Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Генетика жєне селекция негіздері.doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
7 Мб
Скачать
☆

5. Онтогенетикалық метод

Түқым қуалайтын аурулардың кейбіреулері гомозиготалар-да ғана емес, гетерозиготаларда да айқын емес формалар тү-рінде кездесетіні белгілі. Түкым куалайтын кемістіктердің гете-розиготалы иелерін анықтаудың маңызы аса зор, және мүндай гетерозиготаларды анықтау әдістері қазіргі кезде күшті зертте-ліп жатыр. Мәселен, фенилкетонурия генінің гетерозиготалы сақтаушысын (13-тарауды қара) қанға фенилаланинді жіберу және осыдан соң қанның плазмасында оның қандай мелшерде болатынын айқындау арқылы анықтауға болады. Қалыпты жағдайда, яғни доминантты аллельдері бойынша гомозиготаларда фенилаланиннің деңгейі өзгермейді. Осы аллельдер бойынша гетерозиготаларда, сырт қарағанда дені сау адамдардың қа-нында фенилаланин қалыпты мөлшерден көп боладьу ;

Гетерозиготалар ферменттердің активтілігі жағынан көбіне, аралық қалыпта болады. Қазір рецессивті аллельдер анықтай-тын 40-тан астам тұқым қуалайтын аурудың гетерозиготалы сақтаушыларын анықтау үшін тестілер жасалды.

Гетерозиготалы сақтаушыны онтогенезде анықтау адамды дәл кезінде дәрі-дәрмекпен емдеуге және тұқым қуалаушылық жағынан жағдайы жайсыз семьяларда баланың аурулы болып тууы қаупінің қаншалықты мүмкін екенін анықтауға мүмкіндік береді.

I Онтогенетикалық метод түқым қуалайтын аурулардың онтогенезде даму механизмін анықтау үшін де пайдаланылады, му-ның ауруды емдеу және оның алдын алу үшін маңызы 3op.j

6. Популяциялық метод

Популяциялық метод (VII бөлімді қара) жекелеген гендер-дің немесе хромосомалық аномалиялардың адам популяцияла-рында таралуын зерттеуге мүмкіндік береді. Популяциялық ме­тод көбіне халықтың түқым қуалаушылық қүрылымын зерттей-тін демографиялық статистика деректеріне негізделеді.і

Гендердің таралу жиілігін зерттеудің адамда түқым қуалай-тын аурулардың таралуын талдау, изоляттар арасында әсіресе жиі кездесетін туыстық некелердің салдарын анықтау, сондай-ақ адам популяциясының түтас алғандағы генетикалық тарихын анықтаудың манызы өте зор. Популяцияларда әр түрлі аномалиялардың таралу жиілігі әр түрлі екендігі белгілі бол-ды; онда рецессивті аллельдердің басым көпшілігі гетерозиго­талы күйде болады. Мәселен, Европаның әрбір жүз тұрғынының біреуі амавротикалық идиотия гені бойынша (Шпильмайер — Фогт ауруы) гетерозиготалы болады, ал 1 млн. адамнан осы ген бойынша гомозиготалы жагдайда болатын тек 25-і ғана әл-гі ауруға шалдығады. Европа елдерінде 20 мың адамның ара­сында бір ғана альбинос кездеседі. Шындығында да бүл ал-лельдің гетерозиготалык күйі әрбір жетпісінші түрғынында болады. Шағын көлемдегі оқшауланған популяцияларда яғни изоляттар деп аталатындарда туыстық некенің зиянды салдары мейлінше айқын байқалады. Изоляттар дегеніміз кебіне өз то-бының мүшелерімен некеге түратын адамдар, осыған орай олар туыстас, қаны бір адамдар болады. Изоляттар болудың геогра-фиялық, үлттық, әлеуметтік, соның ішінде діни негізі болады. Изоляттар ішінде ерлі-зайыптылардың мутантты гендері бір-келкі болады, соның салдарынан гомозиготалы күйде рецессив-ті аллельдердің керіну мүмкіндігі арта түседі.

Оңтүстік Панаманың Сан-Блаз провинциясындағы кариб кун тайпасы адамдарының көп бөлігі альбиностар, ол әрбір ұрпақ сайын көрініп отырады. Швейцарияның Роне өзені бойын-дағы бір селода 2200 тұрғынының 50-і керең-мылқау және 200-нің есту кем-тарлығы бар екені табылды. Жекелеген ген-дердің концентрациясының кенеттен көбейіп кетуінде генетика-лық дрейф яғни бұрынғы кезде жекелеген семьялар мен рулар-дың біркелкі көбеймеуінің және сондай-ақ халық миграциясы-ның азайып кетуі есебінен мұндай жағдай белгілі роль атқарған болса керек. Цивилизацияның өрістеуіне және қоғам-ның өндіргіш күштерінің дамуына қарай изоляттар саны азайып келеді жәие олардың популяциядағы маңызы тұтас алғанда тө-мендеп барады. Алайда изоляттар қазіргі кезде де көп жерлер-де емір сүріп жатыр.

Популяциялық талдаудың маңыздылығы сол, ол әр түрлі популяциялардың генетикалық құрылымы динамикасын түсі-нуге және олардың арасындағы байланыстарды табуға көмек-теседі. Әр түрлі популяциялардың өздерінің генетикалық қүры-лымы бойынша, мысалы, қан топтарының гендері бойынша елеулі айырмашылықтары болады. Мұның қайсыбір айқын заң-дылықтарын байқауға болады. Мәселен, Индия мен Қытайда ]в аллелінің концентрациясы басым болады, ал бұл елдерден шығысқа және батысқа қарай алыстай түскен сайын әлгі ал-лельдің таралуы азая береді де, ол Америка мен Австралияның байырғы түрғындары арасында мүлде кездеспейді. Сонымен бірге 1° аллелінің концентрациясы Американың индеецтерінде (Австралия мен Полинезияның да) максимумға жетеді. ІА ал-лелі Американың байырғы түрғындарында, сондай-ақ Индияда, Аравияда, тропикалық Африкада, Батыс Европада сирек кез-деседі.

Қан топтары бойынша популяциялардың генетикалық қүры-лымдары арасындағы осындай айырмашылықтардың болуын түсіндіру үшін мынадай гипотеза үсынылды, осы гипотеза бойынша ABO жүйесіндегі қан топтарын сүрыптауда шешуші фак-торлар оба мен шешек індеті болды.

Шешекті қоздырушы иммундік жағынан алғанда А антиге-ніие үқсас келеді, сондықтан қаны А тобындағы адамдарда осы қоздырғышқа қарсы иммунитет пайда болмайды жәие олар өледі. Демек, шешек ауруы жаппай күшті болған аудандарда (Америка, Индия, Аравия, Трогшкалық Африка) 1 А аллелінің элиминациясы, яғни оның популяциядағы таралу жиілігі кеміді. Чума (0 антигенімен үқсас) мен шешек таралған Азия ауданда-рында \в аллелі неғүрлым жиі таралды.

Түқым қуалайтын этиологиясы бар фармакогендік (дәрі-дәрмектік) деп аталатын аурулардың ашылуының медицина үшін мацызы елеулі болып отыр. Мәселен, сульфамид препарат-тары (фенацетин, ПАСК, амидопирин және басқалары) кейбір адамдарды гемолиздік анемияға әкеліп соқтырады. Бүл канның-эритроциттеріндегі ферменттердің біреуінің жетіспеуі себепті болады екен, оныц жоқтығы генетикалық қамтамасыз етіледі және рецессивті белгі ретінде жыныспен тіркесіп тұқымқуалайды. Мұндай ауру фавизм деп аталды, өйткені ол сульфамид препараттарын қабылдағаннан кейін ғана емес, тамаққа ас бұршақты (Vicia faba) пайдаланғанда да көрінеді. Бұл ауру өте сирек кездеседі, бірақ ол біршама кең таралған аудандар-да бар (Африкадағы кейбір изоляттар).

Қорыта келе, адам генетикасы қолданатын әдістердің алуан түрлілігі сонша, таяудағы болашақта адам неғүрлым жақсы зерттелген объектілердің бірі болатындығын сенімді түрде ай-туға болады.

29-тарау. МЕДИЦИНАЛЫҚ ГЕНЕТИКАНЫҢ ПРОБЛЕМАЛАРЫ

СССР-де медицинаның табыстарына дәлел ретінде өткен ғасыр соңында адам өмірінің орташа ұзақтығы 32 жыл болса, оның казіргі күнде 70 жасқа жетіп отырғанын, көптеген инфекция ауруларының енді сирек кездесетіндігі фактілерін келтір-се де болады. Мәселен, жаппай иммундеудің нәтижесінде бала-лардың цолиомиелитпен аурулары әрбір 100000 балаға шаққан-дағы 1958 жылғы 10,7-ден 1964 жылы 0,1 -ге дейін азайды.

Індет және басқа экзогенді, алиментарлы аурулардың жиіліп* кенет азайған қазіргі шақта тұқым қуалайтын этиологиясы бар аурулардың салыстырмалы ролі керісінше кенет арта түсті. Қа-зір мүндай аурулар саны 2000-нан асты, олардың басым көпші-лігі психикалық ауытқуларға байланысты болып отыр. Дүние жүзілік денсаулық сақтау үйымының мәліметтері бойынша диагноз қоюдың жаңа әдістерінің қолданылуына орай жыл сайын орта есеппен түқым қуалайтын үш жаңа аурулар табылып отыр.

Бұл аурулардын, кездесу жиілігін көз алдымызға келтіру үшін дүние жүзілік статистика деректеріне назар аударайык, оған қарағанда жаңа туған сәбилердің 4—5%-і, әдетте, түқым куалайтын ауруларға шалдыққан болады. Сондықтан түқым қуалайтын ауруларды зерттеу, олардың алдын алу және емдеу адам генетикасындағы негізгі міндеттер болып табылады.