- •1.1 Машина жасау технологиясы негiздерiнiң даму жолына
- •1.2 Машина жасау технологиясы негiздерiнiң тақырыбы
- •1.3 Металдарды әдіп сылу әдісімен өңдеу
- •Техниканың даму тарихы
- •1.4 Кесіп өңдеу үрдісінің балама әдістері
- •1.5 Машина жасау саласында дайындамадама алу әдістері
- •1.5.1. Дайындамаларды құю әдісімен алу
- •Құйма дайындамаларын алу тәсілдерінің қолдану аймақтары
- •1.5.2 Соқпа және қалыпталған дайындамалар
- •1.5.3. Дайындамаларды илемдеу әдісімен алу
- •2.1 Өндiрiстiк бұйымдардың сапасы ұғымы
- •2.2 Сапа көрсеткiштерi
- •Өнiмнiң сапасын басқару арқылы шешiлетiн күрделi мәселелер
- •2.3 Сапаны қамтамасыз ету шаралары
- •2.4 Өнiм сапасын басқару жүйелерi
- •3.1 Бұйым және оның элементтерi ұғымы
- •3.1.1. Бұйымның элементтерi
- •3.2 Машина жасаудағы өндiрiстiк және технологиялық үдерістер
- •3.2.1. Технологиялық операцияның элементтерi /мемст 3.1109-82/
- •Машина жасаудағы технологиялық үдерістiң түрлерi
- •3.3. Машина жасау өндiрiсiнiң түрлерi мен типтерi
- •3.4. Машина жасау зауыттарының цехтары мен қосалқы қызмет атқаратын бөлiмдерiнiң өндiрiстiк құрылымы
- •4.1. Жалпы ұғымдар мен анықтамалар
- •4.1.1. Беттер сапасының геометриялық көрсеткiштерi
- •4.2. Беттер сапасының физикалық-механикалық көрсеткiштерi
- •4.2 Сурет. Болат бөлшекті өңдеуден кейiнгi беттiң қатпарында мығымдаумен пайда болған микроқаттылықтың таралуы
- •4.3 Өңделген беттер сапасының бөлшектердің жұмыс iстеу қасиетiне тигiзетiн әсерi
- •4.3.1. Беттер сапасының тораптардың тозу тұрақтылығына әсерi
- •4.3.2. Беттер сапасының бөлшектердің берiктiгiне әсерi
- •4.3.3 Беттер сапасының бөлшектерді өңдеу дәлдiгiне әсерi
- •4.4 Беттер сапасының бөлшектердің тотқа төзiмдiлiгiне әсерi
- •4.5 Өңдеу сапасына әсер ететiн технологиялық факторлар
- •4.5.1. Беттер сапасының геометриялық көрсеткiштерiне өңдеу режимдерiнiң әсерi
- •4.9Сурет. Бөлшектерді жону кезiндегi кедiр-бұдырлықтың кесу жылдамдығына қатынасы
- •4.10Сурет. Бөлшектерді ажарлау кезiндегi кедiр-бұдырлықтың кесу жылдамдықтарына қатынасы, Vk – ажарлаушы аспаптың айналу жылдамдығы, Vз – дайындаманың айналу жылдамдығы
- •4.11Сурет. Бөлшектерді жону және центрсiз ажарлау кезiндегi кедiр-бұдырлық пен берiстердiң арасындағы байланыс графигi
- •4.5.2. Беттер сапасының геометриялық көрсеткiштерiне кескiш аспап бұрыштарының әсерi
- •4.5.3. Беттер сапасының геометриялық көрсеткiштерiне сқаб технология жүйесiнiң серпiмдi қатаңдығының әсерi
- •4.5.4 Беттер сапасының физикалық-механикалық
- •4.6. Өңделген беттердiң сапа көрсеткiштерiн бағалау және оларды зерттеу тәсiлдерi
- •4.6.1. Беттер сапасының геометриялық көрсеткiштерiн
- •4.6.2 Беттер сапасының физикалық-механикалық көрсеткiштерiн зерттеу
- •4.7. Бөлшектердің қатпар бетiнiң қалыптасу сапасына технологиялық тәсiлдер арқылы әсер ету
- •5.1. Құрылымдардың технологиялылығы туралы ұғым
- •5.2. Бұйым құрылымының технологиялылығын сандық бағалау
- •5.3. Технологиялылықтың абсолюттi көрсеткiштерi
- •5.3.1. Құрастырудың еңбексыйымдылығы
- •Құрастыру жұмыстарының еңбексыйымдылығының механикалық өңдеу жұмыстарының еңбексыйымдылығына шамамен берiлген қатынасы
- •Түрлi құрастыру жұмыстарының еңбексыйымдылығының жалпы құрастыру жұмыстарының еңбек сыйымдылығына қатынасы,
- •5.3.2. Бұйымның технологиялық өзiндiк құны
- •5.4. Технологиялық процестердің нұсқаларын экономикалық тұрғыдан салыстыру
- •5.4.1. Технологиялылықтың қосымша көрсеткiштерi
- •5.4.2. Еңбек сыйымдылықтың техникалық және экономикалық көрсеткiштерi
- •5.4.3. Өзiндiк құнның техникалық және экономикалық көрсеткiштерi
- •5.4.4. Құрылымдарды бiрыңғайландырудың техникалық көрсеткiштерi
- •5.4.5. Материал шығындарының техникалық көрсеткiштерi
- •5.4.6. Өңдеу процестерінің техникалық көрсеткiштерi
- •Және коэффициенттерiнің мәндерi
- •5.5. Құрылымдар құрамының техникалық көрсеткiштерi
- •5.6. Технологиялылықтың техникалық деңгейiн анықтау
- •5.7. Бөлшектерге және машина құрылымдарын құрастыруға қойылатын технологиялық шарттар
- •Бөлшектерді механикалық өңдеуге қойылатын шарттар
- •6.1. Бөлшекке қойылған дәлдiкке жету тәсiлдерi
- •6.2. Дайындамаларды өңдеуде туатын қосынды ауытқулар
- •6.3. Дайындаманы орнатудан туатын ауытқу
- •Технологиялық базаларды таңдаудағы кепiлдемелер
- •6.4. Дайындаманы өңдеуден туатын ауытқулар
- •6.4.1. Технологиялық жүйедегi кесу күшінiң әсерiнен туатын серпiмдi деформациялар
- •Жону мен қашап кеңітудегі аспаптардың алғашқы Ин және салыстырмалы Ио тозуы
- •6.4.4. Станоктың келтiру ауытқулары
- •6.4.5. Технологиялық жүйенiң температуралық деформациялары
- •Бір өлшемді температура арналарының есепті мәндері
- •6.5. Өңдеу дәлдiгiн арттыру жолдары
- •6.6 Сқад жүйесiнiң серпiмдi жылжуын статикалық келтiру өлшемiн өзгерту арқылы басқару
- •7.1. Жобалаудың техникалық және экономикалық принциптерi мен мақсаты
- •7.2. Машина бөлшектерін өңдеу процестерін жобалау
- •7.2.1. Механикалық өңдеу процестерін жобалаудағы негiзгi мағлұматтар
- •7.2.3. Бөлшектердің жұмыс сызбасына және техникалық шарттарына технологиялық бақылау жүргiзу
- •7.2.4. Дайындаманың жасау тәсiлiн таңдау
- •Тесiктi өңдеу бағдарын таңдау
- •7.2.7. Дайындаманы өңдеу бағдарын құру
- •7.2.8. Өңдеу кезiндегi техникалық бақылаулар
- •7.1.10 Дайындаманың әрекетаралық шектi және бастапқы өлшемi
- •7.2.12 Механикалық өңдеудегi операцияларды құру
- •7.2.13 Кесу режимi мен операциялық уақыт нормаларын есептеу
- •Кесу күштерi мен қуаттарын анықтау
- •7.2.14 Жобалау нәтижелерiн тiркейтiн технологиялық құжаттар
- •7.3. Құрастыру процестерін жобалау
- •8.1 Графтар туралы ұғым
- •8.2 Механикалық өңдеу процестеріне өлшемдiк талдау жүргiзу
- •8.3. Негiзгi ұғымдар мен шартты белгiлер
- •8.4. Бойлай жатқан технологиялық өлшемдердi есептеу
- •8.5 Диаметрлiк технологиялық өлшемдердi есептеу
- •9.1 Бұйым құрастыруды құрудың маршуруттары (бірізділігі).
- •Сурет 9.3 Шестернялы сорғыштың құрастыру схемасы
Бөлшектерді механикалық өңдеуге қойылатын шарттар
Өңдеуге қойылатын шарттарды былайша тұжырымдауға болады:
1/ Өңделетiн беттердiң ұзындығын мүмкіндiгiнше қысқартып, ауытқу шеттерiн қиюластыратын беттердiң өлшемдерiне ғана қою арқылы механикалық өңдеу көлемiн қысқарту /5.7, а-сурет/;
2/ Дайындамаларды жасау дәлдiгiн жақсарту арқылы кесу үдерістерiнiң көлемiн азайту; конструктор детальдың материалын тағайындауда олардың өңдеуге бейiмдiлiгiн ескергенi дұрыс;
3/ Дайындаманың станокта ыңғайлы және сенiмдi бекiтiлуiн алдын ала қарастыру. Дайындаманың серпiмдi қатаңдығын көтеру арқылы олардың кесу және қысу күштерiнен туатын деформацияларын азайту, кесу режимдерiн үлкейту және бiрнеше аспаппен бiр мезгiлде бiрнеше технологиялық әрекеттердi параллельдi сызбалармен жасау /5.7, б-сурет/;
4/ Жоғары өнiмдi кесу аспабын өңделетiн бетке оңтайлап алып келудi ыңғайластыру.
Бөлшектердің құрылымдары қондырғыға дайындамалардың пакетiн орнатуға кедергi жасамауы тиiс; осылар арқылы өңдеудiң қосымша уақыты үнемделедi /5.7, в-сурет/; кесу аспабының өңдеу бетiнен шығуы үшін арнайы орын қарастырған жөн /5.7, г-сурет, А-өлшемi/;
5.8-сурет. Бөлшектердің технологиялылығын жақсартудағы құрылымдық шешiмдердiң мысалдары
5/ Өңдеу кезiнде дайындаманы орнатуға керектi ыңғайлы және сенiмдi базалау беттерiне көңiл аударған жөн; тағайындалған базалар тұрақты болып, технологиялық және өлшем базалары сайма-сай болып қойылуы тиiс.
Қойылған өлшемдер мен тағайындалған өлшем базалары өте ыңғайлы, сенiмдi, қарапайым өлшеу-тексеру аспаптарын, қондырғыларын кең пайдалануға жол ашып отыруы керек; олар бiр тексергенде бөлшектің бiрнеше өлшемдерiн бiр орнатуда бiтiрiп жiберуге жәрдемдесуi тиiс. Өлшемдi белгiлегенде, аралық және ең соңғы тексерулердiң ерекшелiктерiн естен шығармау керек; аралық тексеру станокта, ал соңғы тексеру арнайы постыларда өткiзiледi.
Өлшемдер өңдеу үдерісi операцияларының мазмұны мен оның бiрiздiлiгiне байланысты болуы қажет; мысалы, бiрнеше өңделмейтiн беттердiң өлшемдерiн бiр өңделетiн бет арқылы қоюға болмайды /5.7, д-суреттегi а, в, с, өлшемдер/. Өңделмейтiн беттердiң өлшемдерiн бiр рет және өзара байланыстырып қана қойған дұрыс. Өлшемдердi жобалау линияларынан, осьтерден, сүйiр қырлардан немесе беттерден тартып қоюға болмайды /5.7, е-суреттегi а, в, с, өлшемдерi/; өйткенi оларды цех жағдайында тексеру аспаптарымен дәл өлшеп алуға болмайды. Кейде өте күрделi бөлшектерді қарапайым бөлшектерге ауыстырып, бөлшектеп жiберген дұрыс. 5.7, ж-суретте iрi габариттi тiс дөңгелегiнiң құрама нұсқасы көрсетiлген; мұнда тiс дөңгелегiнiң фланецiн арзандау материалдан, ал тiс белдеуiн керектi материалдан жасауға болады; мұндай бөлшектер көбiне тiстiң қажалуынан iстен шығады, сондықтан кейiнгi жөндеуi де арзандайды. Құрама құрылымдарды моноблокты етiп те шығады /5.7, з-сурет/, бұл әдiс кесу жұмыстарының көлемiн азайтады.
Сыртқы айналмалы беттер. Сатылы беттер диаметрлерiнiң айырмашылығы өте аз болғаны дұрыс. Ал бөлшектің құрылымы мұндай шартқа сай келмесе, онда олардың ең үлкен диаметрлi элементтерiн отырғызу үдерісiн қолданып немесе құрама құрылымға ауыстыру арқылы жасайды; бұл әрекеттер өңдеудiң көлемiн азайтып, материал шығынын үнемдеуге мүмкіндiк бередi. Бөлшектердің бүйiр бетiнен, әсiресе оның стержень жағынан айналмалы түпкiр ойық жасау өте тиiмсiз /5.8, а -сурет/.
5.9-сурет. Айналмалы денелер текті бөлшектердің технологиясын жақсартудағы құрылымды шешімдердің мысалдары
5.8, б-суретте көрсетiлген жонылма элемент те технологиясыз, өйткенi ол бөлшктің көлденең кесiндiсiне сыймай тұр. Көп аспапты станок жабдықтары пәрмендi пайдалану үшін айналмалы денелердiң элементтерiн бiрыңғайландырылған жөн /5.8, в-сурет/. Сфералық беттердi фаскалармен ауыстырған дұрыс /5.8, г-сурет/; сфералық беттердiң тұбiн кесiп тастайды /5.8, д-сурет/; өте дәл өлшемдерiнен өңделген беттердiң қиылысқан жерлерiн аспап шығу үшін бiр-бiрiнен ойық арқылы бөлiп қойған жөн / 5.8, е-сурет/.
Тесiктер. Бөлшектер түпкiр тесiктерден гөрi өте шығатын тесiктердi өңдеу ыңғайлы. Түпкiр тесiктiң пiшiнi оны өңдейтiн аспаптың құрылымына байланысты /5.8, а-суреттегi зенкер мен қашау/. Детальдың тiк бүйiр бетiнен аспаптың осiне дейiнгi аралық төмендегi формуламен есептеледi /5.8, б-сурет/.
(5.57)
болаттар
арқылы бекiлетiн тесiктер үшін
(5.58)
5.10-сурет. Тесіктердің технологиясын жақсартудағы құрылымды шешімдердің мысалдары
Мұндағы,
– тесiктiң диаметрi;
– гайканың сыртқы шеңберiнiң диаметрi;
– фланецтiң тiк бетiнен көлбеу бетiне
өту радиусы.
Тесiктер
арасындағы өлшемдердi көп айналдырықты
тескiш аспаптарды қолдануға болатындай
етiп тағайындайды. Фланецтегi тесiктердiң
орналасуы мен өлшемдерiн де көп
айналдырықты аспаптардың құрылымымен
байланыстырып шешедi. Тескiш аспап сынып
кетпес үшін оның ұшы өңделетiн бетке
перпендикуляр болуы қажет /5.10, в-сурет/.
Бiр осьтiң бойында орналасқан бiрнеше
тесiктi бiр мезетте өңдеп шығу үшін
олардың диаметрiнiң айырмашылығы өңдеу
әдiбiне тең болғаны жөн. Өте дәл түпкiр
тесiктердiң түбiнде аспап шығуға арналған
ойық болады /5.10, г-сурет/. Керегi болмаса,
осьтерi бiрiне бiрi параллель емес
тесiктерден /5.10, д-сурет/ және осьтерi
бiрiмен бiрi қиылысатын түпкiр тесiктерден
сақтанған жөн /5.10, е-сурет/; егер тым
болмаса өте шығатын тесiктер қарастырып,
оны кейiн тығынмен жауып қоятындай болу
керек. Тесiктiң түпкi бетiн тесу аспабымен
өндегеннен гөрi фрезерлеп немесе жонып
тастаған дұрыс /5.10, ж-сурет/. Тесiктердiң
ойықтарын қашап кеңейту әрекетiн тесетiн
немесе агрегатты станоктарда жүргiзуге
болмайды; олардың орнына құйма қалталар
ескерген жөн, олардың тереңдiгi шамамен
5.10, з-сурет/.
Бұрандалар. Бұранда жасайтын бетте аспап кiретiн фаска болуы керек. өте шығатын бұрандалы тесiктер ыңғайлы деп есептеледi. Ойықсыз түпкiр тесiктерде және бiлiктердiң ұштарында белгiлеуiшпен бұранда жонуда оған орын қалдыру керек.
Бұранданы фрезерлеп алуда аспап шығуға арналған жырашық қажетi болмайды. Барлық шығып жатқан бұйымдар үшін бұрандалардың стандартты, бiрыңғайландырылғаны қажет. Өте iрi бөлшектерде бұрандалардың өте аз диаметрлерiн /6 мм-ге дейiнгiсiн/ пайдаланған дұрыс емес, өйткенi бұранда жасайтын аспап әлсiз болып, сынып кетедi.
Жазық беттер. Бөлшектердің үстiнен қарағандағы өңделетiн беттерiнiң конфигурациясы жаңқалардың бiрқалыпты, ұрылыссыз алынуына жол беруi тиiс. Жазық беттердiң енiн шығарылып жатқан қалыпты аспаптардың диаметрiмен байланыстырып алған жөн. Беттердi басынан аяғына бiрақ өте шығумен өңдеу реттi /5.9, а-сурет/; егер өте шығу мүмкіндiгi болмаса, онда беттiң пiшiнi фрезаның пiшiнiне сайма-сай болуы керек /5.9, а-суреттiң үстiңгi көрiнiсi/. Бобышкалар мен платиктердi бiр деңгейде орналастырған дұрыс /5.9, б-сурет/. Қорап бөлшектерінің iшкi беттерiн өңдемейдi. Өңделетiн беттердi өңделмейтiн беттерден ептеп көтерiңкi орналастыру керек /5.9, в-сурет/.
Ойықтар және қалта беттер. Ойықтарды өте шығу әдiсiмен өңдеу ынғайлы; ойықтың бiр бетiнен екiншi бетiне өтпе беттерi аспаптың диаметрiндей болуы тиiс.
Ойықтың тереңдiгi мен енiн қалыпты ойық фрезаларының өлшемдерiне сай етiп алады. Ұшы бар ойық фрезадан гөрi дискiлi ойық фрезасымен өңдеу тиiмдi /5.9, 2-сурет/. Қалталар мен иiлiмдердегi иiн радиустары барлық контуры бойынша бiрдей болуы керек; олар қалыпты аспаптың өлшемiне сайма-сай.
Бағдарламамен басқарылатын станоктарда, агрегатты станоктарда, автоматты линияларда өңделетiн бөлшектер үшін арнайы әдебиеттерде қосымша кепiлдемелер берiледi.
5.11-сурет. Бөлшектердегі өңделу беттерінің технологиялылығын жақсартудағы құрылымды шешімдердің мысалдары
6-тарау. АУЫТҚУЛАРДЫ ЕСЕПТЕУ ЖӘНЕ МЕХАНИКАЛЫҚ
ӨҢДЕУЛЕРДIҢ ДӘЛДIГIН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ
