Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
100 экзамен.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
457 Кб
Скачать
☆

2 Қырыққабат аурулары. Қырыққабатты аурулардан қорғау шаралары.

Кила – Plasmodiophora brassicae саңырауқұлағы.

Республиканың солтүстік облыстарында & б. аймақтардың, өзен аңғары топырақтарында кездеседі. Бұл ауруға жас & өсіп-өркендеген ересек өс-р шалдығады. Ауру ө-ң тамырларында жеке ісіктер мен бұлтықтар п.б. олар бір-бірімен қосылып, кейде тамыр жүйесін түгел қамтиды. Көшеттерде бұлтықтар мұқият қарап тексергенде көрінеді, ал өсіп-өркендеген ауру ө-ң жапырақтары ашық-жасыл немесе сарғыш түсті болып, кейін салбырап қауданы жетілмейді. Егер ауру қарқынды дамыса, анда өсімдік қауданы мүлдем байланбайды.

Залалданған өсімдікте жанама тамырлардың аз түзілуіне б/ты, оның су мен минералды заттарды сору қабілеті & түтікпен жылжуы төмендейді. Күннің ыстық мезгілінде төменгі жапырақтары солып, өсімдік топырақтан оңай суырылады.

Күресу шаралары. Ауыспалы егісті қолдану, дақыл айналымын сақтау, аурудан сау көшеттерді, төзімді сорттарды өсіру, тыңайтқыш қолдану, арамшөптерді (крестгүлділерді) жою, көшіріп егу алдында ауру көшеттерден тазарту, қышқыл топырақты әктеу, фунгицид.

Қара сирақ – Rhizoctonia solani (дейтеромицеттер),Olpidium brassicae (хитридиомицеттер), Pythium debaryanum (оомицеттер), Alternaria, Fusarium саңырауқұлақтары.

Кең таралған, әсіресе көшеттерде кеңінен кездеседі. Ауру алғаш көшеттерде білініп, оның сабағының түбі & тамыр мойны қарайып, жіңішкеріп, шіріп, өсімдік жапырылып қурайды. Ауруға шалдыққан өсімдіктің тамыры нашар даму себебінен олар топырақтан оңай суырылады.

Қазақстанда көбінесе Rhizoctonia solani залалдайды. Залалданған көшеттерден дамыған ө-де әсіресе кеш пісетін сорттарда күзде ауру қайталанады. Жапырақтар өздігінен ажырап, шіріп, орта жүйке маңайында ұсақ, жалпақ, қара түсті склероцийлар түзіледі. Ауруға шалдыққан қауданның сыртқы жапырақтары қоймада сақталу кезінде сарғайып, құрғап, кейде түгел шіриді. Бұл аурудың п.б. жоғары ылғалдылық, еігсте өсім-ң жиілігі, азот тыңайтқышының артық мөлшері, ауа температурасының күрт жоғарылауы & т.б. қолайлы жағдай туғызады. Шаршыгүлділерден басқа ауруға қияр, қызылша, сәбіз, қызанақ, бұрыш, баклажан, қарақұмық & т.б. шалдығады. Аурудың негізгі қоры – топырақ & өсімдік қалдықтары.

Күресу шаралары. Көшеттерді залалданбаған топырақта өсіру, қажет болғанда топырақты ыстық бумен өңдеу, өсімдіктің тығыздық мөлшерін сақтау, топырақты қопсыту, көшетжайларды жүйелі түрде желдету, суару мөлшерін сақтау, көшеттерде қосымша тамырлар қалыптасуы үшін зақымданған жерден жоғары қалыңдығы 1-2 см құм себеді, тек сау көшеттер отырғызу, өс-рді уақытында егу.

Жалған ақ ұнтақ немесе переноспороз – Peronospora brassicae оомицеттер класы.

Көшеттер, ересек ө-ң жапырағы, & тұқымдықтардың сабағы, бұршақ & тұқымшалары шалдығады. Аурудың белгісі жапырақтың жоғарғы бетінде ашық-сары, жайылған дақ, ал оның төменгі бетінде ақшыл сұр, селдір өңез түзілуімен білінеді. Залалданған жапырақтар сарғайып, жансызданып өсімдік қурайды.

Тұқымдық өсімдіктің жапырағында сабағында гүл сағағында бұршаққабатында түсі қара, көлемі әртүрлі дақтар түзіледі. Бұршаққаптағы басылған дақтардың бетінде селдір, түсі ақ өңез п.б. онда түзілген тұқым жарнағы жапырақтарында білінеді.

Азыққа арналған қырыққабатқа ауру қауіпсіз, ал тұқымдыққа – аса зиянды. Қоздырғыш қаудан өзегіне еніп, көктемге дейін сақталып, одан ауру өсімдік өседі. 10-15°С мен су тамышысында жақсы дамиды.

Күресу шаралары: егуге сау тұқымдарды пайдалану, тұқымды ыстық суға (50°С) 20 минутқа салып, кейін 2-3 минут бойы суық суда жылдам салқындату арқылы өңдеу, фунгицид қолдану.

Фомоз немесе құрғақ шірік – Phoma lingam (дейтеромицеттер класы)

Кең таралған өте зиянды ауру. Өсу кезеңінде өсімдіктің барлық мүшелерінде кездеседі. Залалданған тұқым жарнағында ашық-қоңыр түсті дақтар п.б. сабақтың төменгі бөлігінде, тамырда дақтар сарғыш-сұр түсті, сәл басылған. Дақтар кейін қоңырланып, үстінде қара пикнидалар түзіледі. Ауруға шалдыққан ұлпалар үгіліп, өсімдік қурайды. Өсіп-өркендеген ересек ө-ң барлық органдарында дөңгелек немесе сопақша түсі сұрғылт, қоңыр жиекті дақтар п.б. да, үстінде қара пикнидалар түзіледі. Сабақ залалданған бөліктен сынады. Қоймада сақталу кезеңінде залалданған тұқымдықтарда ауру өршіп, қауданның өзегі шіріп, үгітіледі. Ондай тұқымдықтар кейін егістікте отырғызғанда өспей, жансызданған өімдіктердің өзегі мен тамыры құрғақ шірікке айналып, ұлпалары мен түтіктері қоңырланып іші ақ жіпшеге толады.

Аурудың дамуына қолайлы жағдай – 21-23°С & 60% ауа ылғалдылығы. Вегетация кезеңінде саңырауқұлақ 5-8 ұрпақ береді. Кеселдің салдарынан өсімдіктің 30-40%, кейбір жылдары 80% қурайды.

Күресу шаралары. Залалданған өсімдік қалдықтарын жою, өсімдіктің тығыздық мөлшерін сақтау, қажеттілік бойынша суару, тыңайтқыштар қолдану, тұқымдық егісті 1ші жылғы екпелерінен оқшаулау, төзімді сорттарды енгізу, фунгицид пайдалану.

Фузариоз – Fusarium oxysporium (Deuteromycetes)

Крестгүлділер тұқымдасына жататын өсімдіктің өткізгіш ұлпаларын зақымдайды. Ауру төменгі жапырақтарын торларының арасының сарғаюы түрінде байқалады. кейін ауру ө-ң жоғарғы бөліктеріне таралады да ол өліп қалады. Топырақтың көлденең кесіндісінде өткізгіш ұлпалардың қарайғандығы жақсы көрінеді. Аурудың қоздырғыштары топырақта хламидоспоралар түрінде сақталады.

Күресу шаралары. Ауыспалы егісті пайдалану, төзімді сорттар мен будандарды өсіру, фунгицид.

Альтернариоз – Alternaria brassicae

Ауру кең таралып, ылғалы мол аудандарда жиі кездеседі. Өсім-тің барлық өсу, әсіресе тұқымдық пісіп жетілу кезеңінде қатты залалданады.

Өскіннің тұқым жарнағы мен сабағында & жас жапырақтарында қара некрозды сызықтар мен нүктелер п.б. залалданған өскін қурауы мүмкін.

Тұқымдық қырыққабаттың бұршаққабы мен сабағы қатты залалданады. Бұршаққап бетінде қара түсті, жылтыр, шашыраңқы орн дақтар түзіледі. Бұршаққаптың ұшы залалданған жағдайда, саңырауқұлақ диффузды таралып, ауруға шалдыққан бөліктің түсі қоңырланып, жарылады. Ылғалы мол кезде дақ қара түсті, мақпалды өңезбен жабылады. Залалданған бұршаққапта түзілген тұқымдар қыртыстанып, жетілмейді. Қыстап шыққан ауру қаудан өзегінде саңырауқұлақтың қалталы кезеңі дамиды.

Күресу шаралары: сау тұқым-рды пайдалану, ауыспалы егісті қолдану, тұқымды жинап алғаннан кейін кептіру.

Түтікті бактериоз –Xanthomonas campestis бактериясы.

Бұл ауру шаршыгүлділер егілетін аймақтарда ө-ң барлық даму кезеңдерінде кездеседі. Залалданған өскіндердің тұқым жарнағы ашық түске боялады. Егістікке отырғызылған көшеттерде ауру белгісі 2-3 аптадан соң білінеді. Жапырақ шетінен бастап ортасына қарай сарғайып, жүйкелер қоңырланады. Инфекция қоры – залалданған тұқым, өсімдік қалдықтары, тұқым & жабайы шаршыгүлділер.

Күресу шаралары: ауыспалы егісті пайдалану, зиянкестермен күресу, көшеттіктердегі топырақты міндетті түрде ауыстыру & дезинфекциялау, көшетжай жадығаттарын залалсыздандыру, сапалы тұқымды пайдалану, крестгүлділер тұқымдастарына жататын арамшөптерді жою.

Шырышты бактериоз – Erwinia corotvora & Pseudomonas.

Кесел кең тарлған, оның белгісі егістікте & қоймада білінеді. Кесел сулы шірік түрінде білініп, шырыштанып, жағымсыз иісті болады. Қауданның сыртқы жапырақтары шіріп, шырыштанып, қоңырланады, ал құрғақ ауа райында залалданған бөліктер кеуіп, жұқарады. Қауданның ішкі бөлігі көбінесе шіріп, өзегінде қуыс п.б.

Шырышты бактериоздың әсерінен түсті қырыққабат бас байламай, жапырағы солып түседі.

Күресу шаралары: ауыспалы егісті пайдалану, жинаудан қалған өсімдік қалдықтары мен қаудандарды жою, қоймаларды мұқият тазартып дайындау, дезинфекциялау, сақтауға сау қаудандарды іріктеп алу; сақтау ережелерін орындау.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]