Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
100 экзамен.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
457 Кб
Скачать
☆

2.Қызанақ аурулары. Ашық & жабық жайлардағы қызанақты аурулардан жүйелі қорғау шаралары.

Фитофтороз. Қызанақтың бұл аурумен ауырғанын қызанақ жемісінде қоңыр дақтар пайда болғанынан білеміз. Қоңыр дақтар ұлпа арқылы таралып қызанақ жемісінің ішіне қарай тереңдейді. Кейін жарақаттанған ұлпа шіриді. Қызанақ жапырақтарында қоңыр дақтар пайда болып, жапырақтары солады. Күресу үшін өнімнің жарақаттанғандарын жинап алып құрту керек. 1% Бордо сұйықтығымен жарақаттанған өс-р қалдықтарына шашу, бүрку керек. Қызанақтың ауырған мүшелерін жемістерін топырақтан аулақ ұстау керек. [2]

Жапырақтардың жиырылуы. Бұл вирус ауруы. Жапырақ жиырылуына шалдыққан қызанақтың жапырақтары жиырылып екі шеті жоғары қарайды, ұлпалары қатайып сынғыш келеді: Алматы, Семей, Қарағанды аумақтарында бұл ауру көп кездеседі.

Макраспороз немесе құрғақ дақтар. Қызанақ жемісінде құрғақ дақтар пайда болып ұлпалары сығылған қара түске боялады, ал жапырақтарында да, осындай дақтар п.б. Жарақаттанған қызанақ жемістері өңі төмендейді. Жапырақтары күзде сау ө-ге қарағанда тез өледі. Ауру Қаскелең, Еңбекшіқазақ & Алматы облыстарының кейбір аудандарында, Семей облыстарында & Балқашта көп байқалған.

Күресу жолдары:1 % Бордо сұйықтығын шашу бірінші ретте – алғаш ауру нышаны байқалған кезде, ал екіншісін 10-15 күннен кейін шашу керек. Қызанақ егілген жерлерді ауыстырып отыру керек. Ол-ң аралығы 2 жылдан аз болмауы керек. Бұл аталған аурулар Қазақстанда өсетін қызанақ ауруларының біразы ғана болып есептеледі. Айтылған аурулар Республикамыздың далаларымен көкөніс егетін жерлерінде көп кездесетін түрлері болып табылады. \

Қызанақтың бактериальды ісігі. Томат барлық вегетация кезінде зақымдалады. Көшетте өсімдіктің солуы түрінде байқалады. Ал ересек ө-де жеке жапырақтары мен өркені зақымдалады; көбінесе жапырақтың біржақты солуы байқалады, олар қоңырланады & кеуіп кетеді.Ауру ө-ң сабақтарында қара жолақтар байқалады, олар тамыр жүйесінің зақымдалғанын айқындайды. Сабақтың немесе саптың көлденең кесіндісінде зақымдалған тамырларда қара дақтар немесе қара сақина байқалады. Нәтижесінде зақымдалған өркендерде жара п.б.Әсіресе жергілікті өнімдердің зақымдалуы сипатталады. Ол-ң бетінде,көбіне негізінде, алдымен ақ дақтар п.б, қызыл өнімдерде сары болып көрінеді, ортасы қаралау болады. Бұның сыртқы белгілері құстың көзіне ұқсайды, сол себептен оны көбінесе « құстың көзі» деп атайды. Бактерия сабаққа енген кезде өнімдерінің іші шіри бастайды. Ондай өнімдерде, сырттай зақымдалмаған болып көрінгенмен кескен кезде сары түске боялған болады. А.қ – Соrynebacterim michiganense ( E.F. Sm.) Jens. бактериясы. Вегетация кезінде инфекция жаңбыр тамшыларымен, желмен & қырқу жүргізгенде таралады. Бактериялар ұлпаға тек зақымдалған жерінен ғана енеді. Сондықтан залаладануға, қырқу кезінде немесе тамыр жүйесін сиректеу барысында сабақтардың зақымдалуы, & өсімдіктің әртүрлі жері зиянкестермен зақымдалуы әсер етеді.

Бактериальды ісік жылы ылғалды ауа – райында & жақын оранласқан егісте қатты зақымдайды. Бактериялар тұқымларды & өсімдік қадықтарында қыстап шығады; топырақта олар өліп қалады. Бактериальді ісік – көп тараған ауру, бірақ суармалы аудандарда & томатты қырқыған кезде қауіптіліі жоғары. Бактериальді ісік өнімді & ол-ң сапасын төмендетеді & де өсімдіктің толығымен өлім тудыруы мүмкін.

Күресу шаралары. 1. Тұқымға сау өнімдерді бөліп алу; фентиураммен (4кг тұқымның 1кг-на) немесе ТМТД 80% ( 1 кг тұқымға 8г).

2. Булыжайда ауру анықталғанда топырақ ауыстыру; жеміс алмасуды сақтау;

3. Жылыжайлар мен булыжайларда немесе зақымдалған жерлерде мұқият тазалау & өсімдік қалдқтарын жою;ауыспалы егіс, содан кейін 3жылдан соң томатты қайта отырғызу. Егісте ауру анықталған кезде алғаш залалданған өс-рді жою керек & жүйелі түрде зақымдалған өнімдерді алып отыру керек, егістікті тазалау әр қырқу барысында. Ашық жерде қырқу мен будандастыру желсіз құрғақ ауа райында жүргізу керек, ол аурудың таралауын тоқтатады.

4. Төзімді сұрыптарды отырғызу. Төзімді сорттарды отырғызған кезде қарақатты томат буданын таңдау тиімді. Красный дар сұрыпы бактеральды ісікке төзімді; жергілікті Печерский біршама төзімді.

Қара бактериальды теңбілдену. Өсімдіктің барлық жерүсті бөлігін зақымдайды: жапырақтарын, сабағын, жемісін;ауру жылыжай, булыжай & егісте таралады. Әсіресе өскін мен жас өс-р зақымдалады. Жапырақтарда көптеген, басында нүктелі сулы дақтар п.б, кейін диаметрі 1 – 2 мм-ге үлкейеді. Дақтар дөңгелек немесе бұрыс пішінді, ортасында қара, шеттерінде сары ұлпа болады. Сабақтарында қара сопайған дақтар п.б, кейде жапырақ түтіктерінде қара жолақтар болады.

Жемістерінде алғашқы зақымдалу дөңес қара нүкте түрінде, айналасында сулы ұлпа болады. Кейін дақтар жемістерде ұлкейеді (8 мм – ге дейін), ортасында олар басылған болып келеді. Әдетте дақтар беткей болып келеді. Піскен жемістер зақымдалғанда ұлпа шіри түседі.

А.қ – Xanthomonas vesicatoris Down. Бұл тар шеңберде маманданырылған паразит, томаттан басқа бұл тек бұрышты зақымдайды. Бактериялар жарыққа сезімтал, төмен температураға, құрғақшылыққа төзімсіз.

Вегетация кезіне суару барысында, жаңбырмен таралады; олар жапырақтарға устьица арқылы енеді,ал жемістерге зиянкестер жасаған жаралар арқылы енеді. Аураға қолайлы жағдай ылғалды жылы ауа – райы, сол кезде ауру тез дамиды ( инкубациялық кезең 3 – 6 күн). Инфекция тұқымда & өсімдік қалдықтарында сақталады.

Қара бактеиальды теңбілдену - кең таралған ауру. Бұл ауру өскіндердің өліміне әкеледі & көптеген жемістердің шығынын әкеледі, әсіресе ерте пісетін сұрыптарда. [4] Защита овощных кльтур от вредителей, болезней и сорняков на юго – востоке Казахстана – Алматы, 2011 г. – 47с.

Күресу шаралары. 1. Себу алдында тұқымды фентлураммен улау ( 1 кг тұқымға 4 г) немесе ТМТД 80% (1кг-ға 8г)

2. Сұрыптау отырғызу алдында.

3. Жылыжайда топырақ ауыстыру немесе дезинфекциялау.

4.Көшесіз отырғызу.

5. Жылыжайда ( 2 – 3 рет) & егісте (3 – 4 рет) томатты алдын ала бүрку.

6. Ауыспалы егісті сақтау: томатты 3 жылдан кем отырғызбау; жылыжайда жеміс алмасуды сақтау.

7. Егісті қалдықтардан тазалау. [3]

Қоңыр дақ немесе жапырақ өңезі. Томатты жылыжайда зақымдайды, жапырақта дақтар п.б. Бұл аурумен көбінесе гүлдеу кезінде зақымдалады. Жапырақта жоғары жағында дақтар п.б, басында ашық – жасыл, кейін сары туске айналады; астыңғы жағында дақтар қоңыр мақпалды өңезбен қапталған. Ауру жапырақтар сарғаяды & тозады.

А.қ – Cladosporium fulvim Cke., жетілмеген класынан. Паразит конидия стадиясында дамиды, олар қоңыр өңез түрінде байқалады. Конидиялар көбіне екіжасушалы.

Ауру жоғары ылғалдылықты дамиды ( 93%) ,қызанақтың қалыпты ылғалдылығында (60%) өс-р зақымдалмайды, жоғары температура (22 – 25С) паразиттің дамуын күшейтеді, инфекцияның жинақталуына жағдай жасайды. Конидиялар қурап қалған жапырақтарда тіршілігін сақтай отырып жаңа көшетке а.қ болып табылады.

Күресу шаралары.1. Жылыжайларды дезинфекциялау & зақымдалған өсімдік қалдықтарын залалсыздандыру. Осы себеппен жылыжайда күкіртті газбен түтіндету жүргізеді (1м3 бөлмеге 30 – 50 г күкірт алады). Жылыжай мен булыжайларды зарарсыздандыру формалинмен де жүргізуге болады ( 10 л суға 200см3 40%формалин). Жылыжайды өңегенннен кейін өсімдік қалдықтарын жояды.

2. Жылыжайда ылғалдылық пен температураны реттеу: ауа ылғалдылығы 55 – 65% болу керек, ал температура 200 С, жүйелі вентиляция қажет. Өс-рді суару топырақ асты құбырлармен жүргізен дұрыс.

3. Тұқымдарды улау.

4. Төзімді сорттарды қолдану. [5]

Қара сирақ. Бұл ауру жылыжайларды, булыжайларда & ашық атыздарда дамиды. Өсімдіктің тамыр мойынында қараю мен тартылу байқалады, кейде сұр өңезбен қапталады. Жапырақтарда ұсақ қарайған дақтар көрінеді. Ауру қатты дамыған кезде өс-р жатып қалады, солады, шірік тамыр мойынынан тамырға тарап өсімдік өледі.

Аурудың дамуына ауа мен топырақтың жоғары ылғалдылығы қолайлы болып табылады. Инфекция топырақта сақталады.

Күресу шаралары. Булыжайда залалданған топырақты ауыстыру немесе мыс купоросымен ( 10л суға 5г) дезинфекциялау, бір уақытта булыжайдың бұталы бөліктерін хлорлы әкпен ( 10л суға 200г) зарарсыздандыру. Грунтқа көшетті көшіріп отырғызу барысында төзімсіз & ауру өс-рді мұқият өңдеу. Вегетация кезінде ауру өс-рді жою & булыжайлар мен ашық көшеттерде топырақты калийлі перманганатпен (10 л суға 3 г) суару келесі үстеп қоректендіруге дейін. Булыжайда егістің жақын орналасуын & жоғары ылғалдылықты болдырмау, булыжайда жиі желдету жүргізу.

Макроспориоз немесе құрғақ дақ. А.қ – Macrosporium solani Ell. et. Mart. саңырауқұлағы. Оның жіпшумағы эндофитті, ұлпа бетіне конидия тасушылар мен конидиялар шығады. Конидияларының құрылысы әртүрлі болады. Жас конидиялары бір клеткалы, түссіз жетілгендері – бір – екі перделі, ал толық жетілгендердің пішіні шоқпар тәрізді, бірнеше көлденең & бойлаған пердлері бар. Құрғақ, ыстық ауа райымен немесе мол шық алмасқан жағжайда, ауру қарқынды дамиды. Инфекция қоры өсімдік қалдықтарында жіпше мен конидия түрінде & ауру жемістің қалдықтарында, тұқым түзіледі. Жапырақтағы майда, майлы дақтардың түсі алғаш қошқыл, кейін қарайып сарғыш жиекпен шектеледі. Сабақ пен сағақтағы қара дақтар, аталған мүшелерді бойлап, созылыңқы орналасады. Ылғалы мол жылдары залалданған сабақ шытынып, жарылады. Жемістегі дақтар алғаш ұсақ, жиекті, сүйел тәрізді болып, кейін олар ұлғайып (диаметрі 6 – 8 мм) ойық жаралрға айналады.

Бактериялы рак. Ауру қозырғышы – Corynebacterium michiganense Jensen бактериясы. Өсімдікке қоздырғыш жарақаттар арқылы еніп, түтік жүйесін залалдайды. Бактерияның дамуына қолайлы температура – 25 – 270С, ал ол жоғарылағанда (50-530С) – тіршілігі жойылады. Инфекция қоры тұқым мен өсімдік қалдықтарында сақталады. Вегетация кезінде насекомдар, жаңбыр тамшысы, суарған су, қолданылған құралдармен таралады.

Өсімдік кез келген вегетациялық кезеңде ауруға шалдығады. Кеселдің диффузды & жергілікті түрлері болады. Диффузды түрінде көшеттер солып қурап, ал өсіп – өркендеген өсімдік жапырақтары мен өркендері солады. Өсімдік кейде бір жақты, яғни жапырақтың бір жағының жеке бөліктері солып, кейін түгел қурап, түтіктері қоңырланады.

Сабақ залалданғанда, осы мүшені бойлаған қоңыр жолақтар түзіліп, кейін олар жарылады. Көленең кесіндіде сабақ түтіктерінің қарайғаны байқалады.

Заладанған жемістің пішіні бұзылып, тұқымы қарайып, онгіштігі жойылады. Сау көрінен ауру жемісті кескенде, оның тұқым ұяшығына қарай таралған түсі сары бактерия массасы көрінеді.

Өсіп – өркендеген ересек өсімдік қайта заладанғанда кесел жергілікті болып, барлық мүшелері ауруға шалдығады. Жапырақтарда, сағақтарда, сабақта майда, қоңыр ойық жаралар түзіледі.

Жемістегі дақтар тегіс, ортасы қоңыр ашық түспен мен жиектелген. Көк жемістердегі ортасы қоңыр, шеті ашық түспен жиектелген. Көк жемістердегі ортасы қара, шытынған, майда дақтардың шеті ақ түсті болады. Піскен жемістегі қоңыр дақтар ақ түспен жиектеліп, «көз» пішінін алады, сондықтан ауруды «құс көзі» деп атайды. Мұндай жемістердің тағамдық сапасы жойылмайды, сондай-ақ инфекция тұқымына енбейді

Төбе шірігі. А.қ – Pseudomonas persicum Burg.бактериясы. Залалданған жемістің төбесінде үлкен сқр шеңберлі дақтар айда болады да ұлпалар тез жұмсарып, шіриді.

Бактериялар өсімдік қалдықтарында & алқа тұқымдас арам шөптерде сақталады.

Кесел жас жемістерде, алғашқы бірінші немесе екінші жеміс шоқтарында кездеседі. Жеміс төбесінде алғаш майда сулы дақтар пайда болып, кейін өсе келе қоңырланып, сәл басылады. Залалданған жеміс қатайып қурайды. Ылғал мол жағдайда құрғақ шірік сулыға айналады.

Өсімдікке су мөлшерінің жетіспеуі, әсіресе алғашқы жеміс байлану кезеңіндегі ылғал тапшылығы, сондай – ақ ыстық, құрғақ ауа райы, азот тыңайтқышының топырақтағы артық мөлшері & кальцийдің жетіспеуі сияқты факторлар тбе шірігінің тууына себебін тигізеді. Фосфор, калий тыңатқыштарын топыраққа мезгілінде енгізсе, онда ө-ң ауруғу төзімділігі артады.

Мозаика. А.қ – Nicotiana virus Smith.вирусы. Ол жылы жайларда & егістіктерде алқа, бұршақ тұқымдас & басқа да көптеген өс-рді залалдайды. Вирус өсімдік өсімдікке жұмыс қолдарымен, қолданылған құралдармен, насекомдармен (біте) таралады. Аурудың қоры тұқым мен шірігімеген өсімдік қалдықтарында сақталады.

Залалданған ө-ң жапырақтары мозаикаланып, қоңыр – жасыл, ашық – жасыл & сары бөліктер кезектесіп орналасады. Өсімдіктің жас жапырақтары ауруға көбірек шалдығады. Кесел қарқынды дамығанда жас жапырақтар деформацияланады. Жапырақ алақаны аса тілімденіп (папортник жапырағы сияқты) немесе жіңішке жіпшелерге бөлініп ( жапырақтың жіпшеленуі), пішінін мүлдем өзгертеді. Бұл жағдайлар өсімдікке жарық жетіспей, ауа ылғалдығы аса мол болғанда байқалады.

Стрик. А.қ – Nicotiana virus Smith.вирусы. Бұл темекі мозаикасының вирусы, ол көбінесе картоптың Х & У вирустарымен аралас кездеседі. Аталған вирус қызанақты мен аралас кездеседі. Аталған вирустар қызанақты мен аралас кездеседі. Аталған вирустар қызанақты мен аралас кездеседі. Аталған вирустар қызанақты бұталау кезінде механикалық жолмен таралуы мүмкін.Стрик 15 -200С температурада қарқынды дамып, 220С – бәсеңдеп, ал 240С & одан жоғарыда – ауру тоқталады. Инкубациялық кезең – 10 – 14 күн. Вирус инфекциясы өсімдіктің қураған қалдықтарында, топырақта, тұқым сыртында сақталады.

Өсімдіктің залалданған мүшелерінде түсі қызыл – қоңыр дақтар п.б.

Жапырақтарда ұсақ, бұрышты, ал сабақ пен сағақтарда сызықша немесе жолақты дақтар түзіледі. Залалданған жапырақтар морт сынып қурайды.

Көк жемістердің бетінде қоңыр, жалтыр, сопақша дақтар п.б. Ауру қарқынды дамығанда жемістер пішінін өзгертіп, шытынайды. Піскен жемістердегі дақтар басылған, түсі әртүрлі болып келеді. Залалданған жапырақтар қурап, сабақ оңай сынып, кейде өсімдіктің ұшы жансызданады.

Столбур. А.қ – микоплзмалық организмдер. Ол-ң пішіні сопақша немесе сфера тәрізді, диаметрі 50-90нм.

Микоплазмалық организмдерцикадалар арқылы & телу кезінде таралады. Инкубациялық кезең 30 күнге созылады. Жоғары температурада ауру қарқынды дамиды. Инфекция қоры арам шөптерде сақталып, цикадалармен тарайды.

Столбурға шыққан өсімдіктің төбесі мен өркендері қызылдау немесе күлгін түсті болады. Жаңа шыққан жапырақтар пішінін өзгертіп (жіңішкеріп немесе папортник жапырағына ұқсап), жоғары бағытталып, тікірейеді. Өсімдіктің төменгі жапырақтары сарғайып, жүйелері астыңғы жағынан күлгін түске енеді.

Тостаған жапырақшалары бір – бірімен қосылып, көлемі ұлғайып, пішіні «қоңырлау» тәрізді болады. Гүліндегі аталықтары семіп, аналығы қысқыарып, кейіпсізденеді. Күлте жапырақшалары ұсақталып, түсі көбінесе жасыл болады. Ауруға шалдыққан гүлде жеміс түзілмейді. Түйін түзілу кезінде залалданған өсімдіктің жемісі піскенде түсі қызыл – сары болып, оның төменгі бөлігіторланып, қабығы жұқарады. Залалданған жемісте түтікті талшықтардың ксилем клеткалары қарқынды дамып, тұқым ұялары кішірейіп, тұқымдары жетілмей,әлжуазданады, кейде мүлдем түзілмейді. Жемістері қатайып, дәмсіз болады.

Күресу шаралары: Аурулардың таралуын тоқтату үшін, ол-ң пайда болу себебі мен оларға қолайлы жағдайын анықтау керек, содан кейін барып күресу шараларын жүргізу керек.

Бұл бағыттағы барлық шараларды профилактикалық & қорғаныш – жойғыш деп бөлуімізге болады. Профилактикалық шараларды аурулардың бар жоғына қарамастан жыл сайын жүргізу керек.

Қорғаныш – жойғыш шараларды ауру табылғанда жүргізеді. Қорғаныш – жойғыш шараларға химиялық, механикалық, биологиялық күресу әдістерін жатқызады. Дұрыс қатараралықтарды сақтауға қиын шағын жер телімінде жиі профилактикалық шараларды жүргізу керек.

Өсіру технологиясынан ауытқу спора арқылы таралатын қ оздырғыштар үшін оптимальды жағдай жасалады. Төмен ауа температурасы ( 8 – 90С) & жоғары ауа ылғалдылығы ( 80 – 90% ) фитофтороздың таралуына әкеледі. Маусым мен шілде айларының жоғары температурасы & ылғалдың жетіспеушілігі төбе шірігі сияқты паразитті емес (физиологиялық) аурулардың дамуына әкеледі.

Саңырауқұлақ & вирусты ауруларға бағытталған агротехникалық шаралар жабық жайларда ылғалдылықты сақтау 70% ұстап тұру, себу үшін жыл сайын жаңа топырақ қолданған дұрыс.

Өсімдік қалдықтарын, ауру өс-рді, төменгі тозған жапырақтарды жою, қысқы топырақты қазу, өс-рді көшет кезінде хлорқышқылды мыспен 2 – 3 рет бүрку, жылыжайлара бөлме мен топрықты дезинфекциялау, жеміс алмасуды қадағалау - бұл шаралардың барлығы өнімді сақтап қалуға көмектеседі. &, патогендерге төзімді сұрыптар мен гибридтерді қолдану керек.

3 Өс-рді төзімділікке бағалаудағы инокуляция әдістері.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]