Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ӨСІМДІК ШАРУАШЫЛЫҒЫ ПРАКТИКУМЫ.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
9 Мб
Скачать
☆

Ноғатық - чина - іатнүіш8

Ноғатық 800-ден астам түрлерді біріктіреді, бірақ тағамдық маңызы бары бір-ақ тур-егістік ноғатық (Ьаіһугиз ваііуиз).

Егістік ноғатық екі түр тармағына бөлінеді: европалық жоне азиялық .

Тамыр жүйесі кіндікті, 170 см дейін топырак тереңдігіне бойлайды, жақсы бүтақтанган. Сабағының биіктігі 20-дан 100 см дейін жоне одан жоғары, төрт қырлы, жапырылғыш.

Жапырақтары бір жүптан қосқауырсынды, жапырақшалары ланцетті немесе линиялы. Гүлдері дараланған, кейде бір гүл бағанасында екі гүлден болады, түстері әртүрлі: ақ, кек, күлгін, қызғылт немесе ак, алайда көкшіл немесе қызғылт жүйкелі. Желкені қарқынды боялған.

Бұршаққап ромбы, кең линиялы немесе эллипс пішінді, жоғарғы тігісінде қысыңқы екі қанатты. Бұршаққапта 3-4 түқым болады.

Тұқымдары жалпақ, жалпақ-сыналы-тісті пішінде келеді. Түсі сарғыштау-ақ, сур жоне қоңыр өртүрлі ренді және суретті.

Егістік ноғатық 33-суретте көрсетілген.

Пайдалануға рұксат етілген ноғатықтың сорттары:

Степная 287. Орташа мерзімде піседі, қуаңшылық лен аңызаққа

жоғары тозшдшгшен ереқшеленеді, жоғары өнімді, дәмдік сапасы

жаксы. 1000 тұқымның массасы 160-180 г. 1956 (2).

33-сурет. Егістік ноғатық: 1,2-гүлдену-жеміс түзу және дамыған сгін көгі кезендеріндегі өсімдіктер; 3-сабақтың жоғаргы бөлігі; 4-жемістер; 5-тұқымдар.

Кинельская 7. Орташа мерзшде пісетін сорт. Қуаңшылыққа, аңызаққа жогары төзімді, аурулар жөне зиянкестермен әлсіз жарақаттанады. 1000 түқымның массасы 175-230 г. 1956 (2).

ЖАСЫМЫҚ - ЧЕЧЕВИЦА - ЕКШМ

Жасымық бес түрді біріктіреді, олардың ішінде жалғыз мәдени немесе кәдімгі жасымык (Епоіт Лепз) барынша көп тараған.

Тамыр жүйесі кіндікті, аз бұтақтанған, сабағы жіңішке, төрт қырлы, биіктігі 40-70 см, жапырылуға бейім өсімдік. Жапырақтары косқауырсынды, мүртпен аяқталады. Гүлдері ұсақ, ақ, көкшіл немесе кулгін - көк түсті.

Бұршаққабы қысқа, 1-3 тұқымды, жалпақ.

Тұқымы деңгелек, қысыңқы, жасыл немесе сары-жасыл, диаметрі 3-тен 9 мм-ге дейін. Дақылдың кейбір морфологиялык белгілері 34-суретте көрсетілген.

Кәдімгі жасьшық екі тұр тармағына бөлінеді: ірі тұқымды жасымық (Е.Ьеш тасгокрегта) жоне ұсақ тұқымды жасымық (ЕХепз тісгозрегта) 65-кесте.

34-сурет. Жасымық: 1,2-дамыған егін көгі және гүлдену

кезендеріндегі өсімдіктер; 3-сабақтың бір бөлігі; 4-гүл; 5,6- ірі тұқымды және ұсақ тұқымды жасымыктың жемістері (а) мен тұқымдары (б).

65-кесте Кәдімгі жасымық түр тармақтарының айырмашылық белгілері

Белплері

Ірі тұқымды жасымык.

Ұсақ тұкымды жасымық

Өсімдіктің биіктігі, см

45-75

20-35

Жапырақтары: пішіні

Сопақ

Ұзынша, линиялы

ұзындығы, мм

15-25

15-18

Ені, мм

4-10

2-5 |

Гүлі: мөлшері мм

7-8

5-7

Түсі

Ақ, желкені көкшіл жүйкелермен

Күлгін-көк, көгілдір, ақ

Бұршаққап: ұзындығы, мм

15-20

6-15

Ені, мм

7-10

3-7

Тұқымы: пішіні

Домалақ, жалпақ

Домалақ, дөңес

Диаметрі, мм

6-9

3-5

қыры

Үшкір

Доғал

НОҚАТ - НУТ - СІСЕR

Ноқат Сісег туыстығына жатады және 30-дан астам түрлерді біріктіреді. Олардың көпшілігі көпжылдық. Дақылда кең тарағаны жалғыз түр — мәдени ноқат (Сісег агіеііпшп).

Бұл бір жылдык өсімдік, сабақтары қырлы, тік өседі. Тамыр түбінен немесе бүкіл сабақ бойымен бұтақтанады. Жапырақтары қысқа сағақты, дара қосқауырсынды, түкті, мүрттары болмайды. Гүлдері қосжынысты, ұсақ, ақ, қызғылт, қызыл-күлгін, кейде көкшіл түсті. Бұршаққаптары қысқа, қос дәнді, қампиған, сопақ пішінді, сабанды-сарғыш түсті молынан түктелген. Тұқымы бұрышты - домалақ, тұмсықты, ақ, сары, қызылдау, қара. Кейбір морфологиялық белгілері 35-суретте көрсетілген.

35-сурет: Ноқат: 1,2-дамыған егін көгі және гүлдену-жеміс түзу кезеңдеріндегі өсімдіктер; 3-сабақтың жоғарғы бөлігі; 4-жеміс; 5-тұқымдары.

Пайдалануға рұқсат етілген ноқаттьң сорттары:

Краснокутский 123. Орташа мерзімде піседі. Қуаңшылыкка төзімділігі жоғары, аурулармен орташа залалданады. 1000 тұқымның массасы 250-330 г. 1986 (4,12).

Юбилейный. Орташа мерзімді пісетін сорт. Қуаңшылыққа, ауруларға төзімді. 1000 түқымның массасы 260-315 г. 1967(1,2,6,9,13).

Камила 1255, 2000 (3,8,13).