Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ӨСІМДІК ШАРУАШЫЛЫҒЫ ПРАКТИКУМЫ.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
9 Мб
Скачать
☆

Тұқымның тазалығын анықтау (мст 12037-85)

Тұқымның тазалығы-себу сапасының маңызды көрсеткіші. Өлі деп аталатьш қоспалар (сабан, топырақ түйіршіктері, тастар т.б.) тұқымдық материалда ең алдымен артық салмақ (балласт) болып табылады және қарастырылып отырған түрдің процент мөлшерін азайтып, оның сақталуын қиындатады, ал тірі қоспалар-тіршілікке қабілетті арамшөіггер мен басқа мөдени өсімдіктердің түқымдары-себілгенде танаптардың ластануына өкеліп соғады жөне соның нәтижесінде егін өнімінің мөлшері мен сапасын төмендетеді. Осы жағдай агрономдардың түқым тазалығына мұқият қарауын талап етеді.

Тұқым тазалығы-қапшықтағы бірінші орташа үлгіден белінген белгілі бір шөкімдегі (жүгері, асбүршақ, ноқат, атбас бүршақ т.б. — 200 г; егістік ноғатық, күнбағыс, майбұршақ, қарбыз, т.б. — 100 г; бидай, арпа, сұлы, қара бидай, күріш, қара құмық, сиыржоңышқа т.б. — 50 г; тары, судан шөбі, эспарцет, қызылша т.б. -20, зығыр, сераделла т.б. -10 г. қыша, рапс, тарна, қылтықсыз арпабас, итқонақ, қонақтары — 5 г, сәбіз, жоңышқа, түйежоңышқа, еркешөп т.б. - 1 г) негізгі дақыл тұқымъшың пайыз молшері.

Шөкімді беліп алар алдьщда орташа үлгі тегіс жазық бетке төгіледі де тыңғылықты түрде қаралады. Егер бүкіл массасьша біркелкі таратылмайтьш ірі қоспалар (тастар, топырақ кесегі, өсімдік сабағы т.б.) кездессе, онда оларды жеке теріп алып кірлерде өлшейді де барлық орташа үлгі массасына есептеп % мөлшерін анықтайды. Ірі қоспалардың бұл процентін шөкімді талдағанда табылатын қоспалардың орташа процентіне қосады.

Шөкім екі өдіспен-арнаулы механикалық бөлгіштерде және қолмен алу жолымен қүрастырылады. Арнаулы бөлгіш болмаған жағдайда екінші өдіс ҚОЛДанылады. Оның мөні мынада: тегіс жазық бетке төгілген орташа үлгі жақсылап араластырылады да қалыңцығы 1 см аспайтын етіп төртбұрыш түрінде тегістеледі жөне қос қалақшаның көмегімен әрқайсысы 16 орьшнан «шахмат» тәртібімен шым-шымдап 2 рет тұқым алынады. Оларды жеке-жеке біріктіріп, екі шөкім қалыптастырады. Шөкімдерді негізгі дақыддың түқымьша жөне қоспаға ажыратады. Соңғысына зерттеліп отырған дақылдағы көлденең қоспалар (басқа мәдени өсімдіктердің тұқымы, арамшеп тұқымдары, күйе қапшықтары, қара күйе склероцилері, топырақ кесектері, тірі және өлі зиянкестер, тас қиыршықтары т.б.) жөне ақаулы тұқымдар (елеуіш саңылауларьшан өтксн ұсақ жөне сенген тұқымдар, жаншылған, шіріген, «1/2» жөне одан үлкен бөлігі уатыжавдар ж.б.).

Ұсақ тұқымды дақылдарда (шөкімі 5 г-нан аспайтын) шөкімді бірден талдап негізгі дақыддың тұқымдарына жене қоспаларға ажыратады, ал көптеген екпе дақылдардың тұқым шөкімін талдау алдында әуелі ұсақ жөне сенген тұқымдарды елеуіштерді (бвдай, арпа, күріш үшін саңылауы 2,0x20 қара бидай, сұлыны - 1,5x20; жүгеріні -2,5x20; қызылшаны 4x20; 3x20; 5x20 елеуіштер жиынтығымен, бұршақ тұқымдас шөптерді - 0,5 мм ж.б.) пайдаланып РКФ-1 виброклассификаторында, (4-сурет) немесе 3 минут бойы қолмен елейді. Соңынан шөкімді талдайды. Елеуіштен шыққан жөне елеуіште қалған қоспаларды біріктіреді.

4-сурет Классификаторлар:

1-Пневматикалық КСП-1; 2-елеуішті РКФ-1

Негізгі дақылдың тұқым мөлшерін шөкімнен қоспаларды шегеріп, тастап, шекім массасына процентпен есептейді. Бір ескере кететін жәйт, тұқымды талдауға кірісерде анықталған ірі қоспалардың % мөлшерін бірге есептеуді ұмытпау керек. Қоспалардан мәдени өсімдіктер мен арамшөптердің қоспасын өрбір шөкім үшін жеке-жеке есептеп нөтижелерін жұмыс бланкісіне жазады (қосымшаның 2-кестесі).

Екі шөкім арасындағы айырмашылық мемлекетгік стандартпен қарастырылған шамадан аспаса, тұқымдық талдау дұрыс деп есептеледі (МСТ 12037-81, 3-кесте).

Егер айырмашылық шекті шамадан асқан жағдайда, жоғарыда келтірілген тесілмен тегіс жазық бетге қалған орташа үлгідегі тұқым массасынан үшінші шөкім алынады да талдау мен есептеу қайтадан жүргізіледі. Тұқым тазалығын алғашқы шөкімнің бірі және үшінші шөкім нөтижелерінің орташа арифметикалық көрсеткіші бойьшша анықтайды. Ал егер үшінші жэне бірінші шөкімдер арасындағы айырмашылық шекті ауытқудан асып кетсе, онда түқым тазалығы барлық үш шееімнің орташа арифметикалық шамасымен белгіленеді.

Тазалығын анықтағаннан кейін негізгі дақылдың тұқымдарын қағаз пакетгерге, әрбір шөкімді жекс-жеке салып, себу сапасының басқа керсеткіштерін (1000 тұқымның массасын, ену энергиясы мен лабораториялық өнгіштігін, тұқымның тіршілікке қабілеттілігін т.б.) анықтау үшін сақтап қояды.

3-к е с т е Екі шокім талдауы нөтижесінің орташа