Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МЖТ.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
22 Мб
Скачать
☆

9.1 Бұйым құрастыруды құрудың маршуруттары (бірізділігі).

Машина (бұйым) жасауды оның құрамына кіретін комплектеуші детальдарды белгілі бір маршрутпен (бірізділікпен) бір біріне қондыру арқылы алынған бұйымдар құрылым бірліктеріне айналады.

Жалпы алғанда алуан - түрлі машиналардың конструкциялары өздерінің күрделілігіне қарай төмендегідей құрылым бірліктерінен тұрады:

  1. детальдар; 2- комплекттілер; 3- торапшалар; 4- тораптар; 5- бұйым.

Кез келген құрылым бірлігі негізгі базалық детальдан бастау алады; базалық детальдың өзіндік қызметі детальдарды бір - біріне біріктіріп, олардың орналасу дәлдіктерін қамтамасыз ету.

Деталь ең элементарлы құрылым бірлігі. Комплект күрделілеу құрылым бірлігі, бұған бір немесе бірнеше детальдарды қондырумен жетеміз.

Торапша дегеніміз - базалық детальмен басталған, құрамында бір немесе бірнеше комплектілері бар құрылым бірлігі.

Торап дегеніміз - құрылым бірлігі, оның құрамына базалық деталь және оған қондырылған бірнеше торапшалар, комплекттер және оқшау детальдар кірген бұйым.

Құрастырылған бұйымның күрделілігіне қарай тораптар өз - ара бірініші, екінші немесе үшінші сатылы күрделіліктерге бөлінеді.

Екінші күрделіліктегі тораптар өте күрделі құрылым бірліктеріне жатады, оның базалық деталына бір немесе бірнеше бірінші күрделіліктегі тораптар, торапшалар, комплектілер және оқшау детальдар отырғызылады.

Өте күрделі машиналар мен агрегаттарды құрастыруда, тораптарды одан да жоғары күрделілік тораптарына бөледі.

Машина (бұйым) құрылым бірлігінің ең күрделі соңғы сатысы, оған жоғарыда аталған қарапайым құрылым бірліктерінен бастап өте күрделі тораптар кіреді.

Әрбір келесі құрылым бірлігінің қалыптасу негізіне оның базалық детальына алдыңғы қарапайым құрылым бірліктерін қондыру жатады.

Әрбір келесі өте күрделі құрылым бірлігінің құрамында алдыңғы құрылым бірлігінен енген бір құрам болуы тиіс.

Мысал ретінде төмендегі 9.1 - суретінде әмбебап токарь станогының құрылым бірліктері көрсетілген.

Бұл станоктың оқшау детальдарына бұрандалар, төлкелер, аспапұстатқыш, өс, суппорттың жоғарғы кареткасы жатады.

Аспапұстатқыш, базалық деталь ретінде, оған 4 төлкені престеп және аспапты бекітетін бұрамаларды орнатқаннан кейін ол комплект болып шыға келеді.

Содан кейінгі кезеңге суппорттың жоғарғы кареткасына, аспапұстатқышты айналдыратын өсті престеп орнатқаннан кейін келесі комплект пайда болады. Аспапұстатқышты суппорттың жоғарғы кареткасына орнатқаннан кейін және бұрама, тұтқа сияқты оқшау детальды қондыру арқылы келесі торапша құралады, оның базалық деталы суппорттың жоғарғы кареткасы. Бірінші күрделіліктегі тораптың базалық деталь ретінде 5 бойлық кареткасы жатады, оған бірінен соң бірі 6 көлденең кареткасы, 8 маховикті жүрдек бұрама және суппорттың жоғарғы кареткасының 9 торапшасы орнатылған.

Бірінші күрделіліктегі торапқа қосымша құрастырылған 7 фартукты қоссақ тораптың екінші күрделілігіне жетеміз.

Машинаның (станоктың) базалық деталы ретінде 1 станинасы алынады. Оған басқалай тораптар және оқшау детальдар – шпиндельді 2 алдыңғы тұғыр, 3 артқы тұғыр, жүрдек бұралмалы және жүрдек білікті 4 беріс қорабы, кронштейн астау және т.с.с. орнатылады.

Құрастырылатын машинаны құрылым бірліктеріне бөлу принциптеріне қарай, машина жасау өндірісінде оларды төмендегідей түрлерге бөледі:

  • машинаның жалпы құрастырымы, тораптық құрастырым, торапшалық құрастырым, комплекттер құрастырымы. Жалпы құрастырымға алдын – ала жиналған құрылым бірліктері және оқшау комплекттелген детальдар түседі. Оларды қажетті дәлдікпен машинаның базалық детальдарына қондырады.

Әсте базалық детальдар ретінде станина немесе рамалар алынады.

Тораптың құрастырымыңда, тораптың базалық деталына, мысалы қорапқа, оған кіретін барлық комплектілерді және оқшау детальдарды қондырады.

Комплекттік құрастырымда, комплект құрайтын барлық детальдарды жинастырып, олардың өзара орналасу дәлдіктерін қамтамасыз етеді.

МАШИНА 2 –ші қатардағы торап 1-ші қатардағы торап торапша комплекттер детальдар

9.1-сурет. Әмбебап токарь станогының құрылым бірліктері

Машина (станок) құрастырудың маршрутын (бірізділігін) анықтау үшін оның құрылымын (кострукциясын) мұқият талдау қажет.

Мұндай талдауға машинаның құрамындағы құрылым бірліктері – тораптар, торапшалар, комплектілер, оқшау кіретін детальдар сандары жатады.

Әрбір құрылым бірлігінің базалық детальдарын анықтау, оның базалық беттерін тағайындау.

Құрастыру маршрутын тағайындауда, міндетті түрде құрастыру процесінің дәлдігіне жету тәсілдерінің біреуін таңдап алу шарт. Адам өмірінде кездесетін машиналардың әрқилылығына қарай, олардың құрастыру маршрутына бір жақты, өзгермейтін нұсқаулар беру өте қиын.

Өндіріске тиімді құрастыру бірізділігін құру, машинаның құрылымының ерекшелігіне және оның құрастыру дәлдіктеріне жету тәсілдерімен тығыз байланысты.

Дегенмен осы уақытқа дейінгі машина құрастырудағы тәжірибелерді зерделей отырып, төмендегідей қалыптасқан нұсқауларды ұсынудың реті бар:

  1. Ең алдымен машина жасаудың жалпы құрастырылымын анықтап алып, одан кейін оған кіретін тораптардың, торапшалардың, комплектілердің және оқшау детальдардың құрастырымдарын қарастыру керек.

  2. Әрбір құрылым бірлігінің құрастыруын – комплекттің, торапшаның, тораптың, бұйымның, базалық детальды орнатудан бастау керек.

Осыған орай машинаның (станоктың) жалпы құрастырымын, станиналарды, рамаларды немесе басқалай фундаметтерді орнатудан бастайды.

Тораптың немесе торапшаның құрастырымдары қорап, плита, кронштейн немесе басқалай базалық детальдарға орнатудан бастайды.

Қажетті құрастыру әрекеттерін дұрыс жүргізу үшін базалық детальдарды нықтап қойып алу керек. Осы мақсатта әртүрлі құрастыру стендтерін немесе арнайы тіреуіш элементтерін қолданады. Бұлар базалық детальдардың дұрыс тұруларына және құрастыру кезіндегі базалық детальдардың серпімді қатаңдылығын сақтауға мүмкіндік береді.

Сүйтіп орнатылған базалық детальға барлық құрылым бірліктері және оқшау детальдар қондырыла береді.

  1. Бірінші кезек өте жауапты құрылым бірліктерін құрастырудан басталады. Бұларға кіретін детальдардың өлшемдері, құрастырылатын бұйымға кіретін бірнеше өлшем тізбектерімен функционалды байланыста болады. Содан кейін басқалай қарапайым құрылым бірліктері мен детальдар құрастырыла береді.

Мысалы 9.1 суретіндегі әмбебап токарь станогының жалпы құрастырымында, алдымен станинаға шпиндельді алдыңғы тұғырды орналастырады, одан кейін барып бойлық каретканы суппортпен бірге орнатады, өйткені бұлар арқылы өлшем тізбектері жалпылама көптеген функционалды буындар өтеді.

  1. Өлшемдерді және беттерінің өзара орналасу дәлдіктері басқалай параллельді орналасқан өлшем тізбектеріне байланысты детальдар бірінші кезекте монтаждалуы керек.

  2. Алдын – ала орнатылған детальдар кейін орнатылатын детальдардың орнығуына мүмкіндік берулері тиіс. Мысалы, білікке алдын ала шпонканы отырғызып, одан кейін тісті дөңгелекті кидіру керек. Біліктің шеткі мойындарына мойын тіректерді ең соңында қояды, оның алдында білікке шпонканы, тісті дөңгелекті және аралық төлкелерді орнатып алады. Алдын ала жиналған біліктерді қорапқа орнатқаннан кейін, оның түп беттеріндегі қақпақтарды жауып, бекітіп қояды.

  3. Өлшем тізбектерінің тұйықтаушы буынының дәлдігін қамтамасыз ететін компенсаторларды құрастырудың ең соңында қояды.

  4. Кейбір жағдайларда құрастыру процесін ішін – ара қайтадан даярлауға тура келеді. Мұндай әрекеттердің аз болғаны дұрыс.

  5. Егер құрастыру барысында, қиюластыру әрекеттерін әдіп сылу арқылы жүргізу қажет болса, онда оны бұйымнан тыс, оқшау жерде жүргізген жөн.

  6. Машинаның және оның құрылым бірліктерінің жобалану маршруттары бұйым жасау өндірісінің түрі мен формасына сәйкес болуы қажет.

Бұйым құрастырудың жобаланған маршрутының жарамдылығын әмісе шығарылатын нақтылы машинаның сапасын зерделей келе, қажет болған жағдайда құрастыру процесінің технологиясына түзетулер енгізеді.

Машина құрастырудың жобаланатын маршрутын (бірізділігін) графикалық түрде технологиялық схемаларға түсіреді. Мұндай схемалар құрастыру процесінің технологиясын жазуға және құрастыру бірізділігін айқын көрсетуге өте ыңғайлы құжат.

Құрастыру схемалары бұйымды комплекттеуге және құрастыру орындарына қажетті детальдарды жеткізіп тұруға қажет.

Мысал ретінде трактордың тісті дөңгелекті сорғышының құрастыру схемасын қарастырайық.

Ол 9.3 суретте бейнеленген.

Сорғыштың барлық құрылым бірліктері өздерінің күрделілігіне қарай 4 деңгейге бөлініп қойған.

Бірінші деңгейде горизонталь бағытта құрастыру маршрутына қарай детальдар орналасқан. (Сурет 9.3), олардың өздерінің нөмірлері бар. Әрбір комплектеуші деталь өзінің квадратында орналасқан, онда оның нөмірі және саны көрсетіледі.

Екінші деңгейде комплекттер орналасады, онда да олардың нөмірлері және сандары көрсетіледі.

Үшінші және төртінші деңгейде торапшалар, тораптар, олардың нөмірлері, саны орналасады. Өте күрделі конструкцияларда құрастыру деңгейлері көбеюі мүмкін, мұнда горизонтальдар саны да көбейеді.

Ең соңғы күрделілік деңгейі құрастырылған бұйыммен аяқталады (машина).

9.2-сурет. Трактордың тісті дөңгелекті сорғышының схемасы: 1- қорап, 2- жетектегі тісті дөңгелек, 3- штифт, 4- білік, 5- төлке, 6- тісті дөңгелек, 7- шестерня, 8- өс, 9- төлке, 10- бұрама, 11- төселме, 12- қақпақ, 13- болт, 14- тежеуіш пластина, 15- қабылдаушы құбыр, 16- төселме, 17- штифт, 18- бұрама, 19- төселме.

Бөлшектер

Шестернялы сорғыш

Комплект

Торапша

Торап