Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД Мол биол и ген.ОМ каз. 2016-2017.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
6 Мб
Скачать
☆

6.1. Тақырыбы: Онкогенездің генетикалық табиғаты

6.2. Сабақтың мақсаты: студенттерде жасушаның ісіктік трансформациясының себептері және молекулалық-генетикалық механизмдері туралы білімді қалыптастыру.

6.3. Оқыту міндеттері:

- қатерлі ісіктердің дамуындығы сыртқы орта (канцерогендік) факторлардың рөлін оқып

үйрену;

- канцерогендік факторлардың жіктелуін оқып үйрену;

- ісіктік трансформацияның молекулалық механизмдері мен сатыларын оқып үйрену;

- қатерлі ісік жасушаларының қаситеттерін оқып үйрену;

- протоонкогендердің сипаттамалары мен қызметтерін оқып үйрену;

- протоонкогендердің онкогенге айналу себептері мен механизмдерін оқып үйрену;

- онкогенездегі вирустардың рөлін оқып үйрену;

- антионкогендердің сипаттамалары мен қызметтерін оқып үйрену;

- қатерлі ісіктердің алдын-алуда, диагностикалауда және емдеуде ісіктік

трансформацияның молекулалық-генетикалық механизмдерінің маңызын оқып үйрену.

6.4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

*6.4.1. Канцерогенез. Канцерогендік факторлар, жіктелуі, олардың жасушалардың ісіктік трансформациясындағы рөлі.

Carcinogenesis. Carcinogens: classification and their role in the occurrence of malignant transformation of cells.

Канцерогенез. Канцерогенные факторы, классификация, их роль в возникновении опухолевой трансформации клеток.

6.4.2. Протонкогендер және онкогендер жайлы түсінік, олардың жасушалардың ісіктік трансформациясындағы рөлі.

6.4.3. Антионкогендер, олардың ісікке қарсы қорғаныш механизмдері.

6.4.4. Онковирустар, олардың жасушалардың ісіктік трансформациясындағы рөлі.

6.4.5. Қатерлі ісіктер, даму сатылары, қасиеттері.

6.4.6. Генетиканың заманауи онкологиядағы маңызы.

* Ағылшын және орыс тілдерінде талдау үшін

6.5. Оқыту әдістері: студенттердің сабақтың мәнін, мақсатын және міндеттерін; түсінгенін қысқа, анық, ойын жүйелі жеткізу және түсінген материалын сызба нұсқа, кесте, сурет түрінде көрсету; тест қателіктерімен топпен жұмыс; есептер шығаруды көрсету және түсіндіру, сызбалар толтыруға бағыттай отырып ауызша сұрау; тақырып бойынша бейнефильмдер көру.

6.6. Әдебиеттер:

Негізгі:

6.6.1. Генетика. Под ред. Иванова В.И. М.: Академкнига, 2006. с. 557-568.

6.6.2. Муминов Т.А., Куандыков Е.У. Основы молекулярной биологии (курс лекций). Алматы:

Эверо, 2009. с. 201-216.

6.6.3. Мушкамбаров Н.Н., Кузнецов С.Л. Молекулярная биология. М., 2003, с. 501-520.

6.6.4. Қуандықов Е.Ө., Әбілаев С.А. Медициналық биология және генетика. А., 2006, б. 91-97 .

Қосымша:

6.6.5. Медицинская генетика: учеб. пособие/ Роберт Л.Ньюссбаум, Родерик Р, Мак-Иннес, Хантингтон Ф. Виллард: пер. с англ. А. Ш. Латыпова; под ред. Н. П. Бочкова.- М.: ГЭОТАР-Медиа, 2010.

6.6.6. Қуандықов Е.Ө., Нұралиева Ұ.Ә. Негізгі молекулалық –генетикалық терминдердің

орысша- қазақша сөздігі Алматы: Эверо, 2012. 112 б.

6.6.7. Наследственные болезни: национальное руководство/под.ред.акад. РАМН Н.П. Бочкова.-М.: ГЭОТАР-Медиа, 2012. б 348-370.

6.7. Бақылау

6.7.1. Когнитивті (білім) құзыреттілікті бағалау:

6.7.1.1. Тақырыптың сұрақтары бойынша ауызша сұрау.

6.7.1.2. Тест бақылау – 10 сұрақтан 3 нұсқа.

*6.7.1.3. Тақырып бойынша кәсіби терминдерді ағылшын және екінші тілде игеруін тексеру