Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МЖТ.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
22 Мб
Скачать
☆

4.3.3 Беттер сапасының бөлшектерді өңдеу дәлдiгiне әсерi

Майысқақ және жұқа қабырғалы бөлшектерді механикалық өндеуден өткiзген кезде, олардың қатпар беттерiнде қалыптасатын қалдық тартылыстар сол бөлшектердің пiшiндiк дәлдiгiн бұзады. Мәселен, жұқа болат пластиналарды сүргiлеген немесе фрезерленген кезде оның астыңғы және үстiңгi беттерiнде қалыптасқан қалдық тартылыстардың әсерiнен болған деформацияның мәнiн төмендегiдей формула арқылы есептеуге болады.

(4.2)

Мұндағы, – қалдық тартылыстың тереңдеу аралығы; – пластинаның астыңғы және үстiңгi бетiнде қалыптасқан осьтiк қалдық тартылыстар; – пластина материалының серпiмдiлiк модулi;

– деформация бағыты;

– тілімше ұзындығы;

– тілімше биiктiгi;

– тілімшенің майысу деформациясы /4.5-суретке қараңыз/.

4.5-сурет. Сүргiленген немесе фрезерленген жұқа тілімше

(16.2) формуласын талдап көрсек, мынадай маңызды технологиялық тұжырымдар жасауға болатынын сеземiз.

1. Формуладағы бөлшектiң алымына қарасақ, тілімшенің астыңғы және үстiңгi беттерiнде бiр бағыттағы және бiр шамамен әсер ететiн осьтiк-қалдық тартылыстар қалыптастыру арқылы оның майысуын жоюға болатыны.

Ал тілімшенің астыңғы бетiнде қысу-қалдық тартылысы, үстiңгi бетiнде созылу-қалдық тартылысы қалыптасса, (16.2) формуласындағы алым тартылыстардың мәндерi бiрiне-бiрi қосылып, бөлшектің майысу бағыты бiр жақты болып кетуi көрiнiп тұр. Мұндай жайлар технологияда жиi кездеседi. Мысалы, тілімшенің бiр бетiн ажарлау, ал екiншi бетiн сүргiлеу әдiсiмен өңдесе, оның майысуы өте үдемелi болады, тiптi доғаға да айналып кетуi ықтимал.

2. Тілімшенің майысу шамасы оның геометриялық өлшемдерi мен материалының серпiмдiлiк модулiне байланысты болуы.

3. Осындай заңдылықтарды талдау жолымен машина жасауда әрлеу-тұрақтандыру технологиясының негiздерi жасалған.

4.6.-сурет. Майысқақ дөңгелек стерженьдердi токарь станогында жону

Майысқақ дөңгелек стерженьдердi токарьлық станокта 4.6-суретте көрсетiлгендей етiп орнатып жонған кездегi осьтiк-қалдық тартылыстар әсерiнен пайда болған майысу мөлшерi төмендегi формуламен есептеледi:

(4.3)

Мұндағы, – майысқақ дөнгелек стерженьнiң майысу мөлшерi; – осьтiк-қалдық тартылыс;

– стерженьнiң диаметрi;

– стерженьнiң өңделген ұзындығы;

– қалдық тартылыстың тереңдеу аралығы;

– дөңгелек стержень материалының серпiмдiлiк модулi.

Автор өзiнiң бiр еңбегiнде үлкен, жұқа қабырғалы дөңгелек цилиндрге арнап, майысу мен шеңберлiк-қалдық тартылыстар арасындағы байланысты ашқан едi /4.7-суреттi қараңыз/.

4.7 - сурет. Үлкен, жұқа қабырғалы дөнгелек цилиндр

(4.4)

Мұндағы, – үлкен, жұқа қабырғалы дөнгелек цилиндрдiң майысу мөлшерi; – бөлшектің iшкi және сыртқы бетiнде қалыптасқан шеңберлiк-қалдық тартылыстар;

– Пуассон коэффициентi;

– қалдық тартылыстың тереңдеу аралығы;

– үлкен, жұқа қабырғалы дөнгелек цилиндрдiң орталық радиусы;

– цилиндрдiң ұзындығы;

– цилиндр материалының серпiмдiлiк модулi;

– цилиндр дөңгелегi кедір-бұдырлығының саны. Егер тең болса, пiшiн сопақша болады.