Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Генетика жєне селекция негіздері.doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
7 Мб
Скачать
☆

3. Цитоплазмалық тұқым қуалаудың заңдылықтары және олардан келіп шығатын тұқым қуалаушылық принциптері

Цитоплазмалық тұқым қуалау заңдылықтарына мыналарды жаткызуға болады:

1) белгілердің аналық линия бойынша берілуін;2) ажыраудын, қатал сандық заңдылықтарының жоқ болуы; Цитоплазмалық тұқым қуалаушылық принщштері мыналар болып табылады:

  1. белгілердің дискретті детерминациялануы;

  2. плазмогендердің салыстырмалы тұрақтылығы;

  3. ұқсас плазмогендердің көптігі.

Сонымен, тұқым қуалау және тұқым қуалаушылық деген ұғымдарды ажырата білу қажет, бірақ, ақырында ұрпақтар арасындағы материалдық және қызметтік сабақтастылық клетканың өзін-өзі ендіре алатын ядролық және цитоплазмалық құры-лымдарының бәрімен қамтамасыз етілетінін есте сақтау керек.

III бөлім

Өзгергіштік, оның себептері және оқып үйрену әдістері

Генетика тұқым қуалаушылық құбылысын ғана емес, соны» мен қатар өзгергіштік құбылысын да зерттейді.

Өзгергіштік деп жаңа белгілерге ие болу немесе бұрыиғы белгілерінен айрылу қабілетін білдіретін жанды нәрсенін, өзгеру қасиетін түсінеді. Ол особьтардың алуан түрлілігінен көрінеді.

Өзгергіштікті тұқым қуалаушылыққа қарама-қарсы қасиет деп айтуға да болады. Өзгергіштік тірі табиғаттың эволюция барысындағы бүкіл кәп түрлілігіне негіз болды.

12-тарау. ӨЗГЕРГІШТІК КЛАССИФИКАЦИЯСЫ

Особьтар белгілерінің алуан түрлілігін түр, тұқым сорт және т. с. с. шегінде өзгергіштікті бағалау — әрқашан да олардың фенотиптік керінісі бойынша жүргізіледі.

Алайда олардың фенотиптік алуан түрлілігінің себептері түрліше болуы мүмкін. Генотиптері бірдей организмдер белгілері көрінісінің өзгеруін анықтаған генотиптер мен орта жағдайларының айырмашылығы. Бүл принцип бойынша езгергіштіктің екі типін ажыратады.

1. Генотиптік өзгергіштік

Геннің немесе клетканың генетикалық аппаратының басқа да элементтерінің езгеруі организмнің қасиеттері мен белгілерінің өзгеруіне себепші болуы мүмкін. Мұдай өзгерістерді мутация деп атайды. Мутациялар жекелеген жыныс клеткаларында секірмелі түрде пайда болады және үрпақтарда сақталады. Го-мозиготалы ақ үй қоянының ұрпағында ара үй қаянының, қыл-танақты бидайда қылтаыақсыз формалардың, жасыл балдыр хлореллада салат түсті балдырдың пайда болуы және т. с. с. мысал бола алады.

Өзгергіштік гендердің мутациялары ғана емес, сондай-ақ олардың түрліше комбинациялары арқылы да жүзеге асуы мүмкін. Өзара әсер ету жағдайында гендердің комбинациясы жаңа белгілердің пайда болуына немесе олардың жаңаша үйлесулеріне еп соғуы мүмкін. Мұндай өзгергіштікті комбинативті өзгер-гіштік деп атайды, ол шағылыстыру нәтижесінде пайда болады. Комбинативті өзгергіштік мысалдары 6, 7, 9-тарауларда қарастырылған болатын.Мутациялық және комбинативтік өзгергіштік генотиптердің әр түрлілігімен қамтамсыз етіледі, сондықтан олар генотиптік немесе түқым қуалайтын өзгергіштікке жатады.

2. Фенотиптік өзгергіштік

Жеке даму процесінде организмнің морфологиялық, физио-логиялық, биохимиялық және басқа ерекшеліктерінің заңды өзгерістері байқалады. Бүл өзгерістердің пайда болу уақыты мен тәртібін онтогенезде генотип(қатаң түрде белгілеп отырады. Мұндай өзгергіштікті жаща байланысты немесе онтогенетика-лыщ өзгергіштік деп атайды. Адамның дене және ақыл-ойының дамуы заңды түрде және біртіндеп қалайша жүзеге асатынын еске түсіре отырып, онтогенетикалық өзгергіштіктің мысалдарын жеке өз басының тәжірибесінен байқауға болады. Онтогенетикалық өзгергіштіктің генотиптік өзгергіштіктен айырмашылығы, мүнда жас ерекшелігіне қарамастан, организмдерде бірдей генотип сақталады. Мұндай өзгергіштікті фенотиптік немесе тұқым қуаламайтын өзгергіштікке жатқызады. Онтоге-нетикалық өзгергіштік жөнінде VI бөлімде толығырақ айтылатын болады.

Организмнің барлық белгілері, мен қасиеттері тұқым қуалап анықталады, алайда организмдер алдыңғы ұрпақтан белгілер мен қасиеттердің өздерін емес және тіпті олардың даму қажеттігін емес, онық болу мүмкіндігін ғана қабылдайды. Белгінің дамуы үшін немесе айтылып жүргендей, генотип фенотипте жүзеге асу үшін сыртқы ортаның тиісті жағдайлары болуы қажет.

Егер белгілі бір генотиптегі хлорелланы жарықта өсірсе, одан түзілетін колониялар жасыл түсті болады, Ал қараңғыда өсірілген осындай клеткалар сары түсті колониялар түзеді. Егер сары клеткаларды жарыққа шығаратын болсақ, олар қайтадан жасыл колониялар түзеді. Демек, екі жағдайда да клеткаларда хлорофилл түзу мүмкіндігі болды, бірақ оны жүзеге асыру үшін жарық қажет болды.

Тіпті белгі дамитын жағдайда да оның байқалу дәрежесі сыртқы орта жағдайларына байланысты белгілі бір шекте езге-ріп отыруы мүмкін. Мәселен, адамда секпілдің болуы генотип арқылы анықталады, алайда олардың даму дәрежесі күн көзін-де үзақ болуына байланысты. Сондықтан организмдерде белгілі бір р е акци я но р м а л а р ы тұқым қуалайды деп айту қабылданған.

Әр түрлі орта жағдайындағы бірдей генотиптер көрінісінің алуан түрлілігін модификациялық ө з г е р г ішт і к деп атайды. Онтогенетикалық езгергіштік секілді ол да фенотип-тік немесе түқым қуаламайтын езгергіштікке жатады.

Генетикада кеңінен қолданылып жүрген «тұым куаламайтын өзгергіштік» термині орынсыз екенін атап көрсету керек, ейткені организмнің барлық белгілері мен қасиеттері түкым қуалаушылыққа байланысты және олардық фенотиптік көріні-

61-сурет. Өзгергіштік классификациясы. Мутациялык және комбинациялық өзгерістер кезінде модификациялық және онтогенездік өзгергіштік байқала-ды, бірақ схеманы ауырлатпау мақсатында олар көрсетілген жоқ.

сіндегі алуан түрлілікті анықтайтын өзгерісі де генотиптің қасиеттерімен анықталған. Фенотиптік өзгергіштік келесі ұрпақта жаңғырмайтындықтан, оны тұқым қуаламайтын өзгергіштік деп атау едәуір орынды болған болар еді.

61-суретте қойбүлдірген (Ғгаагіа туысы) жапырақтарының өзгергіштігі бейнеленген. Вертикаль бойынша алғандағы ортада жапырақтың онтогенездегі бір телімдіден үш телімдіге дейінгі өзгеруі көрсетілген. Бұлонтогенетикалық өзгергіштік (уақытка байланысты өзгергіштік). Бірақ онтогенездің әрбір мезгілінде (горизонталь бойынша) белгінің байқалу дәрежесі түрліше бо-луы мүмкін. Мәселен, бір телімді жапырақтың мөлшері мен тіс-шелерінің саны әр түрлі болуы мүмкін және т. с. с. Бүл — мо-дификациялық өзгергіштік (кещстіктегі өзгергіштік). Схеманың бұл бөлігінде бейыеленген жапырақтардың езара қандай айыр-машылықтары болса да, олардың борікің генотипі бірдей бола-ды. Міне, сондықтан да мүндай өгергіштікті фенотнптік деп атайды.

Егер ата-аналар особьтарының гаметаларында ген өзгерісі болса, онда мүндай зиготадан дамитын есімдіктердің жапырақ-тары бүкіл онтогенез кезеңінде бір телімді болуы мүмкін. Бүл ©згерісті мутациялық деп атайды (схемада — сол жақта). Ша-ғылыстыру нәтижесінде генотиптегі бірнеше гендердің комбина-циясы бес телімді жапырақтың пайда болуына әкеп соғуы мүм-кін. Бүл — комбинативтік өзгергіштік (схемада — оң жақта). Өзгергіштіктің мұндай формаларын генотиптік деп атайды. Схемада оны жеңілдету үшін мутациялық және комб.инативтік өзгергіштік шегіндегі онтогенездік және модификациялық өз-гергіштік келтірілмеген.

13-т а р а у. МУТАЦИЯЛЫҚ ӨЗГЕРГІШТІК

6, 7, 9-тарауларда гендердің комбинациялары және олардың өзара әсер етуі нәтижесінде пайда болатын тұқым қуалайтын өзгергіштік яғни комбинативтік өзгергіштік туралы сөз еттік. Мұнда гендердің өздері өзгермейді, олардың үйлесуімен гено-тип системасындағы өзара әсер ету сипаты өзгерді. Сондықтан тұқым қуалайтын өзгергіштіктін, бұл типін қосалқы құбылыс ретінде, ал геннің мутациялық өзгерісін жацаның көзі—бастап-қы кұбылыс ретінде қарастыру керек.

«Мутация» терминін «Мутациялық теория» атты (1901 — 1903) классикалық еңбегінде Г. де Фриз тұңғыш рет ұсынды. Ол тұқым қуалайтын белгінің секірмелі, үзілмелі өзгеру құбы-лысын мутация деп атады, Әр түрлі белгілердің үрпақтан ұрпаққа берілетін секірмелі өзгерісінің көптеген мысалдары кезін-де Ч. Дарвинге де мәлім болатын. Ч. Дарвин о-ларды айқын емес өзгерістер деп атап, эволюцияда оларға үлкен мән берді.