Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Генетика жєне селекция негіздері.doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
7 Мб
Скачать
☆

2. Онтогенезде жынысты қайта анықтау

Онтогенезде жыныстың табиғи немесе жасанды жағдайлар-да өзгеруі организмдердің тұқым қуалайтын бисексуальдылы-ғының ең жаксы дәлелі болып табылады.

Сүт қоректілерде түрлі жынысты егіздер дамуында кейде олардың біреуінің жынысы эмбриогенезде өзгереді. Мәселен, мүйізді ірі қараның түрлі жынысты егіздерінде еркек бұзау қалыпты ©сіп-жетіледі де, ұрғашы бұзау көбіне интерсекс бо-лып шығады. Мүндай жануарлар фримартиндер деп аталды; олар әдетте үрықсыз болады. Мүндай езгерістер аналық без-дерге қарағанда аталық бездердің қанға аталық гормондарды ерте бөліп шығара бастауына байланысты болады. Бүл жалғыз мысал емес. Особь онтогенезінде арнайы әсер етпей-ақ жыныс-ты қайта анықтаудың басқа да жағдайлары белгілі.

Алайда соңғы жылдары жынысты эксперименттік жолмен қайта анықтау мәселесі барған сайын зерттеушілер назарын аударуда. Онтогенезде жынысты толық қайта анықтаудың тама-ша мысалдарының бірі 1953 жылы Т. Имамотоның аквариум балықтарына жүргізген зерттеулері нәтижесінде алынды. Тәжі-рибе үшін қызыл реңді Я доминантты гені У-хромосомада, ал оның г рецессивті аллелі — Х-хромосомада болатын медактар (огугіаз Іатііез) алынды. Бұл жағдайда Хг Үя генотипі бар еркек балықтар әрқашан да қызыл реңді, ал ХгХя генотипі бар үрғашы балықтар — ақ реңді болады. Автор бүл белгінің тү-қым қуалауын бірнеше ұрпақтан тексерді. Мынадай $ Хг Хг X & Хг Үк шағылыстырудан әрдашан да ақ рең-ді ұр-ғашы және қызыл реңді еркек балықтар алынды.

Тәжірибеде жыныстық жағынан әлі де дифференциациялан-баған майда шабақтар 8 ай бойы азықпен бірге аналық жыныс гормонын (эстронды немесе стилбестрольды) қосымша алып

отырды. Осының нәтижесінде барлық балықтар (ақ және қы-зыл) фенотипі бойынша қалыпты аналық бездері және қосым-ша аналық жыныстық белгілері бар ұрғашы балықтар болып шықты. Олар қалыпты қызыл реңді еркек балықтармен шағы-лысуға қабілетті болды. Кызыл реңді аналықтар генотиптік аталықтар болғанын талдау көрсетті. Мұндай ұрғашыларды қалыпты еркектерімен шағылыстыру ? Хг Үк X с? Хг Үя жынысы бойынша 1 : 1 емес, 1 $ (Хг Хг):3 с? (2ХГ Үя және 1 Үя Үк ) ажырауын берді.

Еркектердің Үя Ү® болуы шағылыстыру нәтижелерімен дә-лелденеді. Аталық гормон (метилтестостерон) әсер еткенде ак реңді балықтар, яғни ұрғашылар генотипі бар балықтар —• Хг Хг еркек балықтар болып шығады. Оларды қалыпты ұр-ғашылармен (Хг Хг ) шағылыстырғанда ұрпақтарында тек қана ұрғашы балықтар алынады.

Бұл жалғыз мысал емес. Тритоннан (РіеигосІеіез хюаШіі), кейбір бақалардан (Хепориз Іаеуіз), көптеген балықтар мен бірқатар басқа да жануарлардан осындай нәтижелер алынды. Мұндай мәліметтер өсімдіктерден де алынды.Сонымен, организмдердің генетикалық бисексуальдылығы онтогенезде жыиыс дифференциациясының өзгеруіне, яғни особьтың жынысын қайта анықтауға мүмкіндік береді.

20-тарау. ЖЫНЫСТАРДЫҢ АРАҚАТЫНАСЫ ЖӘНЕ ОНЫ РЕТТЕУ ПРОБЛЕМАСЫ

Жоғарыда айтылғанындай, 1 : 1 арақатынасын қамтамасыз ететін, жынысты анықтаудың генетикалық механизмі болады.

Жыныстардың генетикалық анықталған арақатынасын ал-ғашқы арацатынас деп атайды. Алайда даму процесінде аталық және аналық зиготалардың тіршілік қабілеттілігі әркелкі бо-луы, жынысты қайта анықтау және басқа себептердің салда-рынан жыныстардың арақатынасы өзгеруі мүмкін. Жеке даму процесінде әр түрлі факторлардың әсерінен болған арақатынас өзгерісін жыныстың цосымща аращатынасы деп атайды. Жы-ныстың қосымша арақатынасы көбінесе аналықтардың басым болуы жағына қарай езгереді, мүны аталық жыныстар особь-тарының тіршілік қабілеттілігінің шамалылығымен түсіндіруге болады.