Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ӨСІМДІК ШАРУАШЫЛЫҒЫ ПРАКТИКУМЫ.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
9 Мб
Скачать
☆

Судан шөбі-суданская трава

SORGHUM SUDANENSE

Судан шөбі-қуаңшылыққа төзімді, жоғары өнімді, мал азықтық сапасы жақсы және Қазақстанның қуаңшылықты далалық аймағында айырбасқа жатпайтын дақыл.

Судан шөбі шөптесін шөй жүгері (сорго) тобына жатады. Шашақты тамыр жүйесі жақсы дамыған, күшті тармақталған, 2,5 м терендікке бойлайды, алайда негізгі бөлігі топырақтың 0,7 м қабатында шоғырланған, ауа (тірек) тамырларын қалыптастыра алады. Сабағы тік әседі, әдетте бүтақты, цилиңдр тәрізді, жақсы жапырақтанған (40-55%), түксіз, ашық-жасыл түсті, іші паренхимамен толтырылған, 3-5-тен 8-15 буын аралықтарын түзеді. Сорттык ерекшеліхтерімен өсіру жағдайларына қарай сабағының биіктігі 0,7-3,5 м жетеді. Түптену коэффициенті 3-5-тен 15-25, тіпті 30-40-қа дейін өзгереді, жақсы алшынкөктігімен ерекшеленеді. Бұтасы тік өседі, қомақты, жартылай қомақты, жатаған жөне жартылай жатаған, ауытқуы 45-тен 90°С дейін. Жапырақтары үзын, сызықты, түксіз, иілмелі, шеттері аздап бұдырлы, ортаңғы жүйкесі жақсы дамыған, ұзындығы 30-75, ені 2,0-4,5 см. Орта есеппен бір өсімдікте 4-8 жапырақ қалыптасады, кеш пісетін биік өсетін сорттарында көптеу,ерте пісетіндерінде аласалау. Гүл шоғыры ұзын, сызықты, түксіз, иілмелі, шеттері аздап бұдырлы, эллипсті-сопақтау немесе конусты-эллипс пішінді, ұзындығы 30-40 см. Сіпсебастың өрбір бұтағынық ұшар басында 3 масақша орналасқан, оның біреуі жемісті, қалған екі бүйріндегілері жеміссіз. Жемісі-дән, аздап жалпақтау, кері-жүмыртқа пішінді, қатты масақша қабықшаларымен қапталған, түсі әртүрлі-сабан түсті, сары, сұр, қызыл, қоңыр, қара. Орта есеппен бір сіпсебастан 4-5 тұқым алуға болады, 1000 тұқымның массасы 5-15 г, Солтүстік Қазақстанда аудандастырылтан сорттарында 8-12 г. судан шөбінің өсімдігі 70-суретте келтірілген.

70-сурет. Судан шөбі.

Қазақстанда пайдалануға рұқсат етілген сорттары: Бродская 2 —Ресейдің етті қара мал ҒЗИ-да шығарылған, биіктігі 200 см дейін тік есетін, 2-12 өркенді бүталы өсімдік, 5-7 жапырақты, 1000 тұқымның массасы 10-12 г. орташа мерзімде пісетін сорт: егін көгінен шабылмалы пісуіне дейін 48-55, ал тұқымының шаруашылықты пісуіне дейін 85-115 тәулік, қуаңшылыққа төзімді, алшынкөктігі орташа, 1954 (1,2,12).

Изумрудная —Башқұрт егіншілік ҒЗИ-да шығарылған, өсімдігі тік есетін биіктігі 210 см дейін бұта қалыптастырады, 1000 тұқымның массасы 12-14 г. сорт ерте піседі: шабылмалы пісуіне дейін 45-56, тұқымның шаруашылық пісуіне дейін 75-85 тәулік, қарқынды өсуімен және жоғары алшынкөктігімен ерекшеленеді, 2-3 шабыс бере алады, қуаңшылыққа және суыққа төзімді.

Кинельская 100-Кинель МСС-да шығарылған, орташа түптенетін, жапырақтануы 35-40%, биіктігі 185 см дейінгі өсімдік. 1000 тұқымның массасы 7-8 г. сорт қуаңшылыққа жоғары төзімділігімен жөне ерте пісуімен ерекшеленеді, өсіп-жетілу кезеңі шабылмалы пісуіне дейін 40-46, тұқымының шаруашылықты пісуше дейін 72-86 тәулік, алшынкөктігі жақсы, 3 шабысқа дейін бере алады, 1985 (1,6,12).

Тугай —Башқұрт егіншілік ҒЗИ-да шығарылған, өсімдігі тік өсетін немесе өлсіз қомақты бұта қалыптастырады, 2-3 сабақты, биіктігі 200 см дейін. Сорт ерте піседі, 1986 (4,9,12).

Саратовская 1183-Оңтүстік -Шығыс АШҒЗИ-да шығарылған. Өсімдігі биік 180-190 см, жоғары бүталы. Өсіп-жетілу кезеңі мі азығына өсіргенде 43-68, түқымға өсіргенде 92-100 тәулік, 1993 (7,12).

Джурунская 1, 1985 (2); Коллективная 10, 1996 (3); Одесская 25, 1955 (5,6). Чамбайская 8, 1992 (8); Широколистная 2, 1976 (13); Шөй жүгері, судан шөбі буданы Алма-Атинский 81, 1992 (3,4,8,11,13).