Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
100 экзамен.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
457 Кб
Скачать
☆

2 Алма мен алмұрт аурулары. Алма мен алмұртты аурулардан қорғау шаралары.

Алма мен алмұрт ағашының таз қотыры. Алма ағашындағы ауруды Venturia inaequalis Wint., алмұртта – Venturia pirina Aderh. (Ascomycetes класы, Pleosporales қатары) саңырауқұлағы тудырады.

Аурудың қоздырғышы жапырақтарды, жемістерді, өркендерді зақымдайды. Жапырақтарда жасыл-зәйтүн түсті, барқыт сияқты өңезбен қапталған дөңгелек пішінді қоңыр дақтар п.б. Алма ағашында өңез көбінесе жапырақтардың үстіңгі бетінде, ал алмұртта – жапырақтардың астыңғы бетінде түзіледі. Зақымданған жапырақтар мезгілінен бұрын қурап, түсіп қалып өркендердің өсуіне кері әсер етеді, ағаш әлсірейді, оның аязға шыдамдылығы мен басқа саңырауқұлақ ауруларына төзімділігі төмендейді.

Жемістердегі тазқотыр қара-зәйтүн түсті, барқыт сияқты өңезбен қапталған, жиектелген шектеулі дақтар түрінде білінеді. Ол-ң астындағы ұлпа ағаштанып, жарылады. Ауру ерте пайда болғанда дақтар тұтасып кетеді. Жемістер ұсқынсыз, бүйірлі болып келеді. Көктемде ауру жерге түсіп қалған жапырақтарда, жемістерде сақталған аскоспоралардан тарайды. Негізінен жас жапырақтар зақымданады, ал 25 күннен асқан жапырақтарға саңырауқұлақ ене алмайды. Өсіп даму кезеңінде саңырауқұлақ конидийлермен тарайды.

Күресу шаралары: түсіп қалған жапырақтарды, жемістерді жою, ағаш түбін қопсыту, тазқотыр белгілері байқалған кезде «Тізім...» бойынша фунгицидтер бүрку қажет.

Алма ағашының монилиозы (жеміс шірігі). Ауруды Monilia fructigenales, M. cinerea Bon. f. mali Worm., M. cydoniae Schell (Deuteromycetes класы, Hyphomycetales қатары) саңырауқұлағы тудырады.Жемісте қоңыр дақтар пайда болады, олар біртіндеп үлкейеді & жемістің көп бөлігін басып

кетеді. Кейін шіріген жемістің бетінде шоғырланып орналасқан, шеңбер сияқты, үлкен, сұр түсті жастықшалар түзіледі. Саңырауқұлақтың дамуына жағдай қолайсыз болғанда жемістер көкшіл қара түсті болып, кеуіп қалады (мумификацияланады). Мұндай жемістер ағаш басында қала береді. Саңырауқұлақ мицелий түрінде зақымданған жемістерде қыстайды. Олардан көктемде конидийлік споротүзгіштер дамиды, бұл аурудың алғашқы таралу жолы болып табылады. Ауру сау жеміс пен ауру жеміс бір біріне тигенде жұғады.

Күресу шаралары: үзіліп түскен жемістер мен мумификацияланған жемістерді жою, жеміс ағаштарының зиянкестерімен күресу, «Тізім...» бойынша фунгицидтер қолдану керек.

Алма ағашының ақ ұнтағы. А.қ Podosphaera leucotricha Salm. (Ascomycetes класы, Erysiphales қатары). Бүршіктер, жапырақтар, өркендер мен гүл шоқтары зақымданады. Бастапқыда олар ақ өңезбен қапталады, кейін түсі қоңырланып, қара нүкте сияқты саңырауқұлақ клейстотецийлері түзіледі. Ауруға шалдыққан жапырақтар сарғайып қурайды, ал зақымданған өркендердегі жемістер піспейді. Саңырауқұлақ ауруға шалдыққан өркендерде қыстайды.

Күресу шаралары: жоғары агротехниканы сақтау, зақымданған өркендерді жою, төзімді сорттарды өсіру, «Тізім...» бойынша фунгицидтерді қолдану.

3.Өс-рді өсімдік ауруларынан қорғаудың заманауи құралдары.

Фунгицидтер (лат.fungus – саңырауқұлақ,caedo-өлтіру)-мәдени дақылдарды саңырауқұлақ ауруларынан қорғау үшін қолданылатын химиялық препараттар.Тұқымды егер алдында өңдейтін препараттарАПРОН 350, с.э.(мефеноксам, 350 г/л)Сингента Кроп Протекшн АГ, Швейцария12.2020 ж.БАРЬЕР, 6% с.е.к.(тебуконазол, 60 г/л, Екар Кемикалс Лтд., Китай)

Иствью YKC Лтд., Англия12.2016 ж.БАСТИОН, 34% с.с.к.(карбоксин, 170 г/л+ тирам, 170 г/л, Лейтон Агрио Лтд., Китай)Лейтон Агрио Лтд., Венгрия12.2016 ж.БУНКЕР, с.с.к.(тебуконазол, 60 г/л, Цзянсу Агрокем Лаборатория, Китай) Август фирмасы ЖАҚ, Ресей12.2022 ж.

ФунгициттерАБАКУС 12,5% с.э.(пираклостробин, 62,5 г/л+эпоксиконазол, 62,5 г/л)

БАСФ СЕ, ГерманияП-3 12.2020 ж. 1.0-1.5 Жаздық & күздік бидай, жаздық арпа Қоңыр, сабақ & сары таты, ақ ұнтағы, септориоз, гельминтоспор-иоз дағы, өнімді жоғарлатады

АБРИС, 25% к.э.(пропиконазол, 250 г/л, Екар Кемикалс Лтд., Китай)

Иствью YKC Лтд., Англия П-312.2016 ж. 0.5 Жаздық бидай Қоңыр, сабақ таты, гельминтоспор-иоз дағы Өсiп-өну кезеңiнде бүрку

АКРОБАТ МЦ, 69 % с.ұ.(диметоморф + манкоцеб, 600 г/кг+ диметоморф, 90 г/кг)

БАСФ Агро Б.В., ШвейцарияП-412.2019 ж. 2.0 Картоп Фитофтороз, макроспориозПияз, қияр Пероноспороз Жүзім Мильдю

23 ЕМТИХАН БИЛЕТІ

1 Саяқ шегірткелер. Олармен күресу шаралары.

Қазақстанның солтүстігінде таралғандары. кресті кішкене саяқ шегіртке, ақжолақты, крест , қоңырқанатты саяқ шегірткелер, далалық, сібірлік, қара денелі & т.б.

Барлық шегірткелердің ұзынша денесі, секіруге қолайлы артқы аяқтары, кеміргіш ауыздары, қатты дамыған алдыңғы кеудесі, жіңішке үстіңгі қанаты, жалпақ, желдеткішке ұқсас жиналатын қанаттары болады. Жылына бір ұрпақ береді. Ұрғашы шегірткенің арнаулы бөліп шығаратын сұйық затымен қатайған топырақтан жасалған күбіршеде тың жерлерде, жайылымдарда, құмдардың шетінде & т.б. жерлерде жұмыртқа күйінде қыстайды. Шегірткелер жұмыртқалардан әр мезгілде шығады. Дернәсіл ересек шегірткеге ұқсас боп туады. Дернәсіл 30 - 40 күн дамиды. Даму кезеңінде дернәсіл 4-5 рет түлеп, 4-5 жас өтеді. Дернәсілдер & ересек шегірткелер әр түрлі өс-рді зақымдайды: дәнді дақылдарды, майлық дақылдарды, көкөністерді, жайылымдар мен шабындықтарды. Олар құрғақшылық кезінде, табиғи өс-р күйіп кеткенде өте қауыпті.Тым көп көбейген жағдайда егістіктер мен жайылымдарға қатты зиян келтіреді, ол-ң жер бетіндегі биомасса бөліктерін құртып жібереді. Шегірткелердің көп жылдық динамикасында циклдік байқалады – қатты көбеюлері мен депрессиялық жайлар кезектесіп отырады.

Күрес шаралары ол-ң сандарына бақылау жасаудың нәтижесіне қарап пайдаланады. Алдын алу шараларының маңыздысы ерте көктемде шегірткелер табылған егістік танаптарды бізтұмсықты немесе дискілі тырмалармен, ал көпжылдық шөптерді тісті, немесе біз тұмсықты тырмалармен өңдеу. Сонымен бірге танап аралықтарын, танаппен шектесетін тың & егін егілмейтін жерлерді де өңдеу қажет. Егін алқаптарында жою шаралары инсектицидтермен «Тізім...» бойынша ЦИРАКС, 25 % к.э.(циперметрин), ФУФАНОН, 57 % к.э.(малатион) 2.0-3.0, БУЛЬДОК, 2,5% к.э.(бетацифлутрин, 25 г/л) 20 кунде 2 рет бурку, ДИМИЛИН ОФ-6, 6% м.с. для УМО, ФАСТАК, 10% м.с.с.к. саяқ шегірткелерге қарсы 8-10 дернәсіл/м2, үйірлі шегірткелерге қарсы 5 & одан да көп дернәсіл/м2 болғанда жүргізіледі. Дернәсілдерді есепке алу жұмыстарын таңертеңгілікте немесе кешкілікте маршрутпен жүріп 100 метр сайын әрқайсысы 1 м2 алаңқайда көзбен шолып жүргізеді немесе рамканың көмегімен әрбір секірген шегірткені есептеп, кейін 1 м2 қанша болатындықтарын анықтайды. Егер бір стацияны мекендеген шегірткелердің түрі көп болса, жұмыртқалардан әр мезгілде шықса & жастары әр түрлі болған жағдайда ұзақ уақыт әсер ететін инсектицидтерді пайдаланған дұрыс. Химиялық өңдеу жұмыстары дернәсілдер қанаттанғанға дейін жүргізілсе тиімділігі жоғары болады. Әрбір нақты жағдайға байл жаппай, бөгеу & локальды өңдеу жұмыстары жүргізіледі. Бөгеу мақсатымен өңдегенде дәрі шашылатын жердің жалпақтығы 40-100 м шамасында болуы керек.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]