Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
100 экзамен.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
457 Кб
Скачать
☆

3. Қамбалар мен көкөніс қамбаларында зиян келтіретін кеміргіштер. Олармен күресу шаралары.

Сұр егеуқұйрық – Rattus norvegicus, 1769. Сыртқы пішіні. Дене тұрқы 15,4-27,5; құйрығының ұзындығы 14,1-19,5 см. Салмағы 520 гр дейін жететін, еліміз территориясын мекендейтін тышқан тәрізділердің ішіндегі ең ірісі. Атына сай түсі – сұр. Таралуы & сан мөлшері. Қазақстанның батыс & солтүстік аудандарында кеңінен таралған. Соңғы жылдары басқа облыстарда да кездесе бастады. Сан мөлшері солтүстік аймақтарда жоғары & жыл сайын өзгеріп отырады.

Биологиясы. Сұр егеуқұйрықтар негізгі елді мекендер мен ол-ң айналасында & ылғалы мол өзендер мен көлдер жағалауларында ін қазып, бір жерден екінші жерге көшіп-қонып тіршілік етеді. Жылдың жылы мезгілдерінде табиғи ортада көптеп кездессе, суық түсе елді мекендерді қоныстанады. Баспаналары еден астында, қабырға бойында, түрлі қуыстарда орналасады. Астық дәндері & етпен қоректенеді. Басқа кеміргіштерден ерекшелігі – сусыз өмір сүруі қиын. Сондықтан ол-ң таралуы ылғалы мол жерлерге шоғырланған. Күндіз-түні & жыл бойы белсенді тіршілік етеді. Жылдың барлық маусымдарында көбейеді, 1 ұрғашы егеуқұйрық жылына кем дегенде 2 рет ұрпақ беріп, әрқайсысында 5-16 дейін балалайды. Олар жыныстық жағынан тез жетіліп, салмақтары 160 гр асса ұрпақ бере бастайды. Жаулары түлкі, сасық күзен, аққұс, үкі, саз жапалағы. Сол сияқты елді мекендерде үй мысықтары да оларды ұстап, санын кемітуге үлестерін қосады.

Бақталастары – үй тышқаны, аламан, түркістан егеуқұйрығы. Денесінде бүргелер, кенелер, ал ішкі органдарында түрлі гельминттер мен б. Да қарапайым паразиттер тіршілік етед. Сұр егеуқұйрықтар оба, тулярямия, бруцеллез, жасырын құтыру & түрлі тері ауруларымен ауырады.

Шаруашылық маңызы. Сұр егеуқұйрықтардың адам мен үй малдарына аса қауіпті аурулар таратуда алатын орны ерекше. Ауыл шаруашылығында, әсіресе, егін мен мал өнімдеріне келтіретін зияны едәуір. Сан мөлшерін кемітіп, сұр егеуқұйрықтар мекендейтін қамбалар мен қоражайларды, тұрғын үйлерді арнайы дәрілеп, олардан құтылу жолдарын реттеп отыру керек.

Қара егеуқұйрық – Rattus rattus, 1758. Сыртқы пішіні. Дене тұрқы 15,7-18,2, құйрығының ұзындығы 17,2-21,1 см. Басқа егеуқұрықтармен салыстырғанда тұмсығы сүйір, құлақ қалқандары үлкен, әрі дөңгелегенген. Сұр егеуқұйрықтан ерекшелігі – құйрығы ұзын.

Таралуы & сан мөлшері. Қазақстанда тек Каспий теңізі ойпаты өңірінде, Маңғыстау түбегінде ғана мекендейді. Сан мөлшері жайында деректер жоқ.

Биологиясы. Елді мекендердегі тұрғын үйлер мен қоражайларда, азық-түлік қоймаларында тұрақты тірішілік етеді. Бір жерден екінші жерге көшәп-қонып отырады. Баспанасын өздері мекендейтін жерлерде еденнің тақтайларын кеміріп, астын қазып, қабырғаларында тесік жасайды. Шатырларда да мекендей береді. Қорегі түрлі азық-түлік түрлері мен өс-р. Қысқы ұйқыға жатпайды. Көктем, жаз & күз айларында 2-3 рет көбейіп, әр көбейен сайын 2-11 дейін өсім береді. Жаңа туылғандарының салмағы 2,6-2,8 г, денесін түк баспаған. 9-10 күнде тері жамылғысы толық жетіліп, 13-16 күнде көздері ашылады; бұл кезде ол-ң салмағы 13-15 г жетеді. Салмағы 20-22 г болғанда, яғни туылғаннан кейін 23-27 күн өткен соң өз бетінше тіршілік ете алады. Ұрғашылары 2,5 айда жыныстық жағынан жетіліп (салмағы 80-85 гр) көбеюге қатыса бастаса, ал еркектері кейінірек салмақтары 90-100 гр жеткенде ғана шағылысуға кіріседі. Жас қара егеуқұйрықтар жылына 1 рет, кейде 2 рет көбейеді.

Шаруашылық маңызы. Елді мекендерде тіршілік етіп, үй шаруашылығына көп зиян келтіреді. Әр түрлі жұқпалы ауруларды аратады. Сан мөлшерін анықтап, олармен күрес жүргізу қажет.

Сұр атжалман – Cricetulus migratorius, 1770. Сыртқы пішіні. Дене тұрқы 88-124 мм, салмағы 45-65 гр. Арқа жүнінің түсі – қоңыр сұр, бүйірі жылтыр сұр болып келеді.Таралуы & сан мөлшері. Батыс Қазақстан, Ақмола, Павлодар облыстарында & Жоңғар Алатауының тау етектерінде кездеседі. Қазақстанның оңтүстік-батысында жиілеу, ал қалған аймақатарда ол-ң саны сиректеу.

Биологиясы. Әртүрлі қоныстарды мекендейді, көбінесе құрғақ жерде өсетін өс-р арасында жиі кездеседі. Өмірінің көп мерзімін інінде өткізеді. Түнде тіршілік ететін жануар. Негізгі қоректері – өс-рідң жасыл жапырақтары, жабайы & мәдени ө-ң тұқымдары & бунақденелі жәндіктер. Азықтарын індеріне ұрт қалтасына жинап асиды. Бүкіл жыл бойы белсенді тіршілік етеді. Сұр атжалманның көбеюі сәуірден қыркүйекке дейін созылады, 5-6 бала табады, жылына 1 рет ұрпақ береді. Жас балаларының туылғандағы салмағы 1,8-2,2 гр. Жалаңаш соқыр жәрдемсіз болады. Басқа атжалмандармен салыстырғанда балалары баяу өсіп дамиды. 1 аптадан кейін балалары өсімдік тектес азықтармен қоректеніп, өз бетімен тіршілік етеді.

Шаруашылық маңызы. Бұл атжалмандар кәсіптік маңызы бар & мирек кездесетін аңдар азығының құрамына кіреді. Тұрғын үй мен қоймаларды мекендеп, түрлі аурулар таратуы да мүмкін.

Қаптесер. Жоғарыдағылармен ұқсас.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]