Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Генетика жєне селекция негіздері.doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
7 Мб
Скачать
☆

2. Жыныстардың арақатынасын қолдан реттеу

Адам жыныстардың арақатынасын қолдан реттеуге тырыса-ды. Мүнда белгілі бір нәтижелерге, әсіресе жыныстық көбеюдін, жүйесіз типтеріне жағдай жасауда белгілі нәтижелерге қол жетті. Мәселен, Б. Л. Астауров жоғары температурамен әсер ету арқылы тұт кебелегінде партеногенез туғызды, мұнда мейоз болған жоқ, үрпақта 100% үрғашы особьтар алынды. Табиғи партеногенезде мейоз қалыпты өткен кезде ҮҮ особьтары қыры-латындықтан, тек қана еркек особьтар пайда болады. Андроге-незде бүкіл үрпақ тек қана аталық жынысты болады.

Электрофорездің жәрдемімек сперманы бөлу және бүдан кей-ін үрғашыларды «катодтық» ңемесе «анодтық» спермамен қол-дан үрықтандыру жолымен сүт коректілердегі (кролик, ит және т. б.) жыныстар арақатынасын қолдан реттеу жөніндегі жүмыстар көптеген жылдар бойы жүргізілді. Соңғы жылдары осы мақсатта еркектерді немесе ұрғашыларды бөЛінген сперма-мен иммунизациялау қолданылады. Қазірдің өзінде кеп үміт күттіретін нәтижелер алынды: топтарда бір жыныстың 80— 90%-ке дейінгі особьтары болады. Алайда бүл әдістер жануар-лардың үрықтанғыштығы мен өсімталдығын кенет кемітетін болғандықтан, әлі де практикада қолданылмай отыр.

Жынысты анықтаудан өзгеше, орта жағдайларының жыныс-тардың арақатынасын өзгертудегі ролі өте зор екендігіне және оның әсерін зерттеуге көптеген зерттеулер арналғандығына на-зар аудару керек. Ортаның әсерін мынаған келтіруге болады: жыныс хромосомаларының мейозда кездейсоқ ажырамауы, бел-гілі бір генотиптегі гаметалардың немесе зиготалардың талға-малы қырылуы, талғамалы үрықтануы, онтогенезде жыныстың қайта анықталуы. Әр түрлі орта жағдайлары жыныстар арака-тынасын 1 үрғашыға 1 еркек келетін өте дүрыс аракатынастан көп немесе аз дәрежеге дейін өзгерте алатыңын зерттеулер көрсетуде.Сонымеы, кейбір популяцияларда табиғи жағдайларда жы-ныстар арақатынасы 1 : 1-ден өзгеше болуы мүмкін. Бүл шама-дан ауытқу генетикалық себептерге, сондай-ақ онтогенез бары-сында әрекет ететін факторларға байланысты болады. Объекті-нің биологиясы мен генетикасын ескерген жағдайларда жыныс-тар арақатынасын қолдан реттеуге болады.

VI бөлім

Онтогенездің генетикалық негіздері

Кез келген организмнің дамуы — оның клеткалары мен тканьдерінің тек авторепродукциясы ғана емес, заңды өзгеріс-тердің ұзын тізбегі, химиялық, физикалық, морфологиялык жә-не функционалдық тұрғыдан жаңаның пайда болуы. Массасы не бары 0,0015 мг шамасында болатын адамның жұмыртқа клеткасының ұрықтанғаннан кейін массасы 3 кг шамасында болатын баланың дамитынын ескерсек жеткілікті. Жылдар өтеді, адам өзін қоршаған дүниеңі талдауға және оны өзгерту-ге кабілетті бола бастайды.

«Онтогенез» деген үғымға ұрықтанудан немесе жұмыртқа-ның дамуын активтендіруден басталатын және организмнің өлімімен аяқталатын даму процесі кіреді. Жүмыртқа клетка-сында да, сперматозоидта да дайын белгілер болмайды, оларда сыртқы және ішкі ортаиың белгілі бір жағдайларында іске асырылатын көп клеткалы организм дамуының программа-сы ғана салынған.

Жеке даму генотип системасымен анықталады, онда гендер әсерінің ерекшелігі, уақыты, орын реттілігі проғраммаланған.

Онтогенездің түқым қуалайтын негіздерін зерттейтін генети-каның бөлімі феногенетика немесе онтогенетика деп аталады.

21-тарау. ДИФФЕРЕНЦИРОВКАНЫҢ (ЖІКТЕЛУДІҢ) ГЕ-НЕТИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

Қөп клеткалы организм есуіыің және жеке дамуының негі-зінде клеткалардың митоздық бөлінуІ жатады. Митоз — тең тү-қым қуалайтын бәліну, осыған байланысты организмнің ма-манданған әр түрлі тканьдеріндегі (мидың, бүлшық еттердің, терінің, бауырдың т. б.) клеткалардық генотиптері үқсас бола-ды. Бүл жағдайда мынадай сүрақ қойылады: онтогенездің ба-рысында клеткалар мен тканьдері дифференцировкасының гене-тикалық механизмдері қандай болуы мүмкін?

Онтогенезді генетикалық зерттеудің бастапқы кезеңі: бір ген — бір белгі, немесе ген (ДНК) -РНК — белок — ... — белгі принципіне сәйкес белгіні қалыптастырудағы геннің әсеріне анализ жасау болып табылады. Жеке дамудың тұқым қуалау-шылық негіздерін зерттеудегі басты проблемалар: гендердің дифференциалды активтілігін зерттеу және ген — белгі. тізбегін-дегі аралық буындарды анықтау болып табылады.

Жануарлар мен өсімдіктердің онтогенезінде бірқатар негіз-гі процестер: өсу, тканьдердід дифференцировкасы, морфогенез, яғни органдар мен белгілердің қалыптасуы жүзеге асырылады.