Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ӨСІМДІК ШАРУАШЫЛЫҒЫ ПРАКТИКУМЫ.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
9 Мб
Скачать
☆

Қылтықсыз арпабас - кострец безостый –bromopsis inermis тапсырма

  1. Қылтықсыз арпабастың морфологиялық ерекшеліктерін оқып- үйрену.

  2. Сорттардың шаруашылық-биологиялық сипаттамасын оқып- үйрену.

  3. Қылтықсыз арпабасты мал азығына өсірудің операциялық технологиясын жасау.

  4. Қылтықсыз арпабастың тұқымға өсірудің операциялық технологиясын жасау.

Қыжықсыз арпабас-маңызы мен таралуы бойынша Қазақстанда еркекшөптен кейін көпжылдық астық түқымдас шөптердің ішінде шабындық-жайылымдық дақыл ретінде екінші орын алады.

Арпабас туыстығына (Вготорзіз) 40-тан аса түрлер кіреді, оның ішінде Қазақстанда 20 түрі өседі, олардың арасында қылтықсыз, қарабидайлы, тік, шүбар, сібірлік т.б. бар.

Қазақстанның егіншілігіңде қылтықсыз арпабас (Вготор5І5 іпегтіз) тараған. Соңғы жылдары пайдалануға тік арпабас (Вг. агуепзів) жіберілген. Қылтықсыз арпабас-кепжыддық көген тамырлы жер асты сабақты, борпас бұтақты төбелік типтегі өсімдік, Ол жайыла өсетін көген тамыр түзеді және жер асты өркендерін қалыптастырады. Көген тамыры шалғындық арпабасты топыраққа 8-10 см, ал далалық тобында 15-20 см дейін бойлайды. Жер асты еркендердің бірнеше буын (түйін) аралықтары болады, олардан қосалқы өркендер дамып, жер беті сабақтарын құрайды, жөне қосымша түптену тамырларын береді. Өсімдіктің бірінші тіршілік жылында тамырлар 50-100 см дейін, ал кейінгі жылдары 200-225 см дейін терендейді. Қылтықсыз арпабас генеративті (жемісті) жөне вегетативті (жеміссіз) сабақтардан түрады. Жемісті сабақтардың үлесі жалпы санының шалғындық тобывда 25-45%, ал далалық топтарында 30-55 %. Өсімдік биіктігі 0,6-1,7м. Жапырақтары жалаңаш, өсіп-даму кезендерінің басында-көктеу кезеңінде-ғана өсімдіктер түкті келеді. Жапырақтануы бірінші шабыста 50-56%, екіншісінде 55-70%.

Гүл шоғыры-сіпсебас (шашақ), ұзындығы 10-30 см, шашақ иілген, қысыңқы, жартылай қысыңқы, біржалды түрде кездеседі және ол бүтақтардың саны мен тығыздығына байланысты өзгереді. Масақшалары ірі, көпгүлді, ұзын күлгін реңді. Жемістері (егістік материал)-қабықты, дәннің үзындығы 9-12 мм, ені 2,5-3,0 мм күңгірт-сүр немесе қоңыр түсті, қылтықсыз, сусымалы емес. 1000 тұқымның массасы орта есеппен 3,5 г, алайда сорттық ерекшеліктері мен өсіру жағдайларына байланысты 2,8-ден 4,5 г дейін өзгереді.

Өсімдік сәуір айының ортасында көктей бастайды, маусымның екінші жартысында гүлдейді, ал тұқымы шідденің аяғы-тамыздың басыида піседі де жалпы есіп-жетілу кезеңі 80-110 тәулік құрайды (66-сурет).

66-сурет. Қылтықсыз арпабас: 1,2-шашақтану жөне епн көгі кезендеріндеп өсімдіктер; Зі4-шашақтану және гулдену кезендеріндегі шашақтар; 5-масақша; 6-жемістер (сол жақта-үлкейтілгендері).

Қазақстанда паңцалануға рұқсат етілген қылтыксыз арпабас сорттары:

Восточно-Казахстанский -Шығыс Қазақстан МАТС-да шығарылған. Сорт ормавды-далалық экологиялық тобына жатады.

Өсіл-жетілу кезеңі көктемгі көктеуден бірінші шабысқа дейін 47-52 тәулік, тұқымының пісуіне дейін 97-108 төулік. Қыстың суығына төзімділігі жақсы, қуаңшылыққа төзімді, алайда ылғалдалуға жақсы өсер етеді, малдың жайылуы мен таптауын жеңіл көтереді, 1972 (1,4,6,7,9,12).

Лиманный -Қазақ АШҒЗИ-да шығарылған, ормаңцы далалық экологиялық топқа жатады. Өсіп-жетілу кезеңі көктемгі көктеуден алғашқы шабысқа дейін 47-58 тәулік, тұқымының пісуіне дейін 79-88 төулік, көктемде жөне өрбір шабыстан кейін жақсы көктейді. Құрғақшылыққа орташа, ал қысқа жақсы төзімді, 1975 (1).

СИБНИИСХОЗ 189 -Сібір АШҒЗИ-да шығарылған, далалық экологиялық топқа жатады, өсіп-жетілу кезеңі бірінші шабысқа дейін 50-56 төулік қысқа төзімділігі орташа, қуаңшылыққа төзімділігі жоғары, 1957 (1,11,12).

Степной (№ 460) -Қарабалық МАТС-да шығарылған, далалық экологиялық топқа жатады. Өсіп жетілу кезеңі көктемгі кектеуден алғашқы шабысқа дейін 53-70 тәулік, көктемде жақсы көктейді, ал шабылғаннан кейін қарқынды көктеп өседі. Қуаңшылыққа, қыстың суығына төзімділігі жақсы, мол ылғалға жақсы қажетсінеді, малдың таптауын жеңіл кетереді, 1966 (2,4,9).

Акмолинский 91, 1998 (11); СИБНИИСХОЗ 88, 1994 (2,12); Тік (жағалаулық) қылтықсыз арпабас Целиноградский 30, 1991 (3).