Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД Мол биол и ген.ОМ каз. 2016-2017.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
6 Мб
Скачать
☆

6.4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

*6.4.1. Онтогенез: анықтамасы, кезеңдері

Developmental biology: definition, types, periods

Онтогенез: определение, периодизация

6.4.2. Онтогенездің алғашқы кезеңдері: гаметогенез, ұрықтану, жұмыртқа жасушасының полярлылығы, ооплазматикалық сегрегация, позициялық ақпарат, детерминация, дифференциация, эмбрионалдық индукция.

6.4.3. Онтогенездің жасушалық механизмдері: пролиферация, миграция, сұрыпталу, апоптоз

6.4.4. Онтогенездік дамудың генетикалық бақылануы.

6.4.5. «Үй шаруашылық » гендер, аналық эффектісі бар гендер, сегментация гендері, гомеозистік гендер (гомеобокстар), «молшылық» гендер.

6.4.6. Тұқым қуалайтын аурулардың дамуындағы гомеозистік гендер мутациясының рөлі.

6.4.7. Адамның туа біткен ақаулықтарының пайда болуында онтогенездің жасушалық механизмдерінің бұзылуының рөлі.

* Ағылшын және орыс тілдерінде талдау үшін

6.5. Оқыту әдістері: студенттердің сабақтың мәнін, мақсатын және міндеттерін; түсінгенін қысқа, анық, ойын жүйелі жеткізу және түсінген материалын сызба нұсқа, кесте, сурет түрінде көрсету; тест қателіктерімен топпен жұмыс; есептер шығаруды көрсету және түсіндіру, сызбалар толтыруға бағыттай отырып ауызша сұрау.

6.6. Әдебиеттер:

Негізгі:

6.6.1. Қуандықов Е.Ө., Нұралиева Ұ.Ә. Жалпы және медициналық генетика негіздері (дәрістер жинағы). Алматы: Эверо, 2009. б. 52-61.

6.6.2. Аманжолова Л.Е. Жалпы және медициналық генетиканың биологиялық негіздері. Алматы, 2006. 126-140 б.

6.6.3. Қазымбет П.Қ., Аманжолова Л.Е., Нұртаева Қ.С. Медициналық биология. Алматы, 2002. 118-133 б.

6.6.4. Қуандықов Е.Ө., Әбілаев С.А. Медициналық биология және генетика. Алматы, 2006. 39-45 б.

6.6.5.Медициналық биология және генетика. Е.Ө. Қуандықов ред. Алматы, 2004. 208-227 б.

6.6.6. Генетика. Под ред. Иванова В. И. М.: Академкнига, 2006. б. 291-314

6.6.7. Қуандықов Е.Ө., Нұралиева Ұ.Ә. Негізгі молекулалық - генетикалық терминдердің орысша-қазақша сөздігі. Алматы: Эверо, 2012. 112б.

Қосымша:

6.6.8. Жимулев И.В. Общая и молекулярная генетика. Новосибирск: Сиб.унив. изд-во, 2007. С. 369 - 389.

6.6.9. Наследственные болезни: национальное руководство/под.ред.акад. РАМН Н.П. Бочкова.-М.: ГЭОТАР-Медиа, 2012.С.81-125.

6.6.10. Нуртазин С.Т., Всеволодов Э.Б. Биология индивидуального развития. Алматы, 2005. 260 с.

6.6.11. Медицинская генетика: учеб. пособие/ Роберт Л.Ньюссбаум, Родерик Р. Мак-Иннес, Хантингтон Ф. Виллард: пер. с англ. А. Ш. Латыпова; под ред. акад. РАМН Н. П. Бочкова. М., ГЭОТАР-Медиа, 2010. б. 254-259, 355-379.

6.7. Бақылау

6.7.1. Когнитивті (білім) құзыреттілікті бағалау:

6.7.1.1. Тақырыптың сұрақтары бойынша ауызша сұрау.

6.7.1.2. Тест бақылау – 10 сұрақтан 2 нұсқа.

6.7.1.3. Тақырып бойынша кәсіби терминдерді ағылшын және екінші тілде игеруін тексеру

6.7.2. Тәжірибелік дағды құзыреттілігін бағалау:

6.7.2.1. Адам онтогенезінің клиникалық кезеңдерінің сызбасын сызып, түсіндіріңіз.

6.7.2.2. Онтогенездің алғашқы кезеңдерінің: жұмыртқа жасушасының полярлығы, ооплазмалық сегрегация, позициялық ақпарат, детерминация, дифференциацияның сызбасын сызып, мәнін түсіндіріңіз.

6.7.2.3. Онтогенездің жасушалық механизмінің сызбасын сызып, түсіндіріңіз.

6.7.2.4. Ситуациялық есептерді шығару:

1. Нәресте туылған кезде жұлынның ортаңғы бөлігі бітіспеген. Онтогенездiң қандай жасушалық механизмдері бұзылған?

2. «Жырық таңдай» ақаулығында қандай жасушалық механизмдер бұзылған?

3. Синдактилия кезiнде қандай жасушалық механизмдер бұзылған?

4. Мүшелердiң толық жетiлмеуi мен дұрыс орналаспауының негiзiнде қандай элементарлық жасушалық үрдістердiң бұзылуы жатыр?

6.7.2.5. Ситуациялық есепті шығару

- Эритроциттердiң негiзгi белогы-гемоглобиннiң аминқышқылдық құрамы эмбриогенез кезiнде туылғаннан кейiн өзгередi. Онтогенез кезiндегi гендердiң дифференциальды активтiлiгi гипотезасы бойынша бұл процестi түсiндiріңіз.

6.7.2.6. Кестені толтыру: «Адам гемоглобинінің әр түрлі типтерінің синтезі кезіндегі гендердің дифференциальді экспрессиясы».

Гемоглобиннің типтері

Белгіленуі

Гемоглобин синтезін бақылайтын гендер

Гемоглобин синтезі жүретін орны

Синтездің уақыты

1. Эмбриональді

2. Фетальді

3. Нәрестелерде

4. Ересектерде

6.7.2.7. Сызбаны салу: Дамудағы реттеуші геннің рөлі