Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ӨСІМДІК ШАРУАШЫЛЫҒЫ ПРАКТИКУМЫ.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
9 Мб
Скачать
☆

4. Мал азықтық шөптер

Қазақстаңда мал азығын өндіруде көпжыддық және біржыдцық мал азықтық шөптер үлкең рөл атқарады.

Дақыл есіретін жыддың алдындағы жылда жаздың екінші жартысы мол ылғалды, қыс қарлы, ал көктем жауынды-шашынды, жылы болған жыддары көпжыддық шөптерге қолайлы жагдайлар қалыптасады, біржыддық шөптерге шілде, тамыз жаңбырлы болған жыддар қолайлы. Сондықтан шаруашылықтарда метеорологиялық жағдайлар әртурлі жыддары мал азығының берік қорын жасау ушін шөптердің бірінші тобы да, екінші тобы да өсірілуге тиіс.

Ғылыми мекемелер мен озат шаруашьшықтардың тежірибелерін негізге ала отырып, өрі көпжыддық жөне біржылдық шөптердің биологаясын білуге суйеніп, аталған мал азықтық шөптер топтарының пішен өнімін суарылмайтын жағдайда 25-35 ц, ал суармалы жағдайда 50-70 ц/га жеткізуге болады.

4.1. Көпжылдық және екіжылдық бұршақ тұқымдас шөптер тапсырма

  1. Көпжылдық бұршақ тұқымдас шөптер туыстығының өсімдіктерін жапырақ типтері, жапырақшалардың, гүл шоғырлары мен жемістердің қурылысы бойынша анықтауды үйрену.

  2. Бұршақ тұқымдас шөптер туыстығын тұқьмдары бойынша анықтауды үйрену. Кескінді суреттерін салу.

Бұршак тұқмдас шөптер туыстығын анықтау. Өндірістік тәжірибеде бул тұқымдастар тобынан барынша маңыздылары жоңышқа, қызыл беде, эспарцет, лядвенец және түйежоңышқа, соңғысы екіжыддық болып есептеледі. Қазақстанда қазіргі уақытта жэне болашаққа кең тарағаны жоңышқа, эспарцет, түйежоңышқа.

Кепжыддық бұршақ тұқымдас шөптер бір-бірінен жапырағының құрылысы, жапырақшалардың, гүл шоғырының пішіні, гүлдердің түсі, жемістердің пішіні т.б. белгілері бойынша ажыратылады. Көпжылдық бұршақ тұқымдас шөптер туыстығын анықтайтын негізгі белгілер 54-сурет пен 77,78-кестелерде келтірілген.

ЖОҢЫШҚА – ЛЮЦЕРНА MEDICAGO ТАПСЫРМА

  1. Жоңышқаның негізгі түрлерін анықтауды үйрену.

  2. Жоңышқаның негізгі сорт типтерін анықтауды үйрену.

  1. Жоңышқаның пайдалануға рұқсат етілген сорттарына сипаттама беру.

  2. Егістік, сары және орташа жоңышқаның морфологиялық ерекшеліктерін оқып-үйрену.

  3. Жоңышқаны мал азығына және түқымға суармалы және суарылмайтын жағдайда өсірудің операциялық технологиясын жасау.П.М. Жуковскийдің (1971) сипаттамасы бойынша жоңышқа (Месііса§о) туыстығы 60-тан астам түрлерді қамтиды, туыстығының құрамына, диплоидты, тетраплоидты, гексаплоидты генетикалық топтарға кіретін түрлер жатады. Диплоидты түрлерден Қазақстанда жабайы түрде кездесетін көкшіл және Трауфеттер жоңышқасы көңіл аударарлық, өндірістік маңызы бары тетраплоиды жоңышқалар.

Бұл топқа дақылда өсірілетін үш түр кіреді: М. заііуа (егістік жоңышқа), М. іаісаіа (сары жоңышқа), М.теёіа (орташа жоңышқа) -55-сурет.

54-сурет. Кепжылдық бұршақ тұқымдас шөптердің түқымдары мен жемістері: 1-шалғындық беде; 2-будандық беде; 3-көген тамырлы беде; 4-біржылдық (пунцалық) беде; 5-ақ түйежоңышқа; 6-сары түйжоңышқа; 7-сары жоңышқа; 8-егістік жоңышқа; 9-егістік эспарцет.

55-сурет. Жоңышқаның бүршаққаптары: 1-сары жоңышқа; 2-буданды жоңышқа; 3-егістік жоңышқа.

77-кесте Көпжылдық мал азықтық бүршақ тұқымдас шөптер туыстықтарының тұқымындағы негізгі айырмашылық белгілері

Пішіні

Беті

Түсі

Тұқым жолы

Мөлшері,

мм

Туыстык атауы

Бүйрек төрізді немесе жүрек тәрізді, бірбүйірлі

Күңгірт ақ

Сарғыш-сүр, ашык-қоңыр

Домалақ, кішірек

1,75-2,5

Жоңышқа

Әлсіз бүйрек пішінді

Тегіс

Жасылдау-қоңыр

Сондай

6-7

Эспарцет

Жүрек төрізді, тұқым жолы астында шығыңқы

Күңгірт, кейде өлсіз жылтыр

Жасылдау-сары

Сондай

1,7-1,9

Түйежоңышқа

Жүрек төрізді, бірбүйірлі

Жылтыр

Сары-күлгін ескі тұқымдарда қоңыр

Сондай

1,75-2,26

Қызыл беде

Әлсіз бүйрек төрізді

Күңгірт

Қоңыр, кейде жасыл

Сондай

1,1-1,4

Мүйізді лядвенец

78-кесте

Көпжылдық бұршақ тұқымдас шөптер туыстықтарының айырмашылық белгілері

Жапырақ

типі

Жапырақшалар

Гүл шоғыры

Гүлдер

Жемістер

Туыстық атауы

Үштік

Эллипс, кері жұмыртқа пішінді, ортаңғы жапырақша ұзынырақ сағақшада (аяқша) орналасқан, ортаңғы жүйке жапырақ шетіне шыққан, жапыракдіа шеттері бүтін немесе тістенген, төбесі ойық келген

12-16 гүлді шоқгүл (бүтақбас гүл түғырындық аяқта, немесе отырған бұтақбас)

Үсақ, күлгін, кекшіл акдиыл-қызғылт-сары, шүбар түсті

Көп тұқымды бұршаққап, спираль сияқты бүратылған немесе орақ тәрізді

Жоңышқа

Дара қауырсынды

Эллипс төрізді, әртүрлі шамада, сағақ негізіне қарай кішірейген, аяқшасының ұзындыгы барлық жапырақшаларда бірдей, ортаңғы жүйке қыска, жапырақ шетіне шықпаған, жапырақтар шеттері бүтін.

Шоқгүл, бұтақбас, ұзын, гүлдері көп. Гүлдері қысқа гүл аяқшаларына бекіген.

Ірі, қызғылт өртүрлі рендерде

Біртұқымды жарылмайтын бұршаққап, домалақтау бұрышты

Эспарцет

Үштік

Кең сопақ пішінді, ортаңгы жапырақша ұзынырақ аяқшада, ортаңғы жүйке-жапырак шетіне шыққан, жапырақшалардың шеттері аратісті.

Қолтықты шоқгүл, гүлдері қысқа гүл аяқшаларына бекіген.

Ұсақ,ақ немесе сары

Бір тұқымды бұршаққап, домалақ, жұмыртқа пішінді, торлы немесе көлденең әжімді

Түйежо-

ңышқа

Сондай

Эллипс, кері жұмыртқа пішінді, барлық жапырақшаларда аяқша ұзындығы бірдей, ортаңғы жүйке қысқа, жапырақша шетіне шықпаған жапырақпіалар шеттері бүтін немесе өлсіз тістенген

Шар төрізді жұмырбас, сопақ немесе ұзынша, көп гүлді, гүлдер отырған (аяқшасы жоқ)

Ұсақ ашық-қызғылт, сарғыш-ақ, ақ

1-2-тұқымды бұршаққап, домалақ жұмыртқа пішінді

Беде

Сондай

Кері жұмыртқа пішінді, бұрыс ромбы-тәрізді ланцетті, ұсақ барлық жапырақшаларда аяқша ұзындыгы бірдей, ортаңғы жүйке қысқа, жапырақша шеттері тістенген

Зонтик тәрізді жұмырбасты 5-8, гүлден тұрады, гүлдер басқа аяқшаларға бекіген.

Ұсақ, ашық-сары

Көп тұқымды бұршаққап піскенде жарьшады

Лядвенец

Өсімдік құрылысының ерекшеліктері. Жоңышқаның кіндік тамыры жуан, күшті дамыған бүйір тамырларымен 2,5-3,0 м дейін топырақ тереңцігіне бойлайды. Орталық тамыр күшті бүтақтанады да кептеген жіңішке тамыршалар түзеді. Негізгі сабақтың тамырмен жалғасатын бөлігін тамыр мойын деп атайды (тамырбасы, түптену түйіні т.б.) онда бүршіктер орналасқан, олардан шапқаннан кейін немесе өсімдік қыстап шыққаннан кейін сабақтар дамиды. Егін кегі шыққаннан соң тамыр мойны топырақ бетінде болады да өсімдігі есейе келе топыраққа қарай тартылып 2-7 см тереңцікке енеді, бүл құбылыс өсімдіктің қысқа төзімділігін арттырады.

Сабақтар екінші және одан кейінгі тіршілік жыддарында биіктігі 1,5 м жететін қуаггы бұта қалыптастырады, күшті бұтақтанады жөне бір бүтақта 6-7-ден 200-300 сабаққа дейін түзіледі. Тірішлігінің бірінші жылывда ғана жалғыз сабақ болады, ал кейінгі жылдары мойын тамырдан көптеген сабақтар дамиды.

Жапырақтар үштік, жапырақшалары қысқа аяқшаларға, тек қана орта жапырақша ұзынырақ аяқшада орналасқан. Олардың пішіндері әртүрлі: домалақ, эллипс, ланцет, керіжүмыртқа төрізді. Жапырақшалардың жоғарғы жартысы тістенген болып келеді, түстері ашық-жасылдан күңгірт-жасылға дейін, жалаңаш, немесе төменгі жағынан түктенген. Сабақта жапырақтар кезектесіп орналасады, сағақ негізінде жапырақ серіктері болады.

Гүл шоғыры-көпгүлді шоқгүл (бүтақбас) гүлдері қысқа гүл аяқшаларына бекіген.

Гүлдің жасыл түсті бестісті табақшасы мен табақша жапырақшалары бар күлтеше жапырақтың қүрылысы кетпенге үқсас: екі төменгі күлтепіесі бірігіп өсіп қайықша қүрайды, екі бүйіріндегісі ескекшелер, ал бесіншісі, ең үлкені-желкен деп аталады. Гүл қосжынысты, аналығы және 10 аталығы бар. Күлтеше жапырақшалардың түсі күлгін, сары, ақшыл-қызғылт, ақ шүбар болып келеді.

Жоңышқаның жемісі-көптұқымды бұршаққап (бұршақбас) 2-5 айналымды бұранда немесе орақ тәрізді, кейде түзу, қоңыр түсті. Сары жоңышқада орақ пішінді 2-3 тұқымды, ал көкшіл жоңышқада орақ пішінді 2-3 тұқымды , ал көкшіл жоңышқада-1,5-5 айналымды бүранда 5-7 тұқым қалыптастырады, орташа жоңышқа аралық жағдайда.

Тұқымдары ұсақ, бүйрек немесе бадана төрізді сары-қоңыр немесе сары түсті, 1000 санының массасы 1,0-ден (сары жоңышқа) 2,7 г дейін (кекшіл жоңышқа).

Жоңышқаның түрлерін анықтау. Қазақстанда өсірілетін түрлері жоғарыда айтылған. Түрлер мынадай белгілерімен ажыратылады: күлтеше жапырақшалардың түсі, гүл шоғырының пішіні мен тығыздығы, бүршаққаптың пішіні мен мөлшері (56-сурет, 79-кесте).

Жоңышқаның сортотиптерін (топтарын) анықтау. Егістікте өсірілетін барлық жоңышқалар 6 сортотиптерге (топтарға) бөлінеді. Көк, көкбуданды, шүбарбуданды, сарыбуданды, сары және көгілдір. Мұндай белінудің негізіне мынадай көрсеткіштер алынған: гүлдердің түсі, гүл шоғыры мен бұршаққаптың (бұршақбас) пішіні. Республикада алғашқы бес топқа жататын сорттар аудандастырылған.