Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МЖТ.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
22 Мб
Скачать
☆

6.3. Дайындаманы орнатудан туатын ауытқу

Дайындаманы орнатудан туатын ауытқулардың мәнi өңдеудегi өлшемдердi алу тәсiлiне байланысты болады. Сондықтан бұл ауытқуды өлшемдердi автоматты алу жүйесiнде қарастырайық /ӨААЖ/.

Орнату ауытқуы , қосынды ауытқудың бiр бөлшегi ретiнде базалау бекiту ауытқуларың және қондырғының дәлсiздiгiнен туған дайындаманың орын алу ауытқуынан тұрады.

Базалау ауытқуын есептеу

Базалау ауытқуы деп дайындаманың өлшем базасы мен технологиялық өлшемдердi алуға келтiрiлiп қойған аспаптың шетiне дейiнгi өлшемнiң шектi айырмасын айтады; сонымен базалау ауытқуының туу себебi базалардың бiрiне бiрi сай болмауы; егер дайындаманың өлшем /құрастырушылық/ базасы мен өлшемге келтiрiлiп қойған аспаптың технологиялық базасы сай болса, онда сол өңделетiн өлшемнiң базалау ауытқуы нөлге тең болады; сөйтiп базалау ауытқуы сезiлмелi мән рөлiнде нақты өңделетiн технологиялық өлшемге тән, өте керектi ұғым; сондықтан базалау ауытқуына индекс ретiнде сол өңделетiн өлшемнiң атын тiркеп қояды.

Машина жасаудағы дайындамалардың базалары мен базалаулары мемлекеттiк стандартпен белгiленген /МЕМСТ 21496-76/.

6.1, а-суретте қорапты жазықтықпен және екi тесiк арқылы орнатудың теориялық базалау сызбасы көрсетiлген; мұндағы 1, 2, 3 нүктелерi – орнату базасын, 4, 5 – бағыттау, 6 – тiреу базаларын анықтайды.

6.1-сурет. Дайындамаларды базалаудың теориялық сызбалары

6.1, б-суретте бiлiктi үшқұлақты өзiн-өзi центрлейтiн патронға орнатудың теориялық базалау сызбасы көрсетiлсе, 6.1, в-суретте бiлiктi призма қондырғысына орнатудың базалау сызбасы келтiрiлген.

6.2, а, б-суреттерде призмалық бөлшектегі ойық элементiн фрезерлеп алуға арналған дайындамалы орнату сызбасы берiлген. Дайындаманы Q күшiмен бекiтемiз. Суретте А, Б, С, Е арқылы құрастырушының қойған өлшемдерi берiлген, ал сол өлшемдердi алу үшін технолог өзiнiң технологиялық базаларының үлгiсiн белгiлейдi; олар В1 және В2 өлшемдерi; В1 – дайындаманың орнату базасынан аспаптың түп шетiне дейiнгi, ал В2 – бағыттау базасынан аспаптың бүйiр бетiне дейiнгi өлшемдер.

“А” базасы “В1” базасымен сайма-сай болғандықтан, өлшемнiң базалау ауытқуы нөлге тең болады:

(6.9)

Ал Б өлшемiнiң дәлдiгiне бұл технологиялық әрекет әсер өтпейдi де, оның базалау ауытқуы С өлшемiнiң шектiк мәнiне тең болады:

(6.10)

Сондай-ақ, өлшемiнiң базалау ауытқуы:

(6.11)

мұндағы, В2 технологиялық базасы Е өлшемiмен сай болғандықтан.

6.2-сурет. Базалау ауытқуын анықтауға арналған сызба

Бекіту ауытқуын есептеу

Бекiту ауытқуы деп дайындаманың өлшем базасы мен технологиялық өлшемдердi алуға келтiрiлiп қойған аспаптың шетiне дейiнгi өлшемдердiң шектi айырмасының кысу-бекiту күшінiң әсерiнен жылжуын айтады; егер бекiту күшінiң әсерiнен болған жылжудың мәнi көп бола тұра, өзi тұрақты болса, онда бекiту ауытқуы бiр топ дайындамалар өңдеуде нөлге тең болады; мұнда өңделетiн өлшемнiң шекаралығын аспапты келтiру арқылы реттеп қояды.

6.2-суретте Б және А өлшемдерiнiң бекiту ауытқулары нөлге тең емес /Езб Еза ал Е өлшемiнiң бекiту ауытқуы Езе нөлге тең; өйткенi Е өлшем базасы көлбей қозғалмайды. Өлшем базасы көбiне бекiту күшінiң әсерiмен, дайындама, қондырғының орнату элементтерi, қорабы арқылы жылжиды. Егер қондырғы баппен жобаланса, басқа өлшем тiзбектерiнде бекiту ауытқулары онша пайда бола қоймайды.

Дайындамамен орнату элементтерiнiң қиюындағы контактілі деформациялардың мәнiн жалпы алғанда қисық сызықты заңдылықпен мөлшерлейдi:

(6.12)

Мұндағы, – дайындаманың материалын, контактілі түрiн, беттiң кедiр-бұдырын және бет қатпарының құрылымын ақиқаттайтын коэффициент; бiр тұрақты орнату сызбасында, бiр топ дайындамаларды өңдеуде бұл коэффициент өзiнiң ең аз мәнiнен жоғарғы мәнiне шейiн өзгерiп тұрады.

– орнату, тiреу элементтерiне түсетiн күш.

– көрсеткiш, мәнi әдетте 1-ден кем.

(29.4) формуласында көрсетiлген байланыстың графигi 6.3, а-суретте берiлген.

6.3-сурет. Дайындамалардың шөгу мен қысу күштерінің байланыс графигі

Бiр топ дайындамаларды өңдеуде қондырғының қысқыш жабдықтарындағы бекiту күштерiнiң мәнiн ға дейiн өзгерте отырып, қиюласу бетiндегi контактілі деформацияларды үдетедi /дайындаманы шегеру, жаншумен/.

Дайындаманың бекiту ауытқуы кейде базалау ауытқумен пара-пар болады; оны тұрақты бекiту күшін қамтамасыз ететiн қондырғы жабдықтары арқылы кемiтуге болады; оған пневматикалық, гидравликалық жабдықтар жатады; қысатын беттердiң құрамы бiртектi және күштiң қысу-бекiту бағыты бiркелкi болса, бекiту ауытқуының мәнi де онша көп бола қоймайды.

Бекiту күштерi дайындаманың базалық беттерiн қондырғының орнату, тiреу элементтерiне тақап, мықтап қысып тұруы қажет.

Бекiту сызбасы дұрыс болмаған жағдайда дайындама базаланған орнынан тайып, жылжып кетуi мүмкін; бұларды бекiту ауытқуына жатқызуға болмайды, олар қондырғыны жобалаудағы жiберiлген қателiктер.

Дайындаманың орын алу ауытқуы

Дайындаманың орын алу ауытқулары қондырғының дәлсiздiгiнен, оның орнату элементтерiнiң өңдеу және құрастыру қателiктерiнен, соның салдарынан прогрессивтi тозуынан, оған қоса қондырғының өзiн станокқа қояды және дұрыстауда туатын кемiстiктерден жиналады.

Орнату элементтерiнiң дәлсiздiгi /Еус/. Бiр тектi қондырғыларды пайдалануда бұлар тұрақты жүйелiк ауытқуға жатады, оны станокты бапқа келтiру арқылы жоюға болады. Өзара ұқсас бiрнеше қондырғыны пайдаланғанда /қондырғы-қосалқы және қондырғы-серiк сияқты/ және көп орынды қондырғылармен әрекет жасағанда бұл ауытқуды толық компенсация жасауға болмайды; онда бұл элемент толық кiредi. Қондырғыларды жасарда олардың габариттi өлшемiне қарай бұл ауытқу мм шамасында алынады; өте дәл қондырғылар үшін – 0,01 мм.

Орнату элементтерiнiң тозуы . Қондырғының орнату элементерiнiң тозуы олардың элементтерiнiң құрылымы мен өлшемдерiне, дайындаманың массасы мен материалына, оның базалық беттерiнiң күйiне және дайындамаларды орнату, шығару жағдайларына байланысты. Дайындаманы орнату дәлдiгiне байланысты қондырғы элементтерiнiң тозу нормасын алдын ала белгiлейдi; оны жоспарлы түрде белгiлi уақыт мерзiмiне шағып тексерiп отырады; егер тозу шегiнен асып жатса, қондырғы элементтерiн ауыстырады. 7 немесе 8 квалитеттi орташа өлшемдi дайындамаларды өңдеуде тозу нормасы шамамен 0,015 мм мөлшерiнде болады. Тозуды азайту үшін қондырғы элементтерiн шыныққан болаттардан жасайды; олар тозуды 3-10 есе азайтады.

Қондырғы қорабының үстелде, планшайбада және станоктың айналдырығында жылжуы мен қисаюын деп белгiлеймiз.

Жаппай өндiрiсте қондырғыны станокқа бiр дүркiн тұрақты бекiтуде бұл ауытқудың мәнiн дұрыстау арқылы өте төмендетiп жiберуге болады, ол қондырғыны пайдаланып болғанша тұрақты мәнде тұрады; ауытқудың бұл бөлшегiн аспапты келтiру арқылы компенсациялауға болады. Сериялы өндiрiсте қондырғыларды станоктарға бiрнеше рет орнатып, түсiремiз; мұнда бұл ауытқу компенсациялауға келмейтiн, кездейсоқ шамаға ауысып кетедi; осындай жағдайлар автоматты линияларда қондырғы-серiктер пайдаланғанда да кездеседi.

Бағыттауыш элементтер қолдану арқылы /үстелдiң Т тәрiздi ойығына, кілтегіне (шпонка) қолдану, центрлейтiн белдеулер, фиксаторлар/ қиюластыруларда рационалды саңылаулар қою арқылы ауытқудың мәнiн 0,01 мм-ге дейiн кемiтуге болады.

Дайындаманың орын алу ауытқулары элементтерiнiң мәнiн кездейсоқ шамалар деп, оның скалярлық мәнiн ықтималдау теориясына салып есептейдi:

(6.13)

Орнату ауытқуының скалярлық мәнiн, өңдеу өлшемiнiң қосынды шашырау бағыттары ретiнде, ықтималдау заңдылығымен есептейдi:

(6.14)

мәндерi көбiнесе бiрiне бiрi пара-пар. Өте дәл өңдеулерде бұларды азайтуға тырысу қажет. Осы көрсетiлген ауытқуларды зейiн қойып талдау арқылы қондырғының сызбасын анықтап, оның жасалуына технологиялық шарттар әзiрлейдi; бұл өте дәл қондырғыларды жобалауда қажет.

Дайындаманың орнату ауытқуын есептеу тек өңдеу үшін ғана емес, сол сияқты тексеру – өлшем және құрастыру операцияларын жобалауда да керек. Дайындаманың өлшеу ауытқуларын кемiту үшін өлшем базалары мен технологиялық базаларды қамтамасыз еткен жөн; ол үшін тексерiлетiн дайындаманы сол сызбадағы берiлген өлшем бетiне отырғызу керек; сонда базалау ауытқуы нөлге тең болады; оның үстiне жоғарыда көрсетiлген кепiлдемелер бойынша Ез және Епр-дың мәндерiн кемiтуге тырысу қажет.

Бiрлi-жарым кiшiгiрiм сериялы өндiрiстерде өлшемдердi еркiн алу жүйесiмен реттейдi. Осы жағдайда дайындаманың орнату ауытқуларының элементтерiн / бiр-бiрiнен бөлiп қарастыруға болмайды; бұлар бiрiмен бiрi айқасып, бiртұтас ауытқу арнасы болып жатады; сөйтiп машина жасау технологиясында бұл жүйедегi орнату ауытқуын дұрыстау ауытқуы деп қарастырған жөн.

Дұрыстау деп өңдеу кезiндегi дайындамаға станоктың жұмысшы органдарына байланыстырып беретiн дұрыстау (икемдiлеу) орнын айтамыз.

Дұрыстау үдерісi арнайы құрылымды элементтер қолдану арқылы жүргiзiледi; оның мысалы ретiнде сыналарды, башмактарды, домкраттарды, т.б. көрсетуге болады.

6.4-суретте дайындаманы дұрыстау үдерісi бейнеленген.

Дайындаманы Q күшi арқылы сынаны жылжытып, тексеру рискасының керектi орнына икемдейдi.

6.4-сурет. Дайындаманы дұрыстау процесі:

1 – тексеру сiлтемелер; 2 – дайындама; 3 – башмак; 4 – үстел; 5 – сына

Технологияда төмендегiдей дұрыстау тәсiлдерiн қолданады:

- белгi салу арқылы;

- өңделмеген беттер арқылы;

- өңделген беттер арқылы.

Дұрыстау үшін қолданылатын аспаптар: бор, рейсмус, штангенрейсмус, тiкбұрыштық, белгi салу циркульдерi.

Белгi салу арқылы төмендегiдей технологиялық есептер шешiледi:

- белгiлер арқылы дайындаманы станокта дұрыстап қою;

- дайындама сызбасының бөлшектің сызбасына сай екенiн анықтау;

- өңдеуге жiберетiн әдiптi дұрыс орналастыру;

- бастырма кондукторды бекiту үшін орнату сiлтемелерiн салу;

- тексеру сiлтемелерi арқылы күрделi бөлшектерді тексеру және өңдеу;

- сериялы өндiрiс жағдайында бiр топ құйма және соғынды дайындамаларға қондырғыларды реттеп, икемдеу.

Дұрыстау ауытқуының мәнi дұрыстау тәсiлiне және дайындаманың габариттi өлшемiне байланысты. 6.1- кестеде дұрыстау ауытқуының мәнi берiлген.

6.1-кесте

Дұрыстау тәсілі

Дайындаманың өлшемдері, м

Өңделген бет

Белгі салу

Өңделген бет