Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД Мол биол и ген.ОМ каз. 2016-2017.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
6 Мб
Скачать
☆

5.5. Әдебиеттер:

Негізгі:

5.5.1. Генетика. Под ред. Иванова В.И. М.: Академкнига, 2006.

5.5.2. Гинтер Е.К. Медицинская генетика. М.: Медицина, 2003.

5.5.3. Медициналық биология және генетика. Е.Ө. Қуандықовтың ред. Алматы, 2004. 444 б.

5.5.4. Қуандықов Е.Ө., Аманжолова Л.Е. Молекулалық биология негіздері (дәрістер жинағы).

Алматы: Эверо, 2008. 224 б.

5.5.5. Муминов Т.А., Куандыков Е.У. Основы молекулярной биологии (курс лекций). Алматы: Эверо, 2009. 208 с.

5.5.6. Мушкамбаров Н.Н., Кузнецов С.Л. Молекулярная биология. М., 2003.

5.5.7. Фаллер Д.М., Шилдс Д. Молекулярная биология клетки. М., 2003.

5.5.8. Қазымбет П.Қ., Аманжолова Л.Е., Нұртаева Қ.С. Медициналық биология. Алматы, 2002. 350 б.

5.5.9. Қуандықов Е.Ө., Әбілаев С.А. Медициналық биология және генетика. Алматы, 2011. 444 б.

5.5.10. Қуандықов Е.Ө., Нұралиева Ұ.Ә. Негізгі молекулалық-генетикалық терминдердің орысша-қазақша сөздігі. Алматы: Эверо, 2012. 112 б.

Қосымша:

5.5.11. Введение в молекулярную медицину. Под ред. Пальцева М.А. М., 2004.

5.5.12. Жимулев И.Ф. Общая и молекулярная генетика. Новосибирск: Сиб.унив. изд-во, 2007.

5.5.13. Коничев А.С., Севастьянова Г.А. Молекулярная биология. М., 2005.

5.5.14. Медицинская генетика: учеб. пособие/ Роберт Л. Ньюссбаум, Родерик Р. Мак-Иннес, Хантингтон Ф. Виллард: пер. с англ. А. Ш. Латыпова; под ред.акад.РАМН Н. П. Бочкова. М., ГЭОТАР-Медиа, 2010.

5.6. Бақылау сұрақтары (кері байланыс):

5.6.1. Оперон деген не?

5.6.2. Прокариот гендерінің реттеліу деңгейлері.

5.6.3. Прокариот гендерінің белсенділігінің реттелу механизмдері.

5.6.4. Эукариот гендерінің белсенділігінің реттелу ерекшеліктері.

5.6.5. Гендердің дифференциалды экспрессиясы және оның ағза тіршілігіндегі маңызы.

.

Үш тілдегі түсіндірме сөздер:

Қазақ тілінде

Орыс тілінде

Ағылшын тілінде

Оперон

Оперон

Operon

Оператор

Оператор

Operator

Реттеуші гендер

Гены-регуляторы

Regulators genes

Репрессорлар

Репрессоры

Repressors

Құрылымдық гендер

Структурные гены

Structural genes

№ 10-дәріс

5.1. Тақырыбы: Жасушаның генетикалық аппараты

5.2. Мақсаты: Жасушаның генетикалық материалының құрылысының құрылымын және қызметін молекулалық деңгейде білу.

5.3. Дәріс тезистері:

5.3.1. Жасуша - тіршіліктің құрылысымен қызметінің элементарлық бірлігі.

5.3.2. Жасуша құрылымдарының типтері: про- және эукариоттар.

5.3.3. Жасушалардың генетикалық материалының құрылымдық деңгейлері.

5.3.4. Хромосомалардың Денверлік және Париждік жіктелінуі.

5.3.5. Адам кариотипі, медициналық маңызы.

Жасушаға тіршіліктің барлық қасиеттері тән және қоршаған ортада қажетті жағдайларда сол қасиеттерді бойына сақтап, ұрпақтан ұрпаққа бере алатын құрылысы жағынан ең кіші дараланған бірлік. Сонымен жасуша тіршіліктің толық сипатын алып жүре алады. Сондықтанда табиғатта оған құрылысымен қызметі және генетикалық жағынан элементарлық бірліктік рөлі тән. Әлемде тірі заттардың элементарлық бірлігі бола тура мөлшері,пішіні, химиялық құрамы жағынан жасушалар бір-бірінен ерекшелінеді. Оларды прокриотты және эукариотты жасушалар, деп бөледі.

Дәрісте жасушаның генетикалық материалының құрылысы мен қызметі әр түрлі деңгейде: нуклеосомдық, нуклеомерлік, хромонемдік, хроматидтік, хромосомдық; хромосомдардың жіктелуі, хромосомалық ауруларға диагноз қоюда кариотипті зерттеудің маңызы қарастырылады.

Көптеген ағзалардағыдай адамда да тұқым қуалау ақпаратын тасмалдайтын, ұрпақтан ұрпаққа беретін материалы жасуша ядросындағы хромосомалар болып табылады. Олар жеке құрылым ретінде жасушаның бөлінуге даярлық сатысында метафаза кезеңінде жуандап, қысқаратындықтан да оларды микроскоп астында зерттеуге мүмкін болады.

5.4. Көрнекілік материал: 10-шы мультимедиялық дәріс, тақырып бойынша бейнефильмдер