Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
100 экзамен.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
457 Кб
Скачать
☆

№28 Емтихан билеті

1 Жүгері зиянкестері & олармен күресу шараларының кешені.

Күздік көбелек (Agrotіs segetum) – күздік дақылдар, мақта, қант қызылшасы, күнбағыс, жүгері, т.б. өс-р көгінің аса қауіпті зиянкесі. Еуразия мен Африкада кеңінен таралған. Қазақстанның оңт., оңт.-шығысында & Шығыс Қазақстан облысында кездеседі. Қанаттарының өрісі 35 – 45 мм, денесінің ұзындығы 18 – 22 мм; алдыңғы қанаттары қоңыр немесе қара түстес, артқы қанаттары ашық сұр. Жұлдызқұрттары жұмыртқадан шығар кезде ақшыл, бас бөлімі қоңырлау, ұзындығы 52 мм-ге жетеді. Олар 6 рет түлейді. Қазақстанда К. к-тер оңт-те жылына 3 рет, оңт.-шығыста 2 рет, ал шығыста 1 рет жұмыртқалап көбейеді. Ұрғашылары арамшөптердің түбіне 400 – 500 жұмыртқа салады. Ересек жұлдызқұрттар тереңд. 10 – 25 см топырақта қыстайды. Көктемде өс-р көктей бастағанда, отамалы дақылдар көшеттеріне қауіп төндіреді. Жас жұлдызқұрттардың даму кезеңі мақта, қант қызылшасы, жүгері, бұршақ, темекі, бау-бақша, т.б. ө-ң көктеген & көшеттер отырғызылған кездеріне сәйкес келеді. Жұлдызқұрттардың екінші, үшінші ұрпақтары жүгеріні, жоңышқаны, картопты, жазғы егістіктерді, түйнек & тамыр жемістілерді зияндайды. Күрес шаралары: жоғары деңгейлі агротехника, ауыспалы егістіктерді игеру, өсіп-өну кезінде ылғалды ұстай отырып суғару, арамшөптермен күресу, хим., биол. препараттар мен биоагенттер қолдану

Сымқұрттар- шыртылдақ қоңыздардың дернәсілі. Дернәсілдер топырақта өсімдік тамырларымен, тұқым & өскінімен қоректеніп, өмір сүреді. Жарақаттанған өс-р баяу өседі, кейде тіпті өліп қалады. Сымқұрттар топырақта бірнеше жылдар бойы өмір сүре береді, 3-4 жыл өткеннен кейн ғана қуыршақтанады.. Через две-три недели после этого появляются молодые жуки, которые, не выходя из почвы, остаются зимовать и вылетают ранней весной следующего года.

Күресу шаралары. Сымқұрттарды аулағыштарға ұстауға болады. Ол үшін картоп немесе қызылша кесектерін топырақтың 15-20 см тереңдігіне салып қояды. Оларды арасын 1 м-ден аспайтын, ал кесектердің аралылығын 10 см етіп, қатараралықтарына орналастырады. 3-4 күн өткен соң оарды топырақтан алып, дернісілдерді жояды. Осы тәсілді жүгері алқаптарына да қолданады.

Жалған сымқұрттар- қара денелілердің дернәсілі. Олар сымқұрттардан тек даму циклымен ерекшеленеді. Дернәсілдер 2-12 ай бойы, тұқыммен & сабақтың жер асты бөлігімен қоректенеді.

Шалғын көбелегі (Loxostege stіctіcalіs L.), қанкөбелек тұқымдасына жатады. Ол Қазақстанның батыс, шығыс, солтүстік & оңтүстік аймақтарында кең тараған. Қанаттарының өрісі 18 — 26 мм, алдыңғысы сұрғылт, қызыл қоңыр қара жолақты, ал артқы қанаттары қоңыр сұрғылт болып келеді. Топырақты паналап қыстап шығатын жұлдызқұрттары көп қоректі, көбінесе шырынды, жұмсақ жапырақты ө-ге (қант қызылшасы, күнбағыс, [[бұршақ, жоңышқа, жүгері, картоп, көкөністер мен бақша өнімдері & жусан) көп зиян келтіреді. Ол көктемде қуыршақтанып, мамыр — маусым айларында көбелекке айналады. Шалғын көбелегінің өмірі 15 — 20 күнге созылады. Күресу шаралары: агротехникалық талаптарды қатаң сақтау & егістікті химиялық препараттармен өңдеу

Жүгері сабақ көбелегі (Pyrausta nubilalis) – қан көбелек тұқымдасына жататын жәндік, а. ш-ның зиянкесі. Көбінесе жүгеріні, кенепшөпті, тарыны, т.б. өс-рді зақымдайды.Қазақстанның оңтүстік & оңтүстік-шығыс аудандарында кездеседі. Денесінің ұзындығы 13 – 15 мм, қанаттарының өрісі 24 – 32 мм. Ұрғашылары еркектеріне қарағанда ірілеу келеді. Ересек жұлдызқұрттарының ұзындығы 25 мм-ге жетеді. Жылына оңтүстік - шығыс аудандарда бір, ал оңтүстікте 2 – 3 рет көбейеді. Жетілген жұлдызқұрттары қоректенген өсімдігінің сабағының ішінде қыстайды. Көктемде қуыршаққа айналады да, маусымда көбелектер ұшып шығады. Олар кешке & түнде ұшады. Жұмыртқаларын жапырақтың астыңғы бетіне немесе жүгерінің шашақ гүлі мен собығына топтап салады. Жұмыртқадан шыққан жұлдызқұрттың кейінгі дамуы өсімдік сабағының ішінде өтеді. Олар сабақтың ішін үңгіп жеп қоректенеді. Зақымданған ө-ң сабақтары, жүгерінің собығы сынып қалады. Шілде – тамыз айында көбелектер 2-рет көбейеді. Өнімді жинау кезіндежұлдызқұрттар, көбінесе өсімдіктің төм. бөлігіне жиналады. Сондықтан ол-ң көпшілігі өнімді жинап алғаннан кейін де егістікте қалады. Күресу шаралары: қыстайтынжұлдызқұрттарын жоюға бағытталған агротехникалық шаралар жүргізу керек.

Күресу шаралары: Жүгері зиянкестерінің зияндылығын бәсеңдету үшін: жүгеріні жинағанда , жүгері көбелегінің жұлдызқұртын жою үшін, сабақтарын мүмкіндігінше төменнен кесу керек; Силосқа қалған егістіктерді қысқа қалдырмау; егістікті жүгеріден толықтай тазарту ,; терең қопсыту; арамшөптерді жою; төзімді сорттар мен будандар өсіру ұсынылады. ЭЗШ-нен асып кетсе, инсектицидтер қолдану.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]