Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Генетика жєне селекция негіздері.doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
7 Мб
Скачать
☆

3.Популяцияның саны

Гендердің концентрациясы популяцияның санымен анықта-лады. Популяция келемі кем болған сайын ұрпақта рецессивті гомозиготалар беретін гетерозиготалы особьтардың әзара ша-ғылысу мүмкіндігі артады. Керісінше, популяцияның саны көп болған сайын рецессивті гомозиготалардың пайда болуы азая түседі. Саны аз популяцияларда сұрыптау тез арада зиянды гендерді ығыстырып, пайдалыларын жинақтай бастайды. Бірақ шағын популяцияда жеке генотиптердің жинақталуында кездей-соқтықтың мүмкіндігі артады. Кездейсоқ жағдайдан популяция-■ның саны азайып кетсе, онда тек қана мутантты гендердің сак-талып қалуы, ал басқалары болса, кездейсоқ жойылып кетуі ықтимал. Бүдан кейінгі шақта популяция саны артса, кездей-соқ сақталып қалған гендердің саны тез арада молаяды. По­пуляцияда кездейсоқ факторлардың әрекетіне байланысты гендер жиілігінің әзгеру күбылысы генетикалық дрейф (С. Райт бойынша) немесе генетикалық-автоматтық процесс (Н. П. Ду­бинин бойынша) деп аталады.

4. Изоляция

Изоляцияның маңызы. Түр популяциялардан құралады. Егер бір популяцияның особьтары басқа популяцияның особь-тарымен мүлде немесе ішінара шағылыспайтын болса, онда мүндай популяция изоляция процесіне душар болады. Егер бөлектену үрпақтар тізбегінің көп қатарында жүрсе, сұрыптау факторлары әр түрлі популяцияларда неше түрлі бағытта қыз-мет етеді, сейтіп популяциялардың дифференциясы жүреді. Кей-іннен мүндай популяциялар жаңа түрлердің бастамасын, ал ажырау мүлде күшті болса — жаңа түрдің бастамасын беруі мүмкін.

Изоляцияның факторлары. Түр ішінде популяциялардың изо-ляциялануы географиялық (тау жасалу процестері, өзендер мен су қоймаларының пайда болуы), экологиялық және биоло-гиялық факторлар арқылы қамтамасыз етіліп отырылуы мүмкін. Геологиялық өзгерістер туғызған қандай болсын популя-цияның бөлектенуі географиялық изоляцияға әкеп соқтыруы ықтимал. Сондай-ақ экологиялық факторлар да — территория-лық-климаттық, микроклиматтық, маусымдық-климаттық және басқа факторлар да бір түр организмдерінің еркін шағылысуы-на кедергі жасауы мүмкін. Мысалы, теңізде тіршілік ететін, бірақ өзенге уылдырық шашу үшін қайтып келетін балықтардың әрбір өзендегі популяциясы әркелкі, ерекше болады. Бүл популяциялар өнімдерінің өлшемі, уылдырық шашқан кездегі түр-түсі, жыныстық жағынан жетілуі, көбею мерзімдері тағы басқа белгілері әркелкі болады.

Шағылысу еркіндігін бұзатын биологиялық факторлар қата-рына генетикалық және физиологиялық факторлар жатады. Изоляцияның генетикалъщ факторлары қатарына көбінесе ме-йоздың қалыпты өтуінің бүзылуы жатады, ол өсімталдығы жо-ғары болатын ұрпақ алынуына кедергі келтіреді. Осыидай бүзылудың себептері полиплоидия, хромосомалық қайта қүры-лулар, ядро-цитоплазмалық сәйкес келмеуінеи болады (13-та-рауды қара). Көрсетілген қүбылыстардың әрқайсысы особьтардың еркін шағылысуын шектеуге жоне будандардың бедеу болып қалуына, демек гендердің еркін комбинациялануын те-жеуге, яғни өз ішінде өсімталдығы жоғары болатын үрпақ бере алатын формаларды генетикалық изоляциялауға әкеп соқтыра алады.

Популяцияның изоляциясы сонымен бірге физиологиялъщ факторлар арқылы да қамтамасыз етіп отырылуы мүмкін. Өзен-де уылдырық шашатын теңіз балықтары уылдырық шашу үшін өздері дүниеге келіп, теңізге түскенге дейін «жастық» тіршілі-гін өткізген езенге шығатындығы белгілі. Бүл балықтардың тіршіліғін өткізген өзеніне қайтып оралуын қамтамасыз ететін физиологиялық процесс, осы езен балықтарының популяциясы үшін изоляция факторы болып табылады. Мұндай бөлектену бір түр ішіндегі особьтардың өзара шағылысу еркіндігін шек-тейді. Жануарларда изоляцияны шартты рефлекс (тәуліктік және маусымдық жыныс активтілігінің өзгеруі, жүптасудьщ таңдамалы болуы және т. с. с.) қамтамасыз етеді. Мәселен, қайсыбір қораз қауырсыны езіне үнайтын түске боялған тауық-пен шағылысады. Насекомдар үшін де шағылысуды таңдаушы-лық қү бы лысы анықталып отыр.

Популяциядан организмдер тобының оқшаулануы генетика-лык, жағынан үқсас особьтардың өзара шағылысу мүмкіндігін арттыра түседі. Сөйтіп, изоляция аллогамды организмдер ара-сында инбридингтің күшейе түсуіне жол ашады. Міне, осыдан барып изоляцияның езі популяцияның дифференциясының бо-латынын айқындай түседі.

Сонымен, популяциялардың генетикалық қүрылымына әсерін тигізетін көптегеи факторлардың әсерлері арқасында олар-да қалыптасу және генетикалық динамика процестері жүреді, бүл микроэволюцияны құрайды.

27-тарау. ЭВОЛЮЦИЯНЫҢ ГЕНЕТИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ