Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Генетика жєне селекция негіздері.doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
7 Мб
Скачать
☆

4. Мінез-құлық бейімделу ретінде

Мінез-құлықтық бейімделудегі маңызы. Мінез-құлық орга-низмнің ортамен теңесу процесі ретінде жануарлар бейімделуі-нін, ең активті, неғұрлым қозғалмалы және ыәзік формасы бо-лып табылады. Мінез-құлыққа тұқым қуалайтын және жүре пайда болатын әрекеттер еыеді.

Шартсыз рефлекстер тұқым қуалайтын мінез-құлық актіле-рі ретінде. Тұқым қуалай анықталатын мінез-құлық актілері деп жануарлардың алдын ала үйретілмей-ақ ортағы генетика-лық детерминделген (қамтамабыз етілген) мақсатқа сәйкестілік реакциялары ескеріледі. Мысалы, барлық жануарлар қалай болғанда да үйретілмей-ақ ұрпағы жөнінде қамқорлық жасай-ды, қысқы азығын жинайды т. с. с. Жеке әрекеттерден реакция-лардың күрделі тізбегі құралады, ол инстинкт деп аталатын мінез-құлықтың тұқым қуалай анықталатын типі болып сана-лады. Алайда инстинкт ортаға бейімделудің консервативті формасы болып табылады, өйткені ол толығымен тұқым қуа-лаушылықпен қамтамасыз етіледі.

Шартты рефлекстер онтогенезде пайда болған мінез-құлық актілері ретінде. Жануарлар эволюциясы процесінде негізінен алғанда басқа механизм — жануарлардың бүкіл өмірі бойында үйрену немесе шартты рефлекстер қалыптастыру арқылы жеке бейімделу механизмі пайда болды.

И. П. Павловтың айтуы бойынша, түқым қуалай анықтала-тын реакцияларды туғызатын орта факторларымен индиффе-рентті қоздырғыштар әсерлерінің уақыт бойынша дәл келуі шартты рефлекстер жасалуына әкеледі. Шартты рефлекстердің көмегімен жануарлар сыртқы орта факторларының езгеруіне сәйкес келетіндей (адекватты), яғни мақсатқа сәйкес жауап бе-реді.

Жануарларда шартты рефлекс жасалу мүмкіндігінің өзі генотиппеи анықталады және бүкіл жануарлар дүниесі үшін универсал механизм болып табылады. Шартты рефлекстер сыртқы ортаның жануарлар қабылдай алатын барлық тітіркен-діргіштеріне туған кезден бастап қалыптаса бастайды. Мәсе-лен, күшіктеген иттің жүніне қамфара майын жағып, содан ке-йін күшіктерін емізуіне мүмкіндік берілсе, онда осылай екі-үш рет қайталағаннан кейін күшіктерде камфара майының иісіне шартты рефлекс пайда болады, ол тамақтың сигналына айнала-ды. Егер мақтаны камфара майына батырып, әлі көзін ашпаған күшіктерге жақындатса, олар иіс шыққан жаққа қарай жор-ғалайтын болады.

Шартты рефлекстер немесе уақытша байланыстар жеке бей-імделудің универсалды механизмі болып табылады. Сондық-тан жануарлар мен адамның эволюциясы бейімделудің ең ак-тивті және прогрестік формасы болып табылатын шартты реф-лекстер ролін арттыра түсу бағытында іске асырылып отырады.

Бірнеше үрпақ бойы популяциялардан генотиптерді сүрыптаудың көмегімен тұқым қуалай оекшлген мшез-құлық ерекше-ліктері бар линияларды жасауға болады, бүлар белгілі біо шартты рефлекстердің тез немесе баяу жасалуына кемектеседі.

Сигналды тұқым қуалаушылық. Шартты рефлекстің онтоге-нетикалық бейімделу механизмі ретіндегі маңызы кеңейе түсу-де, өйткені оның көмегімен адаптивтік рефлекстердің ата-ана-дан үрпаққа және топтың бір мүшелерінен екіншілеріне функ-ционалды берілуі іске аса алады. Мәселен, егер жүмыртқаны жаңа жарып шыққан үйрек балапаны шешесініқ қасында бір-неше күн болса, онда олар шешесінің барлық сигналдарын қабылдайтын болады. Егер үйрекке инкубаторда шығарылған балапандарды қосса, олар үйректің сигналдарына жауап бер-мейді. Бүл жерде шешесімен оның үрпағы арасында сабақтас-тық — сигнал байланысы жоқ.

Мұның өзі ата-ана мен үрпағы немесе бір түрдің особьтары арасындағы сабақтастылық шартты рефлекс механизмі не-гізінде пайда болатынын көрсетеді. Еліктеу рефлексі ретінде басқа особьтардың өмірі бойында пайда болған бейімделу ре-акциялары қабылданады. Осы жолмен адаптивті реакциялар-дың үрпақтар арасында сабақтастығы іске асатындықтан М. Е. Лобашев информация берілудің бүл формасын түқым қуалаушылықтың ерекше типіне жатқызды да, оны сигналдық деп атады. Оның сигналдық деп аталуының мәні мынада: бей-імделу реакциялары қимыл-әрекет жасауға шақырушы сигнал болып табылатын шартты тітіркендіргіштер арқылы беріледі.

Сигналдық берілуді сөздің толық мағынасында алғанда түқым қуалаушылық деп атауға болмайды, өйткені ол генотип-пен анықталмайды, бірақ бүл сигналдарды организмдердің қа-былдау қабілеті түқым қуалай анықталған, сондықтан, шарт-ты түрде сигналдық түқым қуалаушылық туралы сөз етуге бола-ды. Жануарлардың эволюциясында оның ролі аса зор.

Сонымен генотип организмнің реакция нормасын анықтайды, оның шеңберінде онтогенездің өзгермелі жағдайларға бейімде-луі жүреді. Жануарларда организмді ортамен неғүрлым жетіл-ген түрде теңестіріп тұруды қамтамасыз ететін ерекше меха-низм — мінез-қүлық бар. Шартты рефлекстер негізінде үрпак,-тар арасында функционалды бір ізділік — сигналдық түқым қуалаушылық бар.

24-тарау. ОНТОГЕНЕЗДІҢ ДИСКРЕТТІЛІП ЖӘНЕ БІРТҰСТАСТЫҒЫ

Организм онтогенездің барысында біртүтас система болып табылады. Сондықтан қандай да болмасын бір қүрылымды не-месе функцияны, олармен байланысқан басқаларына тиіспей, өзгертуге болмайды. Алайда онтогенездің барысында ашық кө-рінетін үзіліс дискреттілік байқалады. Жеке даму процесі бір-дей жүрмейді, онда өсумен дифференцировка сипатынын, езгері-сін көрсететін сапалық кезеңдердің ауысуы болып жатады.