймақтарында кездеседі,оның зияндылығы орталық аудандарда аса мол.

Ару қоздырғышы –Puccinia helianthi Schw саңырауқұлағы.Қоздырғыш бір иелі ,толық циклды,барлық кезеңі күнбағыста дамиды.

Көктемде түскен тұқымнан өскен өсімдік жапырағының үстінде дөңестеу ,түсі қызғылт – сары дақтар пайда болып ,кейін шар тәрізді спермагонийлерге айналады.Жапырақтың астыңғы бетінде майда қызыл-сары ,табақша тәрізді эцийлер түзіліп ,тіршілігі өте қысқа эциоспоралар п.б.

Эциоспоралармен залалданған өсімдік жапырағының астыңғы бетінде майда,тат-қоңыр түсті урединийлер түзіліп онда бір клеткалы ,шар тәрізді ,түсі ашық – қоңыр ,қабығы сәл тікенекті ,екі өнетін саңылауы бар урединиоспоралар қалыптасады.Жаз бойы урединиоспоаралар бірнеше ұрпақ түзіп,вег-ң соңында жапырақ үстінде телиоспоралармен телий бөртпелер п.б.Пішіні эллипс тәрізді ,қабығы төбесіне қарай қалыңдау ,сабақта орналасқан екі клеткалы телиоспоралардың көлемі 35-63x 20-28 мкм .Ауру қоры залалданған жапырақта қыстайтын телиоспоралар & түскен ұрықтан өнген өс-р мен арамшөптерде сақталатын саңырауқұлақ жіпшелері.Кеселдің әсерінен өсімдіктің дамуы саябырлап ,тұқым өнімі 14-38 % ,майлылығы 4-12% төмендейді.

СұңғылаРеспубликада кең таралған паразит.Сұңғыла өз бетінше өмір сүрмейтін ,хлорофилсіз гүлді паразит.Күнбағыста сұңғыланың бірнеше түрі – Orobanche Cumana Wallr ., кейде O.ramosa Regyptica Pers кездеседі

O Cumana сұңғыласының сабағында қабыршақ тәрізді жапырақтары бар ,олар кезекпен орналасып ,ұшындағы гүл шоғыры мен масақтарында көптеген (60-100 мың) майда тұқым түзіледі.Тұқымы ақ,қара қоңыр түсті,желмен оңай таралады.тұқым ұрығы жетілмеген ,сабақ пен тамырға бөлінбеген ,тұқым жарнағы да болмайды,ол тек қоректік затқа бай бір топ клеткалардан тұрады.Сұңғыла тұқымы ие өсімдік тамырынан бөлінетін заттардың әсерінен өнеді.Ұрықтан жіңішке өскін дамып,ие өсімдік тамырынан бөлінетін заттардың әсерінен өнеді.Ұрықтан жіңішке өскін дамып ,ие өсімдік тамырына тіркеледі де,осы жерде жуандайды.Түзілген сорғыштар өсімдік ұлпасына еніп ,қабығынан сүрекке өтеді.Сорғыштарда кейін түтіктер дамып ,олар ие өсімдік тамырының бөліктерімен қосылады.Сұңғыла басқа ө-ден-темекі,мақсыр,қызанақ & т.б қоректік заттар алады.

Күнбағысты аурулардан қорғау шаралар жүйесіКүнбағысты аурулардан қорғау шаралар жүйесі тұқым өндіру,агротехникалық & химиялық күресу шараларына негізделген.

Тұқым шаруашылығының міндеті аурудан сау,жоғары сапалы тұқымдық материал өндіру.Сондықтан тұқымдық учаскелерді вегетация кезінде ауру ө-ден үш қайтара тазалау:біріншісі қос жапырақ пайда болған кезде;екіншісі гүлдеу алдында ;үшіншісі өнімді жинауға дейін.Ауруға шалдыққан өсімдікті тамыр мен қоса танаптан шығарып жою.Тұқымды сау өсімдіктен жинап кептіріп ,тазалап,іріктеу.

Агротехникалық шаралар :ауыспалы егістікті қатаң сақтау,күнбағысты бұрынғы танапқа 8-10 жылдан кейін егу;алғы дақылдар:бидай,жүгері,арпа;ауруға төзімді сорттарды енгізу.

Топырақтағы инфекция қорын жою & өсімдіктің ауруға төзімділігін арттыру үшін:

Топырақты егінді себер алдында ,тұқым себілген соң жаңа өскін пайда болған кезде тырмалау.

Себу тереңдігінде топырақ температурасы 8-14 С аралығында тұқымды мерзімінде егу.

Күнбағысты өсіру технологиясын қатаң сақтау.

Ауру қорын жинайтын,& таратушы арамшөптермен & зиянкестермен үнемі күресіп отыру қажет.

Склеротиниоз & ботриотиоздан қорғану үшін егінді шығынсыз жинау қажет.

Өсімдік қалдықтарын жойып,егісті сүдігер жырту,әсіресе фосфорды көбірек пайдалану.

3. Карантинге жататын жадығаттардың сараптамасы.Сыртқы өс-р карантині шаралары төмендегі карантиндік жадығаттарға тиісті:Мәдени & жабайы тұқымдарыТірі өс-р менол-ңмүшелері(көшеттер,қалемшелер,тамырлар,тамырсабақтар ,түйнектер ,кесіліп алынған гүлдер)Өс-р өгімі:дән,күріш,жаңғақ,жер жаңғақ,ұн , жарма, кофе,какао бұршақтары & т.б.Тіріжәндіктер,кенелер,саңырауқұлақтар,бактериялар,вирустарЖәндіктердің ауру қоздырғыштары,тұқым коллекциялары,өсімдік гербарийлер.Топырақ монолиттері,үлгілері,шымтезек,компостарӨңделмеген терілер мен жүндер

Ө-ден жасалған заттар:стул,стол,себеттерМал азықтары:пшен,күнжара,комбикормМалдарды тасымалдауға жұмсалатын заттар

Посылка , бандероль ,жолаушылардың жүктері,кеме ұшақтары,поезд,вагонресторан ,автокөлік,экипаждардың азық түліктері.Сыртқы өс-р карантині шаралары басқа елдерден келетін көліктерге , өсімдік өнімдері сақталатын бөлімдерге & шекараларға жақын орналасқан егістіктерге де тиісті .Әрбір ел өзініің жағдайына байл ө-ң зиянкестері,аурулары,,арамшөптер карантиндік нысандар тізімін бекітеді.

Тізімнің екі түрі бар:

А-1 тізімде елде жоқ карантиндік нысандар көрсетіледі

А-2 тізімде елде аз таралған карантиндік нысандар көрсетіледі

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]