Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
100 экзамен.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
457 Кб
Скачать
☆

2Картоп аурулары. Вегетация кезінде & сақтау мерзімінде картопты аурулардан қорғау шаралары.

Картоптың қара мойнағы. Қоздырғышы – Pectobacterium phytophtorum бактериясы. Қара мойнақ түйнектерде де, танаптағы ө-де де байқалады. Ауру ө-ң сабағының түбі қарайып, шіріп кетеді. Осы сабақтағы жапырақтар алғашқыда ақшылданып, кейін сарғйып кеуіп қалады. Ауруға шалдыққан сабақтар топырақтан жеңіл жұлынады. Ауруды өскіндер жер бетіне шыққаннан кейін байқауға болады. Қара мойнаққа шалдыққан түйнектің өзегі шіриді. Түйнектің шіруі столонға бекіген жерінен басталады. Ауру ө-ң – сабақтары ғана болады. Ылғалдылық жағдайында жапырақтар кілегейленіп, қоңыр дақтар мен жарықшалар п.б. егер ауру сабақты көлденеңінен кессек бактериялардың бітеп тастауынан өткізгіш ұлпалардың қарайып кеткендігін көруге болады. Қара мойнақты тудыратын бактериялар тұқыммен тарайды. Аурудың дамуына – 15-18°С ауа температурасы мен топырақтың жоғары ылғалдылығы қолайлы. Танапта тікелей топыраққа түскен бактериялар сақталмайды, ал өсімдік қалдықтарында олар шірігенге дейін сақталады. Ауру топырақта болатын тақта мұртты қоңыздар мен шірінді шыбындарының дернәсілдерімен & кеміргіш көбелектердің жұлдызқұрттарымен тарайды.

Күресу шаралары. Отырғызу үшін салмағы 50 г шамасындай сау түйнектерді іріктеп алады; көктетіп өсіреді & өскіндері нашар түйнектерді алып тастайды. Картоп отырғызылған алқапқа фитосанитарлық тазалау жүргізеді, ал жинағанда жапырақ пен сабақтардың түйнектермен араласуына & түйнектердің механикалық зақымдануына жол бермейді. Қажет болғанда фунгицидтерді қолданады.

Картоптың сулы шірігі. Қоздырғыштары – Pseudomonas, Bacillus, Pectobacterium & б. бактериялар. Ауруға шалдыққан түйнектер бастапқыда ақшыл, кейін қара-қоңыр түсті болады. Зақымданған жерлерде саыр-қоңыр кілегейлі зат түзіледі, ал түйнектің қабығы көбінесе сау күйінде қалады. Түйнектер жұмсарып, суланады, жұмсағы жағымсыз иісі бар ботқа тәрізді массаға айналады.

Күресу шаралары. Картопты жинаудан 1-2 апта бұрын сабақтарын шауып тастайды. Түйнектерді зақымдамай жинап, кептіру & сақтау үшін қолайлы жағдай жасау, фунгицид қолдану.

Сақиналы шірік. Қоздырғышы – Corynebacterium sepedonicum бактериясы. Ауру өсіп даму кезеңінің 2-ші жартысында білінеді. Өсімдіктің жекелеген сабақтары мен ол-ң жапырақтары сарғайып, солады. Ауру сабақтың кесіндісінде өткізгіш ұлпалардың қарайғандығын көруге болады. Егер зақымдалған ұлпаларды қысса созылмалы сары кілегей түріндегі – бактериялар шығады. Ауру түйнектерде 2 түрде байқалады: түйнектердің шеңберлі шірігі & түйнектердің шұңқырлы шірігі. Шеңберлі шірікпен ауырғанда түйнектің кесіндісінде тұтас немесе үзік-үзік қоңыр шеңберді көруге болады. Бактериялармен зақымдалған ұлпалар жұмсарады, қысқан кезде ақшыл кілегей тамшылар шығады. Шұңқырлы шірікпен ауырғанда түйнек қабығының астында сары түсті, бастапқыда майлы, дөңгелек дақтар түзіледі. Дақтарды түйнектің қабығын алғанда ғана көруге болады. Бактериялар тұқымда сақталады. Ауру түйнектерді еккенде ауру өскіндер п.б. Қоректік заттар мен судың жетсіпеушілігінен ауру ө-ң жапырақтары қурайды, 2-3 қана сабақ дамиды.

Күресу шаралары. Фитотазалау кезінде ауру өс-рід жою, картопты уақытымен ауа-райының құрғақ кезінде жинап алу, тұқымды ауру түйнектерден тазалау, фунгицид қолдану.

Картоптың құрғақ шірігі. Қоздырғышы – Deuteromycetes класы, Hyphales ретіне жататын Fusarium (Fusarium ceoruleum, F. Sambicinum, F. Solani & б. түрлері) саңырауқұлақ түрлері. Ауру қоймаларда қыс айларында байқалады. саңырауқұлақпен зақымданған түйнектің ұлпасы құрғақ, шіріген болады, қабықтарының зақымданған жерлері жиырылып, қатпарланып кетеді. Кейін түнек толықтай шіріп, құрғап, қатайып қалады. Түйнектің бетінде ақ, сары & қызғылт түсті саңырауқұлақтың мицелийлері мен конидийлік споротүзгіштері п.б. Аурудың қоздырғыштары топырақта сақталады.

Күресу шаралары. Түйнектердің механикалық зақымдануын болдырмау, сақтау қоймаларын (1,5-2 ай бұрын) тазалау & дезинфекциялау, тұқымды қоймаға салар алдында жарықпен шынықтыру, са-қтауға сау түйнектерді салып сақтау ережелерін орындау, фунгицид пайдалану.

Түйнектердің фомозы немесе түйме шірігі. Қоздырғыштары – Phoma exigua (Deuteromycetes класы, Sphaeropsidales ophiobolus porphyrogonus (Ascomycetes класы, Pleosporales қатары) саңырауқұлақтары. Түйнектерде дөңгелек пішінді, ойық дақтар п.б. кесіп қарағанда дақтың астындағы ұлпаның түсі қоңыр, шеттері қара болады. Зақымданған ұлпа уақыт өте келе жиырылады, сосын жаралып пикнидтер сыртқа шығады. Гүлдену кезінде сабақтың жапырақ сағағына жақын жерінде ұзындығы 8см дейін жететін жайылған дақтарды көруге болады. Кейін ол дақтарда ашық немесе қара қоңыр түсті көптеген пикнидтер п.б. кейде дақтар шеттері қарайған жараға ұқсайды. Сабақ нашар өседі & солады, ал қатты зақымданған сабақтар сынып қалады. Түйнек сақтау кезінде & танапта зақымдануы мүмкін.

Күресу шаралары. Карантиндік шараларды орындау, ауыспалы еігсті пайдалану, сау түйнектерді отырғызу, жинар алдында 1-2 апта бұрын сабақтарды шауып тастау, фунгицид қолдану.

Картоптың фитофторозы. Қоздырғышы – Phytophtora infestans (Oomycetes класы, Peronosporales қатары). Фитофтороз – картоптың ең көп тараған зиянды ауруы. Саңырауқұлақтың дамуы үшін картоп жапырақтарында шытан кейін немесе жаңбырдан соң қалатын су тамшысы & 19-24°С ауа температурасы қажет. түнде ауа температурасының 10-13°С төмендеуі аурудың дамуы мен таралуын күшейтеді. Ауру гүлдену алдында байқалады. жапырақ тақтасының шетінде қара-қоңыр түсті сулы дақтар п.б. жапырақтардың астыңғы бетінде, зақымданған & сау ұлпалардың арасында жаңбырлы күні немесе шықтан кейінгі жақсы байқалатын ақ түсті өңез түзіледі. Сабақтары мен жапырақ сағақтарында ұзынша қоңыр дақтар, ал түйнектерінде ойық, анық шектелген, қоңыр түсті, қатты дақтар п.б. түйнекті бөлгенде тат түстес пішіні тілге ұқсаған, түйнектің ішкі бөлігіне кіре орналасқан бүлінген бөліктерін көруге болады. Түйнектер негізінен жапырақтардан жаңбырмен немесе шықпен шайылып түсетін & топырақтың жоғарғы қабатында болатын саңырауқұлақ споралары жинаған кезде ауру сабақтардан жұғады. Аурудың қоздырғыштары түйнектерде мицелий, ал өсімдік қалдықтары мен топырақта ооспоралар түрінде сақталады. Ауру түйнектерден жердің бетіне сұр түсті өскіндер шығады, олар көбіне өліп қалады. Осы жерлерден ауру жаңбырмен & желмен көрші ө-ге таралады. Көктемде ауру түйнектерді еккен кезде аурудың қоздырғыштары топыраққа таралады да сау түйнектерден шыққан өскіндерді зақымдайды.

Күресу шаралары. Жинаудан 1,5-2 апта бұрын картоп сабақтарын шауып тастайды, іріктелегн түйнектермен отырғызады, қатар аралықтарды уақытымен өңдейді, картопты құрғақтай жинайды, сақтау қоймаларына аурудан таза картопты салады, тұқымдық картопты жарықпен шынықтырады.

Картоптың макроспориозы. Қоздырғышы – Macrosporium solani (Deuteromycetes класы, Hyphales қатары). Макроспориоз жапырақтар мен сабақтарда гүлдеу кезеңінен бұрын құрғақ, қоңыр түсті, аумақтық дақтар түрінде білінеді. Жапырақтардағы дақтардың астында дөңгелек пішінді қара түсті өңез п.б. өңез конидиалдық спора түзгіштерден тұрады. Зақымданған жапырақтар біртіндеп сарғайып қурап қалады. Сабақтардағы дақтардың айырмашылығы түсі қара-қоңыр болдаы. Ауру өсімдік қалдықтарында мицелий түрінде сақталады. Ауру жаз ыстық болғанда & өткінші жаңбырлар мен түнгі шық мол болғанда қатты дамиды.

Күресу шаралары. Танапты терең жырту, ауыспалы еігсті пайдалану, тыңайтқыштар енгізу, аурудың алдын алу үшін гүлдеу кезеңінің алыднда немесе макроспориоз белгілерінде фунгицид қолдану.

Ризоктониоз немесе картоптың қара таз қотыры – қоздырғышы Rhizoctonia solani, Deuteromycetes класы, Mycelia sterilia қатары. Аурудың белгісі түйнектердің бетінде кішігірім, топырақ түйіршіктеріне ұқсас, жалпақ саңырауқұлақ қарамықтары болады. Тұқымдық картоп үшін ризоктониоз тазқотырдың аса қауіпті түрі болып саналады. Топыраққа егілген түйнектердегі қарамықтардан өскіндерді зақымдайтын мицелийлер өсіп шығады. Өскіндерде айнала орналасқан, ойық & көбіне тұтасып кететін дақтар п.б. ауру өскіндер кейде топырақ бетіне шықпай өліп қалады. Көктем кеш & суық болғанда, тұқым жылымаған топыраққа терең отырғызылғанда аурудың дамуына қолайлы жағдай туады. Ересек ө-де ризоктониоз ақ мойнақ түрінде дамиды. Сабақтың төменгі бөлігі саңырауқұлақтың базидиялық түрінен түзілген ақшыл-сұр түсті өңезбен жабылады. Сабақтан жаңбырмен шайылған базидиоспоралар топыраққа түсіп жас түйнектерді зақымдайды. Жаңадан алынатын өнім топырақтағы қарамықтардың есебінен жаппай зақымдалуы мүмкін.

Күресу шаралары. Ауыспалы егісті пайдалану, түйнектерді сазды топыраққа 6-8 см тереңдікке, ал құмдақ топыраққа 12-15 см тереңдікке егу, тиімді егу мерзімдерін сақтау, сазды топырақта қабыршақ түзілгенде егуден 4-5 күн өткен соң тырмалау жұмыстарын жүргізу, арамшөптерді жою, фунгицид қолдану.

Картоптың қатерлі ісігі. Қоздырғышы – Synchitrium endobioticum (Chytridiomycetes класы, Chytridiales қатары). Ауру түйнектерде пішіні мен мөлшері әртүрлі ісіктер дамиды. Ісіктер сабақтың төменгі бөлігінде өте сирек кездеседі. Ауру қатты дамығанда түйнекті түгелдей ісіктер басып кететіндіктен ол-ң тауарлық сапасы төмендейді. Уақыт өте келе ісіктер бүлініп, бактериялардың дамуына байл, жағымсыз иіс бар массаға айналады. Ісікті кесіп қарасақ негізінен шеттерінде тыныш жатқан споралар мен біршама ірі, қалың қабығы бар, сопақша цисталарды көруге болады. Цисталар топырақта 10-13 & одан да көп жылдар сақтала алады. цисталардан зооспоралары мен зооспорангийлер дамып, картопты сол жазда қайтадан залалдауы мүмкін.

Күресу шаралары. Төзімді сорттарды өсіру, ауру таралған жерді ісік ауруына төзімді өс-рід (қырыққабат, қияр, сәбіз) өсіру арқылы тазартады, карантиндік шараларды орындау, фунгицид қолдану.

Картоптың таз қотыры. Ауру қоздырғыштары болып актиномицеттердің түрлері саналады: Actinomyces scabies, Actinomyces tricolor, Actinomyces cretaceous. Түйнек сыртында дөңгелек, жалпақ & сәл дөңес, жұлдызға ұқсап жарылатын сүйелдер п.б. Кейде түнектің бетіне батып орналасқан жарылған жаралар болады. Кейін сүйелдер мен жаралар түйнектерді түгелдей дауып, тұтасып кетеді. Жаңа қазып алынған түйнектерде мицелийден тұратын ақ түсті өрмек тәрізді өңезді көруге болады, кепкеннен кейін өңез жоғалып кетеді. Ауру түйнектердің тауарлық көрсеткіштері төмендейді, дәмдік сапасы нашарлайды, азықтық картоптың қалдықтары көбейеді, түйнектер нашар сақталады. Аурудың қоздырғыштары негіізіне өсімдік қалдықтарында сақталады.

Күресу шаралары. Ауыспалы егісті пайдалану, төзімді сорттарды өсіру, картопты жоғары мөлшерде актелген топыраққа физиологиялық қышқыл тығайтқыштарды салу керек (суперфосфат), фунгицид қолдану.

Темір дақ немесе түйнек таты. Егер түйнекті кессек әртүрлі пішіндегі & мөлшердегі тат дақтарды көруге болады. Жұқпалы ауруларға жатпайды. Түйнек таты темір мен алюминий көп жиналып кальций жетіспесе, немесе тотықтырғыш ферменттердің әсері күшейіп фосфор жетіспегенде п.б. мүмкін. Топырақтың қатты қызуы аурудың білінуін күшейтеді.

Күресу шаралары. Аурудың себептеріне байл қорғау шараларын қарастырыру керек (фосфорлық, азоттық тыңайтқыштардың тиімді мөлшері, қышқыл топырақтарды әктеу). Ылғалдылықтың тиімді мөлшері аурудың алдын алуға көмектеседі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]