Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Генетика жєне селекция негіздері.doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
7 Мб
Скачать
☆

Будандардың гаметалар түзуінің сандық заңдылықтары және шағылыстырудың әр түрлі типтері кезінде олардың ұрпақтарындағы ажыраулар

Бір карағанда белгілердің тәуелсіз үйлесуі заңының бүлай шектелуі түқым қуалаушы өзгергіштікті гаметалар комбинацияларының шағындығы шектейді деген ой туғызады. Шындығында олай емес. Адам гаметаларының еркін комбинациялануына байланысты пайда болатын комбинативтік өзгергіштіктің мүмкін боларлық құлашын мысалға алып қарастырайық. Адам хромосомасының 23 жұбының әрқайсысындағы аллельдер саны тек бір жұптан ғана болады деп алайық. Осының өзінде әр түрлі гаметалар типінің саны 8.388.608 болады және олардың комби-нациялану мүмкіндігі 70 368 744 177 664 санына тең болады.Полигибридті шағылыстыру кезінде белгілердің заңды түрде ажңрауы іске асу үшін моногибридті шағылыстыруды анализ жасаған кездегі барлық шарттар сақталуы керек. Оларға тағы да мынадай екі шартты қосу қажет: 1) ескерілетін гендер гомо-логиялық емес хромосомаларда болуы тиіс; 2) мейоз кезінде гомологиялық емес хромосомалардың кездейсоқ ажырасуы негізінде гаметалардың барлық сорттары түзілуінің тең ықтималдығы.

7-тарау. ГЕНДЕРДІҢ ӨЗАРА ӘРЕКЕТТЕСУІ КЕЗІНДЕГІ ТҰҚЫМ ҚУАЛАУ

Түқым қуалау заңдылықтарына анализ жасаған кезде мынау анықталды: егер әр ген организмдегі өзі басқаратын белгісіне немесе қасиетіне әсер етсе және басқа гендердің әсерінеи тәуелсіз болса, гетерозигота ұрпағында белгілердің ажырап айрылуы 9:3:3:1 қатынасында болады. Ал белгілердің қалыптасуы организмнің жеке басының дамуы кезінде іске асады, оны бір ғана геи басқармайды, гендер жиынтығына, яғни генотиптің сыртқы ортамен өзара әрекеттесуі нәтижесінде қалыптасады. Сондықтан тұқьш қ.уалау заңдылықтарына фенотип бойынша анализ жасаған кезде хромосомалардың таралуы мен үйлесімдерін және оларда орналасқан гендерді ғана ескеріп қоймай, онтогенез кезіндегі гендердің өзара орекеттесуін де зерттеу қажет.

1. Гендер әрекетінің көрінісі

Ген тұқым қуалаушылықтын. бірлігі болғандықтан, ол организм белгілерін детерминациялайды және өзі белгілі бір қызмет атқарады. Бүрынырақ баяндалғандардан мынау белгілі: ген өзі-нің әрекеті жөнінде дпскретті (үзілмелі); ол организмнің бел-гілі бір белгісінің дамуын немесе басылуын анықтайтын жекеле-ген биохимиялық реакцияның бслуын немесе болмауын анық-тайды. Егер бірнеше ген белгілі бір қасиетті ғана (адам көзі-нің бояуы, бидай масағының ұзындығы т, с. с.) анықтаса, онда олар өзара әрекеттесуге тиісті.

Гендер әрекетінің өзіміз атап өткен ерекшеліктерін қарас-тыру алдында, оларды белгілеу системасы женінде келісіп алу қажет. Осы уақытқа дейін біз латын алфавитінің кез келген, көбінесе бастапқы әріптерін пайдаланып келдік. Ал әр түрге жататын организмдердің гендері үшін әр түрлі номенклатура қабылданған. Әдетте, гендерді белгілеу үшін сол ген анықтай-тын белгі атының алғашқы бір немесе екі әрпі пайдаланылады. Көбінесе ондай атаулар ағылшын немесе латын тілінде беріледі. Мысалы, тауықтың (Саііиз сіотезіісиз) ергежейлілігін анық-тайтын геннің рецессивті аллелін <і\у (сішагі — ергежей), ал оның денесінің қалыпты мөлшерде болуын анықтайтын доми-нантты аллель Ү)ш әріптерімен, жүгері дәніндегі эндоспермнің сары түсін анықтайтын геннің рецессивті аллелін у әрпімен (уе11о\у— сары), оның доминантты аллелін У әрпімен белгілейді. Кейде доминантты аллельді «+» белгісімен көрсетеді. Мыса-лы, сіі0+у+.