Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МЖТ.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
22 Мб
Скачать
☆

4.3 Өңделген беттер сапасының бөлшектердің жұмыс iстеу қасиетiне тигiзетiн әсерi

Қазiргi уақыттағы шығарылатын машиналардың параметрлерi мен жұмыс iстеу шарттарына қиылыстырылған бөлшектердің бет сапасы ерекше әсер етедi. Атап айтсақ, ол машиналардың:

– жылдам жүргiштiгi;

– бөлшектердің қиылыстарына түсетiн өте үлкен өзiндiк күштер;

– салыстырмалы салмағы аз, қуаты мол;

– тораптарына түсетiн жоғары қысым мен температура;

– жұмыс iстеу сенiмдiлiгi мен төзiмдiлiк шарттары;

– механизмдерiнiң өте жоғары дәлдiкпен жұмыс атқаруы.

Бөлшектерді пайдалану, жұмыс iстеу қасиетiне, әсiресе төзу тұрақтылығына, берiктiлiгiне, тотқа төзiмдiлiктерiне, дәлдiкке, т.б. қасиеттеріне олардың беткi сапасы күштi әсер етедi.

4.3.1. Беттер сапасының тораптардың тозу тұрақтылығына әсерi

Бөлшектер беттерiнiң тозуына көбiнесе сапаның геометриялық көрсеткiштерiнiң iшiндегi макрогеометриялылықтар, кедiр-бұдырлылықтар әсер етедi.

Тозудың үйкелiс беттерiнiң жұмыс iстеу уақытымен байланысы мынадай заңдылықпен түсiндiрiледi /4.4-суреттi қара/.

4.4-сурет. Тозу мен үйкелiс беттерiнiң жұмыс iстеу уақытымен байланыс графигi

Ең алғашқы уақытта бөлшектердің беттерi бiрiмен бiрi үйкелiсе бастағанда, олардың кедiр-бұдыр беттерi тез қажала бастайды. Бұл алғашқы тозу үдерісiнiң жүре бастағанын көрсетедi.

Содан кейiн үйкелiстерде тозу үдерісi бәсеңдеп, бөлшектердің қалыптасқан, тұрақты қызмет iстеу циклi қалыптасады.

Бұл қызмет уақытын қалыптасу-үйлесу уақыты /LҚ/ деп атауға болады. Осы екi белестегi, алғашқы уақыт пен қалыптасу уақытының /LҚ/ ұзын-қысқалығы үйкелiске түскен бөлшектер беттерiнiң сапасына байланысты екенi анық болып тұр.

Үйкелiс беттерi неғұрылым таза және сапалы жасалса, соғұрлым аз болып, /LҚ/ ұзын болмақ. Мұның өзi технологиядағы маңызды мәселе. Дегенмен, табиғат заңдылықтары бойынша үйкелiске түскен беттер тозуы керек. Оның тозу жылдамдығының мәнiн / / арқылы көрсетедi. Демек,

(4.1)

Мұндағы, – қалыптасу белесiндегi тозудың абсолют мәнi;

– бөлшектер беттерiнiң дәл геотериялық тұрғыда жанасуы немесе қиыстырылуы, қалыптасу-үйлесу уақыты.

4.4-суретте көрсетiлген үйкелiстiң алғашқы уақытындағы тез тозудың абсолют мәнi.

Бөлшектер беттерiнiң қызмет iстеу мерзiмiнiң аяғында, қалыптасу-үйлесу уақытынан кейiн апаттық тозу белесi туады. Оның себептерi пайдалану шарттарының бұзылғандығынан пайда болған берiлiстегi саңылаулардың мәнiнiң үлкейiп кетуi.

Сөйтiп, бөлшектердің үйкелiс беттерi iстен шығып, торап немесе бүкiл машина жөңдеуден өтуге мәжбүр болады.

4.3.2. Беттер сапасының бөлшектердің берiктiгiне әсерi

Көптеген ғалымдардың зерттеу жұмыстарының тұжырымынша, бөлшектер беттерiнiң кез келген кедiр-бұдырлығынан гөрi, ажарланған түрлерiнiң берiктiкке әсерi орта есеппен 40-50 пайыз жоғары деп анықталған. Әсiресе, шектi берiктiктiң жақсаруына тартылыстардың концентрациясы молдау орналасқан беттердiң кедiр-бұдырлығының аз болғаны абзал.

Өңдеуден қалған бөлшектің бетiндегi сызық-iздер саңылау жарықтардың тууына себепшi болып, оларды морт сынуға мәжбүр етедi.

Физикалық-механикалық көрсеткiштердiң iшiнде берiктiкке өте күштi әсер ететiндерi – бөлшектер беттерiнiң дәл геотериялық тұрғыда жанасуы немесе қиыстырылуы, тығыздау мен қалдық тартылыстардың мәнi мен бағыттары.

Бөлшектердің беттерi қысу-қалдық тартылысымен тығызданған күйде болса, олардың шектiк берiктiгi 30-80 пайызға дейiн жоғары, ал тозу тұрақтылығы 2-3 есе артық болады.

Осыған орай, айта кететiн бiр ескерту: бөлшектердің беттерiн өте рабайсыз тығыздай беруге болмайды. Барлық технологиялық әрекеттер мөлшермен, технологиялық есеппен жүргiзiлулерi тиiс.

Рабайсыз тығыздаудан детальдардың беттерi жарылып, сызық - iздер пайда болады, олардың әсерiнен шектiк берiктiлiктiң мәнi кемiп кетедi.

Өте қуатты болаттан жасалған бөлшектер беттерiнiң қатпарындағы қысу- қалдық тартылыстар берiктiктi 50 пайызға көбейтсе, созылу-қалдық тартылысы 80 пайызға кемiтедi.