- •Генетика жэне селекция негіздері
- •Мазмұны
- •Тұқым қуалаушылықтың материалдық негізі
- •1. Ядро
- •2. Цитоплазма
- •Цитологиялық негіздері
- •I. Клетканың бөл1нуі
- •2. Хромосомалардың құрылысы және олардың репродукциясы
- •3. Кариотиптің түр ерекшелігі
- •1. Мейоз
- •2. Жануарлар гаметогенезі
- •3. Өсімдіктер спорогенезі мен гаметогенезі
- •4. Ұрықтану
- •5. Жынысты көбеюдің тұрақсыз типтері
- •6. Тіршілік циклінде гаплофаза мен диплофазаның алмасуы
- •1. Гибридологиялық әдістің ерекшеліктері
- •2. Шағылыстыруды жазу ережесі
- •Тұқым қуалау
- •21Сурег. Бұршақ гүлінің қара қошқыл және ақ түсі-нін. Тұқым қуалауы:л— гүлдің ңара ңошңыл түсінің факторы; о— гүлдің аң түсінің факторы.
- •I. Моногибридті шағылыстыру
- •2. Қайыра шағылыстыру
- •3. Доминанттылықтың толық болмауындағы тұқым қуалау. Доминанттылық сипатының өзгеруі
- •4. Ажырау заңын қамтамасыз ететін жағдайлар
- •5. Ажыраудың статистикалық сипаты
- •12 Буданды өсімдіктер ұрпағындағы ажырау
- •6. Гаметалық ажырау және тетрадалық анализ
- •7. Тұрақсыз типті жынысты және жыныссыз көбею деп тұқым қуалаушылық ерекшелігі
- •I. Дигибридті шағылыстыру
- •2. Дигибридті ажыраудың цитологиялық негіздері
- •3. Полигибридті шағылыстыру
- •Будандардың гаметалар түзуінің сандық заңдылықтары және шағылыстырудың әр түрлі типтері кезінде олардың ұрпақтарындағы ажыраулар
- •1. Гендер әрекетінің көрінісі
- •2. Гендердің өзара әрекеттесу типтері
- •3. Гендердің көп жақты (плейотропты) әсері
- •1. Жыныс бойынша ажырау және жынысты анықтаудағы хромосоманың рөлі
- •2. Жыныс пен тіркескен белгілердің тұқым қуалауы
- •3. Жыныс хромосомалары тарамаған кездеп тұқым қуалау
- •9 Тарау. Тіркесу және корссинговер
- •1. Тіркесіп тұқым қуалау құбылысы
- •2. Кроссинговер және оны генетикалық дәлелдеу
- •3. Айқасудың мөлшері және гендерДіҢ хромосома бойынша тізбектеле орналасуы
- •Анализдеуші шағылыстыруда тіркескен гендері бар жүгері үшгетерозиготасының ұрпағындағы ажырауы
- •4. Генді локализациялау
- •5. Генетикалық карталар
- •6. Тетрадалық анализ кезінде кроссинговерді есептеу
- •7. Кроссииговердің цитологиялық дәлелдері
- •8. Хромосомалардың генетикалық карталарьш салыстыру және цитологиялық
- •9. Кроссинговер механизмі
- •10. Хромосомалардың айқасуына әсер ететін факторлар
- •1. Ядро мен цитоплазманың тұқым қуалау кезіндегі салыстырмалы рөлі
- •2. Хромосомасыз, яғни цитоплазмалық тұқым қуалау
- •3. Цитоплазманың предетерминациясы
- •4. Инфекция және эндосимбионттар арқылы тұқым қуалау
- •5. Хромосомасыз тұқым қуалаудың генетикалық анализі
- •1 Мендельдщ тұқым қуалау заңдары және олардан шығатын тұқым қуалаушылықтың принциптері
- •2. Морганның тұқым қуалау заңдары және олардан келіп шығатын тұқым қуалаушылық принциптері
- •3. Цитоплазмалық тұқым қуалаудың заңдылықтары және олардан келіп шығатын тұқым қуалаушылық принциптері
- •1. Генотиптік өзгергіштік
- •2. Фенотиптік өзгергіштік
- •1. Мутациялар классификациясы
- •С о л ж а ң т а және о р т а д а — қысқ аяқты еркек қойжәне саулық оң ж а қ т а — аяңтары ңалыпты жетілген саулық.
- •2. Гендік мутациялар
- •3. Хромосомалық мутациялар
- •4. Геномдық мутациялар
- •5. Цитоплазмалық мутациялар
- •8. Мутацияларды есепке алудың кейбір методтары
- •7. Спонтанды мутациялық процесс және оның себептері
- •8. Индукцияланған мутациялық процесс және оның заң-дылықтары
- •1. Модификациялық өзгерпштік ұғымы
- •2. Модификациялық өзгергіштжтің заңдылықтары
- •1. Молекулалық генетиканың зерттеу объектісі ретіндеп микроорганизмдердің ерекшеліктер!
- •3. Плазмидтер. Эписомалар
- •1. Аллелизм және аллелизм критерийі
- •2. Геннің құрылымы
- •2. Белок синтезін генетикалық бақылау
- •3. Өзгерпштіктің молекулалық негіздері
- •4. Генетикалық инженерия
- •V бөлім Жыныс генетикасы
- •1. Жыныс биологиясы
- •2. Жынысты анықтаудың хромосомалық теориясы
- •3. Жынысты аиықтаудың баланстық теориясы
- •4. Орта жағдайларының жынысты анықтаудағы рөлі
- •1. Жыныстың дифференциациялануы
- •2. Онтогенезде жынысты қайта анықтау
- •1. Жыныстардың табиғи жағдайлардағы арақатынасы
- •2. Жыныстардың арақатынасын қолдан реттеу
- •Онтогенездің генетикалық негіздері
- •1. Алғашқы дифференцировка
- •2. Дифференцировканың генетикалық механизмдері
- •3. Эпигенетикалық өзгергіштік
- •1. Биосинтез тізбегі
- •2. Геннің әрекет ету уақыты
- •1Тұқым қуалайтын реакция нормасы. Онтогенезді басқару
- •2. Экспрессивтілік және пенетранттылық
- •3. Онтогенездік адаптация (бейімделу)
- •4. Мінез-құлық бейімделу ретінде
- •1. Даму кезеңдері
- •2. Ауыспалы кезеңдер (критические периоды). Фенокопиялар және морфоздар
- •3. Генетикалық процестерді жүйелі бақылау. Онтогенездің біртұтастығы
- •1. Мутациялық процесс
- •2. Сұрыптау
- •3.Популяцияның саны
- •4. Изоляция
- •1. Генетикалық гомеостаз
- •2. Түр ішіндегі дивергенция
- •VIII бөлім Адамның генетикасы
- •1. Адам генетикалық зерттеулердің объектісі ретінде
- •2. Генеалогиялық метод
- •3. Цитогенетикалық метод
- •4. Егіздік метод
- •5. Онтогенетикалық метод
- •6. Популяциялық метод
- •1. Хромосомалық аурулар
- •2. Иммундік генетика
- •3. Медициналық генетиканың маңызды міндеттері
- •2. Селекция үшін қажетті бастапқы материал. Тұқым, сорт және штамма
- •І. Комбинативтік өзгергіштік
- •2. Мутациялық өзгергіштік
- •Индукцияланған мутанттардан бөлініп алынған антибиотиктер продуценттері штаммаларының
- •3. Полиплоидия
- •1. Шағылыстыру типтері мен өсіру әдістерінің классификациясы
- •2. Туыстас емес шағылыстыру (аутбридинг)
- •3. Туыстас шағылыстыру (инбридинг)
- •4. Әріден будандастыру
- •5. Гетерозис
- •1. Тұқым қуалау коэффициенті
- •2. Селекция үшін тұқым қуалау коэффициентінің маңызы
- •1. Жаппай сұрыптау (фенотипі бойынша)
- •2. Жеке сұрыптау (генотиш бойынша)
2. Жануарлар гаметогенезі
Жануарлар гаметогенезінің ерекшеліктері. Жануарлардың жыныс клеткасы дене клеткалары сияқты эмбрионалдық клеткалардан пайда болады («Генетиканың практикалық сабақтарына басшылықтағы» 5-суретті қараңыз).
Онтогенезде оқшауланатын, ал кейіннен одан жыныс бездері мен жыныс клеткалары дамитын бастама клеткалар ұрық жолы деп аталады. Ұрық жолының оқшаулануы әр жануарда онтоге-нездің әр кезеңінде, бірақ бәрінде де ол біршама ертерек өтеді. Өзіндей ұрпақ ендіруге және тұқым қуалаушы информацияларды беретін жыныс клеткалары ерте қалыптасып маманданады деп айтуға болады.
Бастама клеткалар бірнеше қайтара бөліну арқылы гониальды клеткаларды — гонийлерді түзеді. Алғашқыда екі жыныс особь.тарында да гонийлер ұқсас болады, одан ары олар жікте-ліп, еркек организмде сперматогонийге, ұрғашы организмде оогонийге айналады.
Олар бірнеше рет митоздық жолмен бөлінеді, бүл кезде хромосомалар жиынтығының диплоидты қалпы сақталады, бірақ шамалы кішірейіп бөлінуі тоқталады. Енді клеткалар өсу кезе-ңіне өтіп, келемі ұлғая бастайды. Хромосомалар жиынтығы диплоидты дамудың бүл стадиясында әлі пісіп жетіле қоймаған аталық. жыныс клеткаларын бірінші қатардағы сперматоциттер (I сперматоцит) деп, ал аналық жыныс клеткаларын бірінші қа-тардағы ооциттер (I ооцит) деп атайды. Аналық және аталық жыныс клеткаларының пісіп жетілу процесінде айырмашылық болады.
Сперматогенез. I сперматоцитте мейоз басталады. Жануар-ларда мейоздық бөлінуді пісіп жетілу бөлінуі деп те атайды. Өсу кезеңінің езінде-ақ I сперматоцитте мейоздың профазасына тән езғерістер басталады. Пісіп жетілу кезеңіндегі бірінші бөлінудің (редукциялық) нәтижесінде екінші қатардағы сперматоциттер (II сперматоцит) түзіледі. Олар гаплоидты болады. Пісіп жетілу кезіндегі екінші белінуден (эквациялық) кейін әр II спер-матоциттен екіден клетка түзіледі. Ол клеткалар сперматидтер деп аталады. Сонымен, диплоидты бір клетка — I сперматоциттен мейоздық жолмен екі рет бөліну нәтижесінде гаплоидты төрт сперматид түзіледі.
Жетіліп, қалыптасу кезінде сперматидтердің сперматозоидтарға айналу процесін
спермиогенез деп атайды. Ядро мен цитоплазманың барлық элементтері осы процеске қатысады. Пісіп жетілген сперматозоидтың басы, орта бөлігі (мойны) және құйрығы болады.
Сперматид ядросы сперматозоидтың басына айналады. Цитоплазмалық органоидтар структуралық жағынан өзгеріске ұшырап, әр түрлі органдарға айналады, ол органдар сперматозоидтық қозғалысын және оның жұмыртқа клеткасына енуін қамтамасыз етеді. Сперматозоидтағы цитоплазма өте жұқа қабат түрінде болады.
Сперматозоид ядросының химиялық құрамы басқа ткань клеткаларының ядросына ұқсас, бірақ кейде онда гистонның орнына протамин болады. Сперматозоид ядросындағы хромосома саны гаплоидты болғандықтан, мұндағы ДНК мөлшері де диплоидты клеткалар ядросыныкінен екі есе аз болады.
Электронды микроскоп көмегімен сперматозоид ядросының құрылысының кристалды болатыны анықталды, мұнда Дезокси-рибонуклеопротеидтің молекулалары параллельді орналасуын қамтамасыз етеді. Сперматозоидтың мұндай күйі тұқым қуалаушы информацияны сақтап жеткізу үшін бейімделгендік болуы мүмкін, өйткені сперматозоид еркек организмінен басқа жерде әр түрлі сыртқы әсерлерге ұшырайды. Шындығында зерттеу пісіп жетілген және пісіп жетілмеген жыныс клеткаларының сыртқы орта әсеріне сезімталдығы әр түрлі болатынын көрсетті (13-тарауды қараңыз).
Морфологиясы жағынан сперматозоидтар алуан түрлі және әр түрдің езіне тән болады.
Оогенез. Аиалық жыиыс клеткаларының — жүмыртқа клеткалары — дамуын оогенез деп атайды. Бұл негізінен сперматогенезге ұқсас, алайда айтарлықтай айырмасы да бар.
Біріншіден, бірінші қатардағы ооциттердің (I ооцит) өсу стадиясы I сперматоцидтердікіне қарағанда ұзақ болады, өйткені өсу кезінде оцитте — болашақ жұмыртқа клеткасында — қоректік заттар жиналады. Осы стадия кезінде кейбір жануарларда «лампа щеткалары» сияқты хромосомалар пайда болады.
Екіншіден, мейоздық жолмен екі рет белінгеннен кейін әр-бір I ооциттен төрт оотид түзілгенімен, соның біреуі ғана (одан әрі жұмыртқа клеткасы) есіп-жетіліп, үрықтана алады. Гаплоидты хромосомалар жиынтығы бар қалған үш оотидте цитоплазма қоры жеткіліксіз болады, олар тіпті өз алдына жеке клетка болып оқшаулана алмайды. Олардың қалыптасып түзілуі былай жүреді. Пісіп жетілудің бірінші бөлінуінен кейін, II
ооциттен баска, бірінші полярлық дене бөлініп шығады; оны басқаша бағыттаушы немесе редущиялық дене деп атайды. Полярлық дене бөлініп, екі оотид түзеді. Пісіп жетілудің екзнші бәлінуі нәтижесінде жұмыртқа клеткасы және екінші полярлық дене, яғни үшінші отид түзіледі.
Сонымен, оогенез процесі кезінде екірет мейоздық жолмен
бөліну нәтижесінде пайда болатын төрт клетканың біреуі ғана жұмыртқа клеткаға айналады.
Бұның жыныстық жолмен көбеюдегі заңдылықтарды түсінуде үлкен маңызы бар. Жоғарыда айтылғандай, мейоз процесі әкелері мен шешелерінің хромосомаларының түрлі комбинациялануымен клеткалар түзіледі, ал оогенез нәтижесінде тек бір клетка ғана, яки пайда болған барлық комбинациялардық біреуі ғана тіршілік ете алады.
