Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД Мол биол и ген.ОМ каз. 2016-2017.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
6 Мб
Скачать
☆

8.1. Эпигенетика

8.2. Мақсаты: Студенттерде эпигенетика, оның реттелуінің молекулалық-генетикалық механизмдері туралы заманауи көзқарастарды қалыптастыру.

8.3. Тапсырмалар:

8.3.1. Эпигенетика туралы заманауи көзқарас.

8.3.2. Гендер белсенділігінің эпигенетикалық реттелу механизмдері.

8.3.3. ДНҚ-ның метилденуі, оның гендер белсенділігінің реттелуіндегі рөлі.

8.3.4. Гистондар модификациясы, оның гендер белсенділігінің реттелуіндегі рөлі.

8.3.5. РНҚ- интерференциясы, оның гендер белсенділігінің реттелуіндегі рөлі..

8.3.6. Эпигенетика және адамның тұқым қуалайтын аурулары.

8.4. Орындалу түрі: реферат немесе презентация

8.5. Орындалу критерийлері:

а) тақырыбы бойынша негізгі әдебиеттерді оқу және жинау;

б) ақпаратты жүйелеу және өңдеу;

в) реферат жоспарын құру;

г) библиография құрастыру;

д) рефератты жазу және бездендіру.

Рефераттың құрылымы:

1) беттік парақ ( талапқа сай безендіру);

2) мазмұны (рефераттың бөлімдерін,бетін ретімен орналастырып номерлеу);

3) кіріспе (талданатын мәселеннің мәнін, маңыздылығы мен өзектілігін көрсету және рефераттың мақсаты мен тапсырмаларын анықтау);

4) негізгі бөлім (рефераттың әр бір бөлімі жеке мәселені немесе оның бір жағын қамту керек және алдыңғы бөлімдермен логикалық байланысты болуы қажет, бұл бөлігіне кестелер, сызбалар, графиктер, суреттер және т.б. енгізуге болады);

5) қортынды (тұжырым жасалынып, реферат тақырыбының жалпы қорытындылары беріледі, ұсыныстар жасалынады);

6) әдебиеттер тізімі.

Рефератты безендірудегі қойылатын талаптар:

а) рефераттың көлемі 10-15 бет болу керек (қосымша беттер реферат көлеміне кірмейді);

б) реферат сауатты түрде орындалу қажет, баяндау мәдениеті сақталу керек;

в) баяндалу барысында қолданған әдебиетке сілтеу болуы керек;

г) библиография дұрыс құрастырылуы қажет.

Презентация жасауда қойылатын талаптар:

а) презентация “Microsoft Power Point” бағдарламасы бойынша құрастырылады;

б) слайд саны 10-15 аспауы қажет;

в) презентация жасауда слайдқа үлкен текстер жазуға болмайды, жеңіл қабылданатын және сауатты жасалынуы қажет;

г) библиография бойынша сілтеме реті дұрыс құрастырылуы қажет.

8.6. Тапсыру мерзімі: «Молекулалық биология негіздері» тарауы бойынша аралық бақылауға дейін

8.7. Бағалау критерийлері: 100 баллдық жүйесімен бағаланады, бұл 100%-ке сәйкес келеді.

8.8. Әдебиеттер:

8.8.1. Эпигенетика//С. М. Закиян, В.В. Власов, Е. В. Дементьева.  Новосибирск: Изд-во СО РАН, 2012. 

8.8.2. Несса Кэри  Эпигенетика: как современная биология переписывает наши представления о генетике, заболеваниях и наследственности.  Ростов-на-Дону: Феникс, 2012.

8.8.3. Галицкий В.А. «Гипотеза о механизме инициации малыми РНК метилирования ДНК denovo и аллельного исключения» (русский). Цитология. 2008. 50 (4).

8.8.4. Elias Daura-Oller, Maria Cabre, Miguel A Montero, Jose L Paternain, and AntoniRomeu (2009)"Specific gene hypomethylation and cancer: New insights into coding region feature trends". Bioinformation. 2009; 3(8): 340—343.PMID PMC2720671.

8.8.5. Cao, Xiaofeng; Jacobsen, Steven E. (2003 Jul). «Locus-specific control of asymmetric and CpNpG methylation by the DRM and CMT3 methyltransferase genes». PNAS.

8.8.6. Aufsatz, Werner; M. Florian Mette, Johannes van der Winden, Antonius J. M. Matzke, MarjoriMatzke (2002 Dec). «RNA-directed DNA methylationin Arabidopsis». PNAS.

8.8.7. Наследственные болезни: национальное руководство/под.ред.акад. РАМН Н.П. Бочкова.-М.: ГЭОТАР-Медиа, 2012.

Интернет сайты:

www.medicum/hnov/ru /docter/lib>ary/obsterics/Nisvander/24/php - cok

www.rusmedserv.com/forum/printthread.php?t=1003-27k

www.reterats.net/online/referat:php?d=rkr-a-3801-7k-