- •1.1 Машина жасау технологиясы негiздерiнiң даму жолына
- •1.2 Машина жасау технологиясы негiздерiнiң тақырыбы
- •1.3 Металдарды әдіп сылу әдісімен өңдеу
- •Техниканың даму тарихы
- •1.4 Кесіп өңдеу үрдісінің балама әдістері
- •1.5 Машина жасау саласында дайындамадама алу әдістері
- •1.5.1. Дайындамаларды құю әдісімен алу
- •Құйма дайындамаларын алу тәсілдерінің қолдану аймақтары
- •1.5.2 Соқпа және қалыпталған дайындамалар
- •1.5.3. Дайындамаларды илемдеу әдісімен алу
- •2.1 Өндiрiстiк бұйымдардың сапасы ұғымы
- •2.2 Сапа көрсеткiштерi
- •Өнiмнiң сапасын басқару арқылы шешiлетiн күрделi мәселелер
- •2.3 Сапаны қамтамасыз ету шаралары
- •2.4 Өнiм сапасын басқару жүйелерi
- •3.1 Бұйым және оның элементтерi ұғымы
- •3.1.1. Бұйымның элементтерi
- •3.2 Машина жасаудағы өндiрiстiк және технологиялық үдерістер
- •3.2.1. Технологиялық операцияның элементтерi /мемст 3.1109-82/
- •Машина жасаудағы технологиялық үдерістiң түрлерi
- •3.3. Машина жасау өндiрiсiнiң түрлерi мен типтерi
- •3.4. Машина жасау зауыттарының цехтары мен қосалқы қызмет атқаратын бөлiмдерiнiң өндiрiстiк құрылымы
- •4.1. Жалпы ұғымдар мен анықтамалар
- •4.1.1. Беттер сапасының геометриялық көрсеткiштерi
- •4.2. Беттер сапасының физикалық-механикалық көрсеткiштерi
- •4.2 Сурет. Болат бөлшекті өңдеуден кейiнгi беттiң қатпарында мығымдаумен пайда болған микроқаттылықтың таралуы
- •4.3 Өңделген беттер сапасының бөлшектердің жұмыс iстеу қасиетiне тигiзетiн әсерi
- •4.3.1. Беттер сапасының тораптардың тозу тұрақтылығына әсерi
- •4.3.2. Беттер сапасының бөлшектердің берiктiгiне әсерi
- •4.3.3 Беттер сапасының бөлшектерді өңдеу дәлдiгiне әсерi
- •4.4 Беттер сапасының бөлшектердің тотқа төзiмдiлiгiне әсерi
- •4.5 Өңдеу сапасына әсер ететiн технологиялық факторлар
- •4.5.1. Беттер сапасының геометриялық көрсеткiштерiне өңдеу режимдерiнiң әсерi
- •4.9Сурет. Бөлшектерді жону кезiндегi кедiр-бұдырлықтың кесу жылдамдығына қатынасы
- •4.10Сурет. Бөлшектерді ажарлау кезiндегi кедiр-бұдырлықтың кесу жылдамдықтарына қатынасы, Vk – ажарлаушы аспаптың айналу жылдамдығы, Vз – дайындаманың айналу жылдамдығы
- •4.11Сурет. Бөлшектерді жону және центрсiз ажарлау кезiндегi кедiр-бұдырлық пен берiстердiң арасындағы байланыс графигi
- •4.5.2. Беттер сапасының геометриялық көрсеткiштерiне кескiш аспап бұрыштарының әсерi
- •4.5.3. Беттер сапасының геометриялық көрсеткiштерiне сқаб технология жүйесiнiң серпiмдi қатаңдығының әсерi
- •4.5.4 Беттер сапасының физикалық-механикалық
- •4.6. Өңделген беттердiң сапа көрсеткiштерiн бағалау және оларды зерттеу тәсiлдерi
- •4.6.1. Беттер сапасының геометриялық көрсеткiштерiн
- •4.6.2 Беттер сапасының физикалық-механикалық көрсеткiштерiн зерттеу
- •4.7. Бөлшектердің қатпар бетiнiң қалыптасу сапасына технологиялық тәсiлдер арқылы әсер ету
- •5.1. Құрылымдардың технологиялылығы туралы ұғым
- •5.2. Бұйым құрылымының технологиялылығын сандық бағалау
- •5.3. Технологиялылықтың абсолюттi көрсеткiштерi
- •5.3.1. Құрастырудың еңбексыйымдылығы
- •Құрастыру жұмыстарының еңбексыйымдылығының механикалық өңдеу жұмыстарының еңбексыйымдылығына шамамен берiлген қатынасы
- •Түрлi құрастыру жұмыстарының еңбексыйымдылығының жалпы құрастыру жұмыстарының еңбек сыйымдылығына қатынасы,
- •5.3.2. Бұйымның технологиялық өзiндiк құны
- •5.4. Технологиялық процестердің нұсқаларын экономикалық тұрғыдан салыстыру
- •5.4.1. Технологиялылықтың қосымша көрсеткiштерi
- •5.4.2. Еңбек сыйымдылықтың техникалық және экономикалық көрсеткiштерi
- •5.4.3. Өзiндiк құнның техникалық және экономикалық көрсеткiштерi
- •5.4.4. Құрылымдарды бiрыңғайландырудың техникалық көрсеткiштерi
- •5.4.5. Материал шығындарының техникалық көрсеткiштерi
- •5.4.6. Өңдеу процестерінің техникалық көрсеткiштерi
- •Және коэффициенттерiнің мәндерi
- •5.5. Құрылымдар құрамының техникалық көрсеткiштерi
- •5.6. Технологиялылықтың техникалық деңгейiн анықтау
- •5.7. Бөлшектерге және машина құрылымдарын құрастыруға қойылатын технологиялық шарттар
- •Бөлшектерді механикалық өңдеуге қойылатын шарттар
- •6.1. Бөлшекке қойылған дәлдiкке жету тәсiлдерi
- •6.2. Дайындамаларды өңдеуде туатын қосынды ауытқулар
- •6.3. Дайындаманы орнатудан туатын ауытқу
- •Технологиялық базаларды таңдаудағы кепiлдемелер
- •6.4. Дайындаманы өңдеуден туатын ауытқулар
- •6.4.1. Технологиялық жүйедегi кесу күшінiң әсерiнен туатын серпiмдi деформациялар
- •Жону мен қашап кеңітудегі аспаптардың алғашқы Ин және салыстырмалы Ио тозуы
- •6.4.4. Станоктың келтiру ауытқулары
- •6.4.5. Технологиялық жүйенiң температуралық деформациялары
- •Бір өлшемді температура арналарының есепті мәндері
- •6.5. Өңдеу дәлдiгiн арттыру жолдары
- •6.6 Сқад жүйесiнiң серпiмдi жылжуын статикалық келтiру өлшемiн өзгерту арқылы басқару
- •7.1. Жобалаудың техникалық және экономикалық принциптерi мен мақсаты
- •7.2. Машина бөлшектерін өңдеу процестерін жобалау
- •7.2.1. Механикалық өңдеу процестерін жобалаудағы негiзгi мағлұматтар
- •7.2.3. Бөлшектердің жұмыс сызбасына және техникалық шарттарына технологиялық бақылау жүргiзу
- •7.2.4. Дайындаманың жасау тәсiлiн таңдау
- •Тесiктi өңдеу бағдарын таңдау
- •7.2.7. Дайындаманы өңдеу бағдарын құру
- •7.2.8. Өңдеу кезiндегi техникалық бақылаулар
- •7.1.10 Дайындаманың әрекетаралық шектi және бастапқы өлшемi
- •7.2.12 Механикалық өңдеудегi операцияларды құру
- •7.2.13 Кесу режимi мен операциялық уақыт нормаларын есептеу
- •Кесу күштерi мен қуаттарын анықтау
- •7.2.14 Жобалау нәтижелерiн тiркейтiн технологиялық құжаттар
- •7.3. Құрастыру процестерін жобалау
- •8.1 Графтар туралы ұғым
- •8.2 Механикалық өңдеу процестеріне өлшемдiк талдау жүргiзу
- •8.3. Негiзгi ұғымдар мен шартты белгiлер
- •8.4. Бойлай жатқан технологиялық өлшемдердi есептеу
- •8.5 Диаметрлiк технологиялық өлшемдердi есептеу
- •9.1 Бұйым құрастыруды құрудың маршуруттары (бірізділігі).
- •Сурет 9.3 Шестернялы сорғыштың құрастыру схемасы
7.2.3. Бөлшектердің жұмыс сызбасына және техникалық шарттарына технологиялық бақылау жүргiзу
Технологиялық үдерістi жобалаудың алдында бөлшектің бұйым құрамында қызмет атқару жағдайын, өңдеу үдерісiне қойылатын техникалық шарттарын және жұмыс сызбасын әбден таңдап, талдап алу қажет.
Бөлшектің сызбасындағы жобалардың түгелдiгiн, өлшемдерiнiң дұрыс қойылуын, өңделетiн беттердiң дәлдiгi мен кедiр-бұдырлылығына қойылатын талаптардың орындалуын және басқа да техникалық шарттардың негiзделулерiн мұқият бақылап, тексерiп шығу керек. Кейде құрастырушылар өңдеу дәлдiгiн себепсiз көтерiп, оның кедiр-бұдырлылығын тым азайтып қояды; бұл технологияны қымбаттатып жiберетiн жайт. Бұл жағдайда технолог-құрастырушымен ақылдасып, мүмкін болса тиiмдi шешiмдерге келiсулерi қажет. Жұмыс сызбасын бақылауда, оның технологиялылығын жақсартуды да қарастырады. Өңдеудiң еңбектi көп қажетсiнуiн кемiту үшін өңделетiн беттердiң өлшемiн мүмкіндiгiнше қысқартуға тырысу; бөлшектің серпiмдi қатаңдығын көтеру арқылы өнiмдi көп аспапты өңдеулер қолдану; көп жүздi аспаптар мен жоғары өнiмдi кесу режимдерiн пайдалану; қосымша уақытты азайту үшін аспаптың кесу зонасына икемдi кiрiп, шығуын қарастыру; бөлшектің құрылымды элементтерiнiң пiшiндерiн бiрыңғайландырып, өлшемдiк және кескіндік аспаптардың номенклатурасын азайту; дайындамаларды сенiмдi және ыңғайлы базалауды қамтамасыз етiп, мүмкіндiгi болса технологиялық базалар мен өлшем базаларын сайлап, көп орынды өңдеулердi өндiруге жол ашу. Бөлшектің технологиялылығын жақсарту арқылы технологиялық үдерістiң еңбексыйымдылығын және өзiндiк құнын күрт кемiтiп жiберуге болады.
7.2.4. Дайындаманың жасау тәсiлiн таңдау
Құрастырушы мемлекеттiк стандарттарды пайдаланып дайындаманың материалы мен маркасын белгiлейдi, керектi термиялық өңдеудi де белгiлейдi. Бөлшектің машина құрамындағы қызмет атқару жағдайын ескере отырып, ол бастапқы дайындаманың керектi тәсiлiне нұсқау беруi мүмкін; мысалы, құйма дайындаманың орнына ұстада соғылып алынған дайындама керек етуi немесе илемнің орнына қалыпталған дайындамалар, т.б.
Сол мағлұматтарды негiзге ала отырып, технолог дайындаманың нақтылау тәсiлiн таңдайды.
Тәсiл таңдау мәселесi мынадай шарттарға байланысты:
1/ дайындама материалының технологиялық қасиеттерiне: материалдың құйылуға икемдiлiгi; оны қысып өңдеудегi палстикалық деформацияға серпiмдiлiгi; дайындама материалының құрамдық өзгермелiлiгi /ұстада соғып алынған дайындаманың iшкi талшығының орналасуы, құймалардағы түйiршiктер саны, т.б./;
2/ дайындаманың құрылымдық пiшiндерi мен өлшемдерiне;
3/ дайындаманың керектi жасау дәлдiгiне, кедiр-бұдырлылығына және беттерiнiң сапасына;
4/ шығару бағдарламасы мен уақыт мерзiмдерiне.
Қолда бар технологиялық құралдардың мүмкіндiгi мен олардың автоматтандыруға немесе механикаландыруға икемдiлiгi дайындама тәсiлiн таңдауда, технологиялық жабдықтарды даярлауда /қалыптарды, модельдердi, прес-пішіндерді жасау, т.б./ көп әсер етедi.
Таңдап алынған тәсiлдiң өзiндiк құны арзан болғаны жөн. Дайындаманың пiшiндерi мен өлшемдерi бөлшектікіне неғұрлым жақын болса, кейiнгi механикалық өңдеудiң өзiндiк көлемi соғұрлым аз болады. Бiрақ дайындаманың шығару бағдарламасы аз болған кезде, барлық тәсiлдер тиiмдi бола бермейдi, өйткенi дайындама жасау тәсiлiнiң арнайы жабдықтарына шыққан шығын экономикалық тұрғыда қайтып орнына келмейдi.
Бұл төменгi бөлшектің өзiндiк құнының құрамдық формуласынан көрiнiп түр /тиынмен/.
(7.1)
Мұндағы,
G – бiр дайындама материалының массасы, кг;
– бiр кг материалдың бағасы, тиын;
–
дайындама
цехы жұмысшыларының бiр дайындамаға
шаққан өндiрiстiк жалақысы, тиын;
– дайындама
жасау операциясының даналық уақыты,
мин;
–
дайындама
цехы бойынша минуттық жалақы, тиын;
– дайындама
цехы бойынша қосымша шығындар; арнайы
жабдыққа және құралға шаққан шығын
ескерiлмейдi, пайыз;
– арнайы жабдықтар шығыны /қалыптар, пресс-пішіндер, модельдер, т.б./ сом;
– өнiмнiң шығу мөлшерi /дана/, арнайы жабдықтар осы өнiмге тән;
– дайындама
цехының бiр дайындама жасудағы
құрал-жабдықтарға шығарған шығыны,
тиын;
К – құрал-жабдықтарды дайындаудағы 1 минуттық шығын, тиын;
–
дайндаманы
өңдеудiң бiр операциясына кеткен даналық
уақыт, мин;
– берiлген
операцияны жүргiзудегi жұмысшының
минуттық жалақысы, тиын;
– механикалық
цех бойынша қосымша шығындар, пайыз.
7.2, а-суретте дайындаманы жасаудың өзiндiк құнының оның өлшемдер шегiне байланысы көрсетiлген. Белгiлi бiр шығару бағдарламасындағы дайындаманы жасаудың өзiндiк құны /А қисық сызығы/ материал шығындарынан, өндiрiстiк жалақыдан, құрал-жабдықтар шығынынан және де басқа да дайындама цехының шығындарынан тұрады /1-4 қисық сызықтар/.
7.2-сурет. Дәлдiк пен шығару бағдарламасының дайындама мен бөлшектің өзiндiк құнына тигiзер әсерлерi
Дайындама өлшемiнiң шектерi ұлғайған сайын өзiндiк құн арзандай бередi.
7.2, б-суретте бөлшекті жасаудағы толық өзiндiк құнының дайындаманың дәлдiгiне байланыстары көрсетiлген; бұл суреттегi шартты белгiлер; О – дайындаманы жасаудың өзiндiк құны; 1, 2 және 3 – тұрпайы, тазалай және әрлеп өңдеулердiң өзiндiк құны. Бөлшектің ең аз өзiндiк құны, дайындама жасау мен механикалық өңдеулердi құрудағы кешендi мәселелердi дұрыс шешумен байланысты екенi айқындалып тұр.
Дайындама тәсiлдерiнiң технологиялық сипаттамалары белгiлi болса, оның бастапқы мағлұматтарды /дайындаманың материалы туралы, өлшемдерi, пiшiндерiнiң күрделiлiгi, беттерiнiң дәлдiгi мен кедiр-бұдыры/ қанағаттандыратын бiрнеше тәсiлдер таңдап алуға болады; ол үшін алдын ала дайындалған кестелердi немесе графиктердi қолдануға болады /7.2, в және г-сурет/, бұл суреттерде дайындамаларды шығару көлемiне қарай неше түрлi дайындама жасау тәсiлдерiнiң дәйектi қолдану салары көрсетiлген, бұл гафиктердiң ординаталары шартты өзiндiк құн мәнi. 7.2, в-суреттегi шартты белгiлер: 1 – илем, 2 – ұстада алынған соқпа, 3 – балғалаумен қалыпталған дайындама, 4 – көлденең соғу машинасында алынған дайындама, 5 – арнайы стандартта алынған илем, 6 – сығу арқылы қалыпталған дайындама. 7.2, г-суреттегi 1 – жерде қолымен қалыпқа құйылған құйма; 2 – жерде машинамен қалыптаған құйма; 3 – қабықты қалыптар арқылы алынған құйма; 4 – балқитын модельдер арқылы алынған құйма; 5 – кокиль құймасы; 6 – қысыммен алынған құйма.
Дайындама алу тәсiлдерiн таңдауда дайындаманың және оның механикалық өңдеуiнiң өзiндiк құнын есептеу арқылы экономикалық негiздеу жүргiзген жөн.
Дайындама жасаудағы алдын ала ескеретiн технологиялық деректер механикалық өңдеу әдiптерiн дұрыс орналастыру; өңделетiн және өңделмейтiн беттердiң өлшем шектерiн белгiлеу; кесiп өңдеу операцияларына керектi базалық беттерге технологиялық шарт қою; керек болса термиялық өңдеу жайларын, материалдың құрамы мен қаттылығына шарт қою; дайындаманың беттерiн тазалау тәсiлдерi; жауапты дайындамалар үшін олардың сынамасын алатын жерлерiн белгiлеу; дайындаманы тұрпайы өңдеу тәсiлдерiн таңдау /тұрпайы, тазалай, центрлеу,түзеу, т.б./.
Дайындамаларды сортты материалдардан жасағанда, олардың кескінін, шыбықтарының өлшемiн, табақтарының қалыңдығын анықтайды; бұл мағлұматтар дайындаманың сызбасында немесе бөлшектің техникалық шақтарында берiлуi тиiс.
Дайындаманың сапасын тексеру үшін олардың өңделетiн және өңделмейтiн беттерiн сырт көзбен қарап шығады; өлшемдерiн әмбебап өлшем аспаптарымен, шаблондармен, белгiлеу қондырғыларымен тексередi; материалдың механикалық қасиеттерiн және химиялық құрамын тексередi.
7.2.5. Технологиялық базаларды таңдау
Технологиялық процестерді жобалаудағы ең жауапты кезеңнiң бiрi – базалар таңдау. Базалар таңдау бөлшектің өңдеу бағдарларымен тығыз байланысты. Технологиялық базаларды белгiлеу үшін дайындаманың өңделу бағдарын толық бiлу керек. Базаларды таңдаудағы енгiзгi мағлұматтар ретiнде бөлшектің жұмыс сызбасы, дайындаманың сызбасы, дайындама мен бөлшектің техникалық шарттары берiледi.
Бөлшекті өңдеу күрделiгiне байланысты базалаудың әр түрлi әдiстерiн ұсынуға болады:
1/ дайындаманы станокқа немесе қондырғыға, оның өңделмейтiн беттерiне /базаларына/ отырғызып өңдеу үдерісiн бiр операциямен /мұнда бiрнеше технологиялық деректер болады/ түбегейлi бiтiру; бұл әдiс қарапайым бөлшектерді автоматта, агрегатты станокта және автоматты линияларда қондырғы-серiктердi пайдаланып өңдеуде кездеседi;
2/ дайындаманы тұрақты өңделген беттерге базалайды; ол беттердi технологиялық үдерістiң бiрiншi операциясында арнайы өңдейдi; бұл әдiс өте күрделi пiшiндi бөлшектерді орнату мен өңдеуде кездеседi;
3/ бұл әдiс екiншi әдiске ұқсас, бiрақ бiрiншi операцияда алынған базалық беттердi ең соңғы фиништiк операцияны жүргiзер алдында қайтара әрлеп өңдейдi. Бұл әдiс өте күрделi және дәлдiгi жоғары бөлшектерді өңдеуде кездеседi;
4/ дайындаманы әр түрлi өңделген және ауыстырылып отыратын беттерге базалайды; бұл беттердiң бiрсыпырасын өңделмейтiн беттерге базалап алады, ал қалған бөлiгiн кейiнгi өңделген базалық беттердi пайдаланып алады. Кейбiр операцияларды өңделмейтiн беттерге базалап жүргiзедi. Бұл әдiс ырықсыздықтан туады; бiрақ кейбiр ерекше талаппен өңделетiн бөлшекті жасауда бұл әдiстердi ерiксiз қолдануға тура келедi;
5/ бұл әдiстiң төртiншi әдiстен айырмашылығы базалық беттердi қайталап бiрнеше рет өңдей бередi. Мысал ретiнде планка сияқты бөлшектерді ажарлау станогында бiрнеше рет аударып-төңкерiп өңдеудi келтiруге болады.
Технологиялық базаларды таңдауда құрастырушылық, өлшемдiк және технологиялық базаларды толық сай етуге тырысу қажет; бұл жағдайда базалау ауытқуы нөлге теңелiп, өңдеу дәлдiгi жақсарады.
Технологиялық базаларды тұрақты ұстау бөлшектер беттерiнiң өзара орналасу дәлдiктерiн көтередi. Бөлшекті өңдеудегi ең келелi дәлдiк оларды бiр рет қана орнатумен, бiр операция арқылы бiрнеше технологиялық әрекет жүргiзу арқылы ғана алынады. Егер дайындаманы орнатуды себепсiз ауыстыра берсе, онда ол әрекеттерден ойдағыдай өңдеу дәлдiгi шықпайды.
Пайдаланатын базалар тұрақты болса, онда қолданылатын қондырғылардың да құрылымдары бiртектi болады; бұл өңдеу үдерісiн автоматтандыруда өте қажет. Кейде бұл принциптi сақтау үшін қолайсыз бөлшектердің беттерiнде арнайы базалар көзiн тудырады; мұндай базалар көздерi ретiнде бiлiктiң түп бетiндегi арнайы өңделген центрлiк ұяны, рычагтардағы бобышкаларды, иiн бiлiктерiнiң беттерiндегi арнайы орындарды, фланецтi қораптардағы базалау белдеулерiн, т.б. көрсетуге болады.
Егер базаларды ырықсыз ауыстыру керек болса, онда дәлдiгi аз беттен дәлдiгi жоғары беттерге өткен жөн; бұл әдiстi базаларды бiрiздiлiкпен ауыстыру дейдi. Әр түрлi жағдайларда бөлшектің күрделiлiгiне байланысты базалаудың бiрнеше сызбалары ұсынылуы мүмкін; бұл бiрiмен бiрiн салыстыруда, орнату ауытқуының мәнiн, өңдеу өлшемдерiнiң ауытқуын және базалық беттер өлшемдерiнiң шектерiн санау арқылы негiздеу әрекетiн жүргiзген жөн. Базалау сызбаларының нұсқалар санын азайту үшін типтi базалау сызбаларын қолдану абзал.
Базалар таңдауда мынадай қосымша ойларды ескерген жөн: дайындаманы ыңғайлы орнатып және шығарып алу, оны қысу күшiмен сенiмдi және икемдi бекiту, кескiш аспаптың дайындама беттерiнiң жан-жағынан келе беруiне мүмкіндiк туғызу.
Таңдап алынған базалар арқылы дайындама беттерiнiң дәлдiгiне және оның кедiр-бұдырлылығына қойылатын талаптар тұжырымдалады.
7.2.6. Дайындама беттерiнiң өңдеу бағдарларын таңдау
Дайындаманы өңдеудегi әдiптер мен технологиялық операциялардың әрекет-аралық өлшемдерiн ғылыми-техникалық тұрғыдан негiздеу үшін оның әрбiр беттерiнiң өңдеу бағдарын бiлу қажет.
Бөлшектің өңдеу беттерiнiң бағдарын кесте пайдалану әдiсiмен таңдауды профессор В.В.Матвеев ұсынған; бұл әдiс бойынша әрбiр керектi жағдайға тән бөлшектің жазықтық, сыртқы және iшкi цилиндрлiк беттерiне үйлесiмдi өңдеу бағдарлары есептi түрде таңдалады. Тәсiлдiң ең ұтымды жерлерi дайындаманың түрiн, материалын, материалының күйiн, кедiр-бұдырлылықтарын, өлшемдер, пiшiндер және олардың өзара орналасу дәлдiктерiн қамтиды; оның үстiне бөлшектің беттерiн өңдеудегi неше түрлi нұсқаларды, олардың еңбексыйымдылығымен салыстыруға мүмкіндiк бередi.
Беттердiң өңдеу бағдарын таңдауға керектi бастапқы мағлұмат бөлшектің жұмыс сызбасы.
Бағдар таңдау кестесiнiң сипаттамасы
Бағдар таңдау кестелерi бiрiнен бiрi көлденең қос сызықпен бөлiнген негiзгi және қосымша екi алқаптан тұрады.
Бiрiншi негiзгi алқабы беттi өңдеу бағдарының нұсқасын анықтау үшін; екiншi қосымшасы сол нұсқаны еңбексыйымдылығы коэффициенттiмен, дәлдiк және сапа көрсеткiштерiмен бағалау үшін берiлген.
Кестенiң нөмiрлерi бар бағаналары, өңдеу әрекеттерiнiң аттары және негiзгi, қосымша алқаптардың жолдары жазылған бөлiктерi бар.
Негiзгi алқаптың бағаналары дайындаманың түрi мен күйiн сипаттайды. Негiзгi алқап шақпақтарының iшiндегi цифрлар – беттердi өңдеуге керектi технологиялық әрекеттердiң белгiлерi.
Қосымша алқаптың бағаналары еңбексыйымдылығы коэффициентiн, өңдеу беттерiнiң дәлдiгi мен кедiр-бұдырлылығын айқындайды.
Кестелермен жұмыс iстеу тәртiбi
Бөлшектің өлшемдерiн ақиқаттайтын эмпирикалық коэффициенттердiң мәндерiн анықтайды.
Жазық беттер үшін
цилиндрлiк
сырт беттер үшін
тесiктер
үшін
мұндағы, А – технологиялық базадан берiлген аралық;
Г – беттiң ең үлкен габариттi өлшемi;
– тесiктiң диаметрi.
/34.2/ формулалары өңдеу дәлдiгiн анықтайды, өйткенi ауытқу мәндерi көбiне өңдеу бетiнiң номиналды өлшемдерiне байланысты.
Дайындаманың түрiне, бөлшектің материалына және сапасына байланысты негiзгi алқап бағанасынан беттiң керектi өңдеу бағдарын анықтайды.
Беттiң керектi дәлдiгiн, кедiр-бұдырлылығын қамтамасыз ететiн технологиялық әрекеттi iздеу арқылы тиiстi бағанадан табады; бұл қимылдың дұрыстығын кестенiң қосымша алқабында жүргiзедi. Табылған бағананың соған сәйкес жолымен қиылысқан цифрлы шақпағында беттi өңдеу бағдарының нұсқасы тұрады.
Осы шақпақтағы кез келген цифрды таңдап алып, сол жолмен солдан оңға кара жылжи отырып, цифрлары бар бағанаға дейiн тiрелiп, сондағы технологиялық әрекеттiң атын жазып алу керек. Осы қимылды шақпақтағы барлық цифрлармен қайталайды. Сөйтiп, беттi өңдеу бағдарының бiрнеше нұсқасы қалыптасады.
Өңдеу бағдарының варианттарын еңбексыйымдылығы коэффициенттерiн табу арқылы салыстырады; еңбексыйымдылығы коэффициентiнiң мәнi қосымша алқаптың жоғарғы жолында көрсетiлген.
Ең жақсы үйлесiмдi нұсқаның еңбексыйымдылығы коэффициентi аз болуы керек.
Жазықтық беттерiнiң бағдарын таңдау мысалдары
7.3-сурет. Қорап бөлшегінің жұмыс сызбасы
7.3-суретте
көрсетiлген қорап бөлшегінің 1-бетiн
өңдеуге бағдар таңдау керек болсын.
Бастапқы мағлұматтар: бөлшектің материалы
– болат
қаттылығы
Шешуi:
34.1-кестенi пайдаланып, оның қосымша алқабының 17-жолынан және коэффициенттерiн тауып, оның мәндерiн есептеймiз:
Өңдеуге керектi бағдар 2-жолда тұр /болат: термия өңдеуiнен кейiн; қалыпталған дайындама/;
Ең
соңғы технологиялық әрекет кестенiң
негiзгi алқабының 10-бағанасынан кейiнгi,
ең жақыны 11-бағанаға сәйкес /тұрпайы
ажарлау/. Осы технологиялық әрекеттермен
техникалық қойылған шарттың орындалуын
тексеремiз. Бағана бойынша 11, жол 11-дiң
қиылысындағы /шақпақ 11-11/ кедiр-бұдыр
мәнi
;
бұл 7.3-суреттегi қораптың техникалық
шартына сай. Технологиялық базадан
алынған өлшем ауытқуы /шақпақ 11-12/
бұл жағынан да сызбаның шарты орындалған.
Жазықтықтан ауытқу /шақпақ 11-16/ 0,003·
бұл жағы да сызба шартының iшiнде.
Технологиялық
базалар арқылы қарағандағы беттiң
параллельдiктен ауытқуы /шақпақ 11-15/
0,006 ·
мм, сызбаға сәйкес. Сонымен бағдардың
соңы /11-2/ шақпағында болды.
Бұл шақпақтағы бағғдардың нөмiрлерi – 1,4,6.
Нөмiрi
2-жолмен солдан оңға қарай жылжи берсек,
1-цифрға кездесемiз; бұл беттi өңдеудiң
бiрiншi мүмкін нұсқасы; №1, 3, 8, 10, 11
бағдарлары: 3 – қаралтым фрезерлеу, 8 –
тазалай фрезерлеу, 10 – термиялық өңдеу,
11 – ажарлау,
-сүргiлеу, қалғандары бiрiншi бағдардағыдай.
3-бағдардың керегi жоқ, өйткенi олар – айналмалы бөлшектерді өңдеу үшін жасалғандар.
Бiрiншi және екiншi бағдарлы еңбексыйымдылығы коэффициенттерiмен салыстыру керек.
Қосынды
еңбексыйымдылығы коэффициентi бiрiншi
бағдар үшін
екiншi бағдар үшін
.
Сонымен, ең жақсы үйлесiмдi бағдар ретiнде бiрiншi бағдарды таңдаймыз.
Келтiрiлген тәсiл үйлесiмдi бағдар таңдаумен қоймай, әрбiр технологиялық әрекеттерге техникалық шарттар қоюға мүмкіндiк ашады.
Цилиндрлiк беттердi өңдеу бағдарын таңдау
7.1-суретте көрсетiлген цилиндрлiк беттiң өңдеу бағдарын таңдау керек болсын. Бастапқы мағлұматтар: бөлшектің материалы – болат 40Х, қаттылығы HRC52, дайындамасы кәдiмгi дәлдiктi қалыптаумен алынған.
7.4-сурет. Біліктің жұмыс сызбасы
Есептi 34.3-кестенi қолданып жүргiземiз.
Шешуi:
1/ К коэффициенттiнiң мәнiн 34.3-кестенiң қосымша алқабының 19-жолындағы формуланы қолданып есептеймiз:
2/ керектi өңдеу бағдары 2-жолда тұр /шыныққан болат және қалыпталған дайындама/;
3/ технологиялық әрекеттiң ұстада соғу тәсiлi 8-бағанадан кейiн /шынықтыру/, ең жақыны 10-бағанада /тазалай ажарлау/. Осы әрекеттердi қолдану арқылы техникалық шарттың орындалуын тексеремiз: сызба шарты бойынша беттiң дәлдiгi 6-квалитетке дәл; 11-жолдағы кедiр-бұдырлылық Ra = 0,32 + 1,25 сызба шартына келмейдi /тұрпайылау/. Сөйтiп зiлдi техникалық шарт ретiнде кедiр-бұдырлылық болып тұр. Керектi кедiр-бұдырлылық өңдеу тәсiлiнiң әрлеу әрекетiмен қамтамасыз етiледi /12...15 бағаналары/. Осының iшiнде ең аз еңбексыйымдылығы коэффициентiн /10-жол/ 12-бағанадағы суперфиниш әрекетi қамтамасыз етедi. Сөйтiп ең сонғы технологиялық әрекет ретiнде суперфиниш тәсiлiн аламыз.
Бағдардың соңы 12-2 шақпағында. Бұл шақпақтағы бағдардың нөмiрлерi – 1, 2;
7.5-сурет. Текшелі біліктің жұмыс сызбасы
4/ 2-жолмен солдан оңға қарай жылжып, 1 кездесетiн бағанаға дейiн қозғала беремiз; сөйтiп №1 бағдардағы 3, 7, 8, 9, 10, 11, 12 әрекеттерiн анықтаймыз, олар: 3 – қаралтым жону, 7 – алдын ала ажарлау, 8 – шынықтыру, 9 – центрлiк фаскаларды түзеу, 10 – тазалай ажарлау, 11 – нәзiк ажарлау; 12 – суперфиниш 2 цифры кездесетiн бағаналарда 3, 5, 8, 10, 12 әрекеттерi бағдар құрамын анықтайды, бұлар; 5 – тазалай жону, басқаларының белгiсi бiрiншi бағдарпен сәйкес;
5/ осы екi бағдарды еңбексыйымдылығы коэффициентiмен салыстырамыз:
Бiрiншi
бағдар
Екiншi
бағдар
Сөйтiп екiншi бағдарға тоқтаймыз.
Сырт беттердi өңдеуге тағы бiр мысал келтiрейiк. 7.5-суреттегi текшелi бiлiктiң 1-бетiне бағдар таңдау керек болсын.
Бастапқы мағлұматтар: бөлшектің материалы – болат У10, қаттылығы HRC54, дайындамасы дөңгелек илем.
1/ 34.3-кестенiң 19-жолын пайдаланып, К коэффициентiнiң мәнiн есептеймiз:
2/ Керектi өңдеу бағдары 9-жолда тұр /дөңгелек илем/;
3/ Соңғы технологиялық әрекет 10-бағанадан кейiн /шынықтыру/, ең жуығы 11-бағана /нәзiк ажарлау/. Осы әрекеттер арқылы техникалық шарттың орындалуын тексерейiк.
Осьтiң
түзулiктен ауытқуы /11-жол/
сызба шартына сәйкес. Сөйтiп, бағдардың
соңы 11-9-шақпағынан табылады. Бұл
шақпақтағы бағдардың нөмiрлерi – 1, 2, 4.
4/ 9 жолымен солдан оңға қарай қозғалып 1 кездесетiн бағанаға тап боламыз, онда 1, 7, 8, 9, 10, 11 әрекеттерi бағдар құрамында тұр, олар: 3 – қаралтым жону, 7 – алдын ала ажарлау, 8 – шынықтыру, 9 – центрлiк фаскаларды түзеу, 10 – тазалай ажарлау, 11 – нәзiк ажарлау.
2 кездесетiн бағаналарда – 1, 5, 8, 9, 10, 11 әрекеттерi: мұнда 5 – тазалай жону, қалған әрекеттер 1-бағдардағыдай.
4 кездесетiн бағаналарда – 3, 2, 7, 8, 9, 10, 11 әрекеттерi: мұнда 2-тұрпайы ажарлау, қалғандары бiрiншi және екiншi бағдардардағыдай.
5/ Осы үш бағдарды еңбексыйымдылығы коэффициенттерi арқылы салыстырамыз:
Сөйтiп, бiрiншi бағдарға тоқтаймыз.
