Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МЖТ.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
22 Мб
Скачать
☆

6.2. Дайындамаларды өңдеуде туатын қосынды ауытқулар

Нормаланатын және берiлген дәлдiктi геометриялық шектiң мәнi арқылы, ал нақты дәлдiктi бөлшектің нақты өлшемiмен көрсетедi. Ауытқудың нақты мәнi шек аралығында болса, нормаланған дәлдiк қамтамасыз етiлген болып саналады да, бөлшекті келесi технологиялық операцияға жiберуге болады.

Дайындамаларды өңдеуде туатын қосымды ауытқулар көптеген технологиялық деректердiң әсерлерiнен пайда болады, бұл технологиялық деректерге жататындар: өңдеу үшін дайындаманы орнату; технологиялық жүйенi келтiру: кесу күшінiң әсерiнен туған технологиялық жүйенiң серпiмдi деформациялары; аспап өлшемiнiң тозуы; дайындаманы өңдеу кезiндегi технологиялық жүйенiң температуралық деформациялары; станок пен кесушi аспаптың геометриялық дәлсiздiгi; iшкi-қалдық тартылыстар.

Келтiрiлген әрбiр технологиялық деректiң өзiне тән меншiктi ауытқуы болады. Өңдеуден туатын барлық ауытқуларды пайда болу ыңғайына қарай тұрақты жүйелiк, тұрақсыз жүйелiк, кездейсоқ ауытқулар деп бiледi.

Дайындаманы өңдеу кезiнде өзiнiң мәнi мен бағытын өзгертпейтiн ауытқуларды тұрақты жүйелiкке жатқызады; бұларға дайындамаларды бiр өлшемдi аспаптармен өңдеуде туатын ауытқулар кiредi; бiр өлшемдi аспаптарға фасонды кескiш аспап, зенкер, созғыш, қашау сияқты металл кесетiн аспаптар жатады.

Өңделген дайындамалардың санына карай белгiлi заңдылықпен өзгерiп отыратын ауытқуларды тұрақсыз жүйелiк ауытқулар дейдi; бұлар көбiне кескiш аспаптың тозуынан немесе технологиялық жүйенiң температуралық деформациясынан туады.

Мәнi мен бағыттарын алдын ала жорамалдауға болмайтын ауытқуларды кездейсоқтық ауытқуларға жатқызады; бұл ауытқулар дайындаманы орнатуда, технологиялық жүйенi келтiруде, кескiш күштерiнiң әсерiнен технологиялық жүйенiң майысуында, т.б. жағдайларда пайда болады.

Бұл ауытқулардың мәнiн статистикалық ықтималдау тәсiлдерiмен есептейдi. Қосынды ауытқудың мәнiн аналитикалық тәсiлдермен есептеуге болады.

Бiрлi-жарым және сериялық өндiрiсте /өлшемдердi еркiн алу жүйесiнде/ қосынды ауытқу төмендегiдей байланыспен сипатталады:

(6.1)

Мұндағы, – дайындаманы станокта немесе қондырғыда дұрыстап орнатамын деу салдарынан туатын ауытқу, мкм;

– кескiш аспап өлшемiнiң тозуынан туакын ауытқу, мкм;

– СҚАД жүйесiнiң серпiмдi қатаңдығы әсерiнен туған өңделген беттiң пiшiнiнiң ауытқуы, мкм;

– технологиялық жүйенiң температуралық деформация әсерiнен туған ауытқу, мкм;

– станоктың геометриялық дәлсiздiгiнен туған ауытқу, мкм;

– аспапты өңделетiн өлшемге келтiру кезiнде туатын келтiру ауытқуы, мкм.

Әр фактордың үстiндегi сызықшалар “®” олардың векторлы аргументтер екенiн бiлдiредi.

Қосынды ауытқудың скалярлық мәнiн максимум және минимум тәсiлiн қолданып профессор В.М.Кованның кепiлдемесi бойынша анықтаймыз:

(6.2)

мәнiн табуда ауытқулардың өзара бiр-бiрiнiң компенсациялауының және жарым-жартылай немесе толық жабуы мүмкін екендiгiн ескерген жөн.

Қатты цилиндр дайындамалары үшін /өлшемдерi мұндағы, дайындаманың ұзындығы, мм, – дайымдаманың сыртқы диаметрi, мм/

(6.3)

Сериялы, жоғары сериялы және жаппай өндiрiсте қосынды ауытқу төмендегiдей байланыспен /функциямен/ сипатталады:

(6.4)

Мұндағы – дайындаманы қондырғыға орнатудағы ауытқу, мкм;

– технологиялық жүйенi келтiру ауытқуы, мкм;

– беттiң берiлген кесiндiсiндегi СҚАД жүйесiнiң серпiмдi деформациясынан туған өлшем ауытқуы, мкм;

– кескiш аспаптың тозуынан және технологиялық жүйенiң температуралық деформациясынан туған ауытқулар, мкм;

– станоктың геометриялық дәлсiздiгiнен туатын өңделетiн бет пiшiнi өлшемдерiнiң ауытқуы, мкм;

-тарды кездейсоқтық ауытқулар деп, ал -дi тең ықтималдық заңдылыққа бағынады деп жорамалдап, қосынды ауытқудың скалярлық мәнiн ықтималдау теориясы арқылы мынада өрнекпен анықтаймыз:

(6.5)

Мұндағы, – өңдеуде жарамсыз болып қалу мүмкіндiгiн ақиқаттайтын коэффициент; егер болса, онда 32 пайыз бұйым ақаулы болады; – бастапқы ауытқулардың тарау заңдылықтарын ескеретiн коэффициент.

Кездейсоқтық ауытқулардың қалыпты Гаусс зандылығымен тарауында болады; тең ықтимал заңдылығымен тараса, l болады; ал – коэффициентi деп алынады.

Сөйтiп және деп ескере келе, төмендегi формулаға келемiз:

(6.6)

Айналмалы беттердi өңдеуде

(6.7)

Технологиялық операциялар бiрнеше станоктарда орындалса

(6.8)

Бөлшектерді бiрнеше станокта өңдеуде тұрақты жүйелiк ауытқу кездейсоқтық ауытқуға ауысып кетедi, сондықтан (6.8) формуласында түбiр астына кiрiп кеткен.