Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
100 экзамен.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
457 Кб
Скачать
☆

Карантинге жатқызылған өнімді, жүктер мен көлік құралдарын тексеру

Карантинге жатқызылған өнімді, жүктер мен көлік құралдарын тексеру & зертханалық сараптау өсімдік карантині саласындағы мемлекетаралық шарттар мен Қазақстан Республикасының заңдары бекіткен тәртіпке сәйкес жүргізіледі.

Қазақстан Республикасы территориясына әкелінген карантинге жатқызылған өнім & сол өнім тиелген көлік өсімдік карантині жөніндегі бақылауға & қажетіне қарай Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасы арқылы өтетін шекаралық өткізу бекеттерінде, сондай-ақ жүк әкелінген орында, тиісті акт толтырылып, карантиндік тексеруге жатады.

Егер жүк тасымалдаушы карантиндік бақылау үшін карантинге жатқызылған өнімді көрсетуден бас тартқан жағдайда, өсімдік карантині жөніндегі мемлекеттік нұсқаушы Қазақстан Республикасының территория­лық, шекаралық & кедендік органдарына хабарлап, ол иесінің есебінен экспортер-елге қайтарылады.

Карантиндік нысандар табылған карантинге жатқызылған өнімдер қайтаруға, зарарсыздандырылуға, карантиндік арам шөптерден тазартуға немесе техникалық өңдеуге жатқызылады. Зарарсыздандыруға, карантинге жатқызылған өнімдерді тазартуға немесе өңдеуге байл шығындарды жүк иелері көтереді.

Өсімдік карантині жөніндегі шекаралық бекеттер мен күзет орындарында карантиндік тексеруден өткен, карантинге жатқызылған әкелінген өнім (жүк), сондай-ақ көлік құралдары сол карантинге жатқызылған өнім жеткізілетін ақырғы бекетте карантиндік тексеруден өткізіледі.Жүк жеткізілетін бекетте карантинге жатқызылған өнімдер мен көлік құралдарын тексеруден өткізуді, талдау мен сараптау үшін үлгі іріктеуді территориялық органның өсімдік карантині жөніндегі мемлекеттік нұсқаушысы іске асырады. Ол одан әрі зиянкестердің, өсімдік аурулары мен арам шөптердің түрлік құрамын анықтау мақсатымен сараптап, соның нәтижесінде ол өнімді пайдалану жағдайларын жаза отырып, тексеру актін жасайды. Қажет болса, карантиндік өнім талдауы мен нысанның түрлік құрамын сараптауға жабдықталған зертханалары мен өсімдік карантині жөніндегі кәсіби мамандары бар мекемелер тартылуы мүмкін.

№ 16

1 Қызылша зиянкестері & олармен күресу шараларының кешені.

Қызылша бүргесі: оңтүстік (), кәдімгі немесе қарақұмық (). Қант & асханалық қызылшаны, рауғашты, қымыздық, шпинатты т.б зақымдайд. Бүргенің денесінің ұзындығы 1,4-2,3 мм түсі қара металды реңі бар. Қанаттың .стіңгі жағы кең аралықтары ойыс. Кәдімгі қызылша бізтұмсығының дене пішіні домалақ, ал оңтүстік бүргенің денесі жұмыртқа тәрізді. Дернәсілдің денесінің түсі ақшыл сары реңді, басы қоңыр ұз. 1,5-2,2 мм. Қоңыздар топырақтың беткі қабатында немесе өс-ң қалдықтарының астында қыстайды. Егістіктен рман алқаптарынан, арамшөпті жерлерге ұшуы мүмкін. Ерте көктемде ауа темп-сы 8-9оС болғанн кезде қыстап шыққан бүргелер сыртқа шығады.басында ол арамшөптермен алалбұталар & қарақұмықтар тұқымдасымен қоректеніп содан кейін қызылша егістігіне ұшып барады. Қоңыздар тұқым жарнақ жіне нағыз жапырақтармен қоректенеді. Күресу шараларын ұйымдастырған кезде міндетті түрде мына мәселені ескерген жөн: көктемнің бұлтты күндері нашар қоректенеді. Ал ауа райы ыстық, құрғақ күндері зияндылығы бірнеше есеге көбейеді. 1-1,5 есе қосымша қоректенгеннен кейін аналық жұмыртқалауды 3-6 см топ тереңдігінде сала бастайды. Эмбрионалдық даму 10-14 күнге созылады . дернәсілдер 30-80 күн шамасындай қарашірікпен, қызылшаның ұсақ қабықшаларымен қоректеніп содан кейін топырақ қабатының 10-15 см терең қабатында қуыршақтайды. Ол-ң жаңа ұрпағы шілде айының соңы мен тамыз айының басында п.б. Жылына 1 ұрпақ береді.

Күресу шаралары: жаксы дайындалған жерге кеш егілген егіс бүргелерден аз шығынға ұшырайды. Вегетация кезеңінде қызылша бүргесі қоректеніп дамитын арамшөптерді міндетті түрде жою қажет. Көктеу кезінде – 3 жұп жапырақ болған жағдайда 8-12 үлгіден 20 см қатар өсімдікті бақылайды. Егер кәдімгі себілген егістікте бір өс-тен бір қоңыз & дәл себілген егісте бір қоңыз табылса, онда инсектицидпен өңдеу керек. Қоныздар егіс шетінен бастап зиян келтіргендіктен өңдеу жұмыстарын да шетінен бастаған жөн.

Қызылша бізтұмсықтары: кәдімгі () жолақты () ақшыл () шығыс () & сұр ().

Соңғы екеуі елімізде көп тараған. Кәдімгі қызылша бізтұмсығы қара түсті, денесі сұр қабыршақпен & түктермен жабылған. Қанаттың үстінде екі қара қисық дақтары & де екі ақ дөңесі бар. Бастүтігі қысқа. Дене тұрқы 10-15 мм. Жолақты қызылша бізтұмсығы түсі қара, денесін сұр қара қабыршақтар & түктер жапка. Қанаттың үстінде көмескі бұлдыр қара дақтары бар. Қоңыздар топырақта қыстайды, күз суық жаңбырлы болса онда дернәсілдер мен қуыршақтар да қыстауға кетуі мүмкін. Алайда Солт Каз ауа райы жағдайына байл дернәсілдер мен қуыршақтар қыс мезгілінде өліп қалады. Көктемде топырақ қабаты 8-10 оС қызыған кезде қоңыздар п.б. Бұл уакытта қоңыздар топырақ бетіне жорғалайды. Темп 20-25оС жеткенде ұша бастайды. Олар арамшөптердің алабұталылар тұқымдасымен қоректенеді де , кейде қант қызылшасының өскініңне ауысады. Қоңыздар жапырақты жеп , сабақтарын кеміреді. Темп +8оС томен болса қоңыздар қоректенбейді. Ал 8-12оС әлсіз мөлшерде зақымдайды. Есейген дараларында қосымша қоректену 35-40 күн созылад. Аналықтары жұмыртқаларын өсімдік тамырының мойынында тереңдігі 3-10 см топ салад. 7-11 күннен соң дернәсілдер туады кейін олар ұсақ қабықшаларды жеп қызылшаның орталық тамырын тереңдетіп жеп, тамырдың кемтарлығын тудырады, ал күшті залалданған кезде өсімдіктің жойылуына әкеледі. Сұр қызылша біз-ң дернәсілі арамшөптерде дамуына байл қызылша өсімдігін зақымдамайды. Дернәсілдер 45-90 күнде төрт жас жасап шығып топырақта қуыршақтанады. 15-20 күннен кейін жаңа қоңыз п.б. Содан соң ол топ қыстауға қалады. Жолақты қызылша біз-ң қоңызы жұмыртқаларын қызылша тамырының мойынына салады, ол тамырмойынын ісінуін тудырады. Мұндай зақымдалу өсімдіктің жойылуына әкеледі. Тамыржемістің ішінде дернәсілдер қуыршақтанады. Жылына 1 ұрпақ береді.

Күресу шаралары ауыспалы егісті қатаң сақтау, жоғары сапалы тұқыммен мерзімде себу, топырақты сапалы өңдеу, минералды & органикалық тыңайтқыштарды енгізу, егінді сепкеннен кейін топырақты тығыздаса, зиянкестердің санының азаюына & өсімдіктің өсу тұрақтылығын реттеуге мүмкіндік туады. Топырақты қатараралығын қопсыру жыртқыш зиянкестердің әрекетін күшейтеді. Арамшөптермен міндетті түрде күресу керек. Сәуір айының аяғынан бастап көлемі 1 м2 үлгі алаңқайда зиянкестерге көзбен шолу есебін жүргізеді. Көктеу кезеңінде кәдімгі қыз.біз-ғы қоңыздың 0,2-0,3 басқа түрлердің 0,3-0,4 данасы 1м2 жерде ал 2-4 дана жұп жапырақ шыққан кезде 0,5-0,6 данадан кездессе онда инсектицидпен өңдейді.

Қызылша сауытты қоңызы ол қант қызылшасы асханалық қызылшаны & көкпекте алабұта тұқымдастарында дамиды. Сауытты қоңыз жапырақтарды кеміреді де оның негізгі жүйкесін қалдырады. Денесінің түсі қоңыр сары немесе жасыл ұсақ қара дақтармен тұрқы 6-7 мм. Қанатының үсті & алдыңғы арқа денеге қарағанда кең болып келген & қоңызды басымен бірге сауыт жапқан. Аяқтары қоңыр жамбасы қаралау. Қанаттың үстінің бүйңрңнде қырларының орта бөлімі жуан болып келген . Дернәсілі сары жасыл жалпақтау, денесінің бүйірінде айтарлықтай ірі тісшелі өсінділері бар, оның артқы екеуі ұзын. Дернәсіл құрсағының ұшы жоғары қарай иілген. Бунақденелілер ерте көктемде шыға бастайды. Сәуір айында аналықтары жұмыртқаларын үймелеп арамшөптердің, алабұталылар тұқымдасының жапырағына салады да жұмыртқаларының бетін өзі бөліп шығаратын жартылай мөлдір шажырқаймен жабады. Бір аналық орташа өсңмталдығы 200 жұмыртқа. Эмбрионалдық даму 10-12 күнге созылады. Дернәсілдер 2-3 аптада дамиды да сосын жапырақтардың арасында сары жалпақ тікенекті қуыршаққа айналады. Қоңыздардың екінші ұрпағы қыстауға қалады.

Күресу шаралары арамшөптерді жою «Тізім ...» бойынша инсектицидтер қолдану. ЭЗШ - 0,7-1 дана/м2, ал 4-5 жұп кәдімгі жапырақ кезеңінде 1 осимдикте 10 – нан артық дернәсіл болады.

Қызылша қандаласы – қант қызылшасы, жоңышқа, майбұршақ, асбұршақ , күнбағыс, көкнәрді & т.б залалдайды. Дене тұрқы 3-5 мм, сары қоңыр түсті. Арқа алдынғы жағында екі қара дағы бар. Дернәсілдері үлкен дараларға ұқсас, жасыл, қылшыұтармен жабылған , сауытында екі қара дақ бар. Мәдени & арамшөптердің сабағында салынған жұмыртқалармен қыстайды. Ұрық дамуы күзде басталады, ал қыс мезгілінде тоқтатылады, келесі жыл көктемінде қайта басталады. Ерте көктемде айдың екінші жартысында мамыр айының басында дернәсілдер туа бастайды. Қандаланың дернәсілі бір айдың төңірегінде дамиды, осы уакыттың ішінде бес жастық кезеңнен өтеді де ересек қандалаға айналады. Ересек қандала 3 км аралықты игере алады. Аймақтың жағдайларына байл зиянкес 3-4 ұрпақ беріп дамиды. Аналықтары маусым айының аягында жұмыртқаны топ қылып мәдени ө-ге & арамшөптерге салады. Эмбрионалдық даму 10-16 күнге созылады. Ол өсімдітің шырынын сорып жапырақтың солуын жіне түрін өзгеруін әкеледі. Өсу нүктесінде қоректенген қандала төмен қантты тамырдың көпбастылығына ал күшті залалданған кезде мүшенің закымдалып жойылуына әкеп соғуы мүмкін. Бұдан басқа ол вирус ауруларын таратушы. Зиянкес 3-4 ұрпақ беріп дамиды. .

Қызылша бітесі қызылша, күнбағыс, асқабақты, бұршақ жіне алқа тұқыс-н залалдайды. & де арамшөптермен қоректенуі мүмкін. Есейген дараның денесін балауыз қабаты жапқан. Дене тұрқы 1,5-3 мм, түсі жасыл. Жамбасы мен сирағы ақ түсті. Барлық қызылща өсетін аймақта тараған. Жұмыртқалары шәңкіштің бұтақшасының жоғарғы басында қыстайды, ерте көктемде температ 8-9 С жеткенде негізгі ө-де дамитын аналық орналастырушы туады. 2-4 ұрпақтан кейін бітелер мекенінде қанатты даралар пайда бола бастайды, кейін олар мәдени ө-ге , & қызылшаға ұшады. Бітемен залалданған жапырақтар пішіні өзгереді. Сондықтан тамыржемісі мен қанттылығы төмендейді. Сондықтаан олар қауіпті вирус ауруларын таратушылар болып табылады. Бітелер тіршілігі аралығында 14 ке жуық ұрпақ береді.

Күрес шаралары ауыспалы егіс, минералды тыңайтқыштар енгізу. Тұқымды отырғызғаннан кейін жаңбырлатып суару зиянкестердің санын төмендетуге мүмкіндік береді. Арамшөптерді жою & гүлдейтін өс-рді себу энтомофагтарды тартуға ікеледі. Үш жұп нағыз жапырақ кезеңінде 10 жерде 10 өсімдікті қарап ө-де жәндікте қоныстануы 20-30 % асып кетсе инсектицидтер қолдану.

Қызылша тамыр бітесі – . қызылшада, алабұта тұқымдастарымен қоректенеді.. Көктем мезгілінде пайда болған дернәсілдер топырақ бетіне шығып, азықтық өс-ріне қоныстануы мүмкін. Олар ұсақ түптерге жабысып, дернәсілдер & дернәсілдердің терісінен түзілген метарлл ашық реңді қабат п.б, сол себептен зиянкестердің саны артқан кезде ө-ң жанындағы топырақ ақшылданып кетеді. Қызылша тамыр бітесімен зақымданған өсімдік тамырлары қурап қалады, жапырақтары сарғайып кетеді, ө-ң өнімі & қанттылығы төмендейді. 8-10 ұрпақ беріп дамиды.

Күресу шаралаы: ауыспалы егіс сақтак, арамшөптерді құрту, минералдық & органикалық тыңайтқыштарды енгізу. Дұрыс жинау шығынсыз, тамыр бітесімен 20-30% өсімдікте қоныстанса инсектицидтер қолдану.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]