Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД Мол биол и ген.ОМ каз. 2016-2017.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
6 Мб
Скачать
☆

4.2.11. Бағалаудың шарттары және ережелері:

Ағымдық бақылау:

Тәжірибелік сабақтар:

- ауызша сұрау (студент әдістемелік нұсқаудағы сұрақтар бойынша сабаққа даярланып келуі тиіс);

- тестілеу (жазбаша жүргізіп, оқытушыға тексеруге беріледі);

- сурет салу, типтік және ситуациялық есептерді шығару (альбомға жазып, шығарып, сабақ соңында оқытушыға өткізіледі);

- сабақтың нәтижесін тексеру (альбомның жүргізілуін оқытушы сабақ соңында тексереді).

Аралық бақылау: тест жүргізу, ауызша/жазбаша сұрау және есептер шығару арқылы коллоквиум қабылдау.

Қорытынды бақылау: интеграциялық емтихан, екі кезеңнен тұрады: 1) тестілеу, 2) ауызша немесе жазбаша (билет бойынша тәжірибелік дағдыларын тексеру).

Студенттердің білімін бағалау жүйесі:

Студенттердің жетістіктерін бағалау құзыреттіліктің 5 түрі бойынша жүргізіледі:

- білім;

- тәжірибелік дағдылар;

- коммуникативтік дағды;

- денсаулық қорғаушысы (құқықтық сұрақтар);

- өзін-өзі жетілдіру.

Әрбір құзыреттілік 100-баллдық шкала бойынша бағаланады.

Қорытынды бақылау: интеграциялық емтихан, екі кезеңнен тұрады: 1) тестілеу, 2) жазбаша немесе ауызша (билет бойынша тәжірибелік дағдыларын тексеру).

Білім алушылардың жетістіктерін бағалау:

1 кезең – «білім» және «құқықтық құзыреттіліктерін» компьютермен немесе жазбаша тест арқылы қалыптасқан құзыреттіліктерін бағалау.

2 кезең – «тәжірибелік дағды» және «коммуникативтік дағдыларының» қалыптасуын бағалау, тәжірибелік дағдыларды анықтау және/ немесе ситуациялық есептерді шығару.

Молекулалық биология бойынша(тәжірибелік дағдыны қабылдаудың) емтиханның іі кезеңін бағалаудың критерилері

Балл (%)

Критерилер

50

Студент сұрақты терең түсінетіндігін, жүйелі ойлай алатындығын көрсетеді. Студент тұқым қуалау ақпаратының іске асырылуының, гендер экспрессиясының, митоздық циклдың реттелуінің, митоз және мейоздағы генетикалық материалдың өзгерісін, мутагенездің молекулалық механизмдерін, апоптоз, онкогенез үдерістері жайлы мағұлыматқа дұрыс және толық жауап береді, сызбаларын сыза алады.

45

Студент сұрақты түсінеді, жүйелі ойлай алады және үдерістердің сызбасын сызады, бірақ зейін қоймауына байланысты аздаған қателіктер жібереді.

40

Студент сұрақты түсінеді, жүйелі ойлайды, үдерістердің мәнін дұрыс ашады, бірақ үдерістердің сызбасы толық емес.

35

Студент сұрақты терең түсінетіндігін, жүйелі ойлай алатындығын көрсетеді, үдерістердің мәнін дұрыс ашады, бірақ үдерістердің сызбасында бірқатар қателіктер жібереді.

30

Материалдың мазмұнында тек анықтама ғана бар, сызбалар толық емес және қателіктермен.

25

Сұрақтың мазмұнымен сызбасында бірқатар қателіктермен қатар нақтылық жоқ.

20

Сұраққа тек қысқа ған жауап бар, сызбасы жоқ.

15

Түсініктеме жоқ, тек сызба ғана бар.

10

Студент жауабында және сызбасында дөрекі қателіктер жібереді.

5

Студент сұрағына ең қарапайым сызбасы жоқ түсініктемелер береді немесе жауабы мен сызбасында дөрекі қателіктер жібереді.

Сонымен қатар студент өз сұрағына жауап бермейді.

0

Сұрақтарға жауабтар жоқ.

Генетика бойынша (тәжірибелік дағдыны қабылдаудың) емтиханның ІІ кезеңін бағалаудың критерилері

Балл (%)

Критерилер

50

Студент сұрақты терең түсінетіндігін, жүйелі ойлай алатындығын көрсетеді. Есептің шартын дұрыс түсінеді, есептің шартын қысқаша және дұрыс кесте түрінде жаза алады, гендермен белгілерді дұрыс белгілейді, ата-аналарының генотиптерін, гаметаларды дұрыс жазады, тұқым қуалау типтерін дұрыс анықтайды, қажет болған жағдайда геннің пенетранттылығын ескере отырып дұрыс нәтижесін көрсетеді.

Студент шежірені дұрыс құрастырады, тұқым қуалау типін, пробандтың зиготалығын, ата-аналардың генотиптерін және балалардың тұқым қуалайтын патологиямен туылуының генетикалық қауіпін дұрыс есептейді.

Зейін аудармауына байланысты қажетті символдарды толық көрсетпей аздаған қателіктер жіберуі мүмкін.

40

Студент сұрақты терең түсінетіндігін, жүйелі ойлай алатындығын көрсетеді. Есептің шартын дұрыс түсінеді, есептің шартын қысқаша және дұрыс кесте түрінде жаза алады, гендермен белгілерді дұрыс белгілейді, ата-аналарының генотиптерін, гаметаларды дұрыс жазады, тұқым қуалау типтерін дұрыс анықтайды, қажет болған жағдайда геннің пенетранттылығын ескере отырып дұрыс нәтижесін көрсетеді.

Студент шежірені дұрыс құрастырады, тұқым қуалау типін, пробандтың зиготалығын, ата-аналардың генотиптерін және балалардың тұқым қуалайтын патологиямен туылуының генетикалық қауіпін дұрыс есептейді.

Студент зейін аударуына байланысты аздаған қателіктер жібереді (қажетті символдарды толық көрсетпейді) және қойылған сұрақтың нақты жауабын көрсетпейді.

35

Студент сұрақты терең түсінетіндігін, жүйелі ойлай алатындығын көрсетеді. Есептің шартын дұрыс түсінеді, есептің шартын қысқаша және дұрыс кесте түрінде жаза алады, гендермен белгілерді дұрыс белгілейді, ата-аналарының генотиптерін, гаметаларды дұрыс жазады, тұқым қуалау типтерін дұрыс анықтайды, қажет болған жағдайда геннің пенетранттылығын ескере отырып дұрыс нәтижесін көрсетеді.

Студент шежірені дұрыс құрастырады, тұқым қуалау типін, пробандтың зиготалығын, ата-аналардың генотиптерін және балалардың тұқым қуалайтын патологиямен туылуының генетикалық қауіпін дұрыс есептейді.

Студент есепті шығару барысында есептің соңғы шешімін көрсететін геннің пенетранттылығын ескермейді.

30

Студент сұрақты терең түсінетіндігін, жүйелі ойлай алатындығын көрсетеді. Есептің шартын дұрыс түсінеді, есептің шартын қысқаша және дұрыс кесте түрінде жаза алады, гендермен белгілерді дұрыс белгілейді, ата-аналарының генотиптерін, гаметаларды дұрыс жазады, шежіре құрастырады, бірақ тұқым қуалау типін дұрыс анықтамауына байланысты есептің шешімінің нәтижесінің қате болуы.

25

Студент есептің шартын дұрыс қысқаша кесте түрінде жаза алады, гендермен белгілерді дұрыс белгілейді, ата-аналарының генотиптерін, гаметаларды дұрыс жазады, шежіре құрастырады, бірақ гаметаларды дұрыс жаза алмауына байланысты есептің шешімінің қате болуы.

20

Студент есептің шартын дұрыс қысқаша кесте түрінде жаза алады, гендермен белгілерді дұрыс белгілейді, шежіре құрастырады, бірақ ата-аналарының генотиптерін дұрыс жазбауына байланысты есептің шешімінің дұрыс болмауы.

15

Студент есептің шартын дұрыс түсінбейді, гендермен белгілерді дұрыс белгілемейді, шежірені дұрыс құрастырмайды, есеп шешімі дұрыс болмайды.

10

Студент есептің шартын дұрыс түсінбейді, есептің шартын кесте түрінде жаза алмайды, шежірені қате құрастырады.

5

Студент генетикалық терминдерді, символдарды білмейді, есептің шартын түсінбейді, кесте түрінде белгілеуді және жазуды білмейді, шежіре құрастыра алмайды.

Сонымен қатар студент өз сұрағына жауап бермейді.

0

Сұрақтарға жауабтар жоқ.

Емтиханның 1 және 2 кезеңі бойынша бағалау үлесі:

1 кезең – 60%

2 кезең – 40%

Ru=Rg*0.6+(R1Э* 0,25+ R2Э* 0,15)

мұнда:

Ru – қорытынды баға

Rg – емтиханға жіберілу рейтингі

R1Э - емтиханның I кезеңі,

R2Э – емтиханның II кезеңінің баллы (пән бойынша емтихан).

Қорытынды рейтинг 60% жіберілу рейтингісінен және 40% қорытынды бақылау бағасынан тұрады.

Ағымдық бақылау t – құзыреттіліктің қалыптасу деңгейімен бағаланады

t= (Z+N+K+P+S)/n

мұндағы:

n – барлық құзыреттілік бойынша тапсырмалар саны

Z: z1+z2+…+zn - білімнің бағасы

N: n1+n2+…+nn - тәжірибелік дағдылар бағасы

K: k1+k2+…+kn - коммуникативтік дағдылар бағасы

P: p1+p2+…+pn - құқықтық құзыреттілік бағасы

S: s1+ s2+…+sn - СӨЖ бағасы.

Студенттің қорытынды бағасы 60 % кем болмаған жағдайда жіберілу рейтингі, мына формуламен анықталады Rд= (t+r1+r2)/ *0.6

мұндағы, t – ағымдық бақылау:

r1 – бірінші рейтинг,

r2 – екінші рейтинг,

Егер Rжіберілу 50 –ге тең немесе одан жоғары болса білім алушы емтиханға жіберілген болып есептеледі.