Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
100 экзамен.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
457 Кб
Скачать
☆

Қамба мен қоражайларда тіршілік ететін кеміргіштермен күресу шаралары

Профилактикалық шаралар. Қамба мен қоражайларда кеміргіштермен күресу шараларын ол-ң санын аздау болғанда да жүргізеді. Барлық қойма, қоражайларда & тұрғын үй жайларында кеміргіштерге қолайлы жағдай қалыптаспас үшін күн сайын тазалау, азық-түлік өнімдерін арнайы ыдыстарда сақтау. Ал қоқыс пен тағам қалдықтарын беті жабылатын шелектерде сақтап, оларды бір жерге жинап, жойып отыру керек.

Кеміргіштерді барлық қойма мен құрылыс орындарын жібермес үшін оларға кедергі жасау керек. Ол үшін қоймалардың жер астындағы бөлімдерінің терезелеріне әйнек немесе металды тор құрып, тесіктерді бетонмен бітеп тастау керек.

Еліктіргіштерді қолдану. Егеуқұйрықтар & қаптесерлермен қойма & басқа жайларда күресу шараларын жүргізгенде уландырылған еліктіргіштер қолданылады. Ол үшін родентицидтерден фосфид мырышы & гидротрофты пайдалануға болады. Егеуқұйрықтарға қарсы қолданылатын удың концентрациясы, алғашқыда - 10%, ал екінші ретте - 1%. Егер кеміргіштердің індері табылмаса, онда жемді қағаз пакеттерге немесе фанер мен картоннан жасалған ыдыстарға салып қою керек.

& қойма кеміргіштерге қарсы дайын дайын гранулды клератты (бродифакум) & брикетті штормды (флокумафен) пайдаланылады. Родентицидтерді кеміргіштерге қызықтыру үшін препараттарға аздаған күнбағыс майы қосылады. Әрбір 10-15 м сайын қаптесерлерге қарсы – 6-8 гр клеаратты немесе 0,3-0,5 шторм брикеттердің бөлігі, ал егеуқұйрықтарға қарсы 30-60 г клеаратты немесе 2 брикет шторм шашылады.

Биологиялық тәсіл. Бактериялық ауру тудыру үшін әртүрлі суык & құрғақ препараттарды пайдаланады.

Механикалық тәсіл. Қақпандар арқылы күрес шаралары жүргізіледі. Кеміргіштер жаңадан тарала басталған жағдайда қақпандардың жоғары тиімділігі байқалады.

Фумигациялау. Жүгері собықтары жиналған төбешіктер автомашина мен тракторлардан шыққан газдармен өңделіп, брезенттермен жабылады. Резеңке шлангалардың бір басын төбешікке жібереді. Машинадан шыққан газдың құрамында иіс тітіркендіргіштері бар.

№20 Емтихан билеті

1 Дәндібұршақ дақылдарының зиянкестері & олармен күресу шараларының кешені.

Бұршақ бітесі – Acyrthosiphon pisi (Homoptera – тең қанаттылар отряды, Aphidinea отряд тармағы, Aphididae тұқымдасы).

Бітенің денесі біршама жуандау, денесінің ұзындығы 4,5-5 мм. Қанатсыз аналықтарының денесінің түсі жасыл, кейде қоңыр-қызыл болып келеді. Ұрықтанған жұмыртқа көпжылдық бұршақ өсімдігінің сабақтарының тамыр бөлігінде & жерге түскен бұршақта қыстайды. Біте осы жұмыртқадан дернәсілдік сатыдан өткен соң аналық негізге айналады. Партеногенетикалық жолмен көбейіп, колониялар түзеді. Мұнан ары қарай аналық орналастырушылар п.б. Қанатты аналық орналастырушылар 1жылдық бұршақ дақылдарына қонып, сол жерде жаңа колониялар құрады. 1 жылда 10 жуық ұрпақ береді. Бітелер өсімдіктің жас ұлпаларында & гүл шоғырында қоныстанады. Колонияның өсуі жоғарғы бөліктен басталады. Олар көпжылдық бұршақ дақылдарына ұшып келеді де, содан соң бұл жерге аталық пен аналық шағылысқаннан кейін қыстайтын жұмыртқа салады.

Күресу шаралары. 1жылдық & көпжылдық бұршақ дақылдарына бұршақ бітеден қорғау үшін кеңістікті оңашалаудың үлкен маңызы бар. Бұршақ дәндерді қайталап отырғызуға болмайды. Жерге түскен дән өскіндерінің п.б. жол бермеу керек. Көп жылдық бұршақты төмен кесінді жасап жинау керек. Егер энтомологиялық аулағышпен 10 сілтеу жасаған кезде 25-30 дана біте түссе немесе 20% өсімдік залалданған болса инсектицидпен өңдеу.

Түйнекті бізтұмсықтар: теңбіл – Sitonia lineatus & қылшықты – S.critinis (Curculionidae – бізтұмсықтар тұқымдасы, Coleoptera – қоңыздар отряды).

Қоңыздың бастүтігі қысқа, денесінің ұзындығы 3-5 мм, денесінің түсі топырақты-сұр болып келген. Дернәсілдің сыртқы құрылысы – денесі иілген, ақшыл-қоңыр басы бар, дене тұрқы 5 мм дейін. Қоңыздар жердің беткі қабатында & өсімдік қалдықтарының астында, көбінесе көпжылдық бұршақ өс-рі алқаптарында қыстайды. Көктем уақытында олар дәнді бұршақ дақылдарының өскіндеріне қоныс аударуы мүмкін. Қоңыздар топыраққа & өсімдік мүшелеріне жұмыртқаларын салады.

Дернәсіл дамығаннан кейін топырақтың астына кіріп, азотфиксациялайтын түйнекті кеміріп қоректенеді. Шілде тамыз айларында қоңыздардың қуыршақтану кезеңінен кейін жас ұрпақтың таралуы п.б. бастайды. Қоңыздар жапырақтың шетін кеміріп, «мүсінді зақымдау» қоздырады. Жапырақтың дәнжарнағының & өсу нүктесінің зақымдауы өскіннің жойылуына әкеледі.

Күресу шаралары. Бұршақ дақылдарын зиянкестерден қорғау үшін учаскелерді көпжылдық бұршақ дақылдарын 1жылдық бұршақ & өс-рді күту кезінде қолайлы мерзім ішінде жоғары деңгейде орындалуы тиіс. Егін себу алдында тұқымды нитрогинизациялау түйнектің п.б. жағдай жасайды. Егінді жинағаннан кейін бірден топырақты терең сүдігер жыртып өңдесе, зиянкестердің қуыршақтары мен дернәсілдерінің жойылып кетуіне мүмкіндік туғызады.

Бұршақ жемірі – Laspeyresia nigricana (Lepidoptera)

Есейген құрттар денесінің ұзындығы 12 мм, ақшыл сары, басы қоңыр түсті болып келеді. Денесін түк пен сүйел жапқан. Есейген құрттар пілләнің ішінде топырақта қыстайды. Көбелектер ымырт түскен кезде ұшады да, өсімдіктің жер бетіндегі мүшелеріне жұмыртқаларын салады.

Күресу шаралары. Бұршақты бұршақ жемірінен қорғаудың тиімді жақтарының бірі – ерте & қысқа мерзімде жинау, бұршақты жинағаннан кейін сүдігер жырта өңдеу, өсімдік қалдықтарын құрту.

Бұршақ қоңызы – Bruchus pisorum (Coleoptera)

Қоңыздардың бүйірінің алдыңғы арқасында & жамбастың төменгі жағында тісшелер орналасқан. Қанаттың үстінде ақ дақтар, ал құрсағының астында 2 ірі қара дақтары бар. Денесінің ұзындығы 4,5-5 мм ақшыл түктермен қапталған. Дернәсілі сопақ, ақшыл-сары, ұзындығы 5-6 мм. Қоңыздар тазалау, сақтау & егінді жинаған жерлерде бұршақтың ішінде қыстайды. Дернәсілдің ересек жәндікке айналуы, қыстап шығуы құрғақ тұқымының ішінде өтеді. Жұмыртқаны бұршақтың жармасына салады. Дернәсілдер бұршақтың ішінде қоректенеді.

Күресу шаралары. Егінді дер кезінде шығынға ұшыратпай жинап алу. Аңыздарды сыдыра жырту, топырақты терең өңдеу & салқындату жұмыстарын жүргізу қажет. Егер шанақтарға энтомологиялық аулағышпен 10 сілтеу жасағанда 15-20 қоңыз табылса, онда бұршақ қоңыздарын жою үшін инсектицид қолдану.

Үрме бұршақ қоңызы – Acantoscelides obtectus (Coleoptera)

Ересек жәндіктің денесі қара, ұз-ғы 3-3,5 мм, құрсағы қызғылт жирен болып келген. Дернәсілінің денесінің түсі ақ, иілген, оны ұзын қылшықтар жапқан, ұз-ғы 5 мм дейін жетеді. Есейген даралары егістік жерлерде тұқымда немесе өсімдік қалдықтарының астында қыстайды. Қоймаларда қысқы мезгілде 2 ұрпақ беріп дамуын жалғастыруы мүмкін. Аналықтары жұмыртқаларын бұршақтың жігіне немесе жіктің кемірілген жеріндегі шұңқырларға & қоймаларда тұқымның арасына салады. Үрме бұршақтан басқа ноқатты, чинаны, асбұршақты зақымдайды. 1 дәннің ішінде бірнеше дернәсіл дамиды, сондықтан дәннің сыртқы бетінде бірнеше шығу тесіктері болуы мүмкін.

Күресу шаралары – бұршақ қоңызы сияқты.

Бұршақ немесе акация көбелегі – Etiella zinknella (Lepidoptera – қабыршақ қанаттылар отряды, Phictididae – қарақүйе тұқымдасы).

Құрттың денесінің ұз-ғы 15-20 мм, басы сары-қоңыр, ал тұлғасының түсі қоңыр-жасыл, қоңырлау немесе ақшыл-қызыл болып келеді. Құрт пілләнің ішінде топырақта қыстайды. Көбелектер ымырт түскен кезде & түнде ұшады. Жұмыртқаларын пісіп жетілмеген бұршаққа, гүлдің қалдықтарына салады. Құрттар жұмыртқадан шыққаннан кейін бұршақтың қабығының астында, содан соң тұқымымен қоректенеді. Құрттардың қуыршаққа айналуы топырақта өтеді. 2-3 ұрпақ беріп дамиды. Бірінші ұрпақ акацияда, бұршақта, сиыр жоңышқада, чинада дамиды. 2-ші & 3-ші ұрпақ сояға, люпинге, жазғы мерзімде себілген бұршаққа қауіпті.

Күресу шаралары. Бұршақ тұқымдастарының егісін ақ & сары акациядан кеңістікті изоляциялау керек. Құрттарды құрту үшін бұршақты жинағаннан кейін топырақты терең сүдігер жыртудың маңызы бар. Жаппай жұмыртқа салу & құрттардың жұмыртқадан шығуы кезінде инсектицид бүрку.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]