Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Генетика жєне селекция негіздері.doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
7 Мб
Скачать
☆

5. Цитоплазмалық мутациялар

Цитоплазмалық мутациялар үғымы.СОрганизмнің белгілері мен касиеттерінің өзгеруіне әкеп соғатын плазмогендердің өзгерісін цитоплазмалық немесе плазмалық мутациялар деп атайды. Цитоплазмалық мутацияларды зерттеу олардың орналасу орнын анықтаудағы нақты қиындықтарға байланысты күрделене түсті. Жоғарыда айтылғандай, қазіргі кезде плазмогендер пластидтер мен митохондрияларда ғана шоғырланған, ал басқа органоидтарда олардың болатындығы дәлелденген жоқ. \

Шоғырланған орны мүлде белгісіз плазмогендер де бар. Мысалы, жүгерідегі ІІМС-ін тек жобалап митохондрияда болады деп есептейді (10-тарауды караңыз).

Цитоплазмалық мутациялардың гендік мутациялармен ұқсастықтары бар: олар түрақты және үрпақтан үрпаққа беріледц Алайда оларды табу қиын, өйткені клеткада аттас цитоплазмалық құрылымдар көп мөлшерде кездеседі. Фенотипте рецессивті мутациялар байқалуы үшін клеткадағы тиісті цитоплазмалық қүрылымдардың бәрі мутантты болуы қажет. Мутантты және мутантты емес қүрылымдардың митозда бөліну жылдамдығы клеткадағы осы қүрылымдардьщ жалпы санына байланысты.

Цитоплазмалық мутациялардың табиғаты. Цитоплазмалық мутациялардың табиғаты алуан түрлі болуы мүмкін. Өзгерудің. екі типі белгілі. іЭнын, бірінші типіне қүрылымнан айрылу жатады. Қараңғы жағдайда үзақ уақыт өсіруден пластидтерінен айрылатын (пластидтік мутация) эвгленаның мутантты штаммалары осыған мысал бола алады. Құрылымы-нан айрылу қайтымсыз құбылыс болып табылады да, талшық-тылардың бірқатар касиеттерінің өзгеруіне себепші болады. Цитоплазмалық қүрылымдары атқаратын қызметі жағынан немесе морфологиялық түрғыдан өзгерген мутанттар екінші типке жатады. Бұған ашытқы мен нейроспорадағы «тыныс алу» мутациялары мысал бола алады (10-тарауды қараңыз). Мутантты және қалыпты клеткалардың электрондық микрофотографиялық суретінен олардың митохондрияларыныд морфологиясы жөнінен бір-бірінен айырмашылығы жоқ екені көрінеді. Ашытқының мутанттық штаммаларының митохондрияларында цитохромоксидаза болмайтындығы арнаулы зерттеулер арқылы керсетілген.Плазмогендер өзгерісі, сірә, митохондриялар ДНК-нің өзгерісімен байланысты болуы да мүмкін.

Мутантты плазмогендер рецессивті немесе доминантты бола алады. Олардың көрінісін доминантты плазмогеңдер басып тастайтын болса да, клеткада рецессивті плазмогендер сақталады және өздерін-өздері өндіреді.

Пластидтердің фенотипін анықтайтын цитоплазмалық мутациялар барлық жасыл өсімдіктерде спонтанды түрде пайда болады. Олардың туу жиілігі аса көп емес. Мысалы, энотерада шамамен 0,02%, есімдіктердің құрамында мутантты сары неме-се ақ пластидтері бар, яғни қалыпты жасыл бояуынан айрылған жекелеген клеткалары немесе ткань учаскелері болады. Шын-дығында да, мұндай мутациялардың пайда болу жиілігі едәуір жоғары, атап айтқанда 0,1%-тен 0,5%-ке дейін жететін өсімдік-тер (қызылша, капуста және т. б.) де бар. Кері цитоплазмалық мутациялардың пайда болу жиілігі мұқият зерттелмеген. Бірақ, кері мутациялану (аномальды пластидтерден қалыпты пластид-тердің тууы) фактісінің өзін анықталған деп есептеуге болады. Плазмогендердің ерекшеліктері. Кейбір химиялық заттар өңделетін клеткалардың көптеген мөлшерінде цитоплазмалық му-тациялар туғыза алады. Бұл тұрғыдан алғанда плазмогендердің хромосомалық гендерден түбегейлі айырмашылықтары бар. Хро-мосомалық гендерде осы агенттер әсер еткенде мутациялар 10~6 және одан да сирек жиілікте пайда болады.

Акридинді бояғыш заттар плазмогендерге әсер ететін химия-лық заттардың қатарына жатады. Мысалы, эуфлавин өңделген ашытқы клеткаларының кептеген мөлшерінде ергежейлі мутация туғызады.

Кейбір өте сирек жағдайларда сыртқы орта өзгерістеріне жауап ретінде пайда болатын мутациялар белгілі бір дәрежеде, атап айтқанда оларды туғызған жағдайларға адаптацияланғыш болып табылады. Мысалы, басқа мутациялармен қатар стрепто-мицин хламидомонаданың (Сһіатусіотопаз геіпһагсіі) сезгіш клеткалары ішінде төзімді, стрептомицин бар ортада тіршілік етуге қабілетті клеткалардың пайда болуына жағдай жасайды. - Сонымен, цитоплазмалық мутациялардың болуы түр генефондыи бүрынғыдан да байытып, эволюциядағы езгергіштіктің қосымша резерві болып қызмет етеді.