- •Өсімдік шаруашылығы практикумы Қайта өңделіп, толықтырылып екінші шығарылуы
- •I тарау. Тұқымтану
- •Үлгілерді сұрыптаудың әдістемелері (12036-85 мст)
- •Тұқымның тазалығын анықтау (мст 12037-85)
- •Арифметикалық көрсеткіштерінен ауытқу шегі, %
- •Тұқымның өну энергиясы мен лабораториялық өндірілгеннің анықтау (мст 12038-84)
- •1000 Тұқымның массасын анықтау
- •Тұқымның тіршілікке қабілеттілігін анықтау (мст12039-82)
- •Көрсеткіші және екі үлгіні талдау нәтижелеріндегі рұқсат етілгені
- •Тұқымның өсу күшін анықтау
- •Тұқымның өсу күшін анықтаудағы жұмыс тәртібі:
- •Тұқымның аурулармен залалдануын анықтау (мст 12044-66)
- •Тұқымның зиянкестермен зақымдануын анықтау (мст 12045-66)
- •Тұқым сапасы жөніндегі құжаттар және оларды дайындау (мст 120466-85)
- •Мөлшерін есептеу
- •Тарау бойынша әдебиеттер
- •Бағдарламалаудың әдістемесі (Ең жоғары мүмкін өнім алу үшін қарқынды технологияларды жасаудың теориялық негізі)
- •Тапсырма
- •ҚДж, орташа
- •Биоклиматтық көрсеткішттерді бағалау және нақты топырақ-климат жағдайларына байланысты дақылдардың және сорттардың өсіру мүмкіншілігі мен потенциалын анықтау. Тапсырма
- •Нақты мүмкін өнім (нмө) мөлшеРі ылғалмен қамтамасыз етілуіне қарай анықтау
- •Бақылау сұрақтары
- •Егін жинау алдындағы қолайлы сабақ жиілігіне себу мөлшері есептеудің әдістемесі тапсырма
- •27 Кесте Солтүстік Қазақстанда ең жоғары өніммен қамтамасыз ететін
- •Бақылау сұрақтары
- •Бағдарламаланған өнімге тыңайтқыш мөлшері есептеу әдістемесі тапсырма
- •Тексеру сұрақтары
- •Өсімдіктер құрылысының ерекшеліктері
- •Астық дақылдарының өсіп-даму кезеңдері.
- •Органогенез этаптары
- •Дақыл Сорт Жыл
- •Тапсырма
- •Қатты бидайдың айырмашылықтары
- •Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етілген жаздық бидай сорттары*
- •Ерте пісетіндер:
- •Қатты бидай Орташа мерзімде пісетіңдер:
- •Ортадан кеш пісетіндер:
- •50 Кесте Сұлы түрлерінің анықтамалығы
- •Дән пішіндері: 1-мәскеулік; 2-Харковтік; з-Шатиловтық; 4-ұзын жауырынды; 5-ине тәрізді.
- •Астық дақылдарының II тобы тары - просо - рамсім тапсырма
- •Ортадан ерте пісетін:
- •Дәнді бұршақ дақылдарының жалпы сипаттамасы тапсырма
- •(Тұқьм жарнақтары топырақта қалады)
- •(Тұқым жарнақтары топырақ бетіне шығарылады)
- •Асбұршақ - горох - рі81м
- •Ақгүлді асбұршақтың маңызды түршелерінің айырмашылық белгілері
- •Ноғатық - чина - іатнүіш8
- •Үштік және саусақ-салалы жапырақты дәнді бұршақ дақылдары тапсырма
- •Бадана - фасоль - Рһазеоіиз
- •Бөрі бұршақ - люпин -lupinus
- •Бақылау сұрақтары
- •Тарау бойынша әдебиеттер
- •Картоп - картофель -solanum тапсырма
- •Түйнектердің бағалау тәсілдері
- •Орташа мерзімде ігісетіңдер:
- •Майлы дақылдар күнбағыс - подсолнечник -helianthus тапсырма
- •3. Сүрлемдік дақылдар сүрлем сапасы және жинау мен сүрлемдік массаны салудың технологиялық үрдісіне қойылатын талаптар тапсырма
- •Пайдалануға рұқсат етілген шай жүгері сорттары
- •Күнбағыс - подсолнечник – нelianthus тапсырма
- •4. Мал азықтық шөптер
- •4.1. Көпжылдық және екіжылдық бұршақ тұқымдас шөптер тапсырма
- •79 Кесте Қазақстан Республикасында өсірілетін жоңышқа түрлерінің сипаттамасы
- •Пайдалануға рүқсат етілген түйежоңышка сорттарының сипаттамасы:
- •Бақылау сұрақтары
- •4.2. Көпжылдық мал азықтық астық тұқымдас шөптер тапсырма
- •Мал азықтық көпжылдық астық тұқымдас шөптерді анықтауға арналған
- •Еркекшөп түрлерінің айырмашылық белгілері
- •Қылтықсыз арпабас - кострец безостый –bromopsis inermis тапсырма
- •Қазақстанда паңцалануға рұқсат етілген қылтыксыз арпабас сорттары:
- •Көген тамырсыз бидайық-пырей бескорневищый тапсырма
- •4.3. Мал азықтық біржылдық бұршақ тұқымдас шөптер тапсырма
- •Сиыржоңышқа-вика-vісіа
- •Мал азықтық асбұршақ және басқа бұршақ тұқымдастар
- •4.4. Мал азықтық біржылдық астық тұқымдас іпөптер және басқа тұқымдас өсімдіктер тапсырма
- •Судан шөбі-суданская трава
- •Итқонақ-могар-8.І.Mocharicum
- •Қонақтары-чумиза-8.І. Махіма
- •Мал азықтық тары-просо кормовое
- •Мал азықтық күздік қара бидай- кормовая рожь-secale
- •Рапс-brassica napus oleifera
- •Қышы-сурепица- brassica camprestris
- •Бұршақ-астық тұқымдас қоспаларды өсірудің технологиясы
- •Тапсырма
- •Бақылау сұрақтары
- •5. Тамыр жемістер тапсырма
- •6. Мал азықтық бақіпа дақылдары
- •Асқабақ - тыква
- •Бақылау сұрақтары
- •7. Аз тараған (традициялы емес)
- •Бақылау сұрақтары
- •VIII - тарау. Талшықты дақылдар
- •Бақылау сұрақтары
- •Бақылау сұрақтары
- •Әдебиет
- •Өну энергиясы мен тұқымның өнгіштігін
- •Жинау алдындағы картоптың биологиялық өшмі
- •Қорада тұратын кезеңга мал азшына мұқтаждықты есептеу, т
- •Қорада тұратын кезеңге мал азығының егістік көлемін есептеу
- •Жайылымдар мен шабындықтардан түсетін жасыл балаусаны есептеу
- •Жасыл мал азығына мұқтаждықты есептеу
Ортадан ерте пісетін:
Сумчанка. Сумы МАТС-да шығарылған, түршесі- алята, жапырылуға және шашылуға төзімді. Сорттың технологиялық және жармалық сапалары жоғары. Қабықтылығы 19-20%. 1000 дөннің массасы 27,5-31,4 г 1985 .(2,3,4,7,9,11,12)
Орташа мерзімде пісетіндер:
Богатырь. Орлов МАТС-да шығарыпған, түршесі- алята, жылу және ылғал сүйгіш, жапырылуға жоне шашьшуға орташа төзімді. 1000 тұқымның массасы 22-23 г, 1949 (1,3,4,7,9,11,12).
Шортандинская крупнозерная. А.И. Бараев атындағы Қазақ АШҒЗИ-да шығарылған, түршесі - алята,1994 (1,12)
Крупинка, 1992 (4,5)
БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ
1. Жармалық дақылдардың қазақша және латынша атаулары қандай?
2, Тары өсімдігінің морфологиялық ерекшеліктері?
3. Тарының түрлері, тұр тармақтары мен түршелерінің айырмашылық белгілері?
4, Қарақұмықтың түрлері мен тұр тармақтарының айырмашалқ белгілері?
Қарақұмық гүлдеріндегі жыныстық диморфизм және гүлдену ерекшеліктері?
Күріштің жүйеленуі?
Күріш өсімдігінің құрылысындағы морфологиялық ерекшеліктері?
Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етілген тары, қара-құмық, күріш сорттары?
Тары, қарақұмық, күріштің сыртқы орта факторларына қоятын талаптары жөне Қазақстанның негізгі топырақ-климат аймақтарывда олармен қамтамасыз етілуі?
10. Сыртқы орта факторларына дақыддардың қатынасын салыстырма-лы түрде бағалау?
11. Негізгі өсіру аймақтарында тары, қарақұмық пен күріштің агротехникасындағы (технологиясының негізгі элементтері бойынша) ерекшеліктері?
БӨЛІМ БОЙЫНША ӘДЕБИЕТТЕР
Аниканова З.Ф., Тарасова Л.Е.,Рис: Сорт,урожай,качество М.Долос, 1979
Величко Е.Б., Шумаков Б.Б., Технология полученая высоких урожаев риса М., «Колос», 1984
Елагин И.Н. Агротехника проса 2-ое изд.доп. и перераб. М. "Россельхозиздат", 1987
Ефименко Д.Я., Барабаш Г.И, Гречиха М., " Агропромиздат"., 1990
Кадыргалиев А.Ш., Рекомендации по интенсивноё технологии вызделывания проса в Уральской области. Уральск., 1991
Лысов В.Н., Просо Л., " Колос", 1968.
Мурзамадиева М.А., Просо. Алма-Ата., " Қайнар", 1979
Рёс.изд. 2-ое доп и перераб., под редакцией Жовтонога, В.Н.Ткача, А.М. Коваля, Киев « Урожай», 1978.
Савицкий К.А., Гречиха М., « Колос», 1970.
Саудабаев Т., Кадыргалиев А., Шалдыбаев К., Жармалық дақылдар. Алматы "Қайнар» 1985
Якименко А.Ф., Просо М., « Россельхозиздат, 1975
Якименко А.Ф., Гречиха М., « Колос» 1982
ІV-ТАРАУ. ДӘНДІ БҰРШАҚ ДАҚЫЛДАРЫ
Дәнді бұршақ дақыдцарына асбұршақ, жасымық, сиыр жоңышқа, ноғатық, майбұршақ, ноқат, атбас бұршақ, лобия (бадана, үрме бұршақ) б9ршағы, бөрі бұршақ кіреді. Олар бұршақ тұқымдасьгаа (ҒаЬасеае) жатады, алайда дақылдар арасында морфо-логиясы, биоло-гиялық ерекшеліктері мен пайдалануында үлкен айырмашылықтар бар.
Дәнді бұршақ дақылдарының жалпы сипаттамасы тапсырма
1. Дәнді бұршақ дақылдарының морфологиялық ерекш-еліктерімен танысу.
2. Дәнді бұршақ дақылдарын тұқымдары бойынша анықтау.
3. Дәнді бұршақ дақылдарының айырмашылықтарын егін көгі мен жапырақтары бойынша оқып-үйрену.
4. Дәнді бұршақ дақылдарын жемісі бойынша анықтау.
Дәнді бұршақ дақыддарының тамыр жүйесі кіндікті, 1-2 м топ-ырақ қабатына бойлайды, кептеген бірінші, екінші, үшінші жөне одан кейінгі дәрежедегі бүйір тамыршалары болады, олар негізінен жыртылатын топырақ қабатында орналасқан.
Сабағы біреулерінде тік тұратын, бұтақты (атбас бүршақ, ноқат, майбұршақ, бөрі бұршақ) басқаларында-жапырылғыш (асбүршақ, жасымық) немесе жапырылуға бейім (ноғатық).
Жапырақтары күрделі, олардың құрылысы бойынша дәнді бұршақ дақылдарын үш топқа бөледі:
қауырсын жапырақты өсімдіктер;
үштік жапырақты өсімдіктер;
саусақ салалы жапырақты өсімдіктер.
Гүл шоғыры-шоқгүл (майбұршақ пен берібұршақ) немесе гүлдері жапырақ қолтығындағы гүл бағанасында бір, екі немесе үштен орн-аласқан.
Гүлдері-қосжынысты, бес күлтеше жапырақты, бұрыс пішінді, күлтеше жапырақтарының түсі ақ түстен қызғылт-қызыл немесе күлгін туске дейін.
Жемісі-әртүрлі пішіндегі жөне мөлшердегі бүршақ. Піскенде екі ұзынша жармаға жарылады (ноқат, жасымық және ақ бөрі бұршақтан басқаларында).
Тұқымдары әртүрлі көлемді, пішінді жөне өр түстіболып келеді.
Дәнді бұршақ дақылдарын тұқымы бойынша анықтау. Дәнді бүршақ дақылдарын тұқымының көлемі, пішіні, түсі және тұқым жолының түсі, орналасуы бойынша анықтайды (26,27-суреттер және 57-кесте).
Дәнді бұршақ дақылдарының дәндері ботаникалық түсінікте нашз тұқымдар болып табылады. Олар қалың қабықпен жабылған (тегіс, кеқце өжімді). Тұқымның бетінде тұқым жолы ажыратылады, ал ол тұқымның аяқ жібі мен дән ұрығы болып табылады, кейіннен олардан тұқым дамиды. Тұқым жолының мөлшері (шамасы), пішіні,
26-сурет. Бұршақ дакылдары тұқымының құрылысы: 1-бадана (фасоль) тұқымының тұқым жолы жағынан көрінісі; 2-бадана тұқымының тұқым қабығансыз көрінісі; 3-бір тұқым жарнағы аластатылған бадана тұқымы; 4-бадананың өркені мен ұрықтық жапырақшасы; сабағы жөне тамыршасы; 5-асбұршақ тұқымы.
27-сурет. Дәнді бұршақ дақылдарыньщ тұқымдары: 1-асбұршақ; 2-атбас бұршак; 3-бадана; 4-жасымық; 5-бөрі бұршақ (люпин); 6-ноқат; 7-ноғатық.
57-кесте |
Дәнді бұршақ дақылдары тұқымдарының айырмашылық белгілері |
|
|||||
Тұқымдары |
Тұқым жолы |
Түрдің атауы |
|||||
Мөлшері, мм |
пішіні |
түсі |
пішіні |
түсі |
орналасуы |
|
|
4-9 |
Домалақ келген, тегіс немесе бұрыпты өжімделген |
Сарғыш, сары, қызғылт, жасыл |
Сопақ |
Ашық немесе қара |
- |
Егістік асбұршақ |
|
4-7 |
Домалақ келген немесе әлсіз бұрышты, жиі түрде жаншылған |
Сұр, қоңыр жиі гүрде суретпен |
Сондай |
Қоңыр немесе қара |
|
Далалық асбұршақ |
|
6-9 |
Домалақтау-жалпақ, үшкір шеттерімен |
Айқын-жасылдан қараға дейін |
Линиялы |
Ашық түсті немесе тұқым түсіне ұқсас |
Қабырғасында |
Ірі тұқымды жасымық |
|
3-5 |
Айтарлықтай дөңес, шеттері домалақтанған |
Сондай |
сондай |
Сондай |
Сондай |
Ұсақ тұқымды жасьшық |
|
7-12-ден20-30-ге дейін |
Домалақтау-жалпақ, ұзынша келген жұмырланған |
Саргыш, қоңыр, қара |
Ұзынша эллипс тәрізді |
Қара немесе ашық |
Шетінс қарай ашық |
Атбас бұршақ |
|
9-14 |
Сына тәрізді, бұрышты-домалақ |
Ақ кейде сұр, қоңыр |
Сопақ |
Тұқым түсінс ұқсас |
Қабырұасында |
Егістік ноғатык |
|
7-12 |
Бұрышты-домалак, тұмсықты |
Ак, сары, қара кызыддау |
Жумыртқа тәрізді қысқа |
Туқым гүсіне ұқсас |
Тұмсығының астында |
Ноқат 1 |
|
8-15 |
Цилиндр, эллипс, бүйрек тәрізді |
Әртүрлі, бір рснді және шұбар |
Сопақ |
Тұқым түсіңдей |
Ұзын жақ шетінен ортасында |
Кәдімгі бадана (лобия) |
|
6-13 |
Шар төрізді, сопак, узынша-бүйрек төрізді. Сары, жасыл, қоңыр, қара |
Ұзьнша сопақ |
Ашық түсті, қоңыр, қара |
Ұзынша сопақ |
Ұзын жағынан шетінде |
Май бұршақ |
|
10-14 |
Домалақтау, жеңіл бұрышты, қатты, қысылған, тіпті жалпақ |
Сарғыш, қызгылт-сарғыш |
Қалың құрсаумен қоршалған |
Ашық-қоңыр, құрсауы ақ |
Тұқым қабырғасында |
Ақ бөрібұршақ |
|
8-12 |
Домалақтау-бүйрек тәрізді |
Мрамор суреті бар сұр, немесе ақ |
Кішшрім дөңес құрсаумен қоршалған |
Құрсау ашық түсті |
Тұқышының бір шетіндс |
Жіңішке жапырақты бөрібұршақ |
|
7-10 |
Домалақтау-бүйрек тәрізді, сея кысылған |
Қара іні бар және ашық фонда дақтар көрінген |
Сондай |
Сондай |
Сондай |
Сары бөрібұршақ |
|
3-5 |
Сопақ, алсіз бүйрек пішшді |
Ашық-сұрдан шұбарланған суреті бар қараға дейін |
Шыгыңқы құрсаумен қоршалған |
Ашық түсті |
Тұқым шетіне қарай қиғаш |
Көпжылдык бөрібұршақ |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Түсі және орналасуы өрқилы. Дән ұрығының талшықты түтік шоқтарының қалдығы тұқым жолының ортасынан көрінеді-бүл түқым жолының ізі. Тұқымның бөртуіне қажетті су тұқым жолы арқылы сіңіріледі. Тұқым жолының бір шетінде ұрықтық із, немесе микропиле орналасқан, ол арқылы ұрықтанарда дән ұрығына тозаң түтікгері кіреді. Тұқым жолының екінші жағында кішірек келген, қосарланған төмпешік-халаза орналасқан, ол дөн ұрығының негізі деп есептеледі.
Қабықтың (тұқым қабығының)астында екі етті тұқым жарнағынан тұратын ұрық, айтарлықтай ірі ұрықты тамырша жоне кішірек бүршікше орналасқан. Тұқым жарнақтарында ұрықтың алғашқы кезеңде өсуі мен дамуына, қажетті қорлық қоректік заттар жинақталған. Бүршікше ұрықтық өскін, ол жақын түйін аралықтары бар біліктен және екі ұрықтың жапрақшалардан тұрады, соңғыларының арасында өсу нүктесі бар.
Дәнді бұршақ дақылдарын егін көгі мен жапырақтары бойынша анықтау. Тұқымның өсуі бөртуден басталады да егін көгінің пайда болуымен аяқталады. Өне бастағанда тамырша тұқым қабығын жарып шығып топыраққа бойлайды, ал сабақша жеделдетіп ұзара бастайды. Сабақшаның үзаруы әртүрлі. Үштік жөне саусақ-салалы жапырақты дөнді бүршақ дақылдарында, (майбүршақ, бадана, бөрі бүршақ) ол тұқым жарнағы доғасының өсуі есебінен жүреді. Алғашында доға төрізді иілген тұқым жарнағының асты өсе келе түзуленеді жөне кей-інірек топырақ бетіне тұқым жарнақтарын шығарады, олар жасылдана келе бірінші жалған жапырақтарды түзеді. Соңынан тұқым жарнақтарының арасында орналасқан бүршікшеден алғашқы екі нағыз жапырақ пайда болады.
Үштік жапырақты дэнді бұршақ дақыддарында алғашында жай жапырақтар, ал біраз уақыт еткеннен кейін бірінші үштік жапырақ түзіледі. Саусақ-салалы жапырақты дәнді бұршақтарда алғашқы жап-ырақтары ересек өсімдіктердегідей, тек қана кішірек болып келеді.
28-сурет.
Дәнді бұршақ өсімдіктерінің егін көгі:
1-үштік жапырақтармен (кәдімгі бадана);
2-саусақ-салалы жапырақтармен (бәрі
бұршақ); 3-қауырсын жапырақтармен
(ноқат).
Қауырсын жапырақты өсімдіктер эпикотил есебінен өнеді жөне тұқым
жарнақтары топырақта қалады, ал жер бетіне бірден алғашқы нағыз жапырақтар шығады (28,29-суреттер мен 58,59,60-кестелер).
Дәңді бұршақ дақылдарының жемістері бойынша анықтау. Дәнді бұршақ дақылдарының жемістері бүршаққап деп аталады. Ондағы тұқымдар қысқа тұқым аяғы жібінде орналасқан. Піскеннен кейін бұршаққап көпшілік дәнді бұршақ дақылдарында (ноқат, жасымық жөне ақ бөрі бұршақтан басқаларында) жарылады да тұқымдар шашылады. Айырмашылық белгілері 30-сурет пен 61-кестеде келтірілген.
58-кесте Дәнді бұршақ дақылдары егін көгінің айырмашылық белгілері
