Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ӨСІМДІК ШАРУАШЫЛЫҒЫ ПРАКТИКУМЫ.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
9 Мб
Скачать
☆

Көген тамырсыз бидайық-пырей бескорневищый тапсырма

  1. Көген тамырсыз бидайықтың морфологиялық ерекшеліктерін оқып-үйрену.

  2. Сорттардың шаруашылық-биологаялық сипаттамасын оқып- үйрену.

  3. Мал азығы мен тұқымға өсірудің операциялық технологиясын жасау.

Көген тамырсыз бидайық Қазақстанның орманды дала жөне далалық аймақтарында өсірілетін кепжыддық мал азықтық өсімдік. Ол регнерия туыстығына (Коепегіа) жатады, Қазақстанда оның 40-тан аса түрлері өседі. Егістікке көген тамырсыз бидайық (Коепегіа ігасһусаиіоп) жөне талшықты бидайық (К.оепегіа Ягова) енгізілген. Бұлар төбелік типтегі, борпас астық тұқымдас, қуатты тамыр жүйесі, 1,0-1,2 м терендікке бойлайды. Шөптесін бұтасы көптеген жіңішке сабақтардан тұрады, биіктігі 0,6-1,1 м жапырақтануы 24-30%. Жапырақтары жіңІшке, ұзын, қатты. Гүл шоғыры-борпылдақ (борпас) қосқатарлы масақ, ұзындығы 8-15 см, масақшасы 2-3 гүлді, айқас тозанданатын өсімдік. Жемістері (егістік материал)-қабықты дәндер. 1000 тұқымның массасы 2,5-3,5 г. даму типі-күздік-жаздық. Талшықты бидайық көген тамырсыз бидайыққа қарағанда ерте піседі (кектемгі көктеуден шабылмалы пісуіне дейін 45-50 теулік, тұқымның

пісуіне дейін 65-75 төулік), масағы ұзын (12-16 см), доға төрізді иілген, ал тұқымдары күштірек түктенген және күлгін ренді. Бидайықтың кейбір морфологиялық белгілері 67-суретте келтірілген.

67-сурет. Бидайык- 1-егін кегі кезеңіндегі есімдік; 2-кеген тамырлы бидайықтың масақтану кезеңіндегі өсімдігі; 3,4,5-көген тамырлы бидайықтьвд масақтары, масақшасы және жемістері (сол жақта-үлкейтілгендері); 6-коген тамырсыз бидайық өсімдігінің төменгі бөлігі; 7,8,9-көген тамырсыз бвдайықтың масақтары, масакдіасы, жемістері (сол жақта-үлкейтілгендері).

Қазақстанда пайдалануға рұқсат етілген көген тамырсыз бидайық сорттары:

Карабалыкский -Қарабалық МАТС-да шығарылған. Өсіп-жетілу кезеңі көктемгі көктеуден масақтануға дейін 62-66, түқымның пісуіне дейін 84-100 тәулік. Көктемде және шабылғаннан кейін баяу көктейді, қуаңшылыққа орташа, ал қысқа жақсы тезімді, 1959 (1,7,9,12).

Колутонский (Арман) -Қазақ АШҒЗИ-да шығарылған. Бұтасы тік еседі, борпас, сабағы түкті, биһсгігі 65 см дейін. Бұтақтануы жоғары жапырақтануы 54% дейін. Көктемде жөне бірінші шабылғаннан жақсы көктейді, ал екінгі шабыстан соң баяу. Кектеуден шабылмалы пісуіне дейінгі вегетациялық толық пісуіне дейін 90 төулік. Құрғақшылыққа және қысқа төзімді сорт, 1994 (1).КӨКШІЛ СҮР БИДАЙЫҚ-ПЫРЕЙ СИЗЫЙ-АСКОРҮКОК СЬАІІСІШ

Көкшіл сүр бидайық (орташа бидайық)-А§горугоп £Іаисит, көпжылдық, қысқа көген тамырлы төбелік типтегі астық түұқымдас, шабывдық және жайылымдық өсімдік. Сабақтары тік өседі, буындарында біршама жуанданған, жалаңаш, жақсы жапырақтанған. Жапырақтары түкті, көкшіл сүр түсті. Гүл шоғыры үзындығы 7-10 см борпас масақ, көпгүлді, өлсіз қылтықты. Жемісі-дән, 1000 түқымның массасы 2,5-3,0г. Пайдалануға рұқсат етілген сорттары:

Ростовский 31 - Зерноград МАТС-да шығарылған. Тік өсетін бұтасының биіктігі 65-90 см, бұтада 23-56 сабақ болуы мүмкін. Масақтануға дейін сабақтары нәзік, жапырақтары сызықты, көкшіл сұр-жасыддау, жұмсақ. Өсіп-жетілу кезеңі көктемгі көктеуден шабылмалы пісуіне дейін 49-77 тәулік, шабылғаннан кейін жөне көктемде баяу көктейді, қуатты тамыр жүйесі бар, шөптесінде ұзақ уақыт сақталады. Қысқа және қуаңшылыққа төзімділігі жоғары, 1974 (1,4,9,12).

Омич-Сібір АШҒЗИ-да шығарылған, 1989 (1,7,9).

Карабалыкский сизый, 1998 (7).

Жоғарыда аталған сорттардан басқа көпжыддық астық тұқымдас шөптердің темендегідей сорттары пайдалануға рұқсат етілген:

Шалғындық бетеге: Каргалинская, 1991 (3); Пензенская, 1989 (6).

Сібірлік пырейник: Гуран, 1974 (1,12).

Даурлық пырейник: Нарынкольский, 1991 (3).

Ситник ломколоснигі: Бозойский, 1975 (1,2,3,4,5,6,7,9,11,12,13); Шортақцинский, 1975 (1,3,9,11,12).

Тік арпабас : Целиноградский 30, 1991 (3).

Жима тарғақ: Заилийская, 1993 (3); Каркара, 2000 (3).

Қазақстанда көгалға (көгаддық дюптер) себуге рүқсат етілген шалғындық қоңырбас сорты Барон, 1985 (3,5,8,13,), түрліжапырақты бетеге сорты Изумрудная, 1986 (3,5,8,13).

Пайдалануға рүсат етілген басқа түқымдастардың кепжылдық жөне біржыддық өсімдіктері: Қара сексеуіл сорты; Жан-Сая, 2000 (8,13); Шашақты амарант сорты: Атлант, 1995 (3,4,13); Изен (прутняк) сорттары ~ Алма-Атинский песчаиый 1, 1985 (3); Бактоген, 1999 (3); Задарьинский, 1990 (13); Күйреуік сорттары-Айдарлинский 1, 1985 (3); Сэн, 2000 (8,13): Теріскен сорттары-Арысский, 1990 (13); КЛХ-2, 1990 (3); Қызыл-күм, 1999 (13); Чолон (азжапырақты эления) сорты: Сырдарьинский, 2000 (8,13).

Бақылау сұраұтары

  1. Қазақстанда егістікте және шалғындық жайылымдық шаруашылықта өсірілетін кепжылдық астық тұқымдас шөптердің азықтық құндылығын сипаттау.

  1. Көпжылдық астық тұқымдас шөптердің негізгі түрлері және оларды Республика мен Солтүстік Қазақстанның топырақ-климат аймақтарына орналастыру.

  1. Астық тұқымдас еркекшөп, қылтықсыз арпабас, бидайық ж.б. шөптердің морфологиялық ерекшеліктері, жапырақтануы.Еркекшөп пен бидайықтың негізгі түрлері.

  1. Еркекшөп, бидайық, райграс, арпабас, бетеге ж.б. түрлерін тұқымдары мен гүл шоғырлары бойынша айырмашылық белгілері.

  2. Көпжылдық астық тұқымдас шөптердің өсіп-даму ерекшеліктері. Топырақ-климат жағдайларына байланысты өнімді пайдаланудың ұзақ-еміршеңцігі.

  3. Көгакылдық астық тұқымдас шөптердің биологаялық ерекшеліктері (жылуға, ылғалға, топыраққа талаптары). Қазақстанның негізгі топырақ-климат аймақтарында өнімділігінің потенциальды мүмкіндігі. Агротехника мен себілгеннен кейінгі жағдайларға байланысты танаптық өнгіштігі және өсімдіктерінің сақталуы.

  4. Республика мен Солтүстік Қазақстанда пайдалануға рұқсат етілген көпжылдық шөптердің сорттары.

  5. Көпжылдық астық тұқымдас шөптерді мал азығы мен тұқымға өсіру агротехникасының ерекшеліктері:

а. алғы дақылдар мен жамылғысыз және жамылғылы себу тәсілдерінің жағдайлары;

б. қалыптасқа жағдайларға байланысты себу мерзімдерін негіздеу;

в. себу кезеңіндегі нақты жағдайларға байланысты тұқымның себу мөлшері мен олардың сіңіру терендігі;

тыңайтқыштар мөлшерін есептеудің ерекшеліктері және оларды көпжылдық шөптерге енгізу;

д. бірінші және одан кейінгі тіршілік жыддарындағы шөптердің егістігін күтіп-баптау.

10. Мал азығын жинау жөне дайындау технологиясы. Мал азығьш дайындаудың прогрессивті технологиялары.