Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Генетика жєне селекция негіздері.doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
7 Мб
Скачать
☆

2. Модификациялық өзгергіштжтің заңдылықтары

Математикалық методтардьГ қолдану қажеттігі. Модификациялық өзгергіштікті зерттеуде генетиктер жоғарыда айтылған-дай, әр түрлі сыртқы орта жағдайларында дамитын біртектес

73-сурет. Қалыпты қисық сызық.

генетикалық материалмен жұыс істеді. Ылғалдылық, темпе-ратура, жарықтың түсуі, кұрылым, топырак. құнарлылығы және т.с.с. көптеген жағдайлар тіпті бір танапта ешқашан да ұқсас болмайды. Сондықтан би-дайдың бір танабындағы масақ-тың ұзындығы 6,2 см-ден 13,4 см-ге дейін ауытқуы мүмкін. Белгілі бір жағдайлар комплексі бір өсімдікке әсер ете отырып, оның масағының үзындығы 7,4 см болуын анықтады, ал басқз өсімдікке сол жағдайлардың басқаша үйлесімі әсер етіп оның масағының үзындығы 8,2 см болуын анықтайды. Бірінші өсімдік: масағының ұзындығы басқаша емес, дәл 7,4 см болуы кездей-соқ жағдай. Мұның жануарлар мен микроорганизмдердің сандық белгілеріне де қатысы бар. Демек, модификациялық өзгергіштік заңдылықтарын зерттеудегі міндет кездейсоқ құбылыс-тар массасындағы заңдылықтарды зерттеуге алып келеді. Ал мүны математика пәндерінің бірінің, атап айтқанда статисти-каның1 методтарын пайдалана отырып істеуге болады.

Қалыпты таралу—модификациялық өзгергіштік заңы. Өсімдіктердің, жануарлар мен адамның алуан түрлі белгілерінің мо-дификациялық езгергіштігінің ортақ сипат.ы болатындығы анықталған. Олар графиктен жақсы көрінеді (73-сурет). Вариациялық қатарды графиктік бейнелеуде қабылдағанындай, абсциссалар осі бойына белгінің мағыналары, ординаталар осі бойына олардың кездесу жиілігі салынған.

Белгінің орташа мағынасы бәрінен де жиі кездеседі, ал орташа мағынадан едәуір айырмашылығы бар вариациялар өте сирек кездеседі. Қисық сызық графикте әдетте симметриялы бо-лады. Бұ орташаға қарағанда үлкен мағыналы вариациялар,1 Биологияда пайдаланылатын статистикалық методтармен танысу үшін мынадай әдебиеттерді оқуды ұсынамыз: Ватти Қ. В., Т и х о м и р о в а М. М. Руководство к практическим занятиям по генетике. М., Просвеще-ние, 1979; Рокицкий П. Ф. Биолргическая статистика. Минск, Высшая школа, 1973.сондай-ақ, кіші мағыналы вариациялар, бірақ орташа арифме-тикалық мағынадан белгілі бір шамаға ғана айырмашылығы бар вариациялар бір шамада жиі кездеседі деген сөз. Осыдан келіп, минимум және максимум шамалар өте сирек, бірақ бірдей жиілікте кездесуі тиіс деген қорытынды шығады.

Мұндай таралу заңдылығы тек модификациялық өзгергіштік-ке ғана емес, сондай-ақ басқа да кездейсоқ құбылыстарға тән. Оны Қ. Гаусс сипаттаған, сондықтан ол гаустық немесе қалыпты. таралу ретінде белгілі. Ол табиғатта өте жиі кездесетіндіктен, қалыпты таралу деп аталған.

Модификациялық езгергіштік -заңдылықтарын білудің өте зор практикалық маңызы бар, өйткені ол көптеген көрсеткіштерді болжай және алдын ала жоспарлай білуге мүмкіндік бередіСонымен, қорыта келе тағы да мынаны атап көсету қажет: ооганизмнің реакция нормасын генотип анықтайды; әр түрлі белгілер сыртқы жағдайлардың әсер етуінен болатын өзгергіштік шегі арқылы ажыратылады, яғни кеңдігі жөнінен реакция нор-масы әр түрлі болады; табиғи жағдайларда модификациялық өзгергіштік бейімделушілік сипатта және бұл мағынада алғанда эволюцияда маңызды болады, ал ауыл шаруашылығы практика-сында генотипті жүзеге асыруға оптимальды жағдайлар жасалғанда едәуір жоғары енімділікке жетуге мүмкіндік береді: математикалық статистика методтары зерттеудІң негізгі методтары, щ калыпты таралу — негізгі заңдылық болып есептеледі.

IV б ө л і м

Тұқым қуалаушылық пеи өзгергіштіктің мөлекулалық

Генетика, классикалық әдістер — цитологиялық және гибри-дологиялық талдауларды пайдалаыа отырып, тұқым қуалаушылықтың материалдық негізі ең алдымен хромосомалар болаты-нын сенімді түрде көрсетіп берді. Хромосомалар ұзындығы бойынша дискретті және оның жекелеген учаскелері — локус-тары — организмнің әр түрлі белгілері мен қасиеттерінің да-муын анықтайды. Қлеткадағы хромосомалар санының немесе құрылымының өзгеруі оның өзгергіштігін анықтайды.

Алайда генетиканың негізгі мәселелерінің бірі: тұқым қуа-лаушылық бірлігі дегеніміз не — ген бе? — деген мәселе шешілмеген күйде қалып келді. Оның химиялық табиғаты қандай? Ол қалай қызмет атқарады? Қалай өзіи үдайы өндіреді? Қалай өзгереді?

Аталған сүрақтарға жауап алу генетиканың табыстарына ғана емес, сонымен бірге физиканың, химияның және басқа ғылымдардың даму деңгейіне, сондай-ақ техниканың және прибор жасау ендірісінің дамуына байланысты болды.

Түқым қуалаушылық пен өзгергіштікті молекулалық деңгейде зерттеу генетиканың ғана емес, сонымен қатар бүкіл биология ғылымының дамуында жаңа эра ашты.

15-тарау. ТҰҚЫМ ҚУАЛАУШЫЛЫҚТЫҢ ХИМИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

Тұқым қуалаушылықтың молекулалық негіздері туралы осы кездегі түсініктерді баяндаудан бүрын молекулалық генетиканың негізгі объектісі — микроорганизмдердің ерекшелігін өте қысқаша түрде сипаттау қажет.