Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Генетика жєне селекция негіздері.doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
7 Мб
Скачать
☆

2. Қайыра шағылыстыру

Қайыра шағылыстыру. Гибридологиялық анализ үшін буданды ата-ананың біреуімен шағылыстыруды пайдалануға болады. Гибридтің бірінші үрпағын гомозиготалы жағдайдағы белгілі бір аллельдер жүбы (доминантты немесе рецессивті) бар формамен осылайша шағылыстыруды қайыра шағылыстыру немесе беккросс деп атайды, ал ондай ұрпақты Ғв деп белгілейді. Генетикалық анализ үшін осы екі шағылыстырудың нәтижесі әр түрлі болады.

Буданның (Аа) бірінші ұрпағын Ғь доминантты аллель бо йынша гомозиготалы (АА) бастапқы формамен қайыра шағылыстырған кезде, ата-аналық өсімдіктің барлық гаметасында доминантты аллель А болады, ал буданда гаметаның екі сорты А және а болады. Сондықтан осындай гаметалардың үрықтану кезшдеп кездеисоқ үилесшдері ұрпақтағы генотип бойынша2Аа:2АА немесе 1:1 қатынасында болады, ал фенотип бойынша белгілердің ажырауы гбайқалмаиды; Ғ,, кезшде барлық есімдіктердің гүлі қара қошқыл келеді.

Анализдеуші шағылыстыру. Генетикалық анализ жасау үшін Ғ\ буданын (Да) рецессивті аллельдері бойынша гомозиготалы формамен (аа) шағылыстырудық маңызы үлкен болады. бсындай шағылыстыруды анализдеуші шағылыст-ру деп атайды (23-сурет). Бұл жағдайда рецессивті форма а аллелі бар гаметаның бір сортын ғана түзеді. Осыған бай-ланысты Ғ в кезінде буданның бірінші ұрпағында екі аллель-дің кез келген біреуінің көрінуіне мүмкіндік туады. Қарақошқыл гүлі бар есімдікті Ғ в кезінде анализдеу арқылы біз оның генотипінде ақ бояулы бір аллелі бар екенін білеміз. Сөйтіп, Ғ\ буданнан қара қошқыл бояудың аллелі, А ғана келуі мүмкін. Ғ-.9 кезіндегі екіңші фено-тип — ақ гүлді өсімдіктерде — рецессквті ата-анадан келген ақ бояудың аллелі а болады. Демек, буданнан дәл осындай рецес-сивті аллель а келуі мүмкін. Сонымен, біз мынадай қорытындыға келеміз: буданның бірінші ұрпағында бір ғана генотип — Аа бо-луы мүмкін. Оның үстіне, егер Ғ 3 кезінде доминантты және рецессивті формалардың ажырауы 1 : 1 қатынасындай жүретіні байқалса, онда мынадай қорытынды шығаруға болады: гибридте А және а аллельдері бар гаметалар тең қатынаста түзіледі.

Сонымен, Ғ в кезінде белгілердің ажырау ерекшелігіне қарап, буданның генотипін, будандар түзетін гаметалар типін және олардың арақатынасын талдауға болады. Сондықтан да будан организмді рецессивті гомозиготалы бастапқы формамен шағылыстыру анализдеуші деп аталды.

Анализдеуші шағылыстыру арқылы шыққан тегі белгісіз организмнің генотипін тексеріп анықтауға болады. Мысалы, гүлі қара қошқыл өсімдіктерді гүлі ақ әсімдіктермен шағылыстырған кезде алынған ұрпақтың бәрінің гүлі қара қошқыл болса, онда онын, генотипі АА болғаны, яғни ол гомозиготалы доминантты форма болғаны. Міне, сондықтан да анализдеуші шағылыстыру дегеніміз генетикалық анализдің аса маңызды тәсілі болып табылады.

Мендель заңының қайта ашылуы. Мендель ашқан жаңалық 1866 жылы жарияланды, бірақ оны Мендельдің замандастары түсінбеді. Отыз жыл өткеннен кейін цитологтар митоз, мейоз және ұрықтану құбылыстарын зерттеп білгеннен кейін ғана ол заңды мойындауға тура келді. Сөйтіп, Мендельдің тұқым қуа-лаушы факторларын хромосомалармен және олардың митоз бен мейоз кезіндегі ерекшеліктерімен байланыстыруға мүмкіндік туды.

1900 жылы үш ғалым —- Г. де Фриз, К- Корренс және Э. Чер-мак — әрқайсысы өз бетінше өздерінің зерттеулерінің нәтижесін баспада жариялады. Олар өздерінің зерттеулерін әр түрлі объектілерде жүргізіп ертеректе Мендель ашқан негізгі заңдылықтарды растады. Мендель әдісінің және ол анықтаған түқым куалау заңдылығының қайта ашылуы тқым қуалаушылық пен өзгергіштікті зерттеуге аса зор ұйтқы және ғылымның жаңа саласы — генетиканың жарыққа шығуына себеп болды.

Әр түрлі объектілерде алуан түрлі белгілердің тұқым қуалауын зерттеу нәтижесі тұқым қуалаудың негізгі заңдылықтары барлық өсімдіктер мен жануарлар — омыртқалы, омыртқсыз жануарлар үшін де, сол сияқты адам, микроорганизмдер үшін де ортақ екенін көрсетті. Сонымен қатар тұқым қуалауы Мендель заңына симайтын көптеген фактілер жиналды. Осыған қарамай, мендельдік зерттеу әдісі ғана осындай ауытқулардың табиғатын анықтауға және тұқым қуалаудың негізгі заңдылықтарының барлық организм үшін жалпылама ортақ екенін дәлелдеуге мүмкіндік берді.