- •1.1 Машина жасау технологиясы негiздерiнiң даму жолына
- •1.2 Машина жасау технологиясы негiздерiнiң тақырыбы
- •1.3 Металдарды әдіп сылу әдісімен өңдеу
- •Техниканың даму тарихы
- •1.4 Кесіп өңдеу үрдісінің балама әдістері
- •1.5 Машина жасау саласында дайындамадама алу әдістері
- •1.5.1. Дайындамаларды құю әдісімен алу
- •Құйма дайындамаларын алу тәсілдерінің қолдану аймақтары
- •1.5.2 Соқпа және қалыпталған дайындамалар
- •1.5.3. Дайындамаларды илемдеу әдісімен алу
- •2.1 Өндiрiстiк бұйымдардың сапасы ұғымы
- •2.2 Сапа көрсеткiштерi
- •Өнiмнiң сапасын басқару арқылы шешiлетiн күрделi мәселелер
- •2.3 Сапаны қамтамасыз ету шаралары
- •2.4 Өнiм сапасын басқару жүйелерi
- •3.1 Бұйым және оның элементтерi ұғымы
- •3.1.1. Бұйымның элементтерi
- •3.2 Машина жасаудағы өндiрiстiк және технологиялық үдерістер
- •3.2.1. Технологиялық операцияның элементтерi /мемст 3.1109-82/
- •Машина жасаудағы технологиялық үдерістiң түрлерi
- •3.3. Машина жасау өндiрiсiнiң түрлерi мен типтерi
- •3.4. Машина жасау зауыттарының цехтары мен қосалқы қызмет атқаратын бөлiмдерiнiң өндiрiстiк құрылымы
- •4.1. Жалпы ұғымдар мен анықтамалар
- •4.1.1. Беттер сапасының геометриялық көрсеткiштерi
- •4.2. Беттер сапасының физикалық-механикалық көрсеткiштерi
- •4.2 Сурет. Болат бөлшекті өңдеуден кейiнгi беттiң қатпарында мығымдаумен пайда болған микроқаттылықтың таралуы
- •4.3 Өңделген беттер сапасының бөлшектердің жұмыс iстеу қасиетiне тигiзетiн әсерi
- •4.3.1. Беттер сапасының тораптардың тозу тұрақтылығына әсерi
- •4.3.2. Беттер сапасының бөлшектердің берiктiгiне әсерi
- •4.3.3 Беттер сапасының бөлшектерді өңдеу дәлдiгiне әсерi
- •4.4 Беттер сапасының бөлшектердің тотқа төзiмдiлiгiне әсерi
- •4.5 Өңдеу сапасына әсер ететiн технологиялық факторлар
- •4.5.1. Беттер сапасының геометриялық көрсеткiштерiне өңдеу режимдерiнiң әсерi
- •4.9Сурет. Бөлшектерді жону кезiндегi кедiр-бұдырлықтың кесу жылдамдығына қатынасы
- •4.10Сурет. Бөлшектерді ажарлау кезiндегi кедiр-бұдырлықтың кесу жылдамдықтарына қатынасы, Vk – ажарлаушы аспаптың айналу жылдамдығы, Vз – дайындаманың айналу жылдамдығы
- •4.11Сурет. Бөлшектерді жону және центрсiз ажарлау кезiндегi кедiр-бұдырлық пен берiстердiң арасындағы байланыс графигi
- •4.5.2. Беттер сапасының геометриялық көрсеткiштерiне кескiш аспап бұрыштарының әсерi
- •4.5.3. Беттер сапасының геометриялық көрсеткiштерiне сқаб технология жүйесiнiң серпiмдi қатаңдығының әсерi
- •4.5.4 Беттер сапасының физикалық-механикалық
- •4.6. Өңделген беттердiң сапа көрсеткiштерiн бағалау және оларды зерттеу тәсiлдерi
- •4.6.1. Беттер сапасының геометриялық көрсеткiштерiн
- •4.6.2 Беттер сапасының физикалық-механикалық көрсеткiштерiн зерттеу
- •4.7. Бөлшектердің қатпар бетiнiң қалыптасу сапасына технологиялық тәсiлдер арқылы әсер ету
- •5.1. Құрылымдардың технологиялылығы туралы ұғым
- •5.2. Бұйым құрылымының технологиялылығын сандық бағалау
- •5.3. Технологиялылықтың абсолюттi көрсеткiштерi
- •5.3.1. Құрастырудың еңбексыйымдылығы
- •Құрастыру жұмыстарының еңбексыйымдылығының механикалық өңдеу жұмыстарының еңбексыйымдылығына шамамен берiлген қатынасы
- •Түрлi құрастыру жұмыстарының еңбексыйымдылығының жалпы құрастыру жұмыстарының еңбек сыйымдылығына қатынасы,
- •5.3.2. Бұйымның технологиялық өзiндiк құны
- •5.4. Технологиялық процестердің нұсқаларын экономикалық тұрғыдан салыстыру
- •5.4.1. Технологиялылықтың қосымша көрсеткiштерi
- •5.4.2. Еңбек сыйымдылықтың техникалық және экономикалық көрсеткiштерi
- •5.4.3. Өзiндiк құнның техникалық және экономикалық көрсеткiштерi
- •5.4.4. Құрылымдарды бiрыңғайландырудың техникалық көрсеткiштерi
- •5.4.5. Материал шығындарының техникалық көрсеткiштерi
- •5.4.6. Өңдеу процестерінің техникалық көрсеткiштерi
- •Және коэффициенттерiнің мәндерi
- •5.5. Құрылымдар құрамының техникалық көрсеткiштерi
- •5.6. Технологиялылықтың техникалық деңгейiн анықтау
- •5.7. Бөлшектерге және машина құрылымдарын құрастыруға қойылатын технологиялық шарттар
- •Бөлшектерді механикалық өңдеуге қойылатын шарттар
- •6.1. Бөлшекке қойылған дәлдiкке жету тәсiлдерi
- •6.2. Дайындамаларды өңдеуде туатын қосынды ауытқулар
- •6.3. Дайындаманы орнатудан туатын ауытқу
- •Технологиялық базаларды таңдаудағы кепiлдемелер
- •6.4. Дайындаманы өңдеуден туатын ауытқулар
- •6.4.1. Технологиялық жүйедегi кесу күшінiң әсерiнен туатын серпiмдi деформациялар
- •Жону мен қашап кеңітудегі аспаптардың алғашқы Ин және салыстырмалы Ио тозуы
- •6.4.4. Станоктың келтiру ауытқулары
- •6.4.5. Технологиялық жүйенiң температуралық деформациялары
- •Бір өлшемді температура арналарының есепті мәндері
- •6.5. Өңдеу дәлдiгiн арттыру жолдары
- •6.6 Сқад жүйесiнiң серпiмдi жылжуын статикалық келтiру өлшемiн өзгерту арқылы басқару
- •7.1. Жобалаудың техникалық және экономикалық принциптерi мен мақсаты
- •7.2. Машина бөлшектерін өңдеу процестерін жобалау
- •7.2.1. Механикалық өңдеу процестерін жобалаудағы негiзгi мағлұматтар
- •7.2.3. Бөлшектердің жұмыс сызбасына және техникалық шарттарына технологиялық бақылау жүргiзу
- •7.2.4. Дайындаманың жасау тәсiлiн таңдау
- •Тесiктi өңдеу бағдарын таңдау
- •7.2.7. Дайындаманы өңдеу бағдарын құру
- •7.2.8. Өңдеу кезiндегi техникалық бақылаулар
- •7.1.10 Дайындаманың әрекетаралық шектi және бастапқы өлшемi
- •7.2.12 Механикалық өңдеудегi операцияларды құру
- •7.2.13 Кесу режимi мен операциялық уақыт нормаларын есептеу
- •Кесу күштерi мен қуаттарын анықтау
- •7.2.14 Жобалау нәтижелерiн тiркейтiн технологиялық құжаттар
- •7.3. Құрастыру процестерін жобалау
- •8.1 Графтар туралы ұғым
- •8.2 Механикалық өңдеу процестеріне өлшемдiк талдау жүргiзу
- •8.3. Негiзгi ұғымдар мен шартты белгiлер
- •8.4. Бойлай жатқан технологиялық өлшемдердi есептеу
- •8.5 Диаметрлiк технологиялық өлшемдердi есептеу
- •9.1 Бұйым құрастыруды құрудың маршуруттары (бірізділігі).
- •Сурет 9.3 Шестернялы сорғыштың құрастыру схемасы
6.6 Сқад жүйесiнiң серпiмдi жылжуын статикалық келтiру өлшемiн өзгерту арқылы басқару
Көптеген СҚАД жүйелерiнiң статикалық келтiру өлшемiн оның жұмыс iстеуi кезiнде өлшеуге мүмкіндiк болмайды; әсте оны қосымша индуктивтi датчиктер арқылы өлшейдi немесе станокты тоқтатып, оның үстелiн керi бағытта жылжыту арқылы статикалық келтiру өлшемiне түзету бередi. Жылжытуды станоктың көлденең берiсiнiң айналтқышын (маховик) қолмен бұрау арқылы немесе автоматты режимде жүргiзедi.
Көлденең фрезер станогының статикалық келтiру өлшемiне автоматты түрде түзету енгiзу жүйесiнiң блокты сызбасын қарастырайық.
6.21-суретте көрсетiлген Ас – көлденең фрезер станогының статикалық келтiру өлшемi.
6.21-сурет. Көлденең фрезер станогының статикалық келтiру
өлшемiне автоматты түзету енгiзу жүйесiнiң блокты сызбасы Ас – статикалық келтiру өлшемi; 1– серпiмдi жылжулардың мәнiн берушi торап; 2– индуктивтi датчиктер; 3 – салыстырушы торап; 4– үдетушi торап; 5 – атқарушы торап.
СҚАД жүйесi элементтерiнiң берiлген қосынды серпiмдi жылжуының мәнi (1) серпiмдi жылжудың мәнiн берушi торабы арқылы бередi. Өңдеу кезiндегi пайда болатын серпiмдi жылжу (2) датчиктерiмен тiркелiп, электр сигналдары ретiнде (3) салыстырушы торабына бағытталады.
Осы жерде екi датчиктiң көрсеткiштерi бiрiне бiрi қосылып, 1-берушi тораптың көрсеткiшiмен салыстырылады. Салыстыру торабының жұмысының нәтижесiнде айырмашылық сигналы туады; бұл сигналдың мәнi және бағыты болады; бұл айырмашылық сигналы (4) үдетушi торап арқылы үдетiлiп, (5) атқарушы органға берiледi; атқарушы орган түскен сигналдың мәнi мен бағытына қарай өзiнiң жылдамдық айналуын не үдетедi, не бәсеңдетедi; сөйтiп кесушi фреза өз жұмысын кесу объектiсiнiң ыңғайына қарай бейiмдеп отырады. Мұндай жүйелердi бейiмделу жүйелерi дейдi.
Мұндай жүйелердiң өндiрiске мейлiнше кең тарамауының бiр басты себебi – металл кесетiн станоктардың атқарушы органдарының бiрқалыпты бәсең жұмыс iстеуiн қамтамасыз етудiң қиынға түсуi.
7-тарау. ТЕХНОЛОГИЯЛЫХ ПРОЦЕСТЕРДІ ЖОБАЛАУ
7.1. Жобалаудың техникалық және экономикалық принциптерi мен мақсаты
Технологиялық процестерді жобалаудың негiзiне екi принцип қарастырылған: техникалық және экономикалық.
Техникалық принцип бойынша жобаланатын технологиялық үдеріс /ТҮ/ берiлген өнiмдi жасаудағы, оның жұмыс сызбасында көрсетiлген барлық талаптарды және қойылған техникалық шарттарды сапалы және уақытында орындап шығу керек.
Экономикалық принцип бойынша бұйымды жасау еңбектi аз жұмсай отырып үнемдi өндiрiс шығындарымен өтуi қажет.
Бұйымдарды шығарудың технологиялық үдерістерi өңдiрiсте қолданатын құрал-саймандардың барлық мүшкiншiлiктерiн толық пайдалануды, тез және ең аз өзiндiк құнмен жасауды қамтамасыз етуi тиiс. Жобалаудың техникалық принциптерi тұрғысында тең, нақты бiр бұйым жасаудағы технологиялық процестердің бiрнеше мүмкін нұсқаларының iшiнен ең тиiмдi /өнiмдi/ нұсқаны таңдап алады.
Егер технологиялық процестердің өнiмдiлiгi мен тиiмдiлiгi әр түрлi болса, онда салыстырмалы нұсқалардың iшiндегi өнiмдiлiгi жоғары нұсқаны талғайды. Жобаланатын үдерістiң тиiмдiлiгi мен үнемдiлiгi олардың барлық элементтерiн анықтау арқылы немесе жалпылама күрделi көрсеткiштерiн есептеумен шығарады.
Технологиялық үдерістiң ең жақсы, үйлесiмдi нұсқалары берiлген уақыт мерзiмiнде керектi бұйымдардың жоғары сапа көрсеткiштерiмен және өте аз өзiндiк құнмен шығарылуын қамтамасыз етуi тиiс; ол үшін үдеріс iшiндегi лимиттi операциялардың өтуi үйлесiмдi болуы керек. Осы қойылған шартты шектермен кесу режимдерiнiң тиiмдi мәнiн және өңдеудiң басқа да керектi жағдайларын анықтайды.
Технологиялық процестердің жалпы ең жақсы, үйлесiмдi нұсқаларын таңдау өте күрделi iс; бұл мәселенi алдыңғы өткiзген технологиялық әрекеттердiң кейiнгiлерiне тигiзер әсерiн динамикалық бағдарламалау тәсiлiмен шешедi. Сондықтан үдерістегi дербес бiр ғана операцияны бөлiп алып, барлық көңiлдi соның тиiмдiлiгiн көтеруге, жiберуге болмайды. Технологиялық процестерді үйлестiру жұмыстарында олардың тек маңызы мен мазмұны өзгерiп қоймай, барлық құрамы да өзгерiп кетулерi мүмкін.
Жобаланатын және нақты технологиялық процестердің үйлесуiн әр түрлi мақсатты функцияларға балап жүргiзедi. Үлесiмдi технология ең аз өзiндiк құнға бағдарлануы керек. Басқа жағдайларда үйлесiмдi технологияның көкейтестi мақсаты ретiнде өнiмдiлiк немесе сапа мәселесi тұрады.
Технологиялық үдерістiң негiзгi өту заңдылықтарын жете бiлу және математикалық тәсiлдердi орынды қолдану үйлестiру мәселелерiн ЭЕМ-да пайдаланып, шешуге жол ашады. Механикалық өңдеудiң технологиялық үдерістерiн жобалаудың негiзгi мақсаты:
– бөлшекті жасау үдерісiн толық жазу;
– керектi техникалық және экономикалық есептеу жүргiзу;
– таңдап алынған технологияның нұсқасын жан-жақты негiздеу.
Зауыттағы инженер-техник қызметкерлер, жұмысшылар жасалған технологиялық құжаттардан бұйымды шығаруға керектi мағлұматтар алады; бұл құжаттар арқылы керектi өндiрiс құралдарының саны, бұйымға жұмсалатын еңбек пен өзiндiк құны есептеледi.
Технологиялық үдерістiң жобасын пайдаланып, өндiрiстi негiзгi және қосымша материалдармен жабдықтауды ұйымдастырудың бастапқы мағлұматтарын, күнтізбелі жоспарлауды, аспаптық және транспорттық шараларды үйлестiрудi анықтайды.
Технологиялық процестерді жаңа зауыттарды жобалауда және бар зауытты қайта құруда немесе бар зауытта жаңа бұйымдар шығаратын цехтар ұйымдастыруда іске асырады. Жұмыс iстеп тұрған зауыттарда жаңа өндiрiс объектiлерiн ұйымдастыруда технологиялық процестерді жасаудан бұрын даярлау және ұйымдастыру жұмыстарын жүргiзiп алған жөн; бұл жұмыстың негiзгi өзегi бар құралдарды пайдалану мүмкіндiгi немесе жаңаларын сатып алу, керектi жұмысшылар санын анықтау, кескiш аспаптар, тарнспорт жүйелерiн, материалдар, энергия қажеттерiн алдын ала жорамалдау.
