Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ӨСІМДІК ШАРУАШЫЛЫҒЫ ПРАКТИКУМЫ.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
9 Мб
Скачать
☆

Қонақтары-чумиза-8.І. Махіма

Итқонақ сияқты қонақтары да бастанған тарының (Зеіагіа йаііса тахіта) түр тармағына жатады жөне көп белгілері бойынша итқонаққа ұқсас. Итқонақтан айырмашьшығы-сіпсебасы ірі, айқын қалақты, бұтақшалары күшті дамыған, дәндері көп, сабақтары ірі (80-120 см) өрі қатты, әлсіз түптенген. Гүл шоғыры-масақ тәрізді сіпсебас, ұзындығы 16-50 см, ені 2-10 см, әртүрлі пішінді цилиндр, ұршық тәрізді т.б. қалақшаларының ұзындығы 1-2 см-ден 7-10 см дейін жөне оларда үсақ масақшалар орналасқан, бас білігі мен бүйір біліктері әр уақытта түкті. Жемісі-дән, жұқа гүл қабықшасымен қапталған, сарғыш-ақ, сары күңгірт-сүр, сабан түсті-сары ж.б. түсті болып келеді. Итқонақтан айырмашылығы қонақтырының жемісі (дәні) бір жағынан тегіс, ал екінші жағы дөңес болып келеді. 1000 тұқымның массасы 1,5-4,1 г.

Пайдалануға рұқсат етілген сорттары:

Новосибирская 1-Новосібір МАУ-ды шығарылған, бұтасы тік өседі, жапырылуға төзімді. Тұқымы ашық-сары түсті, 1000 санының массасы 2,5 г., сорт орташа мерзімде піседі: егін көгінен шабылмалы пісуіне дейін 40-56, тұқымның шаруашылықты пісуіне дейін 74-89 тәулікқажет, қуаңшылыққа төзімді, 1959 (1,2,12).

Мал азықтық тары-просо кормовое

-PANIKUM MILIACEUM

Тары жармалық дақыл ретінде астыққа қана емес, мал азығы ретінде де өсіріледі, бірақ ол үшін астықты сорттарына қарағанда жасыл балауса өнімін 1,5-2,0 есе жоғары калыптастыратын мал азықтық бағыттағы оның сорттарын пайдаланған жөн. Тарының ботаникалық сипаттамасы мен жүйеленуі тиісті бөлімде қаралған.

Пайдалануга рұқсат етілген мал азықтық тарының сорттары:

Кормовое 2-Самара АШҒЗИ-да шығарылған, сангвиниеум түршесіне жатады, 1000 түқымның массасы 7,7 г. сорт орташа мерзімде піседі: егін көгінен жасыл балаусаның шабылмалы пісуіне дейін 47, ал тұқымының шаруашылықты пісуіне дейін 81-92 тәулік. Шашылуға төзімді, жоғары мал азықтық құндылығымен ерекшеленеді, жасыл балаусасының өнімі 150-200 ц/га, 1979 (1,7,11,12).

Кокчетавское 66 -Көкшетау АҒЗИ-да шығарылған, кокцинеум түршесіне жатады. Бұтасы жинақты, жартылай жайылмалы, түптенуі-бір өсімдікте 3-6 сабақ. Жапырақтануы 45-61%, 1000 тұқымның массасы 5,3 г. сорт орташа мерзімде піседі, егін көгінен шабылмалы пісуіне дейін 43-49, тұқымының шаруашылықты пісуіне дейін 66-67 төулік. Аудандастырылған аймақтағы жасыл балауса өнімі 110 ц/га дейін, 1985 (1,12).

Черносемянное 1 -Сібір МАҒЗИ мен Новосібір АТС-да шығарылған, атрокостенеум түршесіне жатады, бұтасы тік өседі, сіпсебасы иілген, жапырылуға төзімді, биіктігі 80-90 см, жапырақтануы 35-37%, 1000 тұқымның массасы 6-7 г, сорт орташа мерзімде піседі, егін көгінен шабылмалы пісуіне дейін 60-61, тұқымының шаруашылықты пісуіне дейін 80-90 тәулік. Өсірілетін аймақтағы жасыл балауса өнімі 120 ц/га дейін, 1978 (2).

Кормовое 89-Қазақ АШҒЗИ-да шығарылған, ауреум түршесіне жатады, сабақтары нөзік жақсы жапырақтанған, қатты түктелген, биіктігі 57 см дейін. Мал азығына пісу кезеңі 44, тұқымға 89 тәулік,

1993 (1,9,11,12).

Омское 11, 1994 (1); Саратовское 6, 1994 (1); Шортандинское 7,

1994 (1).