- •Өсімдік шаруашылығы практикумы Қайта өңделіп, толықтырылып екінші шығарылуы
- •I тарау. Тұқымтану
- •Үлгілерді сұрыптаудың әдістемелері (12036-85 мст)
- •Тұқымның тазалығын анықтау (мст 12037-85)
- •Арифметикалық көрсеткіштерінен ауытқу шегі, %
- •Тұқымның өну энергиясы мен лабораториялық өндірілгеннің анықтау (мст 12038-84)
- •1000 Тұқымның массасын анықтау
- •Тұқымның тіршілікке қабілеттілігін анықтау (мст12039-82)
- •Көрсеткіші және екі үлгіні талдау нәтижелеріндегі рұқсат етілгені
- •Тұқымның өсу күшін анықтау
- •Тұқымның өсу күшін анықтаудағы жұмыс тәртібі:
- •Тұқымның аурулармен залалдануын анықтау (мст 12044-66)
- •Тұқымның зиянкестермен зақымдануын анықтау (мст 12045-66)
- •Тұқым сапасы жөніндегі құжаттар және оларды дайындау (мст 120466-85)
- •Мөлшерін есептеу
- •Тарау бойынша әдебиеттер
- •Бағдарламалаудың әдістемесі (Ең жоғары мүмкін өнім алу үшін қарқынды технологияларды жасаудың теориялық негізі)
- •Тапсырма
- •ҚДж, орташа
- •Биоклиматтық көрсеткішттерді бағалау және нақты топырақ-климат жағдайларына байланысты дақылдардың және сорттардың өсіру мүмкіншілігі мен потенциалын анықтау. Тапсырма
- •Нақты мүмкін өнім (нмө) мөлшеРі ылғалмен қамтамасыз етілуіне қарай анықтау
- •Бақылау сұрақтары
- •Егін жинау алдындағы қолайлы сабақ жиілігіне себу мөлшері есептеудің әдістемесі тапсырма
- •27 Кесте Солтүстік Қазақстанда ең жоғары өніммен қамтамасыз ететін
- •Бақылау сұрақтары
- •Бағдарламаланған өнімге тыңайтқыш мөлшері есептеу әдістемесі тапсырма
- •Тексеру сұрақтары
- •Өсімдіктер құрылысының ерекшеліктері
- •Астық дақылдарының өсіп-даму кезеңдері.
- •Органогенез этаптары
- •Дақыл Сорт Жыл
- •Тапсырма
- •Қатты бидайдың айырмашылықтары
- •Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етілген жаздық бидай сорттары*
- •Ерте пісетіндер:
- •Қатты бидай Орташа мерзімде пісетіңдер:
- •Ортадан кеш пісетіндер:
- •50 Кесте Сұлы түрлерінің анықтамалығы
- •Дән пішіндері: 1-мәскеулік; 2-Харковтік; з-Шатиловтық; 4-ұзын жауырынды; 5-ине тәрізді.
- •Астық дақылдарының II тобы тары - просо - рамсім тапсырма
- •Ортадан ерте пісетін:
- •Дәнді бұршақ дақылдарының жалпы сипаттамасы тапсырма
- •(Тұқьм жарнақтары топырақта қалады)
- •(Тұқым жарнақтары топырақ бетіне шығарылады)
- •Асбұршақ - горох - рі81м
- •Ақгүлді асбұршақтың маңызды түршелерінің айырмашылық белгілері
- •Ноғатық - чина - іатнүіш8
- •Үштік және саусақ-салалы жапырақты дәнді бұршақ дақылдары тапсырма
- •Бадана - фасоль - Рһазеоіиз
- •Бөрі бұршақ - люпин -lupinus
- •Бақылау сұрақтары
- •Тарау бойынша әдебиеттер
- •Картоп - картофель -solanum тапсырма
- •Түйнектердің бағалау тәсілдері
- •Орташа мерзімде ігісетіңдер:
- •Майлы дақылдар күнбағыс - подсолнечник -helianthus тапсырма
- •3. Сүрлемдік дақылдар сүрлем сапасы және жинау мен сүрлемдік массаны салудың технологиялық үрдісіне қойылатын талаптар тапсырма
- •Пайдалануға рұқсат етілген шай жүгері сорттары
- •Күнбағыс - подсолнечник – нelianthus тапсырма
- •4. Мал азықтық шөптер
- •4.1. Көпжылдық және екіжылдық бұршақ тұқымдас шөптер тапсырма
- •79 Кесте Қазақстан Республикасында өсірілетін жоңышқа түрлерінің сипаттамасы
- •Пайдалануға рүқсат етілген түйежоңышка сорттарының сипаттамасы:
- •Бақылау сұрақтары
- •4.2. Көпжылдық мал азықтық астық тұқымдас шөптер тапсырма
- •Мал азықтық көпжылдық астық тұқымдас шөптерді анықтауға арналған
- •Еркекшөп түрлерінің айырмашылық белгілері
- •Қылтықсыз арпабас - кострец безостый –bromopsis inermis тапсырма
- •Қазақстанда паңцалануға рұқсат етілген қылтыксыз арпабас сорттары:
- •Көген тамырсыз бидайық-пырей бескорневищый тапсырма
- •4.3. Мал азықтық біржылдық бұршақ тұқымдас шөптер тапсырма
- •Сиыржоңышқа-вика-vісіа
- •Мал азықтық асбұршақ және басқа бұршақ тұқымдастар
- •4.4. Мал азықтық біржылдық астық тұқымдас іпөптер және басқа тұқымдас өсімдіктер тапсырма
- •Судан шөбі-суданская трава
- •Итқонақ-могар-8.І.Mocharicum
- •Қонақтары-чумиза-8.І. Махіма
- •Мал азықтық тары-просо кормовое
- •Мал азықтық күздік қара бидай- кормовая рожь-secale
- •Рапс-brassica napus oleifera
- •Қышы-сурепица- brassica camprestris
- •Бұршақ-астық тұқымдас қоспаларды өсірудің технологиясы
- •Тапсырма
- •Бақылау сұрақтары
- •5. Тамыр жемістер тапсырма
- •6. Мал азықтық бақіпа дақылдары
- •Асқабақ - тыква
- •Бақылау сұрақтары
- •7. Аз тараған (традициялы емес)
- •Бақылау сұрақтары
- •VIII - тарау. Талшықты дақылдар
- •Бақылау сұрақтары
- •Бақылау сұрақтары
- •Әдебиет
- •Өну энергиясы мен тұқымның өнгіштігін
- •Жинау алдындағы картоптың биологиялық өшмі
- •Қорада тұратын кезеңга мал азшына мұқтаждықты есептеу, т
- •Қорада тұратын кезеңге мал азығының егістік көлемін есептеу
- •Жайылымдар мен шабындықтардан түсетін жасыл балаусаны есептеу
- •Жасыл мал азығына мұқтаждықты есептеу
Мал азықтық көпжылдық астық тұқымдас шөптерді анықтауға арналған
кілт
1. Гүл шоғыры-масақ (масақшалар отырған, аяқшалары жоқ немесе қысқа бүтақтанбаған аяқшаларға орналасқан 2
0. Гүл шоғыры-шашақ (сіпсебас) 9
2.Білікте масақшалар бір-бірден орналасқан 3
0. Білікте масақшалар екі-екіден орналасқан, қылтықты. Масақтар
иілген. Масақ қабықшаларының жүйкелері бүдырлы – Сібір қияқ -
3. Масақ қабықшалары екеу, масақтың бүйір жақтарына орналасқан. Масақшалар масак білігіне кең бетімен багытталган 4
4. Жер асты өрмелегіш өркенді-көген тамырлы өсімдік. Кеген тамырлы бидайық - А^горугоп герепз
Көген тамырлы қысқа өсімдік
4а. Көген тамыры қысқа өсімдік —
көкшіл сұр бидайық - Агоругоп 1аисит
0. Өсімдігінде көген тамыр жоқ 5
5. Масақ борпылдақ (борпас) масақшаларында қысқа қылтық терізді үшкірленген өскіндер бар немесе олар жоқ-көген тамырсыз бидайық - Коепегіа ігасһусаиіоп
0. Масақ тығыз, масақшалар жалпа 6
6. Масақ жалпақ, тарақ тәрізді, жұмыртқа немесе ұзынша жұмыртқа пішівді. Масақшаларының үшкір қылтық тэрізді өскіндері (ұзындығы 3,0 мм-ден асады)7
0. Масақ жіңішке, сызықты, цилиндрлі. Масақшаларының үшкір қылтық тәрізді 3,0 мм-ге дейін ұзындықта әскіндері бар немесе олар жоқ 8
7. Масақ тығыз, бірақ масақшалардың арасы саңылаулы ашық. Теменгі гүл қабықшасы түксіз —
Тарақша еркекшөп — А§горугоп ресііпоіогте
0. Масақ өте тығыз, масақшалар арасында саңылау жоқ. Төменгі гүл қабықшасы жиі түктенген -
Иректісті еркекшөп — А§горугоп сгаіаШт
8. Масақтар линиялы (сызықты), үзындығы 5-15 см, тарақ тәрізді сібірлік (қүмдық) еркекшөп - Аёгоругоп зіЬігісит
0. Масақтары қысқа сызықты, тарақ тәрізді емес, масақшалары бір-бірінен қабысып тығыз орналасқан —
Шөл еркекшөбі - А§горугоп сіезезіогит
9. Шашақ (сіпсебас) қомақты. Шашақтағы масақшалар біркелкі . 10
10. Гүл қабықшалары қылтықсыз немесе қылтықты қабықшаның ұшынан шығады 11
11. Жапырақ қынабы ашық - Шалғындық бетеге - ҒезШса ргаіеше
0. Жапырақ қынабы жабық - Қылтықсыз арпабас Вгототаз іпегтіз
Мал азықтық астық тұқымдас шөптерді тұқымдары бойынша аиықтау. Астық тұқымдас шөптерді тұқымдары бойынша жалпы
белгілері
біріктірілген түрлер топтары бойынша
анықтаған қолайлы (63-4суреттер,
84-кесте).
63-сурет. Мал азықтық астық түқымдас шөптердің түқымдары: 1-атқонақ; 2-ақ суоты (полевица); 3-кәдімгі суоты; 4-шымды селдірек; 5-шалғындық қоңырбас; 6-жима тарғақ; 7-шалғындық бетеге; 8-көпшыбалмалы райграс; 9-жайылымдық райграс; 10-көген тамырлы бидайық; 11-көген тамырсыз бидайық; 12-тарақша еркекшөп; 13-шөл еркекшөбі; 14-биік райграс; 15-шалғындық түлкіқүйрық; 16-қылтықсыз арпабас.
ЕРКЕКШӨП - ЖИТНЯК –AGROPYRON ТАПСЫРМА
Еркекшөп түрлерін оқып-үйрену. Айырмашылық белгілерін сипаттап жазу.
Еркекшөптің аудандастырылған сорттарының шаруашылық- биологиялық сипаттамасын окып-үйрену.
Еркекшөпті мал азығына өсірудің операциялық технологиясын жасау.
Еркекшөпті түқымға өсірудің операциялық технологиясын жасау.
Еркекшөп-Қазақстанның далалық және қүрғақ далалық аймақтарында кең тараған мал азықтық дақыл. Ол кепжылдық шөптесін өсімдік, қуаңшылық пен қыстың қолайсыз жағдайларына жоғары тезімділігімен және ұзақ өміршендігімен ерекшеленеді.
Еркекшөп бидайықтар туыстығына (Агоругоп) жатады. Ол төбелік, борпас-бұтақты, 2 м және одан да тереңге бойлайтын қуатты тамыр жүйесі бар астық тұқымдасқа жатады. Биіктігі 25-100 см шөптесін бұта қалыптастырады, пәрменді түптенуге қабілетті, бүтада генеративті сабақтар басым. Жапырақтары жіңішке сызықты, төменгі жағы тегіс, жоғарғы жағы бүдырлы. Гүл шоғыры-ұзындығы 1,5-6,5 см масақ, ені 1,0-2,5 см, төбесіне қарай сүйірленеді, масақшалар 3-10 гүлді. Өсімдігі айқас тозаңдануы да мүмкін. 1000 дәннің массасы 1,4-2,7 г.
84-кесте Астық тұқымдас шөптер тұқымдарының айырмашылық белгілері
Мөлше-рі, мм |
Пішіні |
Білікше (стерженок) |
Қылтықтар немесе қылтық тәрізді өскіндер^ |
Гүл қабықшалары (қауыздары) |
Түр |
5-6 |
Ланцетгі |
Шығыңқы жоғарғы жағы кең ойықты |
Үзындығы 3-4 мм шамасындағы қылтық тәрізді өскін |
Түсі ашық-сары |
Тарақша еркекшөп |
5-6 |
Сондай |
Сондай |
Сондай |
Сыртқы қабықша жиі түктелген, ашық-сары түсті |
иректісті еркекшөпі |
4-5 |
Совдай |
Сондай |
Сондай |
Жасылдау түсті |
Шөл еркекшөбі |
4-5 |
Сондай |
Сондай |
1 мм дейін ұзыңдықтағы қылтық тәрізді өскін |
Сондай |
Сібірлік еркекшөп |
9-12 |
Кең ланцетті |
Тік, домалақ келген, үзындығы 3 мм |
Жоқ |
Сыртқы қабықшаның төбесі жалпақ, күңгірт-сүр түсті, кейде жасылдау , күлгіндеу |
Қылтықсыз арпабас |
8-11 |
Ланцетті |
Шығыңқы, кең түкті, ұзындығы 1 мм |
Қылтық төрізді өскін, үзындығы 2-3 мм |
Сыртқы қабықшаның килі жоқ, ашық-сары түсті |
Көген там-ырсыз бидайық |
8-11 |
Сондай |
Шығыңқы, түкті, 1,0- 1,5 мм-дей |
Қылтық тәрізді өскін 1,5-2,0 мм |
Сыртқы қабықша килсіз, күлгін реңці |
Талшықты регнерия |
10-12 |
Кең ланцетті |
Шығыңқы, жалпақ, туксіз үзындығы 1,5-2,0 |
Жоқ |
Сыртқы қабықшаның килі жоқ, ішкі қабықшадан ұзынырақ, ішкі қабықша қайық төрізді: қабықша түсі ашық-сары |
Көкшіл сүр бидайық |
6-7 |
Ланцетті |
Тік, үзындығы 2 мм |
Жоқ |
Дөрекі, ішкі қабықша, таға тәрізді, қабықшаның түсі жасьщцау-сүр |
Шалғывдық бетеге |
5-12 |
Сондай |
Тік, домалақ, ұзындығы 1 мм шамасында, қиық кесілген |
Қылтығы қабықша ұшына бекіген, ұзындығы 25 мм-ге дейін |
Ішкі қабықша сыртқы қабықшадан 0,5-0,7 мм-дей ұзын, қасы жоқ, қабықша жасылдау-сүр түсті |
Сібір қияқ |
64-сурет. Астық тұқымдас мал азықтык шөптердің гүл шоғырлары: 1-жайылымдық райграс масағы; 2-шалғындық түлкіқұйрыктың масақ тәрізді шашағы; 3-итқоиақтың масак тәрізді шашағы; 4-шалғындық қоңырбастың; 5-ақ суотының; 6-қылтықсыз арпабастың; 7-шалғындық бетегенің; 8-жима тарғақтың; 9-биік райграстың масақ тәрізді шашағы.
Еркеиюп түрлерінің ішінде жабайы ортадан өсетін мьшадай түрлері бар: пуалистгүлді, дондық, керчендік, михно, сыңғақ, бадамдық, понтийлік, қарағайжапырақты ж.б.
Жабайы өсетін тарақша еркекшөптің үш экологиялык топтары бөлінген:
Өзен аңғары-шалғындық, жабайы түрде Орта Еділ және Батыс пен Солтүстік Қазақстанның өзен аңғары-шалғыңдық ассоцияларыңда өседі.
Далалық топ. Бұл топтың өсімдіктері қүрғақ жерлерде өседі: төбелерде, қүрғақ таулы шалғындықтарда, қиыршықтасты беткейлерде. Қазақстан, Қырым, Солтүстік Кавказдың кұрғақ далаларында өседі.
Алтай тобы. Бұл топтың өсімдіктері жабайы түрде Алтайдың тау етегі мен Шығыс Қазақстанның таулы аймағында өседі.
Егістікке еркекшөптің 4 түрі енгізілген, бір-бірінен биологиялық және морфологиялық белгілерімен ең алдымен масақ пен дөңдердің қүрылысы бойынша ажыратылады.
Олардьщ екеуі кең масақты — таракша (А§. ресііпоймтае) жөне иректісті (А&. сгізіаіит), қалған екеуі жіңішке масақты — сібірлік немесе құмдық еркекшөп (А§. зіЬігісит) және шөл еркекшөбі (А§. (іекегіогат). Бұл түрлердің айырмашылық белгілері 65-сурет пен 85-кестеде келтірілген.
65-сурет. Еркекшөп: 1,2-масақтану және егін көгі кезендсріндегі өсімдіктер; 3,4,5-тарақша еркекшептің масағы, масақшасы жөне жемістері; 6,7,8-ирекгісті еркекшөптің, сібірлік және шел еркекшөбінің масақтары.
85-кесте
