Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Генетика жєне селекция негіздері.doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
7 Мб
Скачать
☆

5. Жынысты көбеюдің тұрақсыз типтері

Жынысты көбеюдің тұрақсыз типтерінІң классификациясы. Жынысты кебеюдің тұрақсыз типтеріне жануарлар мен есімдіктерді партеногенездік, гипогенездік және андрогенездік көбеюлері жатады (20-су-рет).

Партеногенез — бұл ұрықтанбаған жұмыртқа клеткадан ұрықтың өсіп-жетілуі. / Табиғи партеногенез қүбылысы төменгі сатыдағы шаян тәрізділерге, коловраткаларға, жарғақ қа-наттыларға (араларға, сона-

ларға) және т. с. с. тән болады. Ол құбылыс құстарда (күрке тауықта) да кездеседі. Партеногенезді қолдан жасауға да болады, бұл үшін ұрықтанбаған жұмыртқа клеткаға әр түрлі агенттермен әсер етіп, оларды активтендіреді.

Партеногенезді денелік, яғни диплоидты және генеративті, яки гаплоидты деп беледі. Денелік партеногенез кезінде жұмыртқа клетка редукциялық жолмен бөлінбейді, бүл кезде гаплоидты екі ядро өзара косылып бірігеді де, хромосоманың диплоидты жиынтығын қалпына келтіреді (автокариогамия); сөйтіп ұрық тканінің клеткаларында хромосоманың диплоидты жиынтығы сақталады.

Генеративті партеногенезде ұрық гаплоидты жүмыртқа клеткадан өсіп-жетіледі, Мысалы, бал арасында (Аріз теііі-?ега) еркек аралар партеногенез жолымен ұрықтанбаған гаплоидты жүмыртқадан жетіледі.

Өсімдіктердегі партеногенезді көбінесе апомиксис деп атайды. Апомиксис өсімдіктер дүниесінде кең таралған және түқым қуалауды зерттеп білуде үлкен маңызы бар. Апомиксистік көбеюдің әсіресе көп таралған типі партеногенездік жолмен жұмыртқадан ұрықтың пайда болуы. Бүл кезде диплоидты апо миксис (мейозсыз) жиі кездеседі.

Эндосперм түзілу кезінде де, үрық түзілу кезінде де тұқым қуалаушы информация аналық организмнен беріледі. Бірқатар апомиксистерде толық қүнды тұқым түзілу үшін псевдогамия — тозаң түтігінің ұрық қалтасын активтендіруі қажет. Бүл кезде түтік тұқым қалтасына жеткеннен кейін, ондағы бір спермия ыдырап жойылады да, екінші спермия орталық ядромен қосы-лып бірігеді, сейтіп эндосперм ткаиінің түзілуіне ғана қатысады (Роіепііііа, КиЬиз т. с. с. туыстардың турлері). Мұндағы тұқым қуалаудың алдыңғы жағдайдан біршама айырмасы бар. Үрықта шешесінің белгілері ғана тұқым қуалайды, ал эндоспермде шешесінің де және әкесінің де белгілері тұқым қуалайды.

Гиногенез, Гиногенездік көбею партеногенезбен өте ұқсас болады. Гиногенездік кебеюдің партеногенезден айырмасы — мұнда жұмыртқа клеткасыныц өсіп-жетілуі үшін сперматозоидтар стимулятор қызметін атқарады (псевдогамия), бірақ бұл кезде үрықтану (кариогамия) болмайды; ұрық тех қана аналык ядродан өсіп-жетіледі (20-сурет, 3). Гиногенез жұмыр құрттар-да, тірі туатын балықта (Моіііепезіа іоптюза), күміс түсті та-бан балықта (Ріаіуроесііиз) болады._}Сол сияқты сарғалдақ (Раішпсиіиз аигісотиз), қоңырбас (Роа ргаіепзіз) т. б. бірқатар өсімдіктерде кездеседі.

Гиногенездік көбею құбылысының тұқым куалаушылықты зерттеуде үлкен маңызы бар, өйткені бұл кезде үрпақ түқым қуалаушы информацияны тек қана шешесінен алады.

Андрогенез. Гиногенезге қарама-қарсы қүбылыс андрогенез болып табылады. Андрогенез кезінде жүмыртқаның дамуы тек аталық ядро мен аналық цитоплазманың есебінен жүреді (20-сурет, 4). Ұрықтану сәтіне дейін аналық ядро қандай да болмасын бір себептен жойылып кетсе, андрогенез сонда ғана жүреді.

Егер жүмыртқа клеткасына бір сперматозоид түссе, хромосомалар жиынтығы гаплоидты жаңа дамып келе жаткан ұрықтың тіршілік қабілеті болмайды немесе ол нашар болады. Егер хромосомалар жиынтығы диплоидты қалыпқа келсе, онда андрогенді зиготалардың тіршілік қабілеті қалпына келеді. Жоғарыда айтылғандай, жануарларда полиспермия болған кезде жұмыртқа клеткаға бір мезгілде бірнеше сперматозоид енеді, бүл кезде аталық екі пронуклеус өзара қосылып бірігуі және диплоидты ядроның түзілуі мүмкін. Андрогендік организмнің дамуы тек тұт көбелегінен (ВотЬух гаогі) және паразит сонадан (НаЬгоЬгасоп ]ид1ап(ііз) байқалды. Андрогендік жолмен көбею ерекше құбылыс ретінде кейбір әсімдіктерде (темекі, жү-гері т. б.) кездеседі.