- •Өсімдік шаруашылығы практикумы Қайта өңделіп, толықтырылып екінші шығарылуы
- •I тарау. Тұқымтану
- •Үлгілерді сұрыптаудың әдістемелері (12036-85 мст)
- •Тұқымның тазалығын анықтау (мст 12037-85)
- •Арифметикалық көрсеткіштерінен ауытқу шегі, %
- •Тұқымның өну энергиясы мен лабораториялық өндірілгеннің анықтау (мст 12038-84)
- •1000 Тұқымның массасын анықтау
- •Тұқымның тіршілікке қабілеттілігін анықтау (мст12039-82)
- •Көрсеткіші және екі үлгіні талдау нәтижелеріндегі рұқсат етілгені
- •Тұқымның өсу күшін анықтау
- •Тұқымның өсу күшін анықтаудағы жұмыс тәртібі:
- •Тұқымның аурулармен залалдануын анықтау (мст 12044-66)
- •Тұқымның зиянкестермен зақымдануын анықтау (мст 12045-66)
- •Тұқым сапасы жөніндегі құжаттар және оларды дайындау (мст 120466-85)
- •Мөлшерін есептеу
- •Тарау бойынша әдебиеттер
- •Бағдарламалаудың әдістемесі (Ең жоғары мүмкін өнім алу үшін қарқынды технологияларды жасаудың теориялық негізі)
- •Тапсырма
- •ҚДж, орташа
- •Биоклиматтық көрсеткішттерді бағалау және нақты топырақ-климат жағдайларына байланысты дақылдардың және сорттардың өсіру мүмкіншілігі мен потенциалын анықтау. Тапсырма
- •Нақты мүмкін өнім (нмө) мөлшеРі ылғалмен қамтамасыз етілуіне қарай анықтау
- •Бақылау сұрақтары
- •Егін жинау алдындағы қолайлы сабақ жиілігіне себу мөлшері есептеудің әдістемесі тапсырма
- •27 Кесте Солтүстік Қазақстанда ең жоғары өніммен қамтамасыз ететін
- •Бақылау сұрақтары
- •Бағдарламаланған өнімге тыңайтқыш мөлшері есептеу әдістемесі тапсырма
- •Тексеру сұрақтары
- •Өсімдіктер құрылысының ерекшеліктері
- •Астық дақылдарының өсіп-даму кезеңдері.
- •Органогенез этаптары
- •Дақыл Сорт Жыл
- •Тапсырма
- •Қатты бидайдың айырмашылықтары
- •Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етілген жаздық бидай сорттары*
- •Ерте пісетіндер:
- •Қатты бидай Орташа мерзімде пісетіңдер:
- •Ортадан кеш пісетіндер:
- •50 Кесте Сұлы түрлерінің анықтамалығы
- •Дән пішіндері: 1-мәскеулік; 2-Харковтік; з-Шатиловтық; 4-ұзын жауырынды; 5-ине тәрізді.
- •Астық дақылдарының II тобы тары - просо - рамсім тапсырма
- •Ортадан ерте пісетін:
- •Дәнді бұршақ дақылдарының жалпы сипаттамасы тапсырма
- •(Тұқьм жарнақтары топырақта қалады)
- •(Тұқым жарнақтары топырақ бетіне шығарылады)
- •Асбұршақ - горох - рі81м
- •Ақгүлді асбұршақтың маңызды түршелерінің айырмашылық белгілері
- •Ноғатық - чина - іатнүіш8
- •Үштік және саусақ-салалы жапырақты дәнді бұршақ дақылдары тапсырма
- •Бадана - фасоль - Рһазеоіиз
- •Бөрі бұршақ - люпин -lupinus
- •Бақылау сұрақтары
- •Тарау бойынша әдебиеттер
- •Картоп - картофель -solanum тапсырма
- •Түйнектердің бағалау тәсілдері
- •Орташа мерзімде ігісетіңдер:
- •Майлы дақылдар күнбағыс - подсолнечник -helianthus тапсырма
- •3. Сүрлемдік дақылдар сүрлем сапасы және жинау мен сүрлемдік массаны салудың технологиялық үрдісіне қойылатын талаптар тапсырма
- •Пайдалануға рұқсат етілген шай жүгері сорттары
- •Күнбағыс - подсолнечник – нelianthus тапсырма
- •4. Мал азықтық шөптер
- •4.1. Көпжылдық және екіжылдық бұршақ тұқымдас шөптер тапсырма
- •79 Кесте Қазақстан Республикасында өсірілетін жоңышқа түрлерінің сипаттамасы
- •Пайдалануға рүқсат етілген түйежоңышка сорттарының сипаттамасы:
- •Бақылау сұрақтары
- •4.2. Көпжылдық мал азықтық астық тұқымдас шөптер тапсырма
- •Мал азықтық көпжылдық астық тұқымдас шөптерді анықтауға арналған
- •Еркекшөп түрлерінің айырмашылық белгілері
- •Қылтықсыз арпабас - кострец безостый –bromopsis inermis тапсырма
- •Қазақстанда паңцалануға рұқсат етілген қылтыксыз арпабас сорттары:
- •Көген тамырсыз бидайық-пырей бескорневищый тапсырма
- •4.3. Мал азықтық біржылдық бұршақ тұқымдас шөптер тапсырма
- •Сиыржоңышқа-вика-vісіа
- •Мал азықтық асбұршақ және басқа бұршақ тұқымдастар
- •4.4. Мал азықтық біржылдық астық тұқымдас іпөптер және басқа тұқымдас өсімдіктер тапсырма
- •Судан шөбі-суданская трава
- •Итқонақ-могар-8.І.Mocharicum
- •Қонақтары-чумиза-8.І. Махіма
- •Мал азықтық тары-просо кормовое
- •Мал азықтық күздік қара бидай- кормовая рожь-secale
- •Рапс-brassica napus oleifera
- •Қышы-сурепица- brassica camprestris
- •Бұршақ-астық тұқымдас қоспаларды өсірудің технологиясы
- •Тапсырма
- •Бақылау сұрақтары
- •5. Тамыр жемістер тапсырма
- •6. Мал азықтық бақіпа дақылдары
- •Асқабақ - тыква
- •Бақылау сұрақтары
- •7. Аз тараған (традициялы емес)
- •Бақылау сұрақтары
- •VIII - тарау. Талшықты дақылдар
- •Бақылау сұрақтары
- •Бақылау сұрақтары
- •Әдебиет
- •Өну энергиясы мен тұқымның өнгіштігін
- •Жинау алдындағы картоптың биологиялық өшмі
- •Қорада тұратын кезеңга мал азшына мұқтаждықты есептеу, т
- •Қорада тұратын кезеңге мал азығының егістік көлемін есептеу
- •Жайылымдар мен шабындықтардан түсетін жасыл балаусаны есептеу
- •Жасыл мал азығына мұқтаждықты есептеу
Астық дақылдарының өсіп-даму кезеңдері.
Өсіп-жетілу кезеңінде дөнді дақылдар бірқатар фенологиялық фазалардан (кезендерден) өтеді де жаңа органдар түзе отырып сыртқы морфологиялық белгілермен ажыратылады. Тұқымның тыныштық күйден белсенді күйге ауысуьш (бөртуі мен өнуін) дөнді астық дақылдар тіршілігінің басталуы деп есептейді. Дәнді астық дақылдарында төмендегідей өсіп-даму кезеңдері ажыратылады: егін көгі (көктеу), түптену, түтікке шығу, масақтану немесе шашақтану, гүлдену жөне пісу.
Кез-келген кезеңге өсімдікгердің 10% -ті енгенде кезеңнің басталуы, ал 75%-тінде-толық кезеңі белгіленеді.
Тұқымның өнуі-күрделі биохимиялық процесс, бұл құбылыс тұқымдарда тыныштық күйден белсенді тіршілік жағдайына ауыскднда жүреді де өскін мен тамыршаларының пайда болуымен, басқаша айтқанда, органогенездің бірінші кезеңімен аяқталады. Бұл кезде ұрықтық органдардьщ дифференциациясы мен өсуі жүреді. Тұқымның өнуінде 5 кезең ажыратылады: суды сіңіруі, бөртуі, түп (бірінші) тамыршалардың өсуі, өскіннің дамуы мен пайда болуы.
Астық дақылдарының дөндері енгенде еуелі тамыршалар өсе бастайды, дәннің қабығын жарып сыртқа шығады. Астық дақылдарының бірінші тобьюың өніп келе жатқан дәндеріндегі тамыршалар саны өртүрлі: күздік бидайда-3, кейде 5, жаздық бидайда-5, кейде 3-4, қара бидайда —4, кейде —5-6, -3, кейде —4-5, көпқатарлы арпада-5-6, ал қосқатарлы арпада-7-8.
Астық дақыддарының екінші тобында бір-ақ ұрықтық тамырша болады. тамыршалардан кейін іле сабақ өркені өсе бастайды, ол да дән қабығын жарып шығып жоғары қарай көтеріледі де жер бетіне шығады.
Егін көгі. Топырақ бетіне оуелі біз төрізді сабақ өркені шығады, ол тұр өзгерісіне ұшыраған жапырақ колеоптилемен көмкерілген. Ол өскіннің топырақты жарып, жоғары шығуына жеңілдік жасайды және оны жарақаттанудан сақтайды. Жер бетіне шыққаннан кейін колеоптиле өсуін тоқтатады. Сабақ өркеннің ұшындағы қысымның әсерінен колеоптиле ұзынынан жарьшады да сыртқа бірінші жасыл жапырақ шығады (8-сурет).
Төжірибеде мүны егін көгінің пайда болуы немесе көктеу кезеңі деп атайды. Бірінші жасыл жапырақ тақтасы қысқа, жапырақ қынабы өлі өспеген. 5-7 тәуліктен кейін екінші жөне үшінші ұрықтық жапырақтар түзіледі. Көптеген дақыддарда алғашқы үш жапырақтың ұзындығы аз озгереді. Органогенездің бірінші кезеңінің слңы, екінші кезеңінің басында ұрықтық жапырақтар тез жайылып өсімдіктердің ассимиляциялық беті ұлғаяды. Бұл кезеңде өсімдікгердің далалық өнгіштігі, өсімдік жиілігі сияқты өнімділік элементтері қалыптасады және олар реттеуге кенеді.
Астық дақылдары егін көгінің негізгі түсі жасыл болады (38-кесте), алайда ол түрлі реңді иеленеді. Алғашқы жапырақтар кендігі, түктілігі, топырақ бетінде орналасуына қарай ажыратылады. Олар белгілі бір бағытқа бұрылу қабілетімен ерекшеленеді: бидай мен арпа жапырақтары сағат тілінің бағытымен, ал сүлы жапырағы оған қарсы бағытта бұралып өседі.
8-с у р е т. Бидайдың егін көгі:
1-дән; 2-алғашқы (түп) тамырлар; 3-колеоптиль; 4-бірінші жапырақ.
Түптену. 3-4 жапырақ пайда болғаннан кейін жер асты бұтақтануы жүреді, түктену түйінінде екінші (түйін) тамырлары түзіледі және топырақ бетівде қосымша өркеңдер (сабақтар) пайда болады (9-сурет). Тәжірибеде мүны түптену кезеңі деп атайды. Астық дақыдцарыңца мүндай сапа өзгерісі органогенездің екінші-үшінші кезеңдеріне сәйкес келеді де өсу конусының түйіңдерге, түйінаралықтарына, сабақтық жапырақтарға, сонымен бірге гүл шоғырының білігіне дифференциацияланады, масақшалардьщ негізі қаланады.
38-кесте Астық дақылдары егін көгінің айырмашылық белгілері
Дақыл |
Жапырақ белгілері |
|||
|
түсі |
ені |
түктілігі |
орналасуы |
Бидай |
Жасыл |
Жіңішке, кейде нді |
Жалаңаш немесе жиі түкті |
Тік орналасқан |
Қара бидай |
Күлгін-қоңыр |
Жіңішке |
Жалаңаш немесе өлсіз түкті |
Сондай |
Арпа |
Көкшіл сүр жасылдау |
Орташа енді |
Сондай |
Сондай |
Сұлы |
Ақшыл-жасыл |
Жіңішке |
Сондай |
Сондай |
Жүгері |
жасыл |
Енді,май құйғыш тәрізді |
Сондай |
Сәл Төменқарылған |
Тары |
Жасыл |
Сондай |
Жиі түктелген, түктері ұзын |
Сондай |
Шәй жүгері |
Жасыл |
Орташа енді |
Жалаңаш немесе өлсіз түкті |
Сондай |
Күріш |
Жасыл |
Жіңішке |
Жалаңаш, түкті |
Кейде тік орналасқан |
9-сурет.
Бидайдың
түптенуі:
1
дән; 2-алғашқы (түп) тамырлар; 3-сабақ
өркені; 4-ұрық буынынан шыққан бүйір
өркендері; 5-түптену буыны (түйіні);
6-түптену тамырлары; 7-негізгі сабақ;
8-бүйір өркендері (сабақтары); 9-топырақ
беті.
Топырақ бетіне бірінші бүйір өркеннің (сабақтың) шығуын түптену кезеңінің басталуы деп есептейді. Түптену нәтижесінде бір тұқымнан бірнеше сабақ өсіп шығады немесе бұта қалыптастырады. Жалпы және өнімді түптену ажыратылады. Жалпы түптену деп бір өсімдікке келетін барлық сабақ санын атайды, ал өнімді түптену-егін жинау қарсаңындағы піскен дәні бар сабақ санын көрсетеді. Гүл шоғыры бар, бірақ дөн пісіп үлгермеген сабақтарды сабан өркен, ал гүл шоғыры жоқ сабақтарды мамық шөп деп атайды. Солтүстік Қазақстан жағдайывда дәнді дақылдардың өнімді түптенуі айтарлықтай емес және ол жүмсақ бидайда 1,2-1,3, қатты бидайда 0,9-1,1, арпада 1,3-1,5, сүлыда 1,2-1,3, тарыда 1,3-1,6. Жалпы түптену өнімді түптенуге қарағанда 0,2-0,3 жоғары болады.
Түтікке шығу. Бүл кезеңнің басында ұрықтық гүл шоғыры бар ұрықтық сабақ үзара түседі де жапырақ қынабының ішімен жоғары қарай көтерілген сабақ түйіндері қолмен жеңіл сезіледі. Әуелі төменгі түйін аралығы өсіп ұзара бастайды. Мүның қарқынды өсуі 5-7 теулікке созылады, соңынан өсуі саябырлайды да 10-15 тәулікте аяқталады, оның соңынан төменнен екінші, үшінші жөне одан кейінгілер өсіп-дами бастайды.
Дәнді дақылдардың түтікке шығу кезеңінде түйіндерді, түйінаралықтарын, тілшелер мен қүлақшаларды жеңіл ажыратуға болады. Тілшелер мен құлақшалар морфологиялық белгілер болып табылады, олар бойынша бірінші топтың дақылдарын гүл шоғыры пайда болғанға дейін ажыратуға болады (39-кесте, 10-сурет). Масақтану немесе шашақтану кезеңі гүл шоғырының жоғары жапырақ қынабынан шығуымен сипатталады. Түтікке шығудан масақтануға дейінгі кезең дәнді дақыддардың дамуындағы өте маңызды шақ. Бүл уақытта жапырақтар мен сабақ пөрменді өседі, масақ қалыптасады, өсімдіктің қоректік заттар мен ылғалға қажетсінуі өте жоғары.
39-кесте Астық дақылдарының құлақшалары мен тілшелер бойынша туыстық айырмашылықтары
Айырмашылық белгілері |
Бидай |
Қара бидай |
Арпа |
Сұлы |
Тілше |
Қысқа |
Қысқа |
Қысқа |
Күштірек да-мыған, шеттері ара тісті |
Құлақша |
Кішірек, жиі түрде кірпікті |
Қысқа, кірпіксіз, ерте кеуіп қалады |
Өте ірі, кірпіксіз, бір-біріне кіріге орналасқан |
Жоқ |
10-с у р е т. Астық дақылы жапырағының
бөлігі: 1 -жапырақ қынабы; 2-құлақшалар; 3-тілше; 4-жапырақ тақтасы.Астық дақыддары гүл шоғыры бойынша жеңіл ажыратылады және негізгі белгілері 40-кестеде келтірілген.
Гүлдену кезеңі көптеген дәні дақылдарда масақтанудан (шашақтанудан) кейін басталады. Арпада гүлдену кезеңі толық масақтануға дейін жүзеге асады, ал қара бидай одан 10-12 төуліктен соң гүлдейді. Гүлдену ерекшеліктеріне қарай дәнді дақыддар өздігінен тозанданатын (бидай, арпа, сүлы, тары, күріш) немесе өздігінен жөне айқас тозанданатын (қара бвдай, жүгері, шай жүгері) өсімдіктерге бөлінеді.
Масақты дақылдарда (бқдай, қара бидай, арпа) гүлдену масақтың орта бөлігіңде орналасқан масақшалардан басталады, ал бірінші пайда болған дөндер ірі келеді және олардың тұқымдық сапасы жоғары болады. Шашақты астықтарда (тары, күріш, сүлы) гүлдену шашақтың (сіпсебастың) ұшар басынан басталады, сондықтан сапалы астық гүл шоғырының жоғарғы бөлігінде қалыптасады (11-12-суреттер).
40-кесте Дәнді дақылдардың гүл шоғыры бойынша айырмашылық белгілері
Дақыл |
Гүл шоғыры |
Масақ білігінің тұғарынданемесе сіпсебас ұшындағы масақша саны |
Масақшадағы гүлдер саны |
Масақ қабықшалары |
Сыртқы гүл қабықшалар |
Қылтықтын, бекіген орны |
Бидай |
Масақ |
1 |
3-5 |
Кең, көп жүйкелі, ұзынша килі ен жоғарғы жағы істі |
Тегіс, килі жоқ |
Сыртқы гүл қабықшасының төбесіне қарай |
Қара бидай |
Масақ |
1 |
2 кейде 3 |
Өге жіңішке,бір жүйкелі, ұзынша килі бар |
Килі бар, шеттері кірпікші, ол қылтыққа ай-налады |
Сондай |
Арпа |
Масақ |
3 |
1 |
Өте жіңішке, ланцетті қылтық тәрізді жоғары қарай үшкірлеген |
Енді, бес жүй-келі, кылтыкка айналады (қыл-тықты түрле-рінде) |
Сондай |
Сүлы |
Сіпсебас (шашақ) |
1 |
2-4 |
Енді, жарғақты, ұзын жүйкелерімен |
Тегіс, килі жоқ |
Сыртқы гүл қабықшасынын. арқалығында |
Жүгері |
Сіпсебас (аталық гүл шоғыры) |
2 |
3 |
Енді, түкті, ұзынша жүйкелерімен |
Жұқа, қабықты |
Сыртқы гүл қабықшасының арқалығында |
|
Собық (ан-алық гүл шоғыры) |
Екеуден қосарланып тік орналасқан |
2, тек жоғарғы жемісті |
Кішірек, дәннің үшар басында |
Кішірек, қабықты, дәннің ұшар басында |
Сыртқы гүл қабықшасының арқалығында |
Тары |
сіпсебас |
1 |
1-2 |
Д еңгел ек-дәңес, жарғақты, көп үйкелі, 2-ірі, үшіншісі қысқа |
Тегіс, жылтыр |
Сыртқы гүл қабықшасының арқалығында |
Күріш |
Сіпсебас |
бірнешеу |
1 |
Жіңішке линиялы-ланцетті |
Енді, үзынша қабырғалы, түкті |
Гүл қабықшасының төбесіне қарай |
Шәй жүгері |
Сіпсебас |
2-3 оның 1-і тісті |
1 |
Дөңес, қалың, түкті немссе жылтыр |
Жұқа, нөзік |
Сыртқы гүл қабықшасының төбесіне қарай |
Пісіп-жетілу кезеңі. Дәннің қалыптасу процесін Н.Н. Кулешов үш кезеңге - қалыптасу, толысу және пісу-бөледі.
Тұқымнын түзілуі - ұрықтанудан өсу нүктесі пайда болғанға дейінгі кезең. Ұрық өлсіз өскін бере алады, 1000 санының массасы 1,0 г, бұл кезеңнің ұзақтығы 7-9 тәулік және одан да көп.
11-сурет. Масақты астық дақылдарының гүл шоғырлары: 1-
қылтықты жұмсақ бидай; 2-қылтықсыз жұмсақ бидай; 3-қатты бидай; 4-қара бидай; 5-көпқатарлы арпа; 6-қосқатарлы арпа.
Тұқымның қалыптасуы - тұқымның түзілуінен дөннің түпкілікті ұзындығы белгіленгенге дейінгі кезең, құрғақ заттар мөлшері өлі темен, 1000 тұқымның массасы 8-12 г.
Толысу - эндоспермде крахмал жинақтала бастағаннан бұл процестің тоқтағанына дейінгі кезең, дөннің ылғаддылығы 38-40%-ке дейін төмендейді жөне кезең ұзақтығы 20-25 тәулікке созылады.
Толысу процесін өз кезегінде қосымша 4 кезеңге бөлуге болады:
Сулы күй кезеці - эндосперм клеткаларының қалыптаса бастаған кезі, қүрғақ затгар мелшері 2-3 %, кезеңнің үзақтығы 6 төулік.
Сүттене пісудіц алды — тұқымдағы сүйықтың реңі сүт түстес, құрғақ заттардың мөлшері 10%-ке дейін жетеді де кезеңнің ұзақтығы 6-7 тәулікке созылады.
Сүттенген күйі - дән сүт төрізді ақ сұйықтан тұрады, ұрғақ заттар мөлшері 35-50%-ке дейін, кезең 7-15 төулікке созылады.
Қамырланған күйі — эндосперм қамыр консистенциясына тән, құрғақ заттар мөлшері 60-64%, кезеңнің ұзақтығы 4-5 тәулік.
Пісу кезеңі пластикалық заттардыңдәнге жинақтауының тоқтауынан басталады. Дәннің ылғалдылығы 8-12%-ке дейін төмендейді, оны азық-түлікке пайдалануға болады, алайда тұқымның дамуы әлі аяқталмайды. Пісу үрдісін екі кезеңге бөледі (Г.В. Коренев, 1967).
12-сурет. Жүгері мен шашақты астық дақылдарының гүл шоғырлары: 1-жүгерінің собығы; 2-жүгерінің шашағы; 3-тарының шашағы; 4-күріштің шашағы; 5-сұлының шашағы.
1. Қамырланып пісу кезеңі — эндосперм қамыр төрізді, серпімді, қабығы сары, дәннің ылғаддылығы 40-21%, кезеңнің ұзақтығы-3-6 тәулік.
2. Толық пісу кезеңі-эндосперм қатты, жарғанда ұнды немесешыньшы, қабығы тығыз, қалың, түсі кәдімгі, аймаққа қарай ылғаддылығы 20% және одан төмен, кезеңнің ұзақтығы 3-5 тәулік. Бұл кезеңце күрделі биохимиялық процестер жүреді, соңынан тұқымның жаңа, ең бастысы тұқымдық белгісі-қалыпты өнгіштік пайда болады. Сондықтан қосымшада тағы екі кезең бөлінеді: егін жинағаннан кейінгі пісш-жетІлуі жөне толық пісуі. Егін жинағаннан кейінгі пісіп- жетілуінде жоғары молекулалы белоктық заттардың синтезі аяқталады, бейтарап май қышқыддары майға айналады, тыныс алуы саябырлайды. Толық пісуі тұқымның өсімдік тіршілігінің жаңа циклін бастауға дайын болғанда басталады.
Ф.М. Куперманның тұжырымы бойынша өзінің жеке дамуында-онтогенезде-дөнді дақылдар кезектесіп ететін 12-өсіп даму кезеңдерінен (этаптардан) өтеді, олардың өрқайсысы жаңа органдар (мүшелер) түзілуімен сипатталады және әрбір органның құрылысы өзгеріске ұшырайды:
I - сабақтың бастапқы есу конусының қалыптасуы;
II - конус негізінің ұрықтық буындарға, буын аралықтарына және сабақтық жапырақтарға дифференциясы;
Цвс-
Молочнлп Воснооая вмие
сгісяосгь спелость
13-с у р е т. Күздік бидайдың даму кезеңдері мен органогенез сатылары-этаптары (Ф.М. Куперман, З.П. Ростовцева бойынша):
1-егін көгі; 2-үшінші жапырақ жөне туптену; Ш-ГУ-У-түтікке шығу; VI- VII-сабақтың бойлай өсуі; УШ-масақтану; ІХ-Х-гүлдену; ХІ-сүттене пісу; XII-балауызданып пісу.
- масақ сегментін түзе отырып өсу конусының ұзаруы;
- масақша төмпешіктерінің түзілуі жене қалыптасуы;
- гүл төмпешіктерінің түзілуі жөне қалыптасуы;
VI гүл шоғыры мен гүлдің қалыптасуы;
VII масақтың барлық мүшелерінің (органдарының) қарқынды ұзара өсуі;
VIII - гүл шоғыры мен гүлдердің барлық мүшелерінің қалыптасып бітуі
Кезең |
Этап |
Өнімділік элементі |
Тұқымның өнуі, көктеу |
I.Ұрықтық органдардың дифференциациясы мен өсуі |
Далалық өнгіштік, өсімдік бітіктігінің жиілігі |
Үшінші жапырақ, түптену |
П.Конус негізінің ұрықтық буындарға түйін аралықтарына сабақтық жапырақтарға диффе-ренциациясы. Ш.Ұрықтық гүл шоғыры бас білігінің дифференциациясы |
Өсімдік габитусы (биік-тігі, жапырақ саны), түптену коэффициенті Масақ білігі мүшелерінің саны |
Түтікке шығудың басы |
IV. конустардың түзілуі, екінші дәрежелердің есуі (масақ төмпешіктерінің) |
Масақтағы масақшалар саны |
Түтікке шығу |
V. Гүл аталықтары мен аналығы қорғаныс органдарының салынуы |
Масақшадағы гүлдер саны |
Сабақтану |
VI. Гүл шоғыры мен гүлдің қалыптасуы (микро және макроспорогенез) |
|
|
VII. Гаметофитогенез, қорғаныс органдарының өсуі, масақ білігінің мүшелерінің ұзаруы |
Гүлдердің ұрықтылығы, масақтың тығыздыгы |
Масақтану |
VIII. Гаметофитогенез, гүл шоғыры мен гүлдердің барлық органдарының қалыптасуы процесінің аяқталуы. |
|
Гүлдену |
IX. Ұрықтану жөне зиготаның пайда болуы |
Масақтың дәнділігі |
Дәннің қалыптасуы |
X.Дәннің өсуі мен қалыптасуы |
Дәннің шамасы |
Тұқымның толысуы, сүттенген және қамырланған күйі |
XI. Дәнде қоректік заттардың жинақталуы |
Дәннің шамасы |
Қамырланып жене толық пісу |
XII. Қоректік заттардың дәндегі қорлық заттарға айналуы. |
Дәннің массасы |
(масақтану кезеңі);
41 – кесте Дәнді дақылдардың өсіп жетілу кезеңдері мен
