Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД Мол биол и ген.ОМ каз. 2016-2017.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
6 Мб
Скачать
☆

6.1. Тақырыбы: Популяциялық генетика негіздері

6.2. Мақсаты: студенттерде ағзалар топтарында (популяцияда) өтіп жатқан генетикалық үрдістер, популяцияның генетикалық құрылымының қалыптасу механизмдері, популяцияның құрылымының өзгеруіне және генетикалық жүкке алып келетін факторлар туралы білімдерін қалыптастыру.

6.3. Оқыту міндеттері:

- популяция, популяциялық генетика, популяцияның генетикалық құрылымы, генетикалық үрдістердің популяциядағы заңдылықтары, популяцияның генетикалық құрылымының заңдылықтарын түсіндіру;

- Харди-Вайнберг заңының мәнін ашу;

- элементарлы эволюциялық үрдістер және демографиялық факторлар әсерінен популяцияның генетикалық құрылымы өзгеруінің мәні мен маңызын ашу;

- популяцияның генетикалық құрылымы мен динамикасы қалыптасуындағы мутацияның, миграцияның, гендер дрейфінің және табиғи сұрыпталудың рөлін ашу;

- популяциядағы табиғи сұрыпталу типтері мен оның нәтижелерін қарастыру және түсіну;

- популяциядағы табиғи сұрыпталуда генотиптер бейімділігінің маңызы мен рөлін ашу;

- популяцияның генетикалық жүгінің қалыптасуындағы табиғи сұрыпталудың рөлі мен маңызын ашу;

- студенттерде денсаулық сақтау тәжірибесінде популяцияның генетикалық жүгінің рөлі мен маңызының мәнін ашу.

6.4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

*6.4.1. Популяция: анықтамасы, сипаттамалары

Population: definition and characteristics

Популяция: определение, характеристики

6.4.2. Популяцияның демографиялық сипаттамалары.

6.4.3. Популяцияның түрлері және популяцияның некелік құрылымы.

6.4.4. Популяцияның генетикалық сипаттамалары.

6.4.5. Популяцияларда жүретін элементарлық эволюциялық үрдістер және олардың адам популяцияларындағы әсерінің ерекшеліктері.

6.4.6. Популяцияның генетикалық жүгі, түсінік, медициналық маңызы.

* Ағылшын және орыс тілдерінде талдау үшін

6.5. Оқытудың әдістері: үйлесімді оқыту әдісі (негізгі сұрақтар бойынша әңгімелесу, кестелер толтыру, тест тапсырмаларын шешу, видеофильмдер көру).

6.6. Әдебиеттер:

Негізгі:

6.6.1. Қуандықов Е.Ө., Әбілаев С.А. Медициналық биология және генетика. Алматы, 2006. б. 166- 177.

6.6.2. Қуандықов Е.Ө., Нұралиева Ұ.Ә. Жалпы және медициналық генетика негіздері (дәрістер жинағы). Алматы: Эверо, 2009. б. 42-52.

6.6.3. Медициналық биология және генетика. Е.Ө. Қуандықовтың ред. Алматы, 2004. б.182 -197.

Қосымша:

6.6.4. Генетика. Под ред. Иванова В.И.. М.: Академкнига, 2006. с.315-326.

6.6.5. Гинтер Е.К. Медицинская генетика. М.: Медицина, 2003. с. 301-321.

6.6.6. Тейлор Д., Грин Н., Стаут У. Биология. .М., 2002, том 3. с. 215-243, с. 259- 270.

6.6.7. Медицинская генетика: учеб. пособие/ Роберт Л.Ньюссбаум, Родерик Р, Мак-Иннес, Хантингтон Ф. Виллард: пер. с англ. А. Ш. Латыпова; под ред. Н. П. Бочкова.- М.: ГЭОТАР-Медиа, 2010

6.6.8. Қуандықов Е.Ө., Нұралиева Ұ.Ә. Негізгі молекулалық –генетикалық терминдердің орысша- қазақша сөздігі. Алматы: Эверо, 2012. б. 3-111

6.7. Бақылау

6.7.1. Когнитивті (білім) құзыреттілікті бағалау:

6.7.1.1. Тақырыптың негізгі сұрақтары бойынша ауызша сұрау.

6.7.1.2. Тест бақылау – 10 сұрақтан 3 нұсқа.

6.7.1.3. Тақырып бойынша кәсіби терминдерді ағылшын және екінші тілде игеруін тексеру